Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын бекіту туралы

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 6/59 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 25 мамырда N 1519 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат шешті:
      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасы бекітілсін (қосымша).
      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестіріне 159, 1213, 1302 нөмірлерімен енгізілген қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 1 желтоқсандағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын қайта бекіту туралы" N 8/85 шешімінің, 2003 жылғы 23 сәуірдегі "мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру Қағидасын қайта бекіту туралы 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 8/85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 29/281 шешімінің, 2003 жылғы 10 қыркүйектегі "Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Қағидасын қайта бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 8/85 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 32/302 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика, коммуналдық сала, көлік, коммуникациялар және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. (Гусев А.И.)

      Сессия төрағасы                            А. Омаров

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Л. Коробейникова

Қалалық мәслихаттың
2004 жылғы 14 сәуірдегі
"Мемлекеттік тұрғын үй
қорын жекешелендіру туралы
Қағидасын бекіту туралы"
N 6/59 шешімімен бекітілген
қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы
Қағида

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Министірлер Кабинетінің 1992 жылдың 24 қаңтарындағы N 66 қаулысына сәйкес жасалған және мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын жайын жекешелендіру реттерін анықтайды, қағида бекітілгенге дейін, мемлекеттік тұрғын ұй қорында қалған тұрғын жайларға (пәтерлерге, үйлерге) ғана таратылады.
      2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй жайларды өтеусіз меншігіне алу құқығы бекітілген Балқаш қаласының тұрғынына жататын азаматтар тобы:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
      2) 1 және 2 топтағы мүгедектер (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек адамдарды қоспағанда);
      3) Иесіздендірілген аумақта Чернобыль АЭС апаттарын жоюға қатысқандар;
      4) Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің анықтаған, ДӘСК қорытындысы бойынша Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ азаматтық және әскери мақсаттағы басқада ядролық объектілердегі жарылыстардың салдарынан денсаулығы нашарлаған азаматтар.
      3. Тұрғын жайды жекешелендіру ондағы тұратын кәмелеттік жасқа толған барлық отбасы мүшелерінің жазбаша түрде берген келісімдері бойынша жүргізіледі.
      4. Жылжымайтын мүлікке құқық тұрғын жайды төлем ақысыз жекешелендіру шарт бойынша рәсімделіп, жылжымайтын мүлікті тіркейтін Қарағанды облысы бойынша "Жылжымайтын мүліктік орталығы" Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның Балқаштық бөлімшесінде тіркеледі.
      5. Жекешелендірілген тұрғын жай пәтер жалдаушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің ортақ меншігіне көшеді, оның ішінде және уақытша тұрмайтын отбасы мүшелерінің де, егерде, шартта олардың арасында басқадай көрсетілмесе.
      6. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 497 бабының 1, 18 тармақтарына сәйкес комиссиондық алым белгіленсін:
      1) тұрғын жайды төлем ақысыз мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілгенде үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) жоғалған құжаттардың көшірмесін берген үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      Салық Кодексінің 405 бабының 1, 2 тармақтарының 2 бөлімінің негізінде: Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілгендер, I және II топтағы мүгедектер алым төлеушілер болып есептелмейді.
      7. Осы Қағидада көрсетілмеген барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94-I заңымен және 1992 жылғы 24 қаңтарда Министрлер кабинетінің N 66 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы" Қағидамен басшылық етеді.