Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат сессиясының 2004 жылға 20 ақпандағы N 4-14 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде 2004 жылғы 1 сәуірде N 1290 тіркелді

Жаңартылған

       Ескерту. Шешімнің атауындағы, 1 тармақтағы және осы шешіммен бекітілген Ереженің кіріспе бөліміндегі, 1 тараудың тақырыбындағы, 1, 2, 3 тармақтардағы, 2 тараудың тақырыбындағы, 4 тармақтағы, 3 тараудың тақырыбындағы, 7 тармақтағы "берілетін" деген сөзден кейін "бір жолғы" деген сөз тіркесімен толықтырылды - Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 6-11 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 11 тармағына, 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағына және аудан әкімінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 1-147 Ұсынысы негізінде аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесі бекітілсін.

      2. Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 19 тамыздағы "Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тәртібі және оның көлемі туралы Ережені бекіту туралы" N 16-7 шешімінің (облыстық Әділет басқармасында 2002 жылы 6 желтоқсанда N 789 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихат
    сессиясының төрағасы                  хатшысы
    Қ. Бижанов                         А. Қалқабай

Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы
20 ақпандағы "Табысы аз отбасыларына коммуналдық
қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық
көмек көрсету туралы Ережесін бекіту туралы"
N 4-14 шешімімен бекітілген

Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы Ереже

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағының 2 бөлігі негізінде аудандағы табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.

1. Табысы аз отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету тәртібі

      1. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы ауыл, кент әкімдері жанынан құрылған атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссия қорытындысы бойынша төленеді.

      2. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек тұрмысы нашар отбасыларына жан басына шаққандағы бір айдағы орташа табысы кедейшілік шегінен аспайтын жағдайда беріледі.

      3. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ауыл, кент әкімдері жанынан құрылған учаскелік комиссиялардың қорытындысымен бірге ұсынылған тізім және отбасылардың өтініші бойынша коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көлемін анықтайды және аудандық қаржы бөліміне қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.

2. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек мөлшері және ұсынылатын құжаттар тізбесі

      4. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 0,8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсетіледі.

      5. Отбасы құрамына толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар, интернат үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер, мерзімді әскери қызметтегі адамдар, бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегі адамдар кірмейді.

      6. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына ұсынылатын құжаттарға учаскелік комиссияның қорытындысы, материалдық көмекті қайда аударатындығы жөніндегі алушының өтініші (қолы ауыл әкімдігі арқылы куәландырылады), материалдық көмек алушылардың тізімі жатады.

3. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмекті төлеу тәртібі

      7. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады және қолма-қол төленбейді. Ол өтініш берушінің тілегі бойынша коммуналдық қызмет көрсететін мекемеге аударылады.