Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы

Астана қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-550қ қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 10 наурызда N 314 тіркелді

Қолданыстағы

     "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы, "Неке және  отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

      2. Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті іс-шаралардың орындалуын Қағидаға сәйкес жүзеге асырсын.

      3. Астана қаласының Қаржы департаменті тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 3-1-285қ "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" қаулысының  күші жойылды деп танылсын (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 18 ақпанда N 245 болып тіркелген; 2003 жылғы 1 наурызда N 29 "Астана ақшамы"; 2003 жылғы 4 наурыздағы N 25 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін.

      Астана қаласының әкімі

      Визалар:

      Келісілді

      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы Еңбек, халықты
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы

Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 20 ақпандағы
N 3-1-550қ қаулысымен
бекітілді      

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар
отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету
Қағидасы

      Осы Қағида "Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы, "Неке  және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
      Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау түрлерінің бірі болып табылады, тіршілік әрекетін игеру мен өтемақымен қамтамасыз ету жағдайларын құру және қоғам өмірінде олардың басқа азаматтармен тең қатысу мүмкіндіктерін құруды қамтамасыз етеді.

1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган болып табылатын Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменті (бұдан әрі - Департамент) жүргізеді және көмек ретінде үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына беріледі (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      2. Астана қаласы Білім департаментінің жанындағы психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы қорытындысы және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласы бойынша департаменті медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің куәландыру көшірмесі азаматтардың әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш білдіруі үшін негіз болып табылады.
      3. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек мүгедек баланың тұрғылықты жері бойынша ата-ананың біреуіне немесе оған теңестірілген адамның өтініші бойынша тағайындалады және төленеді.
      4. Әлеуметтік көмекті төлеу тоқсан сайын жыл бойы жүргізіледі.
      5. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландыру көзі тиісті қаржылық жылына арналған Астана қаласының бюджеті болып табылады.

2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      6. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Департаментке мына құжаттарды ұсынған жағдайда жүргізіледі:
      1) СТН және Астана қаласындағы банкілер бөлімшелеріндегі жеке есеп-шотының көрсетілуімен әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш;
      2) баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
      3) үй тұрғындарын тіркеу кітабы (түпнұсқасы мен көшірмесі);
      4) Астана қаласы Білім департаментінің жанындағы психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің тәрбиелеу немесе оқыту мерзімінің көрсетілуімен мүгедек баланы үйде тәрбиелеу немесе оқыту қажеттілігі туралы анықтама;
      5) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласы бойынша департаментінің баланы мүгедек деп танығандығы туралы анықтама (көшірмесі);
      6) мектептен анықтама (тоқсан сайын);
      7) өтініш берушінің жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі).
      Мектеп анықтамасынан басқа ұсынылған құжаттардың қолданылу мерзімі - бір жыл.
      7. Қамқор кісінің (қамқоршы) әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш қамқорлық (қамқоршылық) белгілеу туралы тиісті орган шешімінің көшірімі қоса беріледі.
      8. Әлеуметтік көмекті алу құқығы мүгедек-баланың ата-анасының біреуінің немесе оны алмастыратын адамның өтінішімен тоқсан сайын расталады.
      9. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімді құжаттар қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде Департамент жанынан құрылған тұрақты жұмыс істейтін комиссия қабылдайды.
      10. Тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек мөлшері 6, 5-айлық есеп көрсеткішін құрайды және отбасы табысына қарамастан тағайындалады.
      11. Әлеуметтік көмекті тағайындау хабарласқан айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындалады және тоқсан сайын төленеді.
      Тиісті құжаттармен қоса өтініш берген ай хабарласқан ай болып есептеледі.

3. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі

      12. Әлеуметтік көмекті төлеу Астана қаласы банкілерінің бөлімшелері арқылы алушылардың дербес есеп шоттарына және есеп карточкаларына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      13. Департамент тағайындалған және төленген сомалар туралы есептемені Астана қаласының Қаржы департаментіне тоқсан сайын, келесі тоқсан айының 5-не дейін ұсынады.
      14. Астана қаласы банкілерінің бөлімшелері төленген әлеуметтік көмек сомаларына салыстыру актілерін дайындап, тоқсан сайын оларды Департаментке ұсынады.

      Астана қаласы Қаржы
      департаментінің бастығы

      Астана қаласы Еңбек, халықты
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      қорғау департаментінің бастығы