"Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының клиринг жүйесiн ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базасын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн бекіту туралы" 1999 жылғы 3 шілдедегі N 157 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 905 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек - 10 қазанда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 160 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2368 тіркелген) 2003 жылғы 27 қазандағы N 369 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2590 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiнде:
2 және 3-тармақтардағы "клиринг" деген сөз "банкаралық клиринг" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) банкаралық клиринг (бұдан әрі - клиринг) - Орталық жүзеге асыратын пайдаланушылардың нұсқауларын жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау бойынша, сондай-ақ өзара есептесуін жүргізу және Жүйені пайдаланушылардың таза позицияларын айқындау процесі;";
6-тармақтағы "Ұлттық Банктің" деген сөздер "уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-1-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Алушы Жүйеге белгілі бір пайдаланушының пайдасына кемінде екі операциялық күнге Жүйенің операциялық күніндегі ағымдағы күннен асатын төлем күнімен Жүйеге электрондық дебеттік хабар жібереді.";
18-2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық электрондық дебеттік хабарды алған күннен бастап операциялық күннен кешіктірмей пайдаланушыға жібереді.
Пайдаланушы Орталықтың электрондық дебеттік хабарды өңдеуіне және ол бойынша төлем жасауына келіспеген жағдайда, пайдаланушы Орталыққа оның дебеттік кезегінен электрондық дебеттік хабарды жою туралы хабар жібереді.
Егер Орталық электрондық дебеттік хабар бойынша төлемді орындау мерзімі басталғанға дейін пайдаланушының дебеттік кезегінен электрондық дебеттік хабарды жою туралы оның хабарын алмаса, Орталық электрондық дебеттік хабарды орындайды.";
мынадай мазмұндағы 18-3 және 18-4-тармақтармен толықтырылсын:
"18-3. Орталық электрондық дебеттік хабарды орындағанға дейін алушы оны қайтарып алуы мүмкін.
18-4. Электрондық дебеттік хабар қайтарып алынғанда, не күші жойылғанда Орталық бұл туралы алушыға және пайдаланушыға хабарлайды.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Орталық шартта көзделген тарифтерге сәйкес Жүйедегі пайдаланушыға көрсететін қызметі үшін ақы алуға құқылы.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы