Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 355 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3351

Қолданыстағы

     "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45, 46-баптарын және«"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 9-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
     3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтер және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде есеп беру туралы  ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 21 тамыздағы N 310 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 2514 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 21 басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
     3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"»Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

     Төраға

Қазақстан Республикасының   
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен      
қадағалау жөніндегі      
агенттігі Басқармасының    
2004 жылғы 27 қарашадағы   
N 355 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған
пруденциалдық нормативтер, оларды есептеу әдістемесі
және пруденциалдық нормативтердің орындалуы жөнінде
есеп беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының активтерін диверсификациялау дәрежесіне
қойылатын талаптар туралы нұсқаулық

     Осы Ереже "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45, 46-баптарына (бұдан әрі - Заң) және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 9-баптарын сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына (бұдан әрі - сақтандыру ұйымы) арналған пруденциалдық нормативтерді, оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп ұсынудың нысаны мен мерзімін, сондай-ақ активтерді диверсификациялау дәрежесіне қойылатын талаптарды белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

     1. Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында пруденциалдық нормативтердің мынадай түрлері белгіленген:
    1) төлем қабілеттілігінің нормативтері;
    2) қаржылық тұрақтылық нормативтері.

    2. Төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымы төлем қабілеттілігінің мынадай нормативтерін сақтауы тиіс:
    1) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі, ол мына формула бойынша өтімділігі жоғары активтердің сақтандыру резервтеріне қатысы ретінде есептеледі:

                   ВА
       Нва = > ----------,
                   СР

     мұндағы:
    Нва - өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі;
    ВА - осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып есептелген осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілген өтімділігі жоғары активтердің құны;
     СР - нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына (бұдан әрі - N 211 қаулы) сәйкес есептелген сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы.
     Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативі бірліктен кем болмауы тиіс.
     Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативін есептеген кезде сақтандыру ұйымы активтері сомасының бір процентінен асатын кассадағы қалдық сомасы ескерілмейді;
     2) сақтандыру ұйымының мына формула бойынша оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып сақтандыру резервтері мен өзге де міндеттемелер сомасына азайтылған барлық активтер құнының жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымына нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1513 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 117 қаулысымен (бұдан әрі - N 117 қаулы) белгіленген жеке капиталының ең төменгі мөлшеріне қатысы ретінде есептелген меншік капиталының жеткіліктілік нормативі:

              А - СР - О
     Нк = > --------------,
                  Мск

     мұндағы:
     Нк - сақтандыру ұйымының меншік капиталының жеткіліктілік нормативі;
     А - сақтандыру ұйымының осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып есептелген барлық активтерінің құны;
     СР - сақтандыру ұйымының N 211 қаулыға сәйкес есептелген сақтандыру резервтерінің сомасы;
     О - сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтері сомасын қоспағандағы міндеттемелері;
     Мск - жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымына N 117 қаулымен белгіленген меншік капиталының ең төменгі мөлшері.
     Сақтандыру ұйымының меншік капиталының жеткіліктілік нормативі бірліктен кем болмауы тиіс.

     3. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымы активтерді диверсификациялаудың мынадай нормативтерін сақтауы тиіс:
     1) сақтандыру ұйымының осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестицияларының жиынтық мөлшері сақтандыру ұйымының активтері сомасының жиырма процентінен кем болмауы тиіс;
     2) сақтандыру ұйымының осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің салымдарына (депозиттеріне) және Заңның 48-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 4)-6) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына инвестицияларының мөлшері мынадай мағыналардан аспауы тиіс:
     Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің біреуіне салымдары (депозиттері) (оның ішінде шетел валютасында) - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он процентінен;
     Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі біреуінің және осы банктің банк тобына кіретін әрі Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он процентінен;
     осы тармақшаның үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бір эмитентінің бағалы қағаздарына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының бес процентінен;
     осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген ипотекалық облигацияларды қоспағанда, ипотекалық облигацияларға - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он процентінен;
     "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларына - сақтандыру ұйымының активтері сомасының он процентінен;
     3) сақтандыру ұйымының осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 7) - 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарға инвестицияларының жиынтық мөлшері (Заңның 48-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып) - сақтандыру ұйымының активтері сомасының отыз процентінен кем болмауы тиіс.

     4. Төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын анықтау кезінде оларды сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеу ескеріле отырып сақтандыру ұйымының активтері құнының есебіне:
     1) ақша:
     кассадағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
     жолдағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
     ағымдағы шоттардағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
     картшоттардағы ақша - баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
     2) осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған салымдар (депозиттер):
     талап ету бойынша салымдар - күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып шоттардағы соманың жүз проценті көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     мерзімді салымдар - күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып шоттардағы соманың жүз проценті көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     3) осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 3) - 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар - күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып шоттардағы соманың жүз проценті көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып);
     4) материалдық емес активтер:
     бағдарламалық қамтамасыз ету - жинақталған амортизацияны ескере отырып баланстық құнының жүз проценті көлемінде;
     5) күмәнды борыштар бойынша резервті шегере отырып қайта сақтандырушылардан алынатын сома, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары:
     шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген берешек - алынатын соманың ағымдағы мөлшерінің жүз проценті көлемінде;
     90 күнге дейінгі мерзімге шарт талаптары бойынша мерзімі өткен берешек - алынатын соманың ағымдағы мөлшерінің елу проценті көлемінде.

     5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сай сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын анықтау кезінде ескерілетін активтердің құнын есептеу кезінде мыналар ескерілмейді:
     1) сақтандыру ұйымының меншік құқығы шектелген активтер (кепілге ұсыну, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану және басқалары);
     2) еншілес, бағынышты және бірге бақыланатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ өзге аффилиирленген ұйымдардың дебиторлық берешегі;
     3) сақтандыру ұйымының активтері сомасының 10%-нен асатын сақтандыру ұйымының бағдарламалық қамтамасыз етуге инвестициялар сомасы;
     4) осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген активтер.

     6. Сақтандыру ұйымы активтерін есепке алу және қайта бағалау қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және сақтандыру ұйымының есеп саясатына сәйкес жүргізіледі.

     7. Құны шетел валютасында көрсетілген активтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаланады.

2-тарау. Активтерді диверсификациялау
дәрежесіне қойылатын талаптар

     8. Активтерді диверсификациялау активтерді әр түрлі инвестициялау объектілеріне бөлу болып табылады.

     9. Сақтандыру ұйымы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өз активтерінің бір бөлігін мынадай өтімділігі жоғары активтерге орналастырады:
     1) кассадағы ақша;
     2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары санатта енген, немесе шетел валютасында "А-" ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктемесі бойынша) немесе "А3" ("Moody's Investors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктемесі бойынша) ұзақ мерзімді рейтингі бар еншілес банктер - резиденттер, бас банктер - резидент еместер болып табылатын екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (депозиттер) (оның ішінде шетел валютасында);
     3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес эмиссияланған);
     4) Қазақстан Республикасы эмитенттерінің Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған сауда ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары санатта енгізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар (ипотекалық облигациялар мен "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигацияларын қоспағанда);
     5) Қазақстан Республикасы эмитенттерінің сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары санатта енгізілген ипотекалық облигациялар;
     6) "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының облигациялары;
     7) шет мемлекеттердің "А-" ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктемесі бойынша) төмен емес немесе "А3" ("Moody's Investors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктемесі бойынша) төмен емес дербес рейтингі бар бағалы қағаздары;
     8) Қазақстан Республикасының эмитенттері - резидент еместерінің шетел валютасында "А-" ("Standard & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктемесі бойынша) төмен емес немесе "А3" ("Moody's Investors Servіce" рейтинг агенттігінің жіктемесі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар мемлекеттік емес бағалы қағаздары;
     9) тізбесі осы Нұсқаулықтың 10-тармағында анықталған халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары.

     10. Сақтандыру ұйымы өз активтерін мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздарға орналастыра алады:
     1) Халықаралық қайта құру және даму банкі;
     2) Еуропа қайта құру және даму банкі;
     3) Америка аралық даму банкі;
     4) Халықаралық есеп айырысу банкі;
     5) Азия даму банкі;
     6) Африка даму банкі;
     7) Халықаралық қаржы корпорациясы (The Internatіonal Fіnance Corporatіon);
     8) Ислам даму банкі;
     9) Еуропа инвестициялық банкі.

3-тарау. Пруденциалдық нормативтердің
орындалуы жөнінде есептерді ұсыну

     11. Сақтандыру ұйымы ай сайын, бірақ есепті айдан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есепті (бұдан әрі - есеп) және осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша пруденциалдық нормативтерді есептеуге арналған қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - қосымша мәліметтер) ұсынады.
     Есеп қағазда ұсынылады. Қосымша мәліметтер қағазда және электронды тасымалдаушыда ұсынылады.

     12. Есеп және қосымша мәліметтер мың теңгеде жасалады. Бес жүз теңгеден төмен сома есеп пен қосымша мәліметтерде нольге дейін, ал бес жүз теңге және одан астам сома - мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

     13. Есеп және қосымша мәліметтер екі данада жасалып, сақтандыру ұйымының бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және сақтандыру ұйымының мөрімен бекітіледі. Мұндайда есеп пен қосымша мәліметтердің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы сақтандыру ұйымында сақталады.

     14. Уәкілетті орган түзетулері мен өшірілген жері бар есеп пен қосымша мәліметтерді қабылдамайды және қайтарады.

     15. Есепке және/немесе қосымша мәліметтерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сақтандыру ұйымы есеп пен қосымша мәліметтер ұсынылған күннен бастап үш күндік мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігі себептерін түсіндіре отырып есепке және/немесе қосымша мәліметтерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы жазбаша өтініш береді.

4-тарау. Қорытынды ережелер

     21. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                   Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                 ұйымдарына арналған пруденциалдық
                                    нормативтер, оларды есептеу
                                   әдістемесі және пруденциалдық
                                  нормативтердің орындалуы жөнінде
                                  есеп беру, сондай-ақ сақтандыру
                                    (қайта сақтандыру) ұйымының
                                   активтерін диверсификациялау
                                   дәрежесіне қойылатын талаптар
                                   туралы нұсқаулыққа 1-қосымша

       ____________________________________________________
          (Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      200__ жылғы ___________  "_____"  жағдай бойынша
    пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есебі

                                                      (мың теңге)

N

Көрсеткіштің атауы

Баланс
бойынша
сомасы

Ескері-
летін
көлем

Есептеу
сомасы

1

2

3

4

5

1.

Ақша - барлығы (1.1. - 1.4
жолдардың сомасы), оның іш.:

100%

1.1

100 % баланстық құннан
түскен кассадағы ақша

100%

1.2

100 % баланстық құннан
түскен жолдағы ақша

100%

1.3

Ағымдағы шоттардағы ақша -
100 % баланстық құн көлемінде

100%

1.4

100 % баланстық құн көлеміндегі
картшоттағы ақша

100%

2.

Бағалы қағаздары "А" санаты
бойынша немесе резидент-еншілес
банктер болып табылатын "А"
("Standard & Poor's" және
"Fіtch" рейтинг агенттіктерінің
жіктелімі бойынша) немесе "А3"
("Moody's Investors Servіce"
рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
бойынша) - барлығы (2.1. - 2.2.
жолдарының сомасы) cанаттарынан
төмен емес ұзақ мерзімді
рейтингі бар сауда-саттықты
ұйымдастырушының ресми тізіміне
енгізілген резидент емес-еншілес
банктерде бар Қазақстан Респу-
бликасының екінші деңгейдегі
банктерінің салымдары (депо-
зиттері) (оның ішінде шетел
валютасындағы), оның ішінде:

100%

2.1

Күмәнды борыштар бойынша резер-
вті шегергендегі шоттардағы
(негізгі борыш пен есептелген
сыйақы сомасын ескере отырып)
сомалардан 100 % көлемінде түс-
кен талап ету бойынша салымдар

100%

2.2

Күмәнды борыштар бойынша резер-
вті шегергендегі шоттардағы
(негізгі борыш пен есептелген
сыйақы сомасын ескере отырып)
сомалардан 100 % көлемінде
түскен мерзімді салымдар

100%

3.

Күмәнды борыштар бойынша резер-
вті шегергендегі баланстық
құннан (негізгі борыш пен
есептелген сыйақы сомасын ескере
отырып) 100% көлемінде түскен
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бағалы қағаздары
(оның ішінде басқа мемлекет-
тердің заңдарына сәйкес
айналысқа ақша шығарған)

100%

4.

Қазақстан Республикасының эми-
тенттері Қазақстан Республикасы
мен басқа мемлекеттердің заңда-
рына сәйкес шығарған ("Қазақстан
Даму Банкі" ЖАҚ-ның ипотекалық
облигациялары мен облигация-
ларынан басқасы), күмәнді борыш-
тар бойынша резервті шегерген-
дегі баланстық құннан (негізгі
борыш пен есептелген сыйақы
сомасын ескере отырып) 100 %
көлемінде түскен айрықша жоғары
санат бойынша сауда-саттық
ұйымдастырушының ресми тізіміне
енген мемлекеттік емес
эмиссиялық бағалы қағаздары

100%

5.

Күмәнды борыштар бойынша резер-
вті шегергендегі баланстық
құннан (негізгі борыш пен
есептелген сыйақы сомасын
ескере отырып) 100 % көлемінде
түскен айрықша жоғары санат
бойынша сауда-саттық ұйымдасты-
рушының ресми тізіміне енген
Қазақстан Республикасы эмитент-
терінің ипотекалық облигациялары

100%

6.

Күмәнды борыштар бойынша резер-
вті шегергендегі баланстық
құннан (негізгі борыш пен
есептелген сыйақы сомасын
ескере отырып) 100 % көлемінде
түскен "Қазақстан Даму Банкі"
ЖАҚ-ның облигациялары

100%

7.

Күмәнды борыштар бойынша резер-
вті шегергендегі баланстық
құннан (негізгі борыш пен
есептелген сыйақы сомасын
ескере отырып) 100 % көлемінде
түскен дербес рейтингі "А"
санатынан төмен емес
("Standard & Poor's" және
"Fіtch" рейтинг агенттіктері-
нің жіктеуі бойынша) немесе
"А3"-дан ("Moody's Investors
Servісe" рейтинг агенттігінің
жіктеуі бойынша) төмен емес
шет мемлекеттердің бағалы
қағаздары

100%

8.

Күмәнды борыштар бойынша резер-
вті шегергендегі баланстық
құннан (негізгі борыш пен
есептелген сыйақы сомасын
ескере отырып) 100 % көлемінде
түскен дербес рейтингі "А"-дан
("Standard & Poor's" және
"Fіtch" рейтинг агенттіктері-
нің жіктеуі бойынша) немесе
"А3"-дан  ("Moody's Investors
Servісe" рейтинг агенттігінің
жіктеуі бойынша) төмен емес
Қазақстан Республикасының ре-
зидент емес - эмитенттерінің
мемлекеттік емес бағалы
қағаздары

100%

9.

Күмәнды борыштар бойынша резер-
вті шегергендегі баланстық құн-
нан (негізгі борыш пен есеп-
телген сыйақы сомасын ескере
отырып) 100 % көлемінде түскен
халықаралық қаржылық ұйымдар-
дың бағалы қағаздары

100%

10.

ЖА - өтімділігі жоғары активтер
жиынтығы (жолдар сомасы
1.1.,2.,3.,4.,5.,6.,7.,8.,9.)
Баланс бойынша активтер
сомасының 1 %-нен асатын
5 бағанның 1.1 жолының сомасы
ескерілмейді

Х

100%

11.

Бағдарламалық қамтамасыз ету
(5-бағанда жинақталған аморти-
зациясы ескерілген балансқа
арналған активтердің 10%-тен
аспайтын сомасы ескеріледі)

100%

12.

Қайта сақтандырушылардан алына-
тын сомалар бойынша, сақтанушы-
лардан (қайта сақтанушылардан)
және делдалдардан алынатын сақ-
тандыру сыйлықақылары бойынша
күмәнды борыштар жөніндегі
резервті шегергендегі шарт
талаптарындағы сомалар бойынша
мерзімі өтпеген берешек

100%

13.

Қайта сақтандырушыдан алынатын
сомалар бойынша, сақтанушылар-
дан (қайта сақтанушылардан)
және делдалдардан алынатын
сақтандыру сыйлықақылары
бойынша күмәнды борыштар жөнін-
дегі резервті шегергендегі шарт
талаптарындағы сомалар бойынша
90 күндік мерзімге мерзімі
өткен берешек

50%

14.

А - сапасы мен өтімділігі
бойынша жіктелуі ескерілген
активтер жиынтығы (жолдар
сомасы 1.,2.,3.,4.,5.,6.,7.,8.,
9.,11.,12.,13.)

Х

Х

15.

СР - сақтандыру резервтері

Х

Х

16.

Жла нормативі - өтімділігі жо-
ғары активтердің жеткіліктілік
нормативі (10 жол/ 15 жол)

Х

Нва=>1

17.

Сақтандыру резервтерін қоспаған
кездегі міндеттемелер

Х

Х

18.

Уәкілетті мемлекеттік органның
нормативтік құқықтық актілері
бойынша белгіленген меншік капи-
талының барынша төменгі мөлшері

Х

Х

19.

Нк нормативі - меншік капита-
лының жеткіліктілік нормативі
(14 жол - 15 жол 17)/ жол 18 жол))

Х

Нк=>1

20.

Баланс бойынша активтер сомасы

Х

Х

      Активтерді диверсификациялау нормативтерінің есебі

                                                      (мың теңге)

N

Көрсеткіш атауы

Баланс
бойынша
сомасы

Баланс
бойынша
активтер
сомасы-
нан %-пен

1

2

3

4

1.

Баланс бойынша активтер сомасының
20 %-нен кем емес, оның ішінде
басқа мемлекеттердің заңдарына
(НД1) сәйкес ақшаны айналысқа
шығарған Қазақстан Республикасы-
ның мемлекеттік бағалы қағаздарын-
дағы инвестициялардың сомалық
мөлшері

2.

Баланс бойынша активтер сомасы
10 %-тен аспаса екінші деңгейдегі
банк болып табылмайтын (НД5)
Қазақстан Республикасының екінші
деңгейдегі банктерінің ипотека-
лық облигациялары мен Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі
банкінің банк тобына кіретін
Қазақстан Республикасының эмитент-
терін қоспағандағы айрықша жоғары
санат бойынша сауда-саттық ұйым-
дастырушыларының ресми тізіміне
енгізілген Қазақстан Республикасы
эмитенттерінің ипотекалық облига-
циялардағы инвестициясының сомалық
мөлшері

3.

Баланс бойынша активтер сомасының
10 %-нен жоғары емес - "Қазақстан
Даму Банкі" акционерлік қоғамының
облигацияларындағы (НД6)
инвестицияның сомалық мөлшері

4.

"А"-дан ("Standard & Poor's"
және "Fіtch" рейтинг агенттікте-
рінің жіктеуі бойынша) немесе
"А3"-дан ("Moody's Investors
Servісe" рейтинг агенттігінің
жіктеуі бойынша) төмен емес дербес
рейтінгі бар шет мемлекеттердің
бағалы қағаздарындағы инвестиция-
лардың сомалық мөлшері, "А"-дан
("Standard & Poor's" және "Fіtch"
рейтинг агенттіктерінің жіктеу
бойынша) немесе "А3"-дан ("Moody's
Investors Servісe" рейтинг агент-
тігінің жіктеуі бойынша) төмен емес
шетел валютасындағы ұзақ мерзімді
рейтингі бар, баланс бойынша
активтер сомасының 30%-нен аспай-
тын халықаралық қаржы ұйымдарының
бағалы қағаздары бар Қазақстан
Республикасының эмитенттер-
резидент еместерінің мемлекеттік
емес бағалы қағаздары

       Бағалы қағаздары айрықша жоғары санат бойынша
       немесе еншілес банк-резидент болып табылатын
     банктер бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың
    ресми тізіміне енген Қазақстан Республикасының екінші
   деңгейдегі бір банкінің (оның ішінде шетел валютасымен)
    салымдарындағы (депозиттеріндегі), "А"-дан ("Standard
   & Poor's" және "Fіtch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі
   бойынша) немесе "А3"-дан  ("Moody's Investors Servісe"
    рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес
   ұзақ мерзімді рейтингі бар - (НД-2) - баланс бойынша
        активтер сомасының 10%-нен аспайтын еншілес
         банктердегі инвестициялар мөлшерінің есебі

                                                     (мың теңге)

N

Банк атауы

Банктің
санаты/
рейтингі

Баланс
бойынша
сомасы

Баланс
бойынша
активтер
сомасынан
%-пен

1

2

3

4

5

1.

 

1.1.

Талап ету бойынша салымдар

Х

 

Х

1.2.

Мерзімді салымдар

Х

 

Х

2.

 

 

 

 

2.1.

Талап ету бойынша салымдар

Х

 

Х

2.2.

Мерзімді салымдар

Х

 

Х

3.

 

 

 

 

3.1.

Талап ету бойынша салымдар

Х

 

Х

3.2.

Мерзімді салымдар

Х

 

Х

4.

 

 

 

 

4.1.

Талап ету бойынша салымдар

Х

 

Х

4.2.

Мерзімді салымдар

Х

 

Х

5.

 

 

 

 

5.1.

Талап ету бойынша салымдар

Х

 

Х

5.2.

Мерзімді салымдар

Х

 

Х

 

 

 

 

 

 

Барлығы (1-5)

Х

 

Х

       Баланс бойынша активтердің 10 %-нен аспайтын
      айрықша жоғары санат бойынша (НДЗ) сауда-саттық
      ұйымдастырушының ресми тізіміне енген, Қазақстан
        Республикасының екінші деңгейдегі банкі болып
      табылмайтын, осы банктің банктер тобына кіретін
      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі бір
      банкінің және Қазақстан Республикасы эмитентінің
       бағалы қағаздардағы инвестициясының мөлшерінің
                             есебі

                                                     (мың теңге)

N

Эмитент атауы

Эмитент
санаты

Баланс
бойынша
сомасы

Баланс
бойынша
активтер
сома-
сынан
%-пен

1

2

3

4

5

1.

Банк тобының атауы

Х

 

 

1.1.

Банктің атауы

 

 

Х

1.1.1.

Акциялар

Х

 

Х

1.1.2.

Облигациялар

Х

 

Х

1.2.

Эмитент атауы

 

 

Х

1.2.1.

Акциялар

Х

 

Х

1.1.3.

Облигациялар

Х

 

Х

1.3.

Эмитент атауы

 

 

Х

1.3.1.

Акциялар

Х

 

Х

1.3.2.

Облигациялар

Х

 

Х

 

 

 

 

 

2.

Банк тобының атауы

Х

 

 

2.1.

Банктің атауы

 

 

Х

2.1.1.

Акциялар

Х

 

Х

2.1.2

Облигациялар

Х

 

Х

2.2.

Эмитент атауы

 

 

Х

2.2.1.

Акциялар

Х

 

Х

2.2.2.

Облигациялар

Х

 

Х

2.3.

Эмитент атауы

 

 

Х

 

 

 

 

 

2.3.1.

Акциялар

Х

 

Х

2.3.2.

Облигациялар

Х

 

Х

 

 

 

 

 

 

Барлығы (1-2)

Х

 

Х

     Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің
    заңдарына сәйкес (Қазақстан Республикасының екінші
     деңгейдегі банкі болып табылмайтын банктер тобына
    кіретін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
      банктері мен эмитенттерінің бағалы қағаздарын,
     ипотекалық облигацияларын, "Қазақстан Даму Банкі"
   ЖАҚ-ның облигацияларын қоспағанда) шығарылған, баланс
    бойынша активтердің 5%-нен аспайтын айрықша жоғары
     санаты бойынша (НД4) сауда-саттық ұйымдастырушының
     ресми тізіміне енген Қазақстан Республикасының бір
       эмитентінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы
         қағаздардағы инвестициясы мөлшерінің есебі

                                                    (мың теңге)

N

Эмитент атауы

Эмитент
санаты

Баланс
бойынша
сомасы

Баланс
бойынша
активтер
сома-
сынан
%-пен

1

2

3

4

5

1.

 

 

 

 

1.1.

Акциялар

Х

 

Х

1.2.

Облигациялар

Х

 

Х

2.

 

 

 

 

2.1.

Акциялар

Х

 

Х

2.2.

Облигациялар

Х

 

Х

3.

 

 

 

 

3.1.

Акциялар

Х

 

Х

3.2.

Облигациялар

Х

 

Х

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы (1-3)

Х

 

Х

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы  _______________________
     __________________________           _______________________
            (Аты-жөні)                            (қолы)

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтері ______
     __________________________           _______________________
            (Аты-жөні)                            (қолы)

     Сақтандыру (қайта сақтандыру)
     ұйымы мөрінің орны

                                   Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                 ұйымдарына арналған пруденциалдық
                                    нормативтер, оларды есептеу
                                   әдістемесі және пруденциалдық
                                  нормативтердің орындалуы жөнінде
                                  есеп беру, сондай-ақ сақтандыру
                                    (қайта сақтандыру) ұйымының
                                   активтерін диверсификациялау
                                   дәрежесіне қойылатын талаптар
                                   туралы нұсқаулыққа 2-қосымша

       ____________________________________________________
          (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

         200__ жылғы ___________  "_____"  жағдай бойынша
   пруденциалдық нормативтер есебі үшін қосымша мәліметтері

                                                      (мың теңге)

Белгі N

Көрсеткіштің атауы

Баланс
бойынша
сомасы

1

2

3

8001

Бағдарламалық қамтамасыз ету - материалдық
емес активтер

 

8002

Басқа да материалдық емес активтер

 

8003

Шарт талаптарына сай қайта сақтандырушылардан
алынатын сомалар бойынша, күмәнді борыш резер-
він шегере отырып сақтанушыдан (қайта сақтану-
шыдан) және делдалдан алынатын сақтандыру сый-
лықақылары сомалары бойынша мерзімі өтпеген
берешек

 

8004

Күмәнды борыш резервін шегере отырып, сақтану-
шыдан (қайта сақтанушыдан) және делдалдан
алынатын сақтандыру сыйлықақылары сомалары
бойынша, қайта сақтандырушылардан алынатын
сомалар бойынша 90 күн мерзімге ұзартылған
берешек

 

8005

Күмәнды борыш резервін шегергендегі қайта
сақтандырушылардан алынуға жататын сомалар,
сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және
делдалдардан алынуға жататын сақтандыру
сыйақылары бойынша басқа берешек

 

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы  _______________________
     __________________________           _______________________
            (Аты-жөні)                            (қолы)

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтері ______
     __________________________           _______________________
            (Аты-жөні)                            (қолы)

     Сақтандыру (қайта сақтандыру)
     ұйымы мөрінің орны