Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану ережесін бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 17 тамыздағы N 3-1-1639қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 30 қыркүйекте N 350 тіркелді

Қолданыстағы

     Астана қаласы мәслихаты сессиясының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 55/9-ІІІ  шешімімен  бекітілген Астана қаласы аумағының құрылысы туралы ережеге сәйкес Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану ережесі бекітілсін.
     2. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е.Толыбаевқа жүктелсін.

       Астана қаласының әкімі

      Әкімнің бірінші орынбасары

      Әкімнің орынбасары

      Әкім аппаратының басшысы

      Әкімі аппараты құжаттамалық
      сараптама бөлімінің меңгерушісі

      Сәулет және қала құрылысы
      департаментінің директоры

      Коммуналдық шаруашылық
      департаментінің директоры

      Тұрғын үй департаментінің
      директоры

      Қаржы департаментінің 
      бастығы

      Тілдерді дамыту
      басқармасының бастығы

      Сыртқы жарнама және безендіру
      жөніндегі басқармасының бастығы

      "Алматы" ауданының әкімі

      "Сарыарқа" ауданының әкімі

      КЕЛІСІЛДІ

      Астана қалалық Жер ресурстарын
      басқару жөніндегі комитеттің
      төрағасы

Астана қаласы әкімдігінің 
2004 жылғы 17 тамыздағы  
N 3-1-1639қ қаулысымен  
Бекітілген        

  Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және
қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану
Ережесі

      Осы Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Астана қаласының мәслихатымен бекітілген Астана қаласы аумағының құрылыс ережесіне, басқа да қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, қысқа көшелерге, саябақтарға, шағынгүлбақтарға, көпірлерге және қаланың басқа да құрамды бөліктеріне атау беру және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану талаптарын анықтауды бірыңғай тәртіпке келтіру мақсатындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.

  1-тарау. Негізгі ережелер

1-бөлім. Ережеде пайдаланылатын түсініктер

      1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады: 
      мекен-жай - Астана қаласының белгіленген шекарасы шегінде объектінің (жер учаскесінің, иеліктің, ғимараттың, орын-жайдың) орналасу орнының (орналасқан жері) жинақталған деректемелерінің белгіленген құрылымдық сипаттамасы;
      саяжол - негізгі және қосарлас жаяу жүргіншілер көшесі немесе еңбек орындарымен, қызмет көрсету мекемелерімен және кәсіпорындарымен жаяу жүргіншілер байланысын қамтамасыз ететін, оның ішінде қоғамдық орталықтар, демалыс орындары және қоғамдық көліктік аялдама пункттері шегіндегі жол;
      желекжол - жергілікті маңызы бар көше немесе жол, орман-саябақ желектерімен, жаяу жүргіншілер жолдарымен бөлінген кездесу көліктік ағындары;
      қосып салынған объектілер - ғимараттар мен орын-жайларда ғимараттардың қасбетін қайта жаңартпай және жеке кіру жасамай ұйымдастырылған объектілер, ғимараттың (орын-жай) қайта құрылған бөлігінің функционалдық маңызы өзгеруі мүмкін; 
      ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік үрдістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және т.б. орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жерге орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
      инвестор - кәсіпорынның бейнесі жарнамасын (өнім) бір уақытта орналастыру арқылы өз есебінен көше (өзге де қала құрылысы элементтері) атауларының көрсеткіштерін және ғимараттардың (орын-жайдың) реттік нөмірлерін әзірлеуге және орнатуға ниет білдірген тұлға;
      қала құрылысы элементінің санаты - функционалдық қала құрылысы нысанын және объектінің (шағын аудан, ғимарат, орын-жай, көпір, көлік айырымы (айналым), фонтан, тас жол, даңғыл, көше, желекжол, саяжол, өту жолы, тұйық және басқалар) сипаттайтын қала құрылысы элементінің бөлінбес бөлігі;
      орам - магистральды көшелермен, қысқа көшелермен бөлінбеген құрылыстың құрылымдық бөлшегі;
      ландшафтты-оңалту аумақтары - қалалық ормандары, орман саябақтар, орман қорғау аймақтары, сутоғандар, ауыл шаруашылығының пайдалануындағы жерлер және іріктелген аумақтарда орналасқан, ашық кеңістік жүйесін қалыптастыратын саябақтармен, бақтармен және желекжолдармен қоса басқа да пайдалы жерлері бар аумақтар;
      қозғалысты реттейтін магистральды жолдар - қала аудандары арасындағы жекелеген бағыттар мен учаскелерге, тұрғын құрылыстарынан тыс құрылыстарды жүзеге асыратын жүк қозғалыстарына қолайлы көліктік байланыстарды қамтамасыз ету үшін белгіленген жолдар; сыртқы автокөлік жолдарына кіруді қамтамасыз етеді. Көшелермен және жолдармен тәртіп бойынша бір деңгейде қиылысады.
      жылдамдық қозғалысының магистральды жолдары - сыртқы автокөлік жолдарына, аэропорттарға, ірі жаппай демалу аймақтарына және кенттерге шығуды қамтамасыз ететін өндірістік және жоспарланған аудандар арасындағы жылдамдық көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін белгіленген жолдар. Магистральды көшелермен және түрлі деңгейдегі жолдармен қиылысады.
      жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелер: 
      үзіліссіз қозғалыстар - тұрғын, өндірістік аудандар мен қаланың орталығы, сондай-ақ басқа да магистральды көшелермен, қалалық және сыртқы автокөліктік жолдар арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін белгіленген жолдар. Көліктердің қозғалысын түрлі деңгейдегі бағыттар негізінде қамтамасыз етеді;
      реттелген қозғалыс - тұрғын, өндірістік аудандар мен қаланың орталығы, жоспарланған аудандардың орталығы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз ету үшін белгіленген жолдар; магистральды көшелер мен жолдарға және сыртқы автокөлік жолдарына шығу. Көшелермен және жолдармен тәртіп бойынша бір деңгейде магистральды қиылысады;
      аудандық маңызы бар магистральды көшелер - қаланың тұрғын аудандары, сондай-ақ тұрғын, өндірістік аудандары және қаланың орталығы арасындағы көліктік және жаяу жүргіншілер байланыстарын қамтамасыз ету үшін белгіленген көшелер; басқа магистральды көшелерге шығу, сондай-ақ жоспарланған аудандар шегінде жаяу жүргіншілер жолдары мен көліктік (жалпы қоғамдық жол жүрушілердің қолайлылығы) байланыстарды қамтамасыз ету үшін белгіленген көшелер;
      шағын аудан - қаланы қалыптастыратын, магистральды көшелермен бөлінбеген, белгіленген шекарада, не болмаса қоныстану, не болмаса өндірістік, не болмаса ландшафты-оңалту аумағы болып табылатын құрылыстың құрылымдық-жоспарлау элементі;
      атау - аудандарға, шағын аудандарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, алаңдар мен Астана қаласының өзге де құрылымдық элементтеріне берілген, оларды бөлу және тану үшін қызмет ететін жеке атаулар;
      ономастикалық комиссия - географиялық объектілер атауларының бір жүйеге келуін қалыптастыру, атауларды пайдалану мен есептеуді реттеу, тарихи атауларды Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұраларының құрамдас бөлігі ретінде қалыптастыру және сақтау мақсатында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөнінде ұсыныстар дайындау үшін Астана қаласының әкімімен құрылатын консультативті-кеңестік орган;
      сәулет органы - сәулет және қала құрылысы саласын реттеуді жүзеге асыруға әкіммен уәкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      сыртқы жарнама және безендіру жөніндегі орган - сыртқы жарнама және ресімдеу саласын реттеуді жүзеге асыруға әкіммен уәкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      тілдер жөніндегі орган - тілдерді дамыту саласын реттеуді жүзеге асыруға әкіммен уәкілеттілік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      саябақ - қаланың қоныстану аумағында ұйымдастырылған және аумағы кемінде он гектар халықтың бұқаралық демалуына тағайындалған жалпы қолданыстағы қалалық аумақты көгалдандыруға негізделген тұйық шекараларымен анықталған;
      өту жолы - көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және екі көше арасындағы (екі "т" тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты қамтамасыз ететін ауданішілік, шағын ауданішілік, орамішілік қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
      объектінің реттік нөмірі - объект мекен-жайының құрылымдық элементі: әріп және (немесе) бөлшек қосылуы мүмкін цифрлар тізбегінен тұратын, қандай да бір құрылымдық бөлшекке тән белгісінің негізінде объектіге, құрылыс салынған аумақтағы атауы бар қала құрылысы объектісіне (көшеге, шағын ауданға және т.б.) берілетін объектінің қарапайым бөлшегі;
      жапсарлас объектілер - ғимаратқа және орын-жайға жапсаржай салу жолымен ғимараттарда, құрылыстарда ұйымдастырылған объектілер, бұл жағдайда, тәртіп дербес функционалдық мақсатта пайдаланылады;
      түбегейлі жоспарлау жобасы (ТЖЖ) - Астана қаласының Бас жоспары негізінде орындалған аумақ құрылысының функционалдық-қала құрылысы аймақтандыруды; қызыл сызықтарды және құрылысты реттеу сызықтарын; тұрғындарға әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін аумақтарды резервілеуді; көше-жол торабын және көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды; инженерлік коммуникациялардың трассировкасын; көшелердің тік пішіндерін; аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды, бұқаралық қала құрылысы сервитуттарын және өзге де талаптарды анықтап, аумақты ұйымдастыруды жоспарлаудың негізгі бағыттарын белгілейтін аумақ құрылысын жоспарлау жобасы;
      даңғыл, көше, қысқа көше, өту жолы - тұрғын аудандар сондай-ақ тұрғын аудандар мен өнеркәсіптік аймақтар, орамдар арасында көлік және жаяу жүргіншілер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін, ұзына бойы сызықты бекітілген шекаралары, басы мен аяғы бар атау берілген қала құрылысының объектілері;
      алаң - атау берілген жоспарлау элементі болып табылатын, тұйықталған шекаралары бар қала құрылысының объектісі;
      өндірістік аумақ - өнеркәсіптік кәсіпорындарды және солармен байланысты объектілерді орналастыруға арналған аумақ, тәжірибелік өндірістерімен бірге ғылыми мекемелердің, коммуналдық-қоймалық объектілердің, сыртқы көліктер құрылыстарының кешені;
      аудан - әкімшілік-аумақтық құрылымдар туралы заңнамаларға сәйкес белгіленген Астана қаласының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік;
      тұрғын-жай ауданының бағы - саябақ - қаланың қоныстану аумағында ұйымдастырылған және аумағы үштен он гектарға дейінгі халықтың бұқаралық демалуына тағайындалған жалпы қолданыстағы қалалық аумақты көгалдандыруға негізделген тұйық шекаралармен анықталған;
      санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
      қоныстану аумағы - тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскер) және оңалту аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымының жекеленген бөліктерін, орналасуы мен қызметі арнаулы санитарлық қорғаныш аймақтарын талап етуге әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі;
      шағынгүлбақ - қаланың қоныстану аумағында ұйымдастырылған және аумағы кемінде үш гектар халықтың бұқаралық демалуына тағайындалған жалпы қолданыстағы қалалық аумақты көгалдандыруға негізделген тұйық шекаралармен анықталған;
      орын-жай - табиғи және жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үрдістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға, немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе сызықты (жер үсті, су беті және/немесе жер асты, су асты) объект. Құрылыс көркемдік-эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін;
      трасса, тас жол - магистральды жол немесе халықаралық көлік байланыстарын қамтамасыз ететін қала шегіндегі магистральды көше;
      тұйық - көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және көше арасындағы (бір "т" тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты құрмайтын ауданішілік, шағын ауданішілік, орамішілік қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
      көше - аудандық маңызы бар магистральды көше, жергілікті маңызы бар көше немесе жол;
      жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар:
      саябақ жолдары - жеңіл автокөліктердің қозғалысы үшін қолайлы саябақтар мен орман саябақтары аумақтары шегінде көліктік байланыс қамтамасыз етуші жолдар;
      жаяу жүру көшелері мен жолдары - еңбек, қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарының орындары, қоғамдық көліктердің демалу және аялдау орындары арасында жаяу байланыстарды қамтамасыз етуші жолдар;
      жол жүру - тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және аудандардың, шағын аудандардың, орамдардың ішіндегі қалалық құрылыстардың өзге объектілеріне көлік құралдарымен жол жүруді қамтамасыз етуші жолдар;
      тұрғын үй құрылыстарының көшелері - тұрғын үй аудандары (шағын аудандар) аумақтарындағы көліктік (жүк және қоғамдық көліктерді рұқсатсыз) және жаяу жүргіншілер байланысын, магистральды көшелер мен қозғалыстарды реттеуші жолдарды қамтамасыз етуші жолдар;
      ғылыми-өндірістік, өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық аймақтардағы (аудандар) көшелер мен жолдар - аймақтар (аудандар) шегінде жеңіл және жүк көліктеріне қолайлы көліктік байланысты, магистральды қалалық жолдарға шығуды қамтамасыз етуші жолдар. Көшелермен және жолдармен қиылыс бір деңгейде белгіленеді;
      көрсеткіш - жарық түсіретін, жарықты шағылыстыратын, контрастық объектілерді, материалдарды пайдалана отырып құрылған, азаматтарды сол немесе басқа көше, ғимарат немесе орын-жайдың орналасуы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету үшін белгіленген түсінікті жазулары, цифрлары бар геометриялық нысанда белгіленген түрлі-түсті бейне;
      қаланың бөлігі - қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, желекжолдар, көшелер, қысқа көшелер, саябақтар, шығынгүлбақтар, көпірлер мен қаланың басқа да құрамдас бөліктері. Осы Ережеде қаланың бөліктері деп әлеуметтік маңызы бер объектілер (денсаулық сақтау, білім, мәдениет және т.б.) айтылуы мүмкін.

  2-бөлім. Көрсеткіштерді орналастыру және
пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу

      2. Қаладағы аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамды бөліктеріне атау беру, жер учаскелеріне, ғимараттарға және орын-жайларға реттік нөмір беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану, оларды ретке келтіруді мына мемлекеттік органдар жүзеге асырады:
      1) сәулет органы;
      2) тілдер жөніндегі орган;
      3) сыртқы жарнама және безендіру органы.

      3. Сәулет органының мынадай өкілеттіктері бар:
      өз бұйрығымен ғимараттарға және орын-жайларға реттік нөмір беру;
      реттік нөмірі жоқ ғимараттарды, орын-жайларды және өзге де объектілерді анықтап, оларға меншік иесінің бұйрығы бойынша реттік нөмір береді;
      атауы жоқ көшелер тізімін; атаулары ұқсас көшелер тізімін; жылжымайтын мүліктің бұзылуына байланысты болған атауларды жойылған көше тізімін қалыптастырады және оларды қайта атау және атау беру жөніндегі ұсыныстарын білдіреді;
      тапсырысшының жобалау құжаттамасының құрамына әзірлеуге және жобаланған ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттеріне, жобаланған көшелердің қиылыстарында ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнатуға арналған шығындардың енгізілуін бақылау;
      Астана қаласы көшелері мен шағын аудандары көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің нобайын келіседі;
      көшелер мен шағын аудандар көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, тапсырысшы әзірлейтін жобалық құжаттама құрамына енгізілген басқа да көрсеткіштердің нобайын келіседі;
      жылжымайтын мүлікпен мәмілені, қала бөлігіне атау беру және (немесе) өзгерту туралы ақпаратты, жекелеген объектілерге реттік нөмір беру және (немесе) өзгерту туралы бұйрықтар көшірмелерін тіркеуді жүзеге асыратын органға ұсыну;
      қала бөліктерінің көрсеткіштерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындау және орнату құқығын беру жөнінде конкурс өткізу.

      4. Тілдер жөніндегі органның мынадай өкілеттіктері бар:
      шағын аудандардың, даңғылдардың, желекжолдардың, көшелердің және т.б. белгіленген атауларының бейнелену дұрыстығын, олардың нормалармен сәйкестігін, сондай-ақ көрсеткіштерде белгіленген атауларының транскрипциясының бейнелену дұрыстығын бақылайды;
      көшелер мен шағын аудандар көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, тапсырысшы әзірлейтін жобалық құжаттама құрамына енгізілген басқа да көрсеткіштерінің көрсеткіштерде белгіленген атауларының ақпараттың жазылу сәйкестігін және олардың транскрипциясының дұрыстығын келіседі.

      5. Сыртқы жарнама және безендіру органының мынадай өкілеттіктері бар:
      көшелер мен шағын аудандар атаулары көрсеткіштерінің, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің үлгілік нобайын әзірлеп, бекітеді;
      мемлекеттік қабылдау немесе ғимараттар мен орын-жайларды пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, көшелер мен шағын аудандар атаулары көрсеткіштерінің, тұрғызылған (салынған) ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттеріндегі, көшелер қиылысындағы (қиылыстарда) басқа да көрсеткіштердің осы Ережеге сәйкес орнатылуын және болуын бақылайды;
      ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттеріндегі көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерінің, қиылыстарда орнатылған көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің жағдайын бақылайды;
      ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерінің, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерінің жоғалу, зақым келу, механикалық бүліну фактісі анықталған және тиісті тұлғалардың жоғалған немесе бүлінген көрсеткіштерді ауыстыруға шара қабылдамау фактілері кездескен жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды;
      көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнатуды, сондай-ақ осы Ереженің 56-тармағының 1-тармақшасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда олардың жөнделуін қамтамасыз етеді.

      6. Осы тарауда аталған мемлекеттік органдар ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнату және пайдалану саласындағы өзге де қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жүзеге асыра алады.

  3-бөлім. Қаланың аудандарына, шағын аудандарына,
көшелеріне, даңғылдарына және басқа да құрамдас
бөліктеріне атау беру (қайта атау), олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту тәртібі

      7. Қала бөліктерінің атаулары оларды бөлуге және оларды кеңістікте тануды қамтамасыз ету үшін беріледі.

      8. Қаланың бөліктеріне атау беру мынадай кезеңдермен жүргізіледі:
      1) сәулет органы тілдер жөніндегі органға қаланың атаулары жоқ, не болмаса атаулары бірдей бөліктерінің тізбесін жібереді. Аталған тізбемен бірге сәулет органы сол жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін (олар бар болған жағдайда) бұзуға байланысты жойылған көшелердің тізбесін ұсынады;
      2) тілдер жөніндегі орган қала құрылысы объектісіне атау беру немесе қайта атау мәселесі бойынша өтініштер түскен сәттен бастап 15 күн ішінде қала бөліктеріне атау беру (қайта атау) мәселелерін талқылау үшін ономастикалық комиссия мәжілісін (мәжілістерін) ұйымдастырады;
      3) ономастикалық комиссия жөніндегі органға материалдар ұсынған сәттен бастап 30 күн ішінде Астана қаласы әкімдігіне және мәслихатына қала құрылысы элементтері бойынша атау беру (қайта атау) жөнінде ұсыныс жасауға шешім қабылдайды;
      4) Астана қаласының әкімдігі ономастикалық комиссияның қаланың жекелеген бөліктеріне атау беру жөніндегі ұсыныстарымен келіседі және мәслихаттың қарауына қала бөліктерінің атауларын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді, не болмаса ұсынылған ұсыныстармен келіседі және тілдер жөніндегі органға материалдарды (толық немесе бөлшектеп) қайтарады;
      5) Астана қаласының мәслихаты әкімдіктің қаланың жекелеген бөліктеріне атау беру жөніндегі шешімімен келіседі және қаланың бөліктерінің атауларын бекітеді, не болмаса әкімдіктің шешімімен келіседі және материалдарды (толық немесе бөлшектеп) қала әкімдігіне қайтарады;
      6) әкімдік пен мәслихаттың қала бөліктеріне атау беру (қайта атау) туралы шешімдері қала құрылысы бөліктерінің кеңістік ережесі тәсімінің міндетті қосымшасы мен оның шекараларының нақты анықтамасы бар мүдделі мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға жеткізіледі;
      Әкімдіктің және мәслихаттың білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және басқа да мекемелеріне атау беру туралы бірлескен шешім атау беру туралы өтініммен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік ономастика комиссиясына жіберіледі.

      9. Қаланың бір бөлігіне бірнеше атау беруге жол берілмейді. Бұрылыстары отыз градустан жоғары болған жағдайларда даңғылдардан (көшелер, қысқа көшелер, өту жолдары) басқа, мұндай жағдайларда қала бөлігінің бұрылыс орындарына оқшауланған атау беруге жол берілмейді.
      Қаланың бір санаттағы бірнеше бөліктеріне бір атау беруге жол берілмейді.

      10. Қала құрылысы элементі (даңғыл, көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар т.б.) қиылысқан жағдайда қалыптасқан учаскеге жеке атау беруге жол беріледі.

      11. Қала аумақтарын кезең-кезеңімен игерген жағдайда қала құрылысы элементін оқшауланған, атаулары қисынды байланысқан, осы қала құрылысы элементінің уақыт ішінде іс жүзінде қалыптасу және салыну кезеңіне сәйкес келетін жекелеген учаскелерге бөлуге жол беріледі.

  4-бөлім. Ономастикалық комиссия

&1. Ономастикалық комиссияның құрамы,
оның жұмысын ұйымдастыру

      12. Астана қаласының әкімдігі ономастикалық комиссияны тоғыздан он бес адамға дейінгі тақ сандармен құрады. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі бола алмайды және ол шешім қабылдайтын кезде дауыс беру құқығы болмайды.
      Ономастикалық комиссияның жұмыс органы тілдер жөніндегі органы болып табылады.

      13. Ономастикалық комиссияның мәжілісі қажет болған кезде жүргізіледі және жұмыс органымен шақырылады.

      14. Ономастикалық комиссияның хатшысы болып жұмыс органының қызметкері тағайындалады. Ономастикалық комиссияның хатшысы ономастикалық комиссияның мүшелерін шақыруды қамтамасыз етеді, ономастикалық комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады, оның мәселелерін шешеді.

  &2. Ономастикалық комиссияның өкілеттігі,
шешім қабылдаудың тәртібі

      15. Ономастикалық комиссия мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
      1) қала бөліктеріне атау беруге (қайта атау) қатысты заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстарын қарау;
      2) Астана қаласының әкімдігі мен мәслихатына қаланың бөліктеріне атау беруді (қайта атау) ұсыну;
      3) Астана қаласының әкімдігі мен мәслихатына қала бөлігі атауының транскрипциясын нақтылауды ұсыну.

      16. Ономастикалық комиссия сондай-ақ карталар, атластар құрау, анықтамалық әдебиеттер шығару барысында туындаған мәселелерді шешуде мүдделі ұйымдарға кеңес беру арқылы көмек береді.

      17. Комиссияның шешімі жай дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      18. Комиссияның шешімі дауыс беру кезінде оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса құқықты болып саналады. Ономастикалық комиссия мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқылары жоқ.

  2-тарау. Астана қаласының жер учаскелеріне,
ғимараттарына және орын-жайларына реттік нөмір беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану

      19. Жер учаскелеріне, ғимараттар мен орын-жайларға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану Астана қаласының аумақтарында қалыптастыру үшін шағын аудандардың, көшелердің, ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да объектілердің орналасуын (орналасқан жері) анықтаудың бірыңғай жүйесі тағайындалған.

      20. Астана қаласының аумағында орналасқан әрбір жер учаскесі, ғимараттар мен орын-жайлардың өздерінің бірегей мекен-жайы болуы керек.

      21. Осы Ережеге сәйкес реттік нөмір берілген жылжымайтын мүлік объектілері:
      1) жер учаскелері (игерілген және құрылыс салынған);
      2) ғимараттар;
      3) орын-жайлар болып табылады.

      22. Астана қаласы үйлерінің, ғимараттары мен орын-жайларының қасбеттеріндегі, даңғылдардың, көшелердің, қысқа көшелердің қиылыстарындағы периметрлер бойынша көрсеткіштердің мынадай үлгілері орналасады:
      көшелердің атауларының көрсеткіштері (1, 2, 3 санаттар);
      шағын аудандардың атауларының көрсеткіштері (1, 2 санаттар);
      көшелердің қиылыстарында (қиылысу орны) орналасқан көше атауларының бұрыштама көрсеткіштері;
      ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері (1, 2, 3 санаттар).

      23. Ғимараттардың, орын-жайлардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері, Астана қаласының аумағында орналасқан көшелердің, шағын аудандардың атауларының көрсеткіштері міндетті түрде осы Ережемен және белгіленген тәртіпте бекітілген үлгілік нобайлармен белгіленген техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.

  5-бөлім. Реттік нөмірлер беру талаптары

      24. Ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, орын-жайлардың жер учаскелерінің реттік нөмірлері - цифрлардың ретімен жасалатын әріптер (А, Б, В, Г және т.б. есімдік болатын әріптерді, (мысалы "Я" әріпі), алфавиттердің қазақ әріптерін (Ә, І, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө, Һ) және айтылуы қиын әріптерді (дыбысталмайтын), не болмаса цифрларға ұқсас әріптерді қосылуы мүмкін (Ң, Ж, З, Й, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) қоспағанда, немесе қосалқы белгісі, қосымша толық цифрлар арқылы белгіленетін объектілер мекен-жайларының деректемелері.

      25. Әріптер ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, орын-жайлардың реттік нөмірлеріне, егер бір жер учаскесіне екі және одан да көп бірдей сәулеттік үйлесімі бар немесе бір сәулеттік-құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын ғимараттар, корпустар, құрылымдар, орын-жайлар орналасқан (бар болса) болса, әріптер қосылады.

      26. Егер ғимарат, корпус, құрылым немесе ғимарат орамның ішінде орналасып, ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың бірде бір қасбеті қалалық магистральға шықпаса, онда ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірі бөлшек белгісі арқылы қосымша толық сандармен толықтырылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың нөмірленуіне жақын ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірі қабылданады.

      27. Ғимараттардың, орын-жайлардың және өзге де жасанды құрылымдардың мекен-жайларына мынадай міндетті деректемелерді: көше атауларын, ғимараттардың, корпустардың немесе құрылымдардың, орын-жайлардың реттік нөмірлері кіреді.

      28. Жер учаскелеріне мынадай міндетті деректемелерді: көше атауы, жер учаскесінің реттік нөмірі кіретін шартты мекен-жай беріледі.

      29. Объект мекен-жайының құрылымы объектінің түрі мен ғимараттың, орын-жайдың, жер учаскесінің орналасқан жерінің географиялық жағдайын анықтайды.

      30. Қаладағы аудан атаулары, реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасқан жері объектінің мекен-жайына қосылатын болады.

      31. Аудандардың атаулары Астана қаласы аудандарының бекітілген атауларына сәйкес көрсетіледі.

      32. Шағын аудандар, өндірістік аумақтар, табиғатты қорғау кешендерінің (тарихи және сәулет ескерткіштерінің жиынтығы) атаулары, реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасқан жері тиісті шағын ауданның, өндірістік аймақтың, табиғатты қорғау кешенінің белгіленген шекараларындағы объект орналасқан жағдайда объектінің мекен-жайына қосылатын болады.

      33. Даңғылдың, көшенің (қысқа көше, алаң) атауына қатысты объектінің нөмірленуі Астана қаласы көшелері атауларының ресми тізіміне және нөмірленетін объектінің және көше-жол тәсімі элементтерінің оңтайлы ұсынуына сәйкес қысқа жолдардың, көшелердің және алаңдардың атауларын нақтылай отырып, даңғылдардың, көшелердің, қысқа жолдардың, алаңдардың ресми мекен-жай тәсіміне сәйкес қабылданады.

      34. Астана қаласы көшелерінің ресми тізімі және нөмірленетін объектінің және Астана қаласы даңғылдарының, көшелерінің, қысқа көшелерінің және басқа да құрылымдық элементтерінің ресми мекен-жай тәсімі алаңдардың атаулары электронды түрде құрылады және Астана қаласы аумағындағы қала құрылысы объектілерін және элементтерін атау, қайта атау туралы мұрағат материалдарын пайдалана отырып, Астана қаласы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базасында қалалық ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ҚАЖ) жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар жүргізеді.

      35. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірі сәулет органының ҚАЖ мәліметтеріне сәйкес объектінің реттік нөмірін алдын ала келісу бойынша жобалауға, не болмаса құрылыс салуға жер учаскесін бөлу туралы рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу сатысында белгіленеді.
      Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, орын-жайдың реттік нөмірін сәулет органы жекелеген объектілерді бұзу нәтижесінде қаланың бір бөлігі объектілерінің нөмірленуі оннан артық бірлікке бөлінген (жоғалған) жағдайда өзгертілуі мүмкін.

      36. Оңтүстіктен солтүстікке қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізіледі.

      37. Батыстан шығысқа қарай құрылыстың үздіксіз үрдісін құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.

      38. Әртүрлі санаттағы көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистральды көшелердің сыныптамасына сәйкес жоғары санаттағы көше бойынша реттік нөмір беріледі.

      39. Санаттары тең көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың бас қасбеті шығатын көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі қасбеті шығатын болса қала орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі.

      40. Алаң периметрін құрайтын ғимараттарға реттік нөмір беру орталық жақтан бас магистральдан бастап сағат тілі бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштағы ғимарат бас қасбетке ие болса және жанасқан көше бойымен ұзындығы едәуір болған жағдайда оны нөмірлеу алаң бойынша емес, көше бойынша жүзеге асырылады.

      41. Қала аумақтарына жаңа құрылыс салуды қалыптастырған жағдайда, осы Ереженің 36, 37-тармақтарын орындау мүмкін болмаған кезде, осы аумақтарда ғимараттарға (үйлерге) керісінше тәртіпте реттік нөмірлер беруге және нөмірлеуге, яғни, солтүстіктен оңтүстікке не болмаса шығыстан батысқа қарай, көшенің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізуге жол беріледі.

      42. Жер учаскесінің аумағында негізгі көшелер анықталады, оған сәйкес осы аумақта орналасқан ғимараттар, орын-жайлар нөмірленеді. Негізгі ғимараттың реттік нөмірі көшелердің белгіленген топталымын ескеріп, жүзеге асырылады.

      43. Жер учаскесінің аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға, орын-жайларға, негізгі ғимараттың нөмірі және Ережеге сәйкес корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірі беріледі. "Корпус" немесе "құрылым" көрсеткіштері қажет болған жағдайда ғимараттың орналасқан жер учаскесі аумағының функционалдық пайдаланылуын ескеріп, ғимараттардың функционалдық мақсатына және жақын орналасқан ғимараттарды нөмірлеуге байланысты анықталады.

      44. Ғимараттарды нөмірлеу бас ғимараттың орналасуын ескеріп, жер учаскесінің аумағына бас кіреберісінен басталады.

      45. Жеке және заңды тұлғаға меншік, жалдау немесе өзге де заттай құқығында тиесілі жер учаскесінде қосымша бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектілерін салған жағдайда әр объектіге корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірін қоса сол реттік нөмір беріледі.

      46. Тізбектегі нөмірмен нөмірленген екі ғимараттың, құрылымдардың арасында орналасқан ғимараттарды нөмірлеуді тиісті объектінің төменгі нөмірін әріп немесе бөлшек қосып жүргізу керек.

      47. Дербес объектілердің (ғимараттар, орын-жайлар) белгілері бар жапсаржай және қосып салынған объектілерге толық санға қосымша бөлшек арқылы негізгі ғимараттың нөміріне қосымша дербес реттік нөмір беріледі.

      48. Қоршауларды, көпірлерді, қазылған шұңқырларды, құдықтарды, жертөлелерге, ауладағы тас жабындарды, жаяужолдарды және осылар тәріздес объектілерді есептемегенде, орын-жайлардың (негізгі ғимарат болмаған жағдайда) реттік нөмірі "құр" көрсеткіші мен құрылыс нөмірі қосылып беріледі.

      49. Игерілген, бірақ нөмірленбеген жер учаскелеріне аталған жер учаскесінің шегінде салынған ғимаратқа, орын-жайға нөмір беріледі.

      50. Бір жер учаскесінің аумағы шегінде бірнеше ғимараттар, орын-жайлар, басқа да объектілер орналасқан жағдайда жер учаскесіне негізгі ғимараттың, орын-жайдың нөмірі беріледі.
      Игерілмеген жер учаскесіне осы Ережеге сәйкес қарапайым реттік нөмірі беріледі, бұл жағдайда мына талаптарды сақтау қажет: әрбір жер учаскесінің өзінің бірегей реттік нөмірі болуы қажет және жер учаскелеріне реттік нөмір жер учаскелерінің осы немесе басқа қала құрылысы бірлігіне (көше, даңғыл, алаңдар және т.б.) қатысты (жапсаржай) негізінде беріледі.

      51. Нөмірленген игерілмеген жер учаскесінің аумағынан жаңа ғимарат, орын-жай салғанда тұрғызылатын объектіге нөмірлеудің жалпы тәртібін сақтаған жағдайда аталған жер учаскесінің шартты реттік нөмірі беріледі, не болмаса осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, жеке жаңа нөмір беріледі.

      52. Қайта тұрғызылған ғимараттың (орын-жайдың) реттік нөмірі және қолданыстағы объектілердің реттік нөміріне өзгерістер енгізу ТЖЖ және ҚАЖ деректері негізінде сәулет органымен жүзеге асырылады.

      53. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жүргізілетін қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар мен орын-жайлар үшін реттік нөмірлерді резервілеуге жол беріледі.

  6-бөлім. Мекен-жай құрылымының стандарты

      54. Объектінің мекен-жай құрылымы мына талаптарға сай келуі тиіс:
      мекен-жай деректемелері жазудың қатаң белгіленген тізбектелуі бойынша көрсетіледі;
      "мекен-жай" терминінен соң ":" (қос нүкте) бөлушіден кейін көрсетілген деректемелерден құралған мәтін бөлігі объектінің мекен-жайы болып табылады;
      объект мекен-жайы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жазылады;
      объектінің мекен-жайын жазған кезде қала құрылысы бөлшегінің санатын қысқартып жазуға болады:
      аудан - (ауд.);
      шағын аудан - (ш. ауд.);
      алаң - (ал.);
      тас жол - (тас.ж.);
      трасса - (тр.);
      даңғыл - (даңғ.);
      көше - (к-сі);
      желекжол - (жел.ж.);
      саяжол - (сая.ж.);
      өту жолы - (өту.ж.);
      қысқа көше - (қыс.к.)
      тұйық көше - (тұй.к.);
      объектінің мекен-жайы жазылғанда қала және әкімшілік ауданның атауы көрсетілген мекен-жайды толық мазмұндауға жол беріледі, сондай-ақ қысқартылған түрде: қала (қ), аудан (ауд.) жазуға жол беріледі;
      мекен-жайды жазу кезінде қала құрылысы бөлшегінің (шағын ауданы, алаңы, көшесі және тағы басқалар) бекітілген атауы толық көрсетілуі тиіс.
      Мысалы:
      мекен-жайы: Астана қ., Алматы ауд., А. Пушкин к-сі, 110, 51-пәт.;
      мекен-жайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, А. Пушкин көшесі, 110, 51-пәтер;
      мекен-жайы: Шұбар ш. ауд., Изумрудная к-сі, 12;
      мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі, 31;
      мекен-жайы: "Молодежный" ш. ауд., 36 а.

      55. Қаланың бірнеше бөліктеріне қатысты бір объектіге бірнеше мекен-жайлар беруге жол берілмейді.

  7-бөлім. Ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмір көрсеткіштерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнатуға қойылатын талаптар

&1. Жалпы талаптар

      56. Ғимараттар, орын-жайлардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері, үй қасбеттеріндегі көшелер мен шағын аудандардың атаулары мына тәртіппен орнатылады:
      1) жаңадан тұрғызылған ғимараттарды пайдалануға тапсыру кезінде:
      тапсырысшы ҚАЖ негізінде ғимаратқа (орын-жайға) реттік нөмір беретін сәулет органына өтініш білдіреді және мекен-жай беруге жататын объект географиялық бекітілген (ғимарат, орын-жай) даңғылдың, желек-жолдың, көшенің дұрыс атауын анықтайды;
      сәулет органынан алынған мәліметтер негізінде тапсырысшы өз қаражаты есебінен алдын ала келісім бойынша сәулет органымен нобайдың жобалау құжаттамасының құрамына шағын ауданның және (немесе) көше көрсеткішін, ғимараттың (орын-жайдың) реттік нөмірінің көрсеткіші ғимараттың реттік нөмірінің көрсеткішін, осы Ереже талаптарына сәйкес көше, шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін дайындайды және орнатады;
      2) ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірлерінің, көшелер мен шағын аудандардың атаулары өзгерген жағдайда ғимараттардың, орын-жайлардың реттік нөмірлерінің тиісті көрсеткіштерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін және өзге де көрсеткіштерін айырбастауды және орнатуды ҚАЖ мәліметтері негізінде коммуналдық шаруашылық органы жүзеге асырады.

      57. Ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірлерінің, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін орнату мемлекеттік бюджет қаражаттары, сондай-ақ инвесторлар қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

      58. Ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірлерінің, салынып жатқан ғимараттар мен орын-жайлардың қасбетіндегі көшелер мен шағын аудандар атаулары көрсеткіштерінің орнатылуына және дұрыс салынуына тапсырысшылар жауапкершілік алады.

      59. Қасбеттерінде көрсеткіштер орнатылған ғимараттарды (орын-жайларды) бұзғанда көрсеткіштің құны ғимаратты (орын-жайды) бұзу жөніндегі шығындар құрамына енгізіледі және оның бастамасы бойынша бұзуға жататын ғимарат (орын-жай) белгіленген тәртіппен меншік иесіне (пайдаланушыға және баланс ұстаушыға т.б.) қайтарылады.

      60. Бірнеше бұзылған ғимараттардың орындарына салынған ғимараттар (орын-жайлар) қасбеттерінде көрсеткіштер осы Ереженің шарттарына сәйкес сәулет органының келісімі бойынша орнатылады.

      61. Көрсеткіштер жол белгілері, бұқаралық сыртқы жарнама құралдары бар бір тіреуішке орнатылмауы тиіс. Көрсеткіштерді бағдаршам тіреуішіне орнатуға жол беріледі.

      62. Көрсеткіштер тәулік уақытынан тәуелсіз ажыратылуы тиіс.

  &2. Көше атауларының көрсеткіштері

      63. Көше атауларының көрсеткіштері көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан ғимараттар мен орын-жайларда орналастырылады.

      64. Көше атауларының көрсеткіштері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе орын-жай бұрышынан 25-30 см қашықтықта қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орналастырылады. Егер екі қиылыстың арасындағы ара қашықтық бес жүз метрді құраса, айрықша болып табылады - көше атауларының екі көрсеткішінің арасындағы ара қашықтық аталған мөлшерден аспауы қажет.

      65. 1 санаттағы көше атауларының көрсеткіштері магистральды қозғалысы жылдам және реттелетін жолдарға, 1 санаттағы көше атаулары көрсеткіштерінің үлгілік нобайына тиісті жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орнатылады.

      66. 2 санаттағы көше атауларының көрсеткіштері 2 санаттағы көше атаулары көрсеткіштерінің үлгілік нобайына тиісті аудандық маңызы бар магистральды көшелерге, жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын барлық ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орнатылады.

      67. 3 санаттағы көше атауларының көрсеткіштері 3 санаттағы көше атаулары көрсеткіштерінің үлгілік нобайына тиісті жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне жататын барлық ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орнатылады.

  &3. Шағын аудандар атауларының көрсеткіштері

      68. Шағын аудандар атауларының көрсеткіштері шағын ауданға жататын және шағын аудандарды шектеп тұратын көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан ғимараттар мен орын-жайларға немесе шағын ауданды көшелермен және шағын ауданға шығаберістермен шектеу нәтижесінде пайда болған шартты қиылыстарға орнатылады.

      69. Егер екі қиылыстың арасындағы ара қашықтық бес жүз метрді құраса, айрықша болып табылады - көше атауларының екі көрсеткішінің арасындағы ара қашықтық аталған мөлшерден аспауы қажет.

      70. Шағын аудандар атауларының көрсеткіштері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе орын-жай бұрышынан 25-30 см қашықтықта қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орналастырылады.

      71. 1 санаттағы шағын аудандар атауларының көрсеткіштері магистральды қозғалысы жылдам және реттелетін жолдарға, 1 санаттағы шағын аудандар атаулары көрсеткіштерінің үлгілік нобайына тиісті жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орнатылады.

      72. 2 санаттағы шағын аудандар атауларының көрсеткіштері 2 санаттағы шағын аудандар атаулары көрсеткіштерінің үлгілік нобайына тиісті аудандық маңызы бар магистральды көшелерге, жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын барлық ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орнатылады.

      73. Ғимараттар мен орын-жайлар қасбеттерінде шағын аудандардың атауларының көрсеткіштері орнатылған болса, көше атауларының көрсеткіші белгіленбейді.

  &4. Объектілердің реттік нөмірінің көрсеткіштері

      74. Ғимараттың, орын-жайдың реттік нөмір көрсеткіші әрбір ғимараттың және орын-жайдың қасбетіне көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен, ал көшенің оң жағы бойынша жұп сандармен, жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 см қашықтықта орналастырылады.

      75. Егер ғимарат, орын-жайдың қасбетінде көше немесе шағын аудан атауының көрсеткіші, ғимарат, орын-жайдың реттік нөмірінің көрсеткіші көше немесе шағын аудан атауының көрсеткішінен кейін көлденең ось бойынша орнатылады.

      76. 1 санаттағы ғимараттар немесе орын-жайлардың реттік нөмірінің көрсеткіштері магистральды қозғалысы жылдам және реттелетін жолдарға, 1 санаттағы ғимараттар немесе орын-жайлардың реттік нөмірінің көрсеткіштерінің үлгілік нобайына тиісті жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орнатылады.

      77. 2 санаттағы ғимараттар немесе орын-жайлардың реттік нөмірінің көрсеткіштері 2 санаттағы ғимараттар немесе орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің үлгілік нобайына тиісті аудандық маңызы бар магистральды көшелерге, жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын барлық ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орнатылады.

      78. 3 санаттағы ғимараттар немесе орын-жайлардың реттік нөмірінің көрсеткіштері 3 санаттағы ғимараттар немесе орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің үлгілік нобайына тиісті жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне жататын барлық ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде орнатылады.
      Шағын аудандар мен орамдар ішінде 3 санаттағы ғимараттар мен орын-жайлар реттік нөмірлерінің көрсеткіштері 3 санаттағы ғимараттар, орын-жайлар реттік нөмірі көрсеткішінің үлгілік нобайына сәйкес жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 см қашықтықта, орамішілік жолға шығатын ғимараттар мен орын-жайлар қасбеттерінің сол жағына орналастырылады.

  &5. Көше атауларының бұрыштық көрсеткіштері

      79. Көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан көшелер (аншлагтар) атауларының бұрыштық көрсеткіштері көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналастырылады және биіктігі 4 метрден аспайтын металл тіректерде орналастырылады.

  8-бөлім. Инвесторлар есебіне қала бөліктерінің атауларының көрсеткіштерін және реттік нөмірлерін әзірлеу және орнату

&1. Жалпы талаптар

      80. Инвесторлар өз есебінен ұйымдардың беделі жарнамасы және (немесе) өнімінің дайындалған көрсеткіштерін орнату арқылы қала бөліктері атауларының көрсеткіштерін, объектілердің реттік нөмірлерін әзірлей және орната алады. Бедел жарнамасы өнімнің деректемелері, байланыс телефондары немесе ұйым немесе өнім туралы өзге де ақпарат көрсеткіштерінсіз қандай да бір ұйымның және (немесе) өнімнің тауарлық белгісін, атауын бейнелеу болып табылады.

      81. Үлгілік нобайлар сыртқы жарнама және безендіру органымен бекітіледі, және орнатылатын бедел жарнамасының көлемі барлық көрсеткіштің елу пайызынан аспауы қажет.

      82. Инвесторлар қала бөліктерінің атауларының және объектілердің реттік нөмірлері көрсеткіштерін дайындау және орнату сәулет органының рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін.

  &2. Қала бөліктері атауларының көрсеткіштерін
және реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға
құқық алуға конкурс өткізу тәртібі

      83. Қала бөліктері атауларының көрсеткіштерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс өткізу үшін сәулет органы тілдер жөніндегі органның, сыртқы жарнама және безендіру жөніндегі органның қызметкерлерін тарту арқылы комиссия құрады.

      84. Комиссия мынадай өкілеттіктерге ие:
      1) конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарлама мәтінін бекітеді;
      2) конкурсқа қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдайды;
      3) қала бөліктері атауларының көрсеткіштерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс жеңімпазын анықтайды.

      85. Конкурс өткізілгенге дейін он күн бұрын жарияланған конкурс туралы ақпараттық хабарламада мынадай ақпараттар мазмұндалуы тиіс:
      1) көрсеткіштер орнатылуы тиіс объектілерде қала құрылысы элементінің атауы және толық мекен-жайы;
      2) орнатылуы тиіс қала бөлігі атауының және реттік нөмірлері көрсеткіштерінің саны;
      3) қатысушылардың өтініштерін қабылдау орны және нақты уақыты (конверттерді ашқанға дейін бір сағат уақыт қалғанда);
      4) конкурсқа қатысушының өтініштері бар конвертті ашу орны, күні және уақыты;
      5) конкурсқа қатысу үшін кеңес алуға болатын орын және байланыс телефондары (нобайларға талаптар және т.б.).

      86. Қала бөліктері атауларының көрсеткіштерін және объектілердің реттік нөмірлерін дайындауға және орнатуға құқық алуға конкурс қатысушысының өтінішінде мынадай құжаттар мен мәліметтер болуы тиіс:
      1) конкурсқа қатысушының - заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
      2) үлгілік нобайларға сәйкес келетін қала бөлігі атауының көрсеткіштерін және реттік нөмірлерінің атауын орналастыруға ұсынылатын нобайлар;
      3) басқа да ақпараттар.

      87. Конкурс қорытындысын комиссия конкурс қатысушыларының ұсыныстары бар конверттерді ашқан сәттен бастап жеті күннен кешіктірмей жүргізеді.
      Конкурс қатысушысының біреуі болған жағдайда өтті деп саналады.

      88. Конкурс қорытындысы туралы хаттама негізінде сәулет органы қала бөлігі атауларының көрсеткіштерін дайындауға және орнатуға рұқсат береді.

      89. Жеке және заңды тұлғаның құқығына тиесілі жылжымайтын мүлік объектілерінде бедел жарнамасы мазмұндалған көрсеткіштерді орнату оның рұқсаты бойынша жүргізіледі.

      90. Қала бөлігі атауларының көрсеткіштерін дайындауға және орнатуға рұқсат инвестордың осы Ереженің талаптарын орындамаған жағдайда сәулет органымен күшін жоюы мүмкін.

  9-бөлім. Қосымша талаптар

      91. Жер учаскелеріне, ғимараттарға және орын-жайларға реттік нөмір беру жөніндегі мәліметтер ҚАЖ ақпараттық мәліметтер базасында міндетті тіркелуге жатады.

      92. Реттік нөмірлер уақытша тұрғыдағы объектілерге, жеке тұлғаның меншігіндегі және (немесе) гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, қаланың инженерлік инфрақұрылым объектілерінің, бақ және саяжай учаскелерінің құрамына енетін шаруашылық жапсаржайларға, гараждарға берілмейді.

      93. Уақытша тұрғыдағы объектілердің жеке реттік нөмірі жоқ, бірақ анықтамамен жақын орналасқан объектінің тұрақты реттік нөмірімен олардың орналасқан жері нақтылануы мүмкін.

      94. Гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, бақ және саяжай учаскелерінің құрамына енетін, тиісті бақ қоғамын құрайтын гараждардың орналасқан жерін анықтау осы кооперативтерді басқару органының шешімімен белгіленеді, бұл әрбір объектіге жеке реттік нөмір беріледі. Тиісті басқару органдары болмаған жағдайда жеке нөмірлерді беруді сәулет органдары жүзеге асырады.

      95. Әзірлейтін және шығаратын ұйымдардың құжаттарда объектілердің реттік нөмірлері туралы мәліметтерді толтырғанда жер учаскелерінің, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірін өз еркімен жазуына тыйым салынады.

      96. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде осы Ереженің талаптары бұзылып, орнатылған көрсеткіштер ғимарат иесімен (баланс ұстаушымен) немесе оған қызмет көрсететін тұлғамен, ол болмаған жағдайда - сыртқы жарнама және безендіру органымен бөлшектеуге жатады.

      97. Ғимараттар мен орын-жайлар иелері (баланс ұстаушылары) ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштері түзетілген жағдайда ұстауға міндетті.

      98. Көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткіштері, ғимараттар мен орын-жайлардың реттік нөмірі көрсеткіштері қатардан шыққан, жоғалған, зақым келген, ескірген жағдайда меншік иелері (баланс ұстаушылар) ауыстыруы қажет.

      99. Ғимараттар мен орын-жайлар иелері (баланс ұстаушылары) көрсеткіштер орнатылған объектіге, көрсеткіштерді орнатуды, ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметкерлеріне үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етуі қажет.

  3-тарау. Қала құрылысы элементтерінің атаулары немесе объектілердің реттік нөмірлері өзгергеннен кейін құқығын куәландыратын және өзге де құжаттарға өзгерістер енгізу тәртібі

      100. Астана қала мәслихаты мен әкімдігінің белгіленген тәртіпте белгіленген қала құрылысы элементтерін (көшелер, шағын аудандар және т.б.) қайта атау туралы бірлескен шешімі, сондай-ақ объектілердің реттік нөмірлерін өзгерту туралы сәулет органының шешімі жеке және заңды тұлғалардың оған тиесілі меншікке (шаруашылық жүргізу, жедел басқару) құқығын куәландыратын құжаттарға, белгіленген тәртіпте өзге де құжаттарға өзгерістер енгізуге ынтагерлік білдіруіне негіз болып табылады.

      101. Құжаттарға аталған өзгерістерді енгізу тіркеу органында мүлікке қатысты қандай да мәмілелерді тіркеген сәтте жеке және заңды тұлғаның бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

  4-тарау. Қорытынды ережелер

      102. Осы Ереже меншік нысанына және ведомстволық керек-жарағына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

      103. Осы Ережеде қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.