Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әpі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 20 наурыздағы
өкімін
іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушысының 2000 жылғы 5 қаңтардағы N 1 "Мемлекеттік органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіркеу туралы" Ережені бекіту туралы"
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1037 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақта "Бұқаралық ақпарат құралдары Департаментінің директоры Ж.С.Омаровқа" деген сөздер "Ақпарат және мұрағат Комитетінің төрағасы С.Т.Тауекелге" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың немесе өзге ұйымдардың жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіpкey туралы ережесінде:
преамбуласында:
"(1999 жылғы 27 шілде, N 451-1 ҚРЗ) талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 cәyіpдегі N 499 қаулысы) ережесінің" деген сөздер алынып тасталсын;
"Жалпы ережелер" деген 1-тарау мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Субъектілерінің құқықтары мен міндеттері адалдық, парасаттық пен әділеттік (құқық ұқсастығы), сондай-ақ кәсіби және іскерлік этика ережесін сақтау талаптарын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.";