Алматы қалалық Әділет департаментінің 2004 жылғы 13 мамырдағы N№02-10/4685 қаланың жергілікті атқарушы органдарының кейбір құқықты нормативті актілерін Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Құқықты нормативті актілер туралы"
Заңының
3 бап 2 тармағының талабына сай сәйкестендіруі туралы хатын қарай келіп, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148-з Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
негізінде, Алматы қалалық Әкімшілігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 04 сәуірдегі N 2/218 "Шағын кәсіпкерлік субъектісіне Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі пайдаланылмай тұрған нысандарды шағын кәсіпкерлік субъектісінің таңдауы бойынша жалға немесе кейіннен меншікке беру құқымен сенімді басқаруға беруге ұсыну тәртібі жөніндегі Қағиданы бекіту туралы"
Қаулысына
(Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылы 04 мамырда N№453 тіркелген, "Алматы ақшамы" мен "Вечерний Алматы" газеттерінде 2002 жыл мамырда жарияланған) төмендегі өзгертулер енгізілсін:
қаулы мәтініндегі және қосымша берілген Қағида атауындағы "Қағида" сөзі "Ережелер" сөзіне ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі
Әкімшілік хатшысы
Алматы қаласы Әкімшілігінің
"2002 жылғы 04 сәуірдегі N№2/218
"Шағын кәсіпкерлік субъектісіне Алматы қаласының
коммуналдық меншігіндегі пайдаланылмай тұрған
нысандарды шағын кәсіпкерлік субъектісінің таңдауы
бойынша жалға немесе кейіннен меншікке беру
құқымен сенімді басқаруға беруге ұсыну тәртібі
жөніндегі Қағиданы бекіту туралы" қаулысына
(Алматы қалалық әділет басқармасында
2002 жылы 04 мамырда N№453 тіркелген, "Алматы ақшамы"
мен "Вечерний Алматы" газеттерінде 2002 жылдың
мамырында жарияланған) қаулысына
2004 жылғы "30" маусымдағы N 3/527 келісім парағы
Енгізуші:
Алматы қаласының Мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру
аумақтық комитеті Қ.Бискұлтанов
Келісілді:
Алматы қаласының әкімінің
бірінші орынбасары Қ.Бүкенов
Заң бөлімі Исабаева Р.Ш.
Таратылды:
2-ші қабылдау бөлмесіне, Алматы
қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
аумақтық комитетіне, Алматы қалалық Әділет
департаментіне.
Хаттама бөлімінің
меңгерушісі М.Құлсеитова