Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексеруді ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 54 бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 20 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3371

Қолданыстағы

     Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметіне жүргізілетін тексерулерді есепке алуды бұдан әрі қарай жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

     1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне барлық тексеруді ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2744 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2004 жылы, N 13-16, 916 бабы жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексеруді ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу туралы" Нұсқаулыққа:
     7 тармағы:
     бірінші абзац келесі мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
     "Тексеру тек осы актіде көрсетілген мәселелер бойынша жүргізіледі";
     екінші абзацтағы "оларды шығару күні" сөздері жойылсын.

     9 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
     "Тексеру жүргізудің басы ретінде тексеруді тағайындау туралы актіні ұсыну кезі болып табылады. Тексеру аяқталған болып тексеру нәтижесі туралы құжаттың ұсынылған күні табылады".

     11 тармақта:
     9) тармақшадағы ";" белгісі "." белгісімен ауыстырылсын;
     10) тармақша алынсын.

     20 тармақта:
     "заңдармен, Президент және Үкімет актілерімен" сөздері "нормативтік құқықтық актілерімен" сөздерімен ауыстырылсын;
     3) тармақшаның екінші азат жолындағы "немесе" сөзі "және" сөзіне ауыстырылсын және "шағын кәсіпкерлік" сөздерінен кейін "немесе міндеттерін атқарушысы" сөздерімен толықтырылсын;
     4) тармақшада:
     "күндері" сөздерінен кейін "ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 15 күнтізбелік күннен аса, Қазақстан Республикасының заң актілерінің белгіленген жағдайларынан тыс";
     келесі мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
     "5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне есепті орталықтандырылған мемлекеттік органдарының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеру, егер алдында аумақтық мемлекеттік органмен оған қатысты тексеру жүргізілген болса;
     6) анонимді жүгіну бойынша шаруашылық субъектінің қызметіне тексеру тағайындау";

     23 тармақтағы "8 және 9 тармақтармен" "8 тармақпен" сөздерімен ауыстырылып және бұдан әрі қарай мәтін бойынша;

     24 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда баяндалсын:
     "24. Рейдтік тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде Уәкілетті органға тексеру тағайындау туралы акт және тексерілудегі аумақта орналасқан тексерілуге кірген шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тізімі ұсынылады.
     Салық органдары жүргізетін рейдтік тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу, "Салық және бюджетке өзге төлеулер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 536 бабына (Салық кодексі), сәйкес жүргізіледі.";

     25 тармақтағы "оның тоқтатылуы" сөздерінен кейін "сонымен қатар, жаңғыруы";

     28 тармақ келесі мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
     "Өзара салыстыру жүргізген уақытта бақылау орган уәкілетті органға алдағы тоқсандық тексерудің жүргізу жоспарын ұсынады".

     30 тармақ:
     4) тармақшаның үшінші абзацындағы:
     "4.3. тармақтағы - он РНН" сөздері "4.3. тармақта шағын кәсіпкерлік субъектісінің микробизнес субъектісіне жататындығы, кодтандыру жолымен: 1 - ия, 2 - жоқ, ал 4.4. тармағында оның РНН"; тармақтармен толықтырылсын:
     9) тармақша келесі мазмұндағы 4-абзацпен толықтырылсын:
     "9.3. тармаққа тексеруді жаңғырту мерзімі кіреді";

     Нұсқаулыққа 1 қосымшада:
     4.3. жол келесі редакцияда баяндалсын:

"4.3. Микробизнес субъектісі     | 4.3. /_/
4.2. : 1- ия, 2-жоқ (сызылсын)   |
4.4. РНН_________________________| 4.4. /_/_/_/_/_/_/_/_/_/;"

     келесі мазмұндағы 9.3.қатармен толықтырылсын:

"9.3. Тексеруді жаңғырту мерзімі | 9.3. /_/_/_/_/_/_/".
"__" _______200_ж.               |     күні айы жылы

     2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Г.В. Ким):
     1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың тіркелуін қамтамасыз етсін;
     2) осы бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, Бас әскери прокурорға, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және оған теңестірілген прокурорларына, Комитеттің аумақтық органдарының бастықтарына жіберілсін.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас Прокурордың орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасарына (Г.В.Ким) жүктелсін.

     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Бас Прокуроры