Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 173 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 24 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3381

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
     2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
     1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 179 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2394 тіркелген, 2003 жылғы 12-27 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған);
     2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармаларының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2394 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 179 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 24 мамырдағы N 145 және 2004 жылғы 24 мамырдағы N 77 бірлескен қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2927 тіркелген, 2004 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газетінде N 120-121 және "Егемен Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 1 маусымда N 139 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
     4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы рыногын мен қаржы
     ұйымдарын реттеу мен
     қадағалау агенттігінің
     Төрағасы
     2004 жылғы 23 желтоқсан

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2004 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 173 қаулысымен бекітілген  

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды
жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын қаржылық
есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну
мерзімдері туралы нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы " және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

     2. Осы Нұсқаулық қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) ай сайын қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

     3. Осы Нұсқаулық зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды.

2-тарау. Қаржылық есепті ұсыну

     4. Ұйымдар ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға мынадай қаржылық есепті ұсынады:
     1) 1-нысан бойынша жасалған бухгалтерлік баланс (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);
     2) 2-нысан бойынша жасалған кірістер мен шығыстар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы).

     5. Қаржылық есепте барлық деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - қазақстандық теңгемен көрсетіледі.

     6. Қаржылық есепті жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың қазақстандық теңгемен белгіленеді. Қаржылық есептегі бес жүз қазақстандық теңгеден аз сома нольге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз қазақстандық теңгеге тең және одан жоғары сома мың қазақстандық теңгеге дейін дөңгелектенеді.

     7. Қаржылық есептің барлық парақтары нөмірленуге тиіс, оны уәкілетті органға жібергенде олардың жалпы саны ілеспе хатта көрсетіледі.

     8. Қағаз жазбадағы қаржылық есеп мөрмен куәландырылып, ұйымның басшысының және бас бухгалтерінің қолы қойылады.

     9. Ұйым қаржылық есепті уәкілетті органға электрондық және қағаз жазбада ұсынады. Қағаз жазбадағы қаржылық есеп электрондық тасымалдағышпен берілген есепке сәйкес болуға тиіс.

     10. Қағаз жазбадағы қаржылық есеп екі данада жасалады, қаржылық есептің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы ұйымда қалады.

     11. Уәкілетті орган қағаз жазбадағы түзетілген және өшірілген қаржылық есепті қабылдамайды және ол ұйымға қайтарылуға жатады.

     12. Уәкілетті орган ұйым ұсынған қаржылық есептен дәлсіздіктер немесе қателіктер тапқанда, қаржылық есепті пысықтау үшін қайтаруға құқылы.

     13. Қаржылық есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, ұйым қаржылық есеп берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш береді.

     14. Қаржылық есепті уақтылы бермеу, бермеу немесе қаржылық есепте күмәнді мәліметтер беру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

     15. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                           Зейнетақы активтерін
                                         инвестициялық басқаруды
                                        жүзеге асыратын ұйымдардың
                                          ай сайын қаржылық есеп
                                         беру тізбесі, нысандары
                                          және ұсыну мерзімдері
                                           туралы нұсқаулыққа
                                                1-қосымша

                                                          1-нысан

       ___________________________________________________
       (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
                    асыратын ұйымның толық атауы)

             200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
                      бухгалтерлік балансы

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

есептік
кезеңнің
аяғында

өткен
жылдың
аяғында

1

2

3

4

Активтер

 

 

 

Негізгі құрал-жабдықтар
(амортизацияны шегергенде)

 

 

 

Материалдық емес активтер
(амортизацияны шегергенде)

 

 

 

Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар

 

 

 

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)

 

 

 

Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздар (ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)

 

 

 

Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздар (ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)

 

 

 

Мерзімі ұзартылған салықтық талап

 

 

 

Берілген аванстар

 

 

 

Басқа да активтер

 

 

 

Қорлар

 

 

 

Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша
бюджетке қойылатын талаптар

 

 

 

Алдағы кезеңдердің шығыстары

 

 

 

Басқа да дебиторлық берешек
(ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)

 

 

 

Комиссиялық сыйақы

 

 

 

оның ішінде:

 

 

 

зейнетақы активтерінен

 

 

 

зейнетақы активтері бойынша
инвестициялық кірістен/шығыннан

 

 

 

"Кері РЕПО" операциясы

 

 

 

Сауда бағалы қағаздары (ықтимал
ысырапқа арналған резервтерді
шегергенде)

 

 

 

Орналастырылған салымдар (болуы
ықтимал ысырапқа арналған резервтерді шегергенде)

 

 

 

Ақша

 

 

 

оның ішінде:

 

 

 

кассадағы қолма-қол ақша

 

 

 

банктердің шоттарындағы ақша

 

 

 

Активтердің жиынтығы:

 

 

 

 

 

 

 

Меншікті капитал

 

 

 

Жарғылық капитал

 

 

 

Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал)

 

 

 

Алынған капитал

 

 

 

Резервтік капитал

 

 

 

Басқа да резервтер

 

 

 

Бөлінбеген кіріс (өтелмеген шығын)

 

 

 

оның ішінде:

 

 

 

өткен жылдардағы

 

 

 

есепті кезеңдегі

 

 

 

Капитал жиынтығы:

 

 

 

 

 

 

 

Азшылық үлесі

 

 

 

 

 

 

 

Міндеттемелер

 

 

 

Ұзақ мерзімді алынған заемдар

 

 

 

оның ішінде:

 

 

 

қаржылық жалдау

 

 

 

Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

 

 

 

Мерзімі ұзартылған салықтық
міндеттеме

 

 

 

Алдағы кезеңдегі кірістер

 

 

 

Алынған аванстар

 

 

 

Акционерлермен акциялар жөнінде есеп
айырысу бойынша есептелген шығыстар

 

 

 

Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша
есептелген шығыстар

 

 

 

Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша
бюджет алдындағы міндеттеме

 

 

 

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

 

 

 

Қысқа мерзімді алынған заемдар

 

 

 

"РЕПО" операциясы

 

 

 

Басқа да міндеттемелер

 

 

 

Міндеттемелер жиынтығы:

 

 

 

Меншікті капитал және
міндеттемелер жиынтығы

 

 

 

     Бірінші басшы _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер _________________ күні__________________
     Орындаушы _____________________ күні__________________
     Телефоны: __________________    күні__________________
     Мөрдің орны

                                           Зейнетақы активтерін
                                         инвестициялық басқаруды
                                        жүзеге асыратын ұйымдардың
                                          ай сайын қаржылық есеп
                                         беру тізбесі, нысандары
                                          және ұсыну мерзімдері
                                           туралы нұсқаулыққа
                                                2-қосымша

                                                          2-нысан

       ___________________________________________________
       (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
                    асыратын ұйымның толық атауы)

             200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
              кірістер және шығыстар туралы есебі

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ес-
керту

Есеп-
тік
ке-
зеңде

Ағымдағы
жылдың
басынан
бастап
кезең
ішінде
(өспелі
жиынты-
ғымен)

Өткен
жылдың
осындай
кезең-
інде

Өткен
жылдың
осындай
кезең-
інде
(өспелі
жиынты-
ғымен)

1

2

3

4

5

6

Комиссиялық сыйақы

 

 

 

 

 

оның ішінде:

 

 

 

 

 

зейнетақы активтерінен

 

 

 

 

 

зейнетақы активтері
бойынша инвестициялық
кірістен/шығыннан

 

 

 

 

 

Ағымдағы шоттар және
орналастырылған салымдар
бойынша сыйақы түріндегі
кірістер

 

 

 

 

 

Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(купон және/немесе дис-
конт) түріндегі кірістер

 

 

 

 

 

Бағалы қағаздарды сатып
алу-сатудан түскен
кірістер (шығындар)
(нетто)

 

 

 

 

 

Сауда бағалы қағаздары
және сатуға арналған
қолда бар бағалы қағаз-
дар құнының өзгеруінен
кірістер (шығындар)
(нетто)

 

 

 

 

 

"Кері РЕПО" операция-
лары бойынша кірістер

 

 

 

 

 

Шетел валютасын қайта
бағалаудан кірістер
(шығындар) (нетто)

 

 

 

 

 

Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
алудан кірістер

 

 

 

 

 

Басқа да кірістер

 

 

 

 

 

Кірістер жиынтығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Комиссиялық шығыстар

 

 

 

 

 

Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(сыйлықақылар) түріндегі
шығыстар

 

 

 

 

 

"РЕПО" операциялары
бойынша шығыстар

 

 

 

 

 

Алынған заемдар және
қаржылық жалдау бойынша
сыйақы түріндегі
шығыстар

 

 

 

 

 

Жалпы әкімшілік шығыстар

 

 

 

 

 

оның ішінде:

 

 

 

 

 

еңбекақы төлеу және
іссапар шығыстары

 

 

 

 

 

амортизациялық
аударымдар және тозу

 

 

 

 

 

ағымдағы жалдау
бойынша шығыстар

 

 

 

 

 

бюджетке салықтар және
басқа міндетті төлемдер
төлеу бойынша шығыстар
(корпоративтік табыс
салығынан басқасы)

 

 

 

 

 

Қаржылық емес активтерді
сатудан және активтерді
өткізуден түскен
шығыстар

 

 

 

 

 

Басқа да шығыстар

 

 

 

 

 

Шығыстар жиынтығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Резервтерге (провизия-
ларға) аударылғанға
дейінгі пайда (шығын)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Операциялар бойынша ық-
тимал шығындарға арнал-
ған резервтер (резерв-
терді қалпына келтіру)

 

 

 

 

 

Басқа заңды тұлғалардың
капиталына қатысудан
кіріс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салық салынғанға дейінгі
пайда (шығын)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Корпоративтік табыс
салығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салық салынғаннан ке-
йінгі таза пайда (шығын)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азшылық үлес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кезең ішіндегі таза
пайда (шығын)

 

 

 

 

 

     Бірінші басшы _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер _________________ күні__________________
     Орындаушы _____________________ күні__________________
     Телефоны __________________
     Мөрдің орны