Бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 177 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3364

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - брокерлер-дилерлер) жыл сайын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мыналар кіретін шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті берсін:
     1) 1-нысан бойынша жасалған, шоғырландырылмаған бухгалтерлік баланс (шоғырландырылған бухгалтерлік баланс) (осы қаулының 1-қосымшасы);
     2) 2-нысан бойынша жасалған, кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылмаған есеп (кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 2-қосымшасы);
     3) 3-нысан бойынша жасалған, ақша қозғалысы туралы шоғырландырылмаған есеп (ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 3-қосымшасы);
     4) 4-нысан бойынша жасалған, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылмаған есеп (меншікті капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 4-қосымшасы);
     5) толтырылуы жөнінде осы қаулының 5-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған, шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба.
     Еншілес және қауымдасқан ұйымдары болмаған кезде брокерлер-дилерлер аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті ғана ұсынады.
     Брокерлер-дилерлер шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті ұсынған кезде аудиторлық ұйым растамасы тек шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп үшін ғана талап етіледі.
     Брокерлер-дилерлер есепті жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңнің шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есебін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей, есепті жылдың қаржылық есебіне жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудиторлық есеппен бірге ұсынады.
     2. Брокерлер-дилерлер:
     1) шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті уәкілетті органға электрондық тасымалдауышта және қағазға басып ұсынуды қамтамасыз етсін;
     2) еншілес және қауымдасқан ұйымдарының бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шоғырландырылған негізде жасалған жылдық қаржылық есебінің жұмыс кестелерін және тиісті нысандарын қоса берсін.
     3. Осы қаулы екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, қаржылық агенттіктерге, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық портфельді басқарушыларға және Ұлттық почта операторына қолданылмайды.
     4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
     5. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.
     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасы
     Қаржы нарығы мен қаржы
     ұйымдарын реттеу және
     қадағалау агенттігінің
     Төрағасы
     2004 жылғы "__" _______

                                        Қазақстан Республикасының
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының
                                        2004 жылғы 15 желтоқсандағы
                                         N 177 қаулысына 1-қосымша

                                                       1-нысан

      _____________________________________________________
     (бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті
              жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)
       200____ жылғы " ___" ___________ жағдай бойынша
                   бухгалтерлік балансы

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті
жылдың
соңында

Өткен
жылдың
соңында

1

2

3

4

Активтер

Негізгі құрал-жабдықтар
(амортизацияны шегергенде)

Материалдық емес активтер
(амортизацияны шегергенде)

Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар

Дебиторлық берешек (ықтимал ысырапқа
арналған резервтерді шегергенде)

Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздар (ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)

Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздар (ықтимал ысырапқа арналған
резервтерді шегергенде)

Мерзімі ұзартылған салықтық талап

Басқа да активтер

Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша
бюджетке қойылатын талаптар

"Кері РЕПО" операциясы

Сауда бағалы қағаздары (ықтимал
ысырапқа арналған резервтерді
шегергенде)

Орналастырылған салымдар (болуы
ықтимал шығындар резервін шегеруімен)

Ақша

Активтердің жиынтығы:

Меншікті капитал

Жарғылық капитал

Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал)

Алынған капитал

Резервтік капитал

Басқа да резервтер

Бөлінбеген кіріс (өтелмеген шығын)

оның ішінде:

есепті жылдың

өткен жылдардың

Капитал жиынтығы:

Азшылық үлесі

Міндеттемелер

Алынған заемдар

Кредиторлық берешек

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

Мерзімі ұзартылған салықтық
міндеттеме

Акционерлермен акциялар бойынша есеп
айырысу бойынша есептелген шығыстар

Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша
есептелген шығыстар

Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер бойынша
бюджет алдындағы міндеттеме

"РЕПО" операциясы

Басқа да міндеттемелер

Міндеттемелер жиынтығы:

Меншікті капитал және
міндеттемелер жиынтығы

     Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефоны:__________________

     Мөр орны

                                        Қазақстан Республикасының
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          2004 жылғы 15 желтоқсан
                                         N 177 қаулысына 2-қосымша

                                                        2-нысан

     _______________________________________________________
     (бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті
              жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)

         200____ жылғы " ___" ____________ жағдай бойынша
               кірістер және шығыстар туралы есеп

                                    (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті
жылда

Өткен
жылда

1

2

3

4

Негізгі қызметтен сыйақы
түріндегі кірістер

Ағымдағы шоттар және орналастырылған
салымдар бойынша сыйақы түріндегі
кірістер

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша
сыйақы (купон және/немесе дисконт)
түріндегі кірістер

Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан
кірістер (шығындар) (нетто)

Сауда бағалы қағаздары және сатуға
арналған қолда бар бағалы қағаздар
құнының өзгеруінен кірістер
(шығындар) (нетто)

"Кері РЕПО" операциялары бойынша
кірістер

Шетел валютасын қайта бағалаудан
кірістер (шығындар) (нетто)

Қаржылық емес активтерді сатудан
және активтерді алудан кірістер

Басқа да кірістер

Кірістер жиынтығы

Комиссиялық шығыстар

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша
сыйақы (сыйлықақы) түріндегі шығыстар

Шығарылған бағалы қағаздар бойынша
сыйақы түріндегі шығыстар

"РЕПО" операциялары бойынша шығыстар

Алынған заемдар және қаржылық жалдау
бойынша сыйақы түріндегі шығыстар

Жалпы әкімшілік шығыстар

Қаржылық емес активтерді сатудан
және активтерді өткізуден шығыстар

Басқа да шығыстар

Шығыстар жиынтығы

Резервтерге (провизияларға)
аударылғанға дейінгі пайда (шығын)

Операциялар бойынша ықтимал шығындарға
арналған резервтер (резервтерді қалпына
келтіру)

Басқа заңды тұлғалардың
капиталына қатысудан кіріс

Салық салынғанға дейінгі пайда (шығын)

Корпоративтік табыс салығы

Салық салынғаннан кейінгі таза пайда
(шығын)

Азшылық үлесі

Кезең ішіндегі таза пайда (шығын)

     Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефоны:__________________

     Мөр орны

                                        Қазақстан Республикасының
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          2004 жылғы 15 желтоқсан
                                         N 177 қаулысына 3-қосымша

                                                        3-нысан

     _______________________________________________________
     (бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті
              жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)

            200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
        ақша қозғалысы (жанама әдіс) туралы есеп

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Баптардың атауы

Ескерту

Есепті
жылда

Өткен
жылда

1

2

3

4

Операциялық қызметке байланысты
ақша түсімдері және төлемдері

Салық салынғанға дейінгі таза пайда
(шығын)

Ақшалай емес операция баптарына
түзетулер:

оның ішінде:

амортизациялық аудару және тозу

ықтимал ысырапқа арналған
резервтер бойынша шығыстар

шетел валютасымен операциялар бойынша
бағамдық айырма түріндегі жұмсалмаған
кірістер мен шығыстар

алатын сыйақы түріндегі есептелген
кірістер

сыйақы төлеу шығыстары

ақшалай емес баптарға басқа да түзетулер

Операциялық активтер мен міндеттемелер
өзгергенге дейінгі операциялық кіріс
(шығын)

Операциялық активтердегі (ұлғаю) азаю:

ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің
(ұлғаюы) азаюы

Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздардың (ұлғаюы) азаюы

болашақ кезеңдер шығыстарының
(ұлғаюы) азаюы

қысқа мерзімді дебиторлық берешектің
(ұлғаюы) азаюы

"Кері РЕПО" операцияларының
(ұлғаюы) азаюы

сауда бағалы қағаздарының (ұлғаюы) азаюы

орналастырылған салымдардың
(ұлғаюы) азаюы

басқа да активтердің (ұлғаюы) азаюы

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы
(азаюы):

ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің
ұлғаюы (азаюы)

болашақ кезеңдер кірістерінің ұлғаюы
(азаюы)

қысқа мерзімді кредиторлық берешектің
ұлғаюы (азаюы)

"РЕПО" операцияларының ұлғаюы (азаюы)

Басқа да міндеттемелердің ұлғаюы
(азаюы)

Операциялық қызметтен ақшаның ұлғаюы
(азаюы)

Корпоративтік табыс салығы

Операциялық қызметтен ақшаның салық
салынғаннан кейінгі ұлғаюы (азаюы)

Инвестициялық қызметке байланысты
ақша түсімдері мен төлемдер

Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздарды сатып алу (сату)

Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық
емес активтерді сатып алу

Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық
емес активтерді сату

Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар

Басқа да түсімдер мен төлемдер

Инвестициялық қызметтен ақшаның
ұлғаю (азаю) жиынтығы

Қаржылық қызметке байланысты
ақша түсімдері мен төлемдер

Акциялар шығару

Борыштық бағалы қағаздарды шығару

Акцияларды және қатысу үлестерін
алу немесе өтеу

Алынған заемдар

Акциялар бойынша дивидендтер төлеу

Басқа да түсімдер мен төлемдер

Қаржылық қызметтен ақшаның ұлғаю
(азаю) жиынтығы

Есепті кезеңдегі ақшаның таза
ұлғаю (азаю) жиынтығы

Кезең басындағы ақша қалдығы

Кезең соңындағы ақша қалдығы

     Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефоны:__________________

     Мөр орны

                                        Қазақстан Республикасының
                                        Ұлттық Банкі Басқармасының
                                          2004 жылғы 15 желтоқсан
                                         N 177 қаулысына 4-қосымша

                                                        4-нысан

     _______________________________________________________
     (бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті
              жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)

             200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
        меншікті капиталдағы өзгеріс туралы есеп

                                      (мың қазақстандық теңгемен)

Жар-
ғы-
лық
ка-
пи-
тал

Сый-
лық-
ақы-
лар
(қо-
сым-
ша
тө-
лен-
ген
ка-
пи-
тал)

Алын-
ған
капи-
тал

Резе-
рвтік
капи-
тал

Басқа
да
резе-
рвтер

Бө-
лін-
беген
кіріс
(өте-
лме-
ген
шы-
ғын)

Жиын-
тығы:

Есепті кезең
басындағы сальдо

Есеп саясатындағы
өзгерістер және
түбірлі қателерді
түзету

Есепті кезең басында
қайта саналған сальдо

Есепті кезеңде қосымша
шығарылған (сатып
алынған) меншікті
акциялар (құрылтайшы-
лардың қосымша салым-
дары мен пайлары)

Есептелген
дивидендтер

Негізгі құрал-жабдық-
тарды қайта бағалау

Сатуға арналған қолда
бар бағалы қағаздар
құнының өзгеруі

Есепті кезеңнің
бөлінбеген кірісі
(өтелмеген шығыны)

Ішкі аударымдар

оның ішінде:

негізгі құрал-жабдық-
тардың жинақталған
қайта бағалаудың
өзгеруі

резервтік капиталды
қалыптастыру

Басқа да операциялар

Есепті кезең
соңындағы сальдо

     Бірінші басшы: _________________ күні__________________
     Бас бухгалтер __________________ күні__________________
     Орындаушы: _____________________ күні__________________
     Телефоны:__________________

     Мөр орны

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 15 желтоқсан  
N 177 қаулысына 5-қосымша

Шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық
есепке түсіндірме жазбаны толтыру жөніндегі талаптар

     1. Шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбаға мыналар кіреді:
     1) активтер мен міндеттемелер бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;
     2) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;
     3) ақша ағыны бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;
     4) меншікті капитал бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер.
     2. Шоғырландырылған жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбада шектелместен мынадай ақпарат ашылады:
     1) еншілес және қауымдасқан ұйымдардың тізімі, аффилиирленгендік туралы ақпаратты ашу (қатынастардың сипаты және ауқымы);
     2) брокерлер-дилерлер және олардың еншілес ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастың сипаты;
     3) атын, тіркелген елін немесе орналасқан жерін, оларға қатысу үлесінің мөлшерін, дауыс беретін акцияларының санын көрсете отырып басқа аффилиирленген тұлғалардың тізімі;
     4) еншілес ұйымды сатып алудың немесе сатудың есепті және өткен кезеңдердегі қаржылық көрсеткіштерге әсері;
     5) еншілес ұйымдарға инвестицияларды есепке алу үшін негізгі брокерлер-дилерлер жеке жылдық қаржылық есепте пайдаланатын әдіс;
     6) қауымдасқан ұйымдарға инвестицияларды есепке алу үшін пайдаланатын әдіс;
     7) еншілес ұйымның есебі шоғырландырылған жылдық қаржылық есепке кіргізілмеуінің себептері;
     8) шоғырландырылған жылдық қаржылық есептің баптарына субъектілердің есептің осы баптарына қолданатын талаптарының айырмашылықтарынан жасауға болмайтын түзетулер;
     9) жекелеген жылдық қаржылық есептердің біріктірілетін, түзетілетін және ауыстырылатын баптары, сондай-ақ шоғырландырудың нәтижесі;
     10) азшылық үлесін құрайтын қатысушылардың атауын, олардың еншілес ұйымдардағы үлестерін көрсете отырып, азшылық үлесі туралы ақпарат;
     11) есеп субъектілерінің бірлескен қызметке қатысу туралы ақпарат.