N 2341 болып тіркелген Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 260, Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 08-1/7, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 85, Бас прокурордың 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 29, Әділет министрінің 2003 жылғы 22 мамырдағы N 93, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 2, Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 168 және Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 74 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 443, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2004 жылғы 30 қазандағы N 318, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 17 мамырдағы N 134, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 28 наурыздағы N 118, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 25 сәуірдегі N 08-1/124, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 47, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы N 19, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі төрағасының (қаржы полициясы) 2005 жылғы 26 мамырдағы N 109 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Рсепубликасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3651. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 шiлдедегi № 480, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 102, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 шiлдедегi № 435, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 11-36, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 шiлдедегi № 148, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 25 шiлдедегi № 318 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 60 бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 12.07.2017 № 255, ҚР Бас прокурорының 12.09.2017 № 102, ҚР Қаржы министрінің 14.07.2017 № 435, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 18.08.2017 № 11-36, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 21.07.2017 № 148, ҚР Сыртқы істер министрінің 25.07.2017 № 318 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.08.2017 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін (бұдан әрі - өкім) орындау үшін, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 267-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Халықаралық іздестіруді жариялау, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындау және жіберуі, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 260, Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 08-1/7, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 85, Бас прокурордың 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 29, Әділет министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 2, Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 168 және Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 74 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2341 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық іздестіруді жариялау, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындауы және жіберуі, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеу туралы нұсқаулықта:

      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);

      4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті";

      3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы "_____облысының прокуроры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оның орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


Қазақстан Республикасының


Сырқы істер министрі


Қазақстан Республикасы


Ұлттық қауіпсіздік комитеті


төрағасы генерал-лейтенант


Қазақстан Республикасының


Бас прокуроры


екінші дәрежелі


мемлекеттік заң кеңесшісі


Қазақстан Республикасы


Президентінің Күзет


қызметі бастығы


генерал-лейтенант


Қазақстан Республикасының


Әділет министрі


Қазақстан Республикасының


Кедендік бақылау


агенттігінің төрағасы


Қазақстан Республикасы


Экономикалық және сыбайлас


жемқорлық қылмысқа


қарсы күрес жөніндегі


агенттігінің төрағасы


(қаржы полициясы)


Келісілді


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының


Қылмыстық істер бойынша


алқа төрағасы


Келісілді


Қазақстан Республикасының


Қаржы вице-министрі