Қазақстан Республикасы Бюджет
кодексінің
121 және 122-баптарына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесі бекітілсін.
2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2439 болып тіркелген "Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 23 шілдедегі N 282
бұйрығының
күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 461 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек
туралы есептерді жасау және ұсыну ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 121 және 122-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептердің нысандарын, кезеңділігін, мерзімін және жасалу мен беру тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережеде дебиторлық берешек туралы есептердің мынадай:
бюджет қаражаттары есебінен қалыптасқан мемлекеттік мекеме мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің дебиторлық берешегі туралы есеп жасалатын ДБ-Б (осы Ережеге 1-қосымша);
мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің дебиторлық берешегі туралы жиынтық есеп жасалатын ДБ-Б-жиынтық (осы Ережеге 2-қосымша);
өзге де қаражаттар (тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден, демеушілік және қайырымдылық көмектен, жетіспеушілік және талан-таражға түскен ақша, қызметкерлер алған несиелер бойынша берешек және басқалар) есебінен қалыптасқан мемлекеттік мекеме мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің дебиторлық берешегі туралы есеп жасалатын ДБ-П (осы Ережеге 3-қосымша);
өзге де қаражаттар есебінен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің дебиторлық берешегі туралы жиынтық есеп жасалатын ДБ-П-жиынтық (осы Ережеге 4-қосымша) нысандары белгіленеді.
3. Есептерде дебиторлық берешек өткен жылдардың дебиторлық берешегі және ағымдағы жылғы дебиторлық берешек болып бөлінеді.
4. Өткен жылдардың дебиторлық берешегі - ағымдағы жылдың алдындағы жылдарда қалыптасқан мемлекеттік мекеменің берешегі. Дебиторлық берешек туралы есептерде ағымдағы жылдың басындағы өткен жылдардың дебиторлық берешегінің және оның бір бөлігін ағымдағы қаржы жылында өндіріп алған жағдайда, есепті күнгі осы берешек қалдығының мән-жайы көрсетіледі.
5. Ағымдағы жылғы дебиторлық берешек - ағымдағы жылы пайда болған және есепті күні қалыптасқан мемлекеттік мекемеге берешек.
6. Дебиторлық берешек туралы есептер есепті күнге арналған талдамалы бюджет есебінің деректеріне негізделеді.
7. Есептер кіші бағдарлама, бағдарлама, мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша және тұтастай тиісті бюджет бойынша аралық қорытындыны қамтуы тиіс.
8. Есепте барлық құндық көрсеткіштер мың теңгемен көрсетіледі. Есептің бөлшек бөлігінің көрсеткіштері бір ондық белгіге дейін дәлдікпен көрсетіледі және ол бүтін бөліктен үтірмен бөлінеді.
2. Дебиторлық берешек туралы есепті жасау тәртібі
9. ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есеп былайша толтырылады:
адрестік бөлікте "Бюджеттің түрі" деректемесі - онда бюджеттік бағдарламаның әкімшісі немесе мемлекеттік мекеме қаржыландырылатын бюджеттің түрі көрсетіледі;
"Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі" деректемесі - онда Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының функционалдық сыныптамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атауы және кодтық белгілеу көрсетіледі;
"Мемлекеттік мекеме" деректемесі - онда Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің атауы және кодтық белгілеу көрсетіледі;
"Кезеңділігі" деректемесі - онда есепті тапсырған кезең (айлық, тоқсандық, жылдық) көрсетіледі;
1-4-бағандарда бюджет шығыстарының фукнционалдық және экономикалық сыныптамасының кодтары - функционалдық тобы, бағдарламасы, кіші бағдарламасы, ерекшелігі толтырылады;
5-бағанда Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджеттің шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі;
6-бағанда ағымдағы қаржы жылына бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспары көрсетіледі;
7-бағанда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтардағы жағдайы бойынша өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі. 7-бағанда көрсетілетін дебиторлық берешектің сомасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы жылдық есепті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тапсырған сәттен бастап ағымдағы қаржы жылының ішінде өзгермеуі тиіс;
8-бағанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне ағымдағы қаржы жылында есептелген дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;
9-бағанда өзге негіздер бойынша (сот шешімдері бойынша есептен шығарылған ағымдағы жылда алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебінен және басқа) өтелген дебиторлық берешектен алынған сома көрсетіледі;
10-бағанда ағымдағы қаржы жылында оның бір бөлігін өндіріп алғаннан кейін өткен жылдардың дебиторлық берешегінің қалдығы көрсетіледі;
11-бағанда ағымдағы қаржы жылында пайда болған дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі;
12-бағанда есепті күнге қалыптасқан жалпы дебиторлық берешек (10 және 11-бағандардың сомасы) көрсетіледі;
13-бағанда белгіленген тәртіппен Аумақтық қазынашылық органдарында тіркелген бюджет қаражаттары есебінен тауарлар мен жұмыстарды (қызметтерді) сатып алуға берушілер мен мердігерлер жасасқан шарттардың талаптарына сәйкес аванстық төлемдердің (алдын ала төлемнің) сомасы көрсетіледі;
14-бағанда қуыну мерзімі өткен дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі. Мемлекеттік мекеменің активтеріне, материалдық қорларына, ақшасына, есептемелері мен баланстың басқа баптарына түгендеу жүргізілгеннен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен түгендеу актісін жасалғаннан кейін көрсетілген берешек есепке енгізіледі. 14-бағанда көрсетілетін дебиторлық берешектің сомасы 7, 10, 11, 12 және 13-бағандар бойынша көрсетілген дебиторлық берешектің сомасына енгізіледі.
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 170
бұйрығымен
.
10. ДБ-Б-жиынтық нысаны бойынша есеп ДБ-Б нысандарындағы есептердің негізінде жасалады.
ДБ-Б нысаны бойынша есептің ұқсас көрсеткіштеріне сәйкес келетін ДБ-Б-жиынтық нысаны бойынша есептің адрестік бөлігі мен бағандары осы Ереженің 9-тармағында белгіленген тәртіппен толтырылады.
1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі.
15-бағанда бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарына алдын ала төлем сомасының пайыздық қатынасы көрсетіледі.
11. ДБ-П және ДБ-П-жиынтық нысандары бойынша дебиторлық берешек туралы есептердің адрестік бөлігі тиісінше ДБ-Б және ДБ-Б-жиынтық нысандары бойынша есептермен ұқсас толтырылады.
Тиісінше 1-3 және 1-4-бағандарда ДБ-П және ДБ-П-жиынтық нысандары бойынша есептерде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаның мемлекеттік мекеменің иелігінде қалуы есебінен пайда болған берешек бойынша ғана бюджет шығыстарының сыныптамасына және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Ақылы қызметтер тізіміне сәйкес шығыстардың кодтары көрсетіледі.
ДБ-П және ДБ-П-жиынтық нысандары бойынша есептерді толтыруға өзге де қаражаттар есебінен пайда болған дебиторлық берешек бойынша тиісінше 4 және 5-баған, олар бір бағдарламалық қамтамасыз ету анықталған кодтармен толтырылады.
Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N 170
бұйрығымен
.
11-1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректер осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай үлгіде толтырылады:
1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы көрсетіледі;
2-бағанның бағаншаларында әрбір қосалқы шот бойынша есепті кезеңде қалыптасқан дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, бухгалтерлік есепке алудың қосалқы шоттарының атаулары мен кодтары көрсетіледі;
3-бағанда есепті күнгі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тұтастай алғанда дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;
4-бағанда қаржы жылының басында қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша дебиторлық берешектің жалпы сомасы көрсетіледі;
5-бағанда ағымдағы жылы қалыптасқан дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі (3 және 4 бағандар айырмасы);
"Есепті күнге жиыны" және "Жылдың басына жиыны" деген жолдарда есепті күнге және қаржы жылының басында қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша тұтастай алғанда дебиторлық берешектің жалпы сомалары көрсетіледі;
"Ауытқу" деген жолда ағымдағы жылы қалыптасқан әрбір қосалқы шот бойынша дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі ("Есепті күнге жиыны»және "Жылдың басына жиыны деген жолдар айырмасы).
Ескерту: 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 30
бұйрығымен
.
12. Мемлекеттік мекеме немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері таратылған немесе қайта ұйымдастырылған (қосылған және біріктірілген) кезде оларда бар дебиторлық берешек беру актісіне немесе бөлу балансына сәйкес құқықтық мирасқорының дебиторлық берешегі туралы есепте көрсетіледі.
13. Бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының функционалдық немесе экономикалық сыныптамасының кодтары өзгерген жағдайда, есепте дебиторлық берешек Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының шығыстары кодтарының өту кестесіне сәйкес шығыстардың жаңа кодтары бойынша көрсетіледі.
14. Бірыңғай бюджеттік сыныптамадан жекелеген бюджеттік бағдарламаларды алып тастаған жағдайда, олар бойынша дебиторлық берешек оларды алып тастаған жылы қолданылған бюджеттік бағдарламалардың кодтары бойынша дебиторлық берешек туралы есептерде ескеріледі
3. Дебиторлық берешек туралы есепті беру тәртібі
15. Дебиторлық берешек туралы есеп қағаз тасығышта және дебиторлық берешек туралы электрондық дерекқор (бұдан әрі - электрондық дерекқор) түрінде беріледі.
16. Қағаз тасығышта дебиторлық берешек туралы есептің деректері электрондық дерекқор түрінде берілетін есепке сәйкес келуі қажет.
Дебиторлық берешек туралы шұғыл есепті ай сайын:
1) мемлекеттік мекемелер - оларға белгіленген мерзімде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - қағаз тасығышта және электрондық дерекқор түрде есептіден кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне (бұдан әрі - Қазынашылық комитеті);
3) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері - оларға белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органға;
4) аудандардың (облыстық маңызы бар қаладардың) жергілікті атқарушы органдары - оларға белгіленген мерзімде бюджетті атқару жөніндегі облыстың уәкілетті органына;
5) Қазынашылық органы - қағаз тасығышта және электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне;
6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) - электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей, қағаз тасығышта расталған есептіден кейінгі айдың соңына дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.
17. 1 шілдедегі, 1 қазандағы және өткен қаржы жылынан кейінгі жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дебиторлық берешек туралы деректер бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы есептерді тапсырғаннан кейін нақтыланады және дебиторлық берешек туралы есеп қайтадан жасалады.
18. Мемлекеттік мекемелер 1 шілдедегі, 1 қазандағы және жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дебиторлық берешек туралы нақтыланған есептерді оларға белгіленген мерзімде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне береді.
19. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 1 шілдедегі, 1 қазандағы жағдай бойынша дебиторлық берешек туралы нақтыланған есептерді есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, жаңа қаржы жылының (өткен қаржы жылынан кейінгі) 1 қаңтарындағы жағдай бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі екінші айдың 20-сы күніне дейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.
20. Қазынашылық комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдар 1 шілдедегі, 1 қазандағы жағдай бойынша нақтыланған есептерді тиісті кезеңдердегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректермен бірге есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-ы күнінен кешіктірмей, жаңа қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі үшінші айдың 1-і күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне береді.
Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 30
бұйрығымен
.
21. Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ДБ-Б және ДБ-П нысандар бойынша есептерді береді, оған дебиторлық берешек туралы есептерді жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің немесе мемлекеттік мекеменің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қол қояды және ол тиісті органның мөртабанымен расталады.
22. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары ұсынатын КБ-Б-жиынтық және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша дебиторлық берешек туралы есептер, сондай-ақ осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерге жергілікті атқарушы органның, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның және олардың жасалуына жауапты оның құрылымдық бөлімшесінің басшылары қол қояды және тиісті жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.
Ескерту: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 30
бұйрығымен
.
23. Қазынашылық комитеті ұсынатын КБ-Б-жиынтық және КБ-Ө-жиынтық нысандары бойынша дебиторлық берешек туралы есептер, сондай-ақ осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректерге Қазынашылық комитетінің, олардың жасалуына жауапты оның құрылымдық бөлімшесінің басшылары қол қояды және Қазынашылық комитетінің мөрімен расталады.
Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 30
бұйрығымен
.
24. Дебиторлық берешек туралы есепте есепті жасауға жауапты бірінші басшының және құрылымдық бөлімше басшысының қолдарымен қатар қолдардың таратылып жазылған түрі (тегі және аты) болуы қажет.
25. Дебиторлық берешек туралы есептер орындаушы туралы мәлімет көрсетіле отырып, бірінші басшы қол қойған ресми бланкіде жасалған хатпен жіберіледі.
26. Дебиторлық берешек туралы есепке есепті жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, мемлекеттік мекеменің және құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған түсіндірме жазба қоса беріледі, онда бюджет қаражаттары есебінен әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша дебиторлық берешектің, өзге де қаражаттар есебінен дебиторлық берешектің, қаржы жылының басындағы берешектің, есепті күнге ағымдағы қаржы жылындағы берешектің пайда болу себептеріне түсінік, аванстық төлемдер сомасына және қуыну мерзімі өткен берешектің сомасына түсінік беріледі.
27. Республикалық бюджеттің дебиторлық берешегі және өзге де қаражаттар есебінен пайда болған берешек туралы айлық (шұғыл) есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есептіден кейінгі екінші айдың 1-і күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қаржы бақылау органы мен бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган 1 шілдедегі, 1 қазандағы және жаңа қаржы жылының (қаржы жылы өткеннен кейінгі) 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақтыланған есепті - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне Қазынашылық комитеті нақтыланған есепті осы Ереженің 20-тармағында белгіленген беру мерзімінен кейін бес жұмыс күні ішінде ай сайын қолдарды растамай-ақ іліспе хатпен береді.
28. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есептер (облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің дебиторлық берешегі туралы жиынтық есеп) мен өзге де қаражаттар есебінен пайда болған дебиторлық берешек туралы жиынтық есептерді ДБ-Б-жиынтық және ДБ-П-жиынтық нысандары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
29. Мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі (облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің дебиторлық берешегі туралы жиынтық есеп) мен өзге де қаражаттар есебінен пайда болған дебиторлық берешек туралы айлық (шұғыл) есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есептіден кейінгі екінші айдың 1-і күнінен кешіктімей, бюджетті жоспарлау және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган 1 шілдедегі, 1 қазандағы және жаңа қаржы жылының (қаржы жылы өткеннен кейінгі) 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақтыланған есепті - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне Қазынашылық комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары нақтыланған есептерді осы Ереженің 20-тармағында белгіленген беру мерзімінен кейін бес жұмыс күні ішінде ай сайын қолдарды растамай-ақ іліспе хатпен береді.
30. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің басшылары дебиторлық берешек туралы есептердің уақтылы берілуіне және дебиторлық берешек туралы есептерде сенімсіз деректерді бергеніне жауапкершілікте болады.
Мемлекеттік мекемелердің
дебиторлық берешек туралы
есептерді жасау және ұсыну
ережесіне 1-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің
2005 жылғы 4 мамырдағы N 170
бұйрығымен
.
ДБ-Б нысаны
200__ 1______________ арналған
_______________________________________________
(мемлекеттік мекеменің/бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің атауы)
дебиторлық берешек туралы есебі
Бюджеттің түрі__________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі________________
Мемлекеттік мекеме______________________________
Кезеңділігі_____________________________________
Өлшем бірлігі___________________________________
Бюджеттік сыныптаманың кодтары |
Атауы |
Ағымдағы қаржы жылына
|
|||
Функц.
|
Бағдар-
|
Кіші
|
Ерек-
|
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Берешектің барлығы |
|||||||
өткен жылдардың
|
ағым-
|
Жиыны
|
оның ішінде |
||||
жыл-
|
ағымдағы жылда
|
ағым-
|
аван-
|
оның
|
|||
бюджет
|
өзге негіздер бойынша |
қуыну
|
|||||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік мекеменің/ _____________ __________________________
бюджеттік бағдарлама (қолы) (қолды таратып жазу)
әкімшісінің басшысы
М.О.
Есепті жасауға жауапты
мемлекеттік мекеменің
құрылымдық бөлімшесінің/
бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы _____________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мемлекеттік мекемелердің
дебиторлық берешек туралы
есептерді жасау және ұсыну
ережесіне 2-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің
2005 жылғы 4 мамырдағы N 170
бұйрығымен
.
ДБ-Б жиынтық нысаны
200_жылға арналған 1 ________
____________________________________________________________
(мемлекеттік, республикалық бюджет, облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) бюджеті)
дебиторлық берешек туралы есебі
Кезеңділігі________________________________
Өлшем бірлігі______________________________
Бюджеттік сыныптаманың кодтары |
Атауы |
Ағым-
|
Бере-
|
||||
Бюджет-
|
Функц.
|
Бағ-
|
Кіші
|
Ерек-
|
|||
өткен
|
|||||||
жылдың
|
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Берешектің барлығы |
|||||||
өткен жылдардың
|
ағым-
|
Жиы-
|
оның ішінде |
||||
ағымдағы жылы
|
ағым-
|
аван-
|
%,
|
оның
|
|||
бюд-
|
өзге негіздер бойынша |
қуыну
|
|||||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазынашылық комитетінің басшысы _________ _________________________
М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)
Жергілікті атқарушы
органның басшысы _________ _________________________
М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті
органның басшысы _________ _________________________
М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)
Есепті жасауға жауапты
Қазынашылық комитеті
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Есепті жасауға жауапты
бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті органның
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мемлекеттік мекемелердің
дебиторлық берешек туралы
есептерді жасау және ұсыну
ережесіне 3-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің
2005 жылғы 4 мамырдағы N 170
бұйрығымен
.
ДБ-П нысаны
200_жылға арналған 1 ________
______________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің/бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы)
дебиторлық берешегі туралы есебі
Бюджеттің түрі__________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі________________
Мемлекеттік мекеме______________________________
Кезеңділігі_____________________________________
Өлшем бірлігі___________________________________
Функц. топ |
Бағдар-
|
Кіші
|
Ақылы қызмет-
|
Ақылы қызмет-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Берешектің барлығы |
|||||||
өткен жылдардың
|
ағым-
|
Жиыны
|
оның ішінде |
||||
жыл-
|
ағымдағы жылы
|
ағым-
|
аван-
|
оның
|
|||
бюджет
|
өзге негіздер бойынша |
қуыну
|
|||||
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік мекеменің/ _____________ __________________________
бюджеттік бағдарлама (қолы) (қолды таратып жазу)
әкімшісінің басшысы
М.О.
Есепті жасауға жауапты
мемлекеттік мекеменің
құрылымдық бөлімшесінің/
бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы _____________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мемлекеттік мекемелердің
дебиторлық берешек туралы
есептерді жасау және ұсыну
ережесіне 4-қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің
2005 жылғы 4 мамырдағы N 170
бұйрығымен
.
ДБ-П жиынтық нысаны
200_жылға арналған 1 ________
____________________________________________________________
(мемлекеттік, республикалық бюджет, облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) бюджеттері)
дебиторлық берешек туралы есебі
Кезеңділігі________________________________
Өлшем бірлігі______________________________
Бюджеттік
|
Функц.
|
Бағдар-
|
Кіші
|
Ақылы
|
Ақылы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Берешектің барлығы |
|||||||
өткен жылдардың
|
ағым-
|
Жиы-
|
оның ішінде |
||||
жыл-
|
ағымдағы
|
ағым-
|
аван-
|
оның
|
|||
бюд-
|
өзге негіздер бойынша |
қуыну
|
|||||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазынашылық комитетінің басшысы _________ _________________________
М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)
Жергілікті атқарушы
органның басшысы _________ _________________________
М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)
Бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті
органның басшысы _________ _________________________
М.О. (қолы) (қолды таратып жазу)
Есепті жасауға жауапты
Қазынашылық комитеті
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Есепті жасауға жауапты
бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті органның
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________ _________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мемлекеттік мекемелердің
дебиторлық берешек туралы
есептерді жасау және ұсыну
ережесіне 5-қосымша
Ескерту: 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 30 бұйрығымен .
Республикалық/жергілікті бюджеттік бағдарламалар
әкімшілері теңгерімдерінің есептеу баптары бойынша
дебиторлық берешектің жағдайы туралы
200__жылғы_________арналған
талдамалы деректер
Бюджеттің түрі
- _______________
Мерзімділігі -
тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі -
мың теңге
ББӘ атауы |
Қосалқы шоттар |
Есепті
|
Жылдың
|
Жылдың
|
||
N_ |
N_ |
N_ |
|
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
1. |
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
|
|
Есепті күнге
|
|
|
|
|
|
|
Жылдың басына
|
|
|
|
|
|
|
Ауытқу |
|
|
|
|
|
|
Қазынашылық комитетінің/бюджетті
атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органның басшысы
_____________ _________________________
М.О (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)
Қазынашылық комитеті құрылымдық
бөлімшесінің/деректерді жасауға
жауапты, бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті
органның басшысы
_____________ __________________________
(қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)