N 2520 болып тіркелген "Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 тамыздағы N 347 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 659 бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрілігінде 2005 жылғы 17 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3363. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 428 бұйрығымен.

Күшін жойған

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 428 бұйрығымен.

--------------Бұйрықтан үзінді---------------

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 және 2001 жылғы 22 желтоқсандағы N 1671 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 659 қаулысының қабылдануына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Төрағасының мынадай бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын:
      2) "Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары туралы хабарландыру нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Төрағасының N 2520 болып тiркелген 2003 жылғы 28 тамыздағы N 347 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы" 2004 жылғы 23 желтоқсандағы N 659 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2005 жылы 17 қаңтарда N 3363 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде 2005 ж., N 9-13, 47-құжатта жарияланған)...      

      Төраға
-----------------------------

      "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245  қаулысына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
     1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 тамыздағы N 347 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2001 жылы 13 желтоқсанда N 1696 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 ж. 8 қазанда жарияланған, N 45 (150))  бұйрығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М.Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
     3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

     Төраға

                                        Қазақстан Республикасы
                                          Қаржы министрлігінің
                                       Салық комитеті Төрағасының
                                      2004 жылғы 23 желтоқсандағы
                                         N 659 бұйрығына қосымша

                                         Қазақстан Республикасы
                                          Қаржы министрлігінің
                                       Салық комитеті Төрағасының
                                         2003 жылғы 28 тамыздағы
                                             N 347 бұйрығымен
                                                 бекітілген

       Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын
        міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы
                         ХАБАРЛАМА

20 __ ж. "____" __________                           N ______

     "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының  22-4-бабына  сәйкес
___________________________________________ бойынша Салық комитеті
            (облыс, қала, аудан)

Сізді _____________________________________________________________
                      (агенттің толық атауы
___________________________________________________________________
               немесе аты-жөні, СТН-і, мекен-жайы)
20__ ж. ___ _____________ жағдай бойынша __________________________
___________________________________________________________________
                      (санмен және жазбаша)

мөлшерінде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналары бойынша берешегіңіздің бары туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты Сізге ___________________________________________
                                   (облыс, қала, аудан)

_____________ бойынша Салық комитетіне осы хабарламаны алған күннен
бастап бес жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша
берешек олардың пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы
қорлары салымшыларының тізімдерін және әрбір жинақтаушы зейнетақы
қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсетумен жинақтаушы
зейнетақы қорларының тізімдерін табыс ету қажет.
     Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек олардың
пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары
салымшыларының тізімдері табыс етілмеген жағдайда _________________
                                              (облыс, қала, аудан)
____________________________________________ бойынша Салық комитеті
агенттің банк шотындағы(тарындағы) барлық шығыс операцияларын
тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
     Банк шоттары болмаған жағдайда ______________________________
                                          (облыс, қала, аудан)
____________________________________________ бойынша Салық комитеті
агенттің қолма-қол ақшасына өндіріп алады.
     Бұл ретте, Сізге көрсетілген Заңның  22-4-бабында  белгіленген
тәртіпте және шарттарда өсімпұл есептеледі.
     Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының
заңды талаптары орындалмаған жағдайда Сізге Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне
сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
     Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің салық
қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне
(әрекетсіздігіне) салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе
сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.

Салық комитетінің Төрағасы ________________________________________
                                     (аты-жөні, қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым _________________________________________________
                          (агенттің аты-жөні, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды ______________________________________
                              (салық қызметі органының лауазымды
___________________________________________________________________
               тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)

Хабарлама агентке жіберілді _______________________________________
                        (жіберу және алу фактісін растаушы құжат)