Қазақстан Республикасының ормандарындағы санитарлық ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3340. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 25-2-02/70 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011.02.17 № 25-2-02/70 (ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 67-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ормандарындағы санитарлық ережелер бекітілсін.
      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 1999 жылы 19 сәуірде N 736 болып тіркелген "Қазақстан Республикасындағы ормандарды зиянкестерден және аурулардан қорғау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 1999 жылғы 19 наурыздағы N 56 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

     Төраға

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрлігі  
Орман және аңшылық шаруашылығы 
комитеті төрағасының     
2004 жылғы 10 желтоқсандағы  
N 265 бұйрығымен бекітілген  

  Қазақстан Республикасының ормандарындағы
санитарлық ережелер 1. Жалпы ережелер

     1. Қазақстан Республикасының ормандарындағы санитарлық ережелер (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді.

     2. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын жүргізу, орман пайдалануды жүзеге асыру, орман қоры аумағында (бұдан әрі - орман қоры) жүзеге асырылатын өзге де шаруашылық қызмет түрлерін, соның ішінде орман екпелерінің орнықтылығын сақтау, орманды зиянды жәндіктер мен аурулардың зақымдауының алдын алу үшін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес қызмет түрлерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының ормандарындағы негізгі санитарлық талаптарды айқындайды.

     3. Зиянкестер мен аурулардан қорғау шараларын қоса алғанда, ормандағы орман пайдаланудың және басқа да орман шаруашылығы жұмыстарының барлық түрлері ормандардың жай-күйіне теріс ықпал жасамайтын тәсілдермен және әдістермен жүзеге асырылады.
     Кеспеағашты басты мақсатта пайдалану, аралық пайдалану үшін кесуге және басқа да мақсаттарда кесуге бөлу жоспарлары, сондай-ақ орман дақылдарының және зиянкестер мен аурулар ошақтары әрекет етуші екпелердегі басқа да орман шаруашылығы жұмыстарының жобалары орман қорғау мамандарымен келісіледі және зиянды жәндіктер мен аурулар тигізетін зиянды барынша қысқарту жөніндегі қажетті шараларды қамтуға тиіс.

     4. Осы Ережелердің талаптарына сәйкес шығу тегі табиғи жасанды ормандар, орман дақылдары, питомниктер, тұрақты және уақытша орман тұқымы учаскелері, плантациялар және дайындалған ағаш материалдары, сондай-ақ мемлекеттік орман қорының өзге де жерлері зиянкестерден, аурулар мен табиғи және антропогендік сипаттағы өзге де зиянды ықпал ету түрлерінен қорғалуға жатады.

     5. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестерінен және ауруларынан қорғау мемлекеттік орман қорының жай-күйін жүйелі түрде қадағалаумен, орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын дер кезінде анықтаумен, ошақтардың пайда болуының алдын алу, оларды тоқтату және жою жөніндегі шаралармен қамтамасыз етіледі.

     6. Ормандарды қорғауды жүзеге асыру мыналарды:
     1) ағымдағы, экспедициялық, аэровизуалдық және басқа да орман патологиялық зерттеулерді;
     2) орман зиянкестері мен ауруларының дамуына жалпы, барлаушылық және толық бақылауды;
     3) орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі жердегі және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыруды;
     4) орман зиянкестерінің ошақтарын алдын алуды және жоюды;
     5) орман шаруашылығын жүргізу кезінде орман қорғаудың нормативтік талаптарының орындалуына бақылауды, ормандардың санитарлық жай-күйін инспекциялауды қамтиды.

     7. Ормандарды күзету жөніндегі қызметті мемлекеттік басқаруды өзінің аумақтық органдары арқылы тікелей уәкілетті орган, сондай-ақ өздерінің құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

  2. Санитарлық-сауықтыру шараларының
түрлері мен міндеттері

     8. Екпелердің орнықтылығын сақтау мен арттыру, олардың шығымдылығын ұлғайту, дің зиянкестерінің санын кеміту, аурулардың жұқпалы әсерін азайту, сондай-ақ ормандарда өрт қауіпсіздігін арттыру мақсаттарында мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар мынадай санитарлық-сауықтыру шараларын дер кезінде жүргізеді:
     кеспеағаштарды тазарту;
     кеспе ағаштардан тыс қоқыстарды жинау;
     тұтқыр ағаштар мен шоғырларды сұрыптау;
     қауіпті орман ауруларының таралуының аралық буындары болуы мүмкін қажетсіз ағаш тұқымдарын, бұталарды және басқа өсімдіктерді кесіп тастау;
     іріктеп санитарлық мақсатта кесу;
     жаппай санитарлық мақсатта кесу;
     орманды зиянкестер мен аурулардан қорғаудың басқа да қажетті шаралары.

  3. Санитарлық-сауықтыру шараларын белгілеудің,
жоспарлаудың және жүргізудің жалпы тәртібі

     9. Нақты санитарлық-сауықтыру шараларының мерзімін, түрін таңдап алуды және олардың көлемін жоспарлауды орман иелері мен орман пайдаланушылар орман орналастыру, орман патологиясын қадағалау, орман патологиясын зерттеу, орман экожүйелерінің мониторингі және олардың негізінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжамдар жасау кезінде анықталатын ормандардың нақты санитарлық жай-күйінің негізінде, сондай-ақ мемлекеттік орман қорының санатын, ормандардың жасын және олардың қол жетімділігін, зиянкестер ошақтарының даму кезеңін, ағаш тұқымдарының биологиясын, зиянды жәндіктер мен аурулар қоздырушылардың биологиясын, экономикалық және экологиялық қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырады.

     10. Санитарлық-сауықтыру шаралары бірінші кезекте өрт, желсұлатпа, қуаңшылық, шамадан тыс құрғақтық, ылғалдың молдығы, өнеркәсіп қалдықтары немесе өзге де қолайсыз факторлар, сондай-ақ ағаш кесу, шайыр ағызу және өзге де орман пайдалану салдарынан бүлінген немесе әлсіреген екпелерде, екпелердің орнықтылығына қауіп төндіретіндей мөлшерде ағаштардың зақымдануына және жойылуына, олардың мақсатты функцияларының бұзылуына әкеп соқтырған зиянды жәндіктер мен аурулар ошақтарында, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарында белгіленеді.

     11. Мемлекеттік орман қорының аумағында санитарлық-сауықтыру шаралары Қазақстан Республикасының орман заңдарына сәйкес жүргізіледі.
     Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қорғаныштық іс-шаралар оларды күзету режимін ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсынымы негізінде және осы аумақтар қарауына жататын уәкілетті органдардың рұқсаты бойынша жүргізіледі.

     12. Санитарлық сауықтыру шараларын жұмыс түрлері бойынша мемлекеттік орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар бөлек жоспарлайды, бұл орайда санитарлық мақсатта іріктеп және жаппай кесу тиісінше аралық мақсатта кесу мен өзге де мақсатта кесудің жалпы көлемінде жалпы кесу көлемінен жеке жолмен бөліп көрсетіледі.
     Санитарлық-сауықтыру шаралары көлемін жоспарлау кезінде олардың алқабы жүргізілетін шаралар түрлері және бір гектар жер мен барлық алқаптан кесілетін сүректің саны бойынша айқындалып, осы Ережелердің 1-қосымшасына Санитарлық-сауықтыру шараларын жүргізу жоспары бойынша ресімделеді. Өтімді ағаштың, оның ішінде кәделік ағаштың үлесі кеспеағаштарды материалдық-ақшалай бағалау негізінде белгіленеді.

     13. Санитарлық-сауықтыру іс-шараларының жоспарларын мемлекеттік орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар жыл сайын жасап, қажеттілігіне қарай түзетіп отырады. Оларда өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін, бірегей табиғи қауымдастықтарды, самырсын және басқа да құнды ормандарды қорғау жөніндегі шаралар көзделеді.

     14. Санитарлық-сауықтыру шараларының көлемін бөлу екпелердің зақымдану мерзімдері мен ерекшеліктерін, ағаш тұқымдарының, зиянды жәндіктер мен ауру қоздырушылардың биологиясын ескере отырып жүргізіледі.

     15. Дүлей күш апаттарының әсеріне ұшыраған аудандарда (орманның өрттерден, өнеркәсіп қалдықтарынан, желсұлатпасынан, қар омырудан, куаңшылықтан, жәндіктерден, аурулардан әсерін зақымдануы) белгіленген тәртіппен ағаш кесу жоспарларына бүлінген ағаштарды тез арада өңдеуге және жинауға, бұл жұмыстарды барынша қысқа мерзімде аяқтауға бағытталған қажетті өзгерістер енгізіледі.

     16. Мемлекеттік орман қоры аумағында санитарлық мақсатта іріктеп кесу және санитарлық мақсатта жаппай кесу мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес жүргізіледі.

  4. Кеспеағаштарды тазарту және кеспе
ағаштан тыс қоқыстарды жинау

     17. Кеспеағаштарды тазарту мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сәйкес жүргізіледі.

     18. Дербес шара ретінде қоқыстарды жинау қурап жел сұлатқан, дауыл құлатқан, қар сындырған өтімді сүрек болған жағдайда белгіленеді.
     Негізінен санитарлық-гигиеналық және сауықтыру функцияларын басымдырақ орындайтын ормандарда, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарында (бұған жол берілген жерлерде) эстетикалық және өртке қарсы мақсаттарда өтімсіз сүректі де жинау жүргізіледі.
     Бірінші кезекте дің зиянкестерінің ошақтарының пайда болу қауіпі бар жас шырпылар учаскелері жиналады. Жинау мерзімдері зиянкестердің негізгі түрлерінің биологиясымен байланыстырылады.

  5. Тұтқыр үймелер мен тосқауыл ағаштар орналастыру

     19. Тұтқыр үймелер немесе тосқауыл ағаштар орналастыру зиянкестер ұялай бастаған қураған ағаштар қазірдің өзінде кесіп тасталған, бірақ дің зиянкестерінің көп мөлшері сақталып отырған санитарлық жағынан қанағаттанарлық жай-күйге келтірілген айтарлықтай орнықты екпелерде жүргізіледі.
     Тұтқыр үймелер немесе тосқауыл ағаштар орналастыру зиянкестер ұялай бастаған ағаштарды іріктеп алумен және санитарлық мақсатта іріктеп кесуді жүргізумен ұштастырылуы мүмкін. Санитарлық мақсатта жаппай кесу жүргізілетін зиянкестер жаппай көбейетін кезеңде тосқауыл кеспеағаштар орналастыруға - жәндіктердің назарын қоршаған ағаштардан басқа жаққа аудару мақсатында жаз кезіне қабығы аршылмаған ағаштарды жаппай қалдыруға болады.

     20. Тосқауыл ағаштар ретінде жел сұлатқан, дауыл құлатқан, қар омырған зиянкестер ұяламаған қураған ағаштар діңінің учаскелері, сондай-ақ ауру, кеміс және әлсіреген ағаштар пайдаланылады. Тосқауыл материал ретінде ағаштардың ұшарбасы және басқа кеспе қалдықтары, сондай-ақ аталған ағаш тұқымының бұтақтары тосқауыл үйме ретінде пайдаланылады. Тосқауыл үймелер әдетте шөлейт аймақтағы тоғай екпелерінде және Шренк шыршасының, аршаның таудағы екпелерінде пайдаланылады.
     Сау ағаштардан тұтқыр үймелер жасауға жол берілмейді.

     21. Зиянкестер енді ұялай бастаған ағаштарды орналастыру кезінде ұрғашы құрттар жұмыртқаның негізгі бөлігін салып қойған, ал алғашқы құрттар қуыршақ жасауға кірісетін кезеңде - діңдерді дер кезінде қабығынан аршу не тұтқыр үйме мен сүректі кәдеге жарату немесе химиялық әдіспен өңдеу қажет. Тосқауыл ағаштар аршылғаннан кейін қабығы мен бұтағы өртеледі не жерге көміп тасталады.
     Инсектицидпен өңделген тосқауыл ағаштарды орналастыруға болады.
     Тұтқыр үймелер немесе тосқауыл ағаштарды орналастыру орман күтушілердің немесе орман қорғау жөніндегі мамандардың тікелей басшылығымен жүргізілуге тиіс.

     22. Дің зиянкестерінің саны екпелерді орман патологиясы тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша белгіленеді және олардың санына байланысты осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес орналастырылуға тиіс ағаштар саны анықталады.
     Зиянкестер саны осы Ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген мөлшерден төмен болған жағдайда тұтқыр ағаштар орналастырылмайды.

     23. Ерекше қорғалатын орман аумақтары ормандарында (мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, аса құнды орман алқаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, мемлекеттік табиғи орман ескерткіштері, жаңғақ кәсіпшілігі аймақтарының ормандары және орман жемістері екпелері, биік таудағы ормандар), санитарлық-гигиеналық және сауықтыру функцияларын орындайтын ормандарда (қалалық ормандар мен орман парктері, елді мекендер мен емдеу-сауықтыру мекемелерінің жасыл аймақтары) өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілері жағалауларындағы тыйым салынған орман жолақтарында олардың санитарлық жай-күйі жақсы болған жағдайда қабық жегіштердің жаппай ұшуынан бірнеше апта бұрын олар ұя салуы мүмкін жерлерге ферромонды диспенсерлер орнату арқылы олардың тартымдылығын күшейте отырып, тосқауыл ағаштар орналастырылады.

     24. Тосқауыл ағаштар жапырақтарын отамай ұшарбасымен төселеді немесе түйдек күйінде орналастырылады. Төсеніштік тосқауылды дің зиянкестері ошағына жақын жерге топ-тобымен орналастырған дұрыс болады.
     Қатынауға оңай жерлерде зиянкестердің өсіп-өнуін жүйелі түрде байқап отыру және тосқауыл ағаштарды қабығынан дер кезінде аршу үшін бақылау мақсатында тосқауыл ағаштар орналастырған жөн.

     25. Тұтқыр үймелер мен тосқауыл ағаштар орналастыруды зиянкестердің биологиясын және қолданыстағы ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, белгілі бір мерзімде жүргізу қажет.
     Күнтізбелік мерзімдер жылдың ауа райы жағдайларына, зиянкестер мен ауру қоздырушылардың осы жер үшін биологиясының ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Бірқатар жағдайларда тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үймелер орналастыру мерзімдері және оны жүргізу техникасы ерекшелік сипатта болуы немесе қосымша шаралармен қатар жүргізілуі мүмкін.

     26. Неғұрлым қауіпті зиянкестер немесе екпелерге ықтимал қатер төндіретін зиянкестер (жұқпалы ауруды таратушылар) үшін тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үймелер қоюдың нақты мерзімдері, сондай-ақ шаралар жүргізудің техникасы мен шарттары белгіленеді.
     Қарағай екпелерінде алтытісті қабық жегіштерге қарсы тосқауыл ағаштар орналастыру зиянкестердің көктемгі кіші топтары үшін ақпан-наурызда, жазғы кіші топтары үшін - маусымда жүргізіледі, тосқауыл ағаштар жарық түсетін жерлерге бұтақтарымен орналастырылады.
     Қарағайдың үлкен шелқабық жегішіне қарсы тосқауыл ағаштар ақпан-наурызда орналастырылады.
     Қарағайдың кіші шелқабық жегішіне қарсы тосқауыл ағаштар сүрекдің қолтығы астына қыста бұтақтарымен, мойнымен орналастырылады және діңі астына төсеніш қойылады. Ағаштардың бес пайызына дейін зақымданған сүрекдіңге тосқауыл ағаштар қойған жөн болады.
     Ағаштың ұшарбасының қабық жегішіне қарсы тосқауыл ағаштар мен тұтқыр бұтақты үймелер ерте көктемде жарық мол жерлерге қойылады. Кеспеағаштарда алдауыш жем ретінде кесінді қалдықтарын, кемісті ағаш өнімін қалдыруға болады.
     Қарағайдың көк жезқоңызына қарсы жас және орташа жастағы қарағайлардан маусымда тосқауыл ағаштар қойылады және ағаштың қабығын аршу құрт жұмыртқалары сүрекке еніп кетпес бұрын жүргізіледі.
     Қарағайдың үлкен бізтұмсық қоңызына қарсы алдауыш жем ретінде орман дақылдарында тосқауыл түрінде түбірлер қалдыру керек.
     Майқарағай екпелерінде осы ағаштың және шыршаның үлкен мұртты қоңызына қарсы қатты зақымданған сүрекдіңдерде тосқауыл ағаштар жаз ортасында (мерзім жергілікті жерде орман патологиясына зерттеулер жүргізілгеннен кейін) қойылады. Кесілген ағаштарға зиянкестер екі аптадан кейін жіберіледі. Оларды төсеніш астына не түбірге ашық жерлерге салу керек. Тосқауыл ретінде кесілгеннен кейін қалған ағаштардың ұшарбастары пайдаланылуы мүмкін. Тосқауыл ағаштардың қабығын зиянкестер сүрек бойына орналасып алғанға дейін аршу керек (Шығыс Қазақстан облысының Кенді Алтай ормандарындағы майқарағай екпелері үшін межелі мерзім шілденің аяғы).
     Өртке күйген қабықтарды жегіштерге қарсы тосқауыл ағаштар ақпан-наурызда қойылады.
     Самырсын екпелерінде шұбатылма қабық жегішке қарсы тосқауыл ағаштар қою сәуір-мамыр айларында жүргізіледі.
     Майқарағайдың үлкен мұртты қоңызына қарсы тосқауыл ағаштар қою майқарағай екпелеріне қойылатын мерзімде орындалады.
     Шренк шыршасының екпелерінде шырша граверінің қабық құртына қарсы және зиянкестер ұяламаған кесінді қалдықтарынан тосқауыл ағаштар мен тұтқыр үймелер қою қабық жегіштер ошақтарын анықтау кезінде санитарлық мақсатта іріктеп кесумен бір мезгілде жүргізіледі. Тосқауыл ағаштарды орналастыру міндетті түрде желегімен қыста немесе ерте көктемде, бірақ негізгі зиянкестердің ұшуы басталардан екі апта кешіктірмей жүргізіледі (наурыздың аяғы - сәуірдің басы, қайталануы - маусымда, биік тауларда мамыр - маусымда).
     Тосқауыл ағаштардың немесе тосқауыл үймелердің қажетті саны екпелерді зерттеу нәтижесінде анықталады.
     Ауыспалы ошақтарда тосқауыл ағаштарды екі-үш ағаштан тұратын топтармен, ал созылмалы жағдайда - 100-200 метр қашықтықта бір-бірден орналастырады.
     Арша екпелерінде аршаның шелқабық құртына қарсы тосқауыл ағаштар наурыз аяғынан бастап екі мәрте қойылады. Тосқауыл үймені солтүстік экспозицияның беткейіне қою тиімді.
     Аршаның мұртты қоңызына қарсы тосқауыл ағаштар наурыздың аяқ кезінен бастап қойылады, көктем ұзаққа созылған жағдайда ағаштар орналастыру әрбір нақты жағдайда ауа райы жағдайларына байланысты белгіленетін аралық кезеңмен екі мәрте жүргізілуге тиіс.
     Аршаның жез қоңызына қарсы тосқауыл үйме мамыр-маусымда қойылады. Күн нұры жақсы қыздыратын жерлерде жарты метр мөлшерде ұсақталып кесілген ағаштар тастау өте тиімді.
     Қарағаш екпелерінде тосқауыл ағаштар қою қабық құртының түрлеріне байланысты: сәуірдің басында (шелқабық құрты болса), мамырдың ортасында, маусымның аяғында, тамыздың ортасында жүргізіледі, заболонник пен өзге де зиянкестер болған жағдайда тосқауыл ағаштар мамыр-маусымда қойылады.
     Емен екпелерінде жез қоңызға, емен заболоннигіне және басқа да зиянкестерге қарсы тосқауыл ағаштар мамыр-маусымда орналастырылады.
     Көктерек пен терек екпелерінде жез қоңызға және зиянкестердің кейбір түрлеріне қарсы тосқауыл ағаштар мамыр-шілдеде биологиясына байланысты қойылады.
     Шөлейт аймақтағы тоғайлы ормандар жағдайында тосқауыл ағаштардан басқа профилактика ретінде химикаттармен өңделетін тосқауыл үймелер түрінде кесінді қалдықтарын да орналастырған жөн.

  6. Бұталарды, өскіндерді және басқа
қажетсіз өсімдіктерді кесіп тастау

     27. Осы іс-шаралар бұталардың жекелеген түрлері мәдени ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен құнды ағаш тұқымдары үшін қауіпті организмдерді таратушы болып табылатын сүрекдіңдерде жүргізіледі.

     28. Орман қойнауына дейін 200 метр қашықтықтағы далалық жерлерге жапсарлас орман екпелерінде ауыл шаруашылығы мәдени дақылдарын зақымдайтын тотты шіріткіштің аралық иелері болып табылатын зерек пен іш жүргізетін қаражеміс өсуінің еш қажеті жоқ.

     29. Жекелеген жағдайларда сондай-ақ аралық иелер ретінде құнды тұқымар үшін қауіпті организмдердің өсіп-өнуіне ықпал ететін кейбір басқа да ағаш тұқымдары кесіп тасталады. Шыршаның тұқымдық екпелерінде індет ауруы - шырша бүрінің тотын таратушы болып табылатын мойыл міндетті түрде жойылуға тиіс.
     Шөлейт аймақтағы сексеуіл дақылдарында арамшөптердің, ең алдымен сексеуілдің кейбір зиянкестері көбеюі мүмкін алабота тұқымдастары өкілдерінің өсіп өнуіне жол берілмейді.

  7. Арнайы әдістерді қолдану

     30. Жоғарыда көрсетілген орман қорғау шараларымен, сондай-ақ санитарлық мақсатта іріктеп және жаппай кесумен ұштастыра отырып немесе оларға қарамастан орман қорғау жөніндегі мамандардың ұсыныстар бойынша және олардың бақылаумен осы Ереженің 10-тарауында баяндалған ұсыныстарға сәйкес орман мен орман материалдарын дің зиянкестерінен қорғаудың химиялық шаралары, алдамшы құралдар (ферромондық тұтқырлар, т.б.), ремиздер қалдыру, пайдалы организмдерді сақтау шаралары қолданылады.

     31. Дің зиянкестерінің ферромондарын пайдалану кезінде тиісті нұсқаулықтарды басшылыққа алу керек. Ферромондармен жәндіктерді аулау әр түрлі алдамшы заттар пайдаланып немесе ағаш кесуді ұштастыра отырып және тосқауыл ағаштармен (өсіп тұрған және кесілген) жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте барлық жағдайларда оларды аулау инсектицидтер қолданылып, механикалық жолмен (ағаштар қабығын аршу) не болмаса басқа тәсілдермен жүргізіледі.

     32. Құстар ұя басатын кезеңде көктемде және жаздың екінші жартысында, ең алдымен құрлардың ойнағы бар, жыртқыш құстар ұя басатын жерлерде орманда орман шаруашылығы және өзге де қызметті шектеу қажет.
     Орманда ағаш кесудің барлық түрі және өзге де жұмыстар кезінде құстар ұя салуы мүмкін орман қолтығын сақтау және олардың ұя салуына жәрдемдесудің басқа да шараларын қолдану керек.

     33. Ағаш кесудің барлық түрінде, кеспеағашты тазарту, орман қорғау шараларының барлық түрін жүргізу кезінде дің зиянкестерінің энтомофагтарын қорғау, сақтау және жәрдемдесу жөнінде шаралар қолданылады.
     Энтомофагтарды қорғау, сақтау және өсіп-көбеюіне жәрдемдесу жөніндегі негізгі шаралар:
     1) әлсіреген екпелердегі жыртқыш қабық құрттарының кешенін және пайда болған қабық құрттары ошақтарын сақтау және жасанды жолмен қоныстандыру. Қыстау кезеңінде құмырсқа жегіш қоңызды қабық топтарына қоныстандыру неғұрлым тиімді.
       2) көміртектілермен қоректену жағдайларын жақсарту жолымен қабық құртының өсіп-көбею ошақтарында қабық құрттары кешенінің паразиттерін сақтау және тарту, бұған дің зиянкестерінің ықтимал ошақтарында бір, екі және көп жылдық шырынды шөптер себу (ремиздер жасау) арқылы қол жеткізуге болады.
     3) ағаштарды химиялық жолмен өңдеу кезінде қабық құрты энтомофагтарын сақтау химиялық өңдеулердің, атап айтқанда көктемгі топ зиянкестері энтомофагтарының ұшып келуі алдындағы мерзімде өңдеудің жанама әсерлерін төмендету негізінде жүзеге асырылады. Химиялық өңдеулер негізінен профилактикалық мақсаттарда жүргізіледі;
     4) екпелерде энтомофагтардың мекендеу микростацияларын сақтауға әлсіреген екпелерде және қабық құрты ошақтарында іріктеп санитарлық мақсатта кесуді жүргізудің қабық құртының паразиттерімен залалданудың жоғары пайызы байқалған ағаштардың белгілі бір мөлшерін сақтауды қамтитын бірқатар ережелері мен мерзімдерін ұстану арқылы қол жеткізіледі. Сондай-ақ тамыз айынан бастап және одан кейін дің зиянкестері ошақтарында қабық құрты ұялаған қураған ағаштарды кесіп тастау және алдамшы ағаштар мен сорттылықтарды орналастыру шарасы қолданылады. Алдамшы құралдар қабық құрттың жыртқыш қоңыздарын бір жерге шоғырландыру үшін пайдаланылады және қолданыстағы ұсыныстарға сәйкес басқа да шаралар қолданылады;
     5) ағашы кесілген жерлерде қабық құрттың энтомафагтері мекендеуші шағын стансаларды сақтау қабық құрт кешенінде паразиттер мен жыртқыштарды өсіру үшін белгілі бір мөлшерде кеспе қалдықтарын, түбірлерді, шырпыларды және басқа ағаш дайындау қалдықтарын қалдыруға болады.
     Діңдік зиянкестердің энтомофагтерін сақтау, қорғау және өсіп-көбеюіне жәрдемдесу жөнінде аталған іс-шаралар орман қорғау жөніндегі мамандардың қатысуымен орман патологиялық тексеруден кейін жүргізіледі.

  8. Орман зиянкестері мен ауруларының
пайда болуы туралы ақпараттандыру

     34. Екпелер мен орман питомниктерінде зиянды жәндіктер, саңырауқұлақтар метеорологиялық факторлар немесе өзге де себептер тудыратын бүліну мен аурулар байқалған кезде, егер бұл екпелердің әлсіреуіне, біртіндеп немесе толық кебуіне немесе орман питомниктеріндегі екпелердің жойылып кетуіне қатер төндірсе, жоғары тұрған ұйымдарды орман зиянкестері мен ауруларының пайда болуы туралы хабарландыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

     35. Байқалған кезде ақпараттандыру жүргізілетін негізгі құбылыстар зиянды жәндіктер көбелектерінің айтарлықтай көбейіп кетуі, ағаштарға олардың жұмыртқа салуы, топырақта немесе ағаштарда құрттардың, личинкалардың немесе қуыршақ құрттардың пайда болуы; ағаштарда өрмекші ұяларының немесе жер бетінде құрттардың зат алмасу қалдықтарының жиналуы; қылқандар мен жапырақтардың көп желінуі, ағаштардың кеуіп қалуы, өсіп тұрған ағаштар діңдерін зиянды жәндіктердің (қабық жегіштер, мұртты құрттар және басқалар) соңғы кезде бүлдіруі: діңдерді, өскіндерді, өркендерді, қабықты және тамырларды кеміру, қылқандар мен жапырақтардың жаппай сарғайып кетуі немесе мезгілсіз түсіп қалуы болып табылады.

     36. Орманшы (инспектор) орман қорының оған бекіткендері шегінде орман зиянкестері мен қауіпті ауруларының пайда болуына бақылау жасайды және қандайда бір құбылыс байқалған жағдайда ол туралы орман мастеріне шұғыл түрде хабарлайды (ауызша немесе жазбаша).
     Орман пайдаланушылар (пайдалану мерзіміне байланысты) байқалған зиянкестер мен аурулар туралы орманшыға (инспекторға), орман мастеріне немесе тікелей орман күзетшісіне хабарлаулары тиіс.
     Орман мастері орманшыдан (инспектордан) немесе орман пайдаланушыдан хабарламаны алғаннан кейін бүлінген учаскенің жай-күйін шұғыл түрде тексеріп, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жерден белгі беру парағын толтырады және оны орманшылыққа жібереді.

     37. Орманшы жерден белгі беру парағын алғаннан кейін үш күндік мерзімде бүлінген учаскені тексереді, бүліну сипаты мен дәрежесін белгілейді, мүмкіндігінше зиянкестің немесе ауруды қоздырушының түрін анықтайды.
     Бүлінген учаскелерді қарау деректері осы ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарау актісіне енгізіледі. Бүлінген учаскені қарау актісі екі данада жасалады: біреуі мемлекеттік орман қорының осы учаскесі қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қосқандағы орман шаруашылығын жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - орман мекемесі) басшыларына жерден белгі беру парағы қоса тіркеліп шұғыл түрде жіберіледі, екіншісі орманшылықта қалдырылады.

     38. Орман мекемелері бүлінген учаскені қарау актін алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес өзінен жоғары тұрған ұйымдарға іс-шаралар өткізуге қажетті байқалғандарды көрсете отырып зиянкестер мен аурулардың пайда болуы немесе орманның кебуі әрі бүлінуі туралы жедел хабарлама жібереді.

     39. Жеке меншік орман иеленушілер жеке меншік орман қоры аумағында зиянды жәндіктер мен, саңырауқұлақтармен, метрологиялық факторлармен немесе өзге де себептермен пайда болған бүлінулер мен ауруларды байқағаннан кейін осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес өзінен уәкілетті органның аумақтық органдарына іс-шаралар өткізуге қажетті байқалғандарды көрсете отырып зиянкестер мен аурулардың пайда болуы немесе орманның кебуі әрі бүлінуі туралы жедел хабарлама жібереді.
     Орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және ағаш өсіру саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын органдар жедел хабарламаның деректерін алдағы жылға арналған орман қорғаныштық іс-шараларды жоспарлау кезінде қолданады және қажет болған жағдайда орман мекемелеріне байқалған ошақтарды жою жөніндегі қажетті іс-шараларды ұйымдастыру және оны өткізу техникасы бойынша тапсырма немесе түсінік береді.

  9. Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына
орман патологиялық қадағалауын ұйымдастыру

     40. Орман патологиялық мониторингтің бір бөлігі болып табылатын орман патологиялық қадағалау оны өткізу міндеттері мен әдістеріне байланысты барлаушылық және толық болып бөлінеді.
     Барлаушылық қадағалаудың мақсаты - осы ауданның жағдайына қауіпті зиянды орман жәндіктері мен аурулардың пайда болу ошақтарын дер кезінде анықтау, екпелерге төнген қауіпті көзбен бағалау және осы ошақтардың жай-күйіне бақылауды қамтамасыз ету. Барлаушылық қадағалау орман мастерлеріне немесе орманшылардың көмекшілеріне жүктеледі және орманшылардың басшылығымен жүргізіледі. Мұндай қадағалауға жалпы техникалық басшылықты орман патолог-инженері жүзеге асырады. Қадағалау орман мекемесі директоры бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда учаскелердің нөмірі, қадағалауға жатқызылған зиянкестердің немесе аурулардың атауы, қадағалаудың байқалған тәсілдері мен мерзімдері көрсетіледі, сондай-ақ екпелерді қадағалау үшін бөлінген сипаттама келтіріледі.
     Толық қадағалау мақсаты - қадағалауға жатқызылған зиянды орман жәндіктері түрлерінің санының ауытқуын анықтау, мүмкіндігінше осы ауытқулардың себептерін анықтау және алынған деректер негізінде олардың жаппай таралуының дамуына қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар әзірлеу.
     Толық қадағалауды мемлекеттік орман қоры қарауындағы мемлекеттік органдар бекіткен жоспарларға сәйкес орман күзету жөніндегі мамандар жүргізеді.

     41. Барлаушылық қадағалау зиянды орман жәндіктері ошақтарының пайда болуына тән екпелерге арнайы таңдалған учаскелерде немесе осындай екпелер қыйылысатын арнайы мартшруттық жолдар бойынша тексеру жолымен жүзеге асырылады.
     Қадағалау зиянды орман жәндіктерінің барын білдіретін неғұрлым тән белгілер бойынша жүргізіледі.
     Орман күзету жөніндегі мамандар барлаушылық қадағалауды орындаушыларға нұсқау береді.

     42. Толық қадағалау кезінде қызмет көрсетілетін орман мекемелерінде орман күзету жөніндегі мамандар зиянкестердің әрбір түрі үшін бірнеше учаскелерді таңдайды, ол зиянкестердің биологиясы ескеріле отырып белгіленген мерзімдерде жылына екі рет тексеріледі. Қылқан және жапырақ кеміргіш жәндіктерді қадағалау кезінде жыл сайын зиянкестерді есепке алу қысқы фазада оның дамуы болжамдарды әзірлеу кезінде (қуыршақ құрттар, жұмыртқалар салмағы, салынған жұмыртқалар мен ұялардың мөлшері мен салмағы, зиянкестің еркегі мен ұрғашысының арасалмағы, олардың паразиттері мен ауруларының болуы) пайдаланылатын көбеюдің сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтай отырып жүргізіледі.
     Болжам бойынша зиянкестердің қандайда бір түрлерінің жаппай көбеюі күтілген жағдайларда осы учаскелер үшін белгіленген толық қадағалау барлық орман алқабы жетік тексеріле отырып зиянкестердің көбеюі болжанған ауданда толықтырылады.

     43. Жеке меншік орман қоры аумағында орман патологиялық қадағалауды жүргізу жеке меншік орман иеленушіге жүктеледі.

  10. Орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын
есепке алу және олардың алдын алу және жою жөніндегі
іс-шараларды жоспарлау

     44. Орманның қауіпті зиянкестері мен ауруларының орын алған ошақтарын есепке алу және оларға қарсы жүргізілген күрес нәтижелерінде жойылған және табиғи факторлардың әсерінен өшкен ошақтарды дер кезінде есептен шығару мақсатында жыл сайын күзде ошақтарды түгелдеу жүргізілуі тиіс.
     Орман мекемесі басшысының бұйрығымен түгелдеу жүргізу директордың орынбасары, орман күзету жөніндегі маман және орман күзетшісі құрамындағы комиссияға жүктеледі.

     45. Түгелдеуді жүргізу кезінде өткен жылдағы ошақтардың бар-жоғы туралы деректер, қадағалау материалдары мен орман патологиялық зерттеулердің материалдары пайдаланылады.
     Ошақтардың шекаралары мен алаңдары түгелдеу кезінде нақтыланады.

     46. Қылқан жапырақты және жапырақ кеміргіш зиянкестердің ошақтары түгелдеу кезінде зиянкестердің түрі бойынша нақтыланады.
     Екпелердің шоғырлануы кезінде қылқан жапырақты және жапырақ кеміргіш зиянкестердің бірнеше түрлерімен бір уақытта залалданған екпелердің алаңы кешенді ошақ ретінде көрсетіледі. Бұл орайда зиянкестің басымды түрі көрсетіледі, сондай-ақ егер екпелердің олармен шоғырлану деңгейі жеке сипат алмайтын болса зиянды жәндіктердің басқа да түрлерінің тізбесі келтіріледі.
     Кез-келген фазада қылқан жапырақты және жапырақ кеміргіш жәндіктер шоғырланған орман учаскелері (орман алқаптары) жатады, олар екпелерді бүлдіретін немесе болашақта оларға бүлдіру қаупін туғызатын болса есепке алуға жатады.

     47. Діңдік зиянкестердің ошақтары мынадай ағаш тұқымдары бойынша есептеледі: қарағай, шырша, майқарағай, самырсын, балқарағай, емен.
     Әрбір тұқым бойынша зиянкестердің негізгі топтары (қабық жегіштер, мұртты құрттар, шелқабық құрты, желқоңыз) көрсетіледі.
     Жапырақты тұқым зиянкестерінің ошақтары (еменнен басқа) зиянкестердің орман шаруашылығы үшін қауіпті болатын жерлерде ғана есептеледі.

     48. Саңырауқұлақ ауруларының ошақтары олардың түрлері бойынша аурулардың таралуының шұбар немесе топтық сипатында есептеледі. Аурулардың осындай таралуы белгіленген екпелердің барлық учаскесі ошақ болып саналады.

     49. Түгелдеу нәтижесінде әрбір орман мекемесі бойынша орманшылық бөлінісінде орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының жиынтық ведомосі жасалады. Ведомосте жылдың басында болған, ағымдағы жылда қайтадан пайда болған жүргізілген күрес шаралары нәтижесінде жойылған, табиғи факторлардың әсерінен өшкен ошақтардың алаңдары мен күрес шараларын талап ететін жыл аяғында қалған ошақтардың алаңдары көрсетіледі.
     Ошақтарды түгелдеу ведомосін орман мекемесі жоғары тұрған ұйымдарға уәкілетті орган анықтаған мерзімде ұсынады.

     50. Орман күзету жөніндегі мамандар (орманды қорғау және күзету жөніндегі инженерлер) ошақтарды түгелдеу деректері қайтадан пайда болған ошақтар туралы жедел хабарлама негізінде орман мекемесі бойынша орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының динамикасын арнайы есепке алу кітабын жүргізеді.
     Толық қадағалау материалдарымен бірге жыл сайын 15 қарашаға жоғары тұрған ұйымдарға өткен жылға арналған орман мекемесі бойынша орман зиянкестері мен ауруларының таралуына шолулар мен алдағы жылға арналған зиянды орман жәндіктері ошақтарының даму динамикасына болжамдар ұсынылады.
     Авиахимкүресті жобалау кезінде аса маңызды болжамның негіздемесі үшін орман патолог-инженер немесе орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі маман қысқы даму фазасына зиянкестердің тіршілік қабілетіне талдау жүргізеді.

     51. Орман мекемелері орман патолог-инженерлер, орманды қорғау және күзету инженерлері ұсынған орман патологиялық қадағалау материалдары, шолулар мен болжамдар негізінде өткен жыл үшін орман зиянкестері мен ауруларының таралуына шолулар мен алдағы жылға арналған зиянды орман жәндіктерінің таралуына тұтастай облыстар бойынша болжам жасайды және оларды уәкілетті органға оларға белгіленген мерзімде ұсынады.

     52. Уәкілетті орган орман зиянкестері мен ауруларының таралуы мен көбеюіне шолулар мен болжамдар деректері негізінде ормандардың санитарлық және орман патологиялық жай-күйі туралы жиынтық материалдар дайындайды, сондай-ақ орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі алдын алу және басқа да іс-шаралардың жоспарларын әзірлейді, оның негізінде орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын алдын алу және оларды жоюдың техникалық-экономикалық негіздемелері (жобалары) әзірленеді.

     53. Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиациялық жұмыстар Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетінің 1996 жылғы 4 маусымдағы N 57 бұйрығымен бекітілген және Әуе көлігі департаментімен келісілген (30.05.1996 жылы. N 267 хаты) Ормандарды авиациялық күзету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

  11. Зиянкестермен күрес жөніндегі іс-шаралар

     54. Алдын алу іс-шаралары және орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын жоюға бағытталған іс-шараларды орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар қамтамасыз етеді.

     55. Мемлекеттік орман қоры аумағында аса қауіпті орман зиянкестерінің ошақтарын алдын алуды және оларды жоюды осы учаске оның қарауына жататын орман мекемесінің көмегімен және оның басшылығымен орман пайдаланушы қамтамасыз етеді.

  12. Діңдік зиянкестерден химиялық қорғалу

     56. Діңдік зиянкестердің бүлдіруінен қорғау мақсатында, егер шаралармен құралдар мүмкін болмаған және тиімсіз жағдайда қыстың жылы кезеңінде ормандағы қоймалар мен тиеу пункттерінде сақталған кезде қабықталмаған ағаш материалдары мен шыбықтарды, химиялық жолмен бүрку әдісі қолданылады.

     57. Бүрку тәсілімен химиялық бүркуге қылқан және жапырақты тұқымдақтардың қабықталмаған жұмыр ағаш материалдары мен жас шыбықтар-қарағай, шырша, майқарағай, самырсын, балқарағай, емен, қарағаш, шаған және басқа орман құраушы қасиеті жағынан жәндіктердің бүлдіруіне төзбейтін құнды ағаштар тұқымдықтары өңделеді, (төзімділігі II сынып, ГОСТ 9014.0-75 бойынша жұмыр ағаш материалдары. Сақтау жалпы талаптары) өйткені бұл ағаштарды құрттың жеуін шектеу керек.

     58. Химиялық қорғау тәсілімен бүрку ісі барлық типтегі Қоймаларда, жағадағыдан басқа, барлық климаттық аймақтарда қолданылады. Қоймаларды жоспарлау және текшелей үю ГОСТ 9014.0-75 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

     59. Су қоймалары, ауызсу, балық шаруашылық және ауылшаруашылық маңызы бар су көздеріне жақын жердегі сүректерді химиялық қорғауды жүргізу тасқын сулар көп жиналатын жерлер шекарасынан кемінде 500 метр, бірақ жағадан 2 шақырым мөлшерінде жақын болмауы керек.

     60. Күз-қыс кезеңінде дайындалған жұмыр ағаш материалдары мен жас шыбықтарды химиялық қорғау ісі қысқа мерзімде, жылы кезең басталар алдында, жылылық цельсия бойынша плюс 5 градус болатын тәуліктік орташа температура тұрақтылығы жағдайында жүргізіледі, өйткені фенологиялық топтағы діңдік зиянкестер осы кезде ұша бастайды.
     Бағдар алу үшін мына жайға назар аудару керек: күзде-қыста дайындалған қарағай сүректерін кеспеген аудандар сәуірдің бірінші жартысынан кешіктірмей бүркуі қажет, ал тек көктем ұзаққа созылғанда солтүстік аудандарда сәуірдің соңғы онкүндігінде жүргізіледі.
     Шырша сүректерін тиісінше екі апта кейінірек, яғни сәуірдің екінші - мамырдың бірінші жартысында, самырсын, 15-25 мамырдан кешіктірмей;
     балқарағай сүректерін - мамырдың бірінші жартысында;
     еменнің сүректерін - мамырдың бірінші жартысында, ал еменнің қызыл мұртты қоңызы болған жағдайда 15-20 сәуірден кешіктірмей;
     қарағаш тұқымдары сүректерін сәуірдің соңынан қалдырмай, ал шелқабық құрты көп болған кезде 10-15 сәуірден кешіктірмей;
     шағанның сүректерін - 15-20 сәуірден кешіктірмей бүркіп өңдеу керек.
     Аймақтардың ауа-райы мен климат жағдайларына қарай сүректерді химиялық қорғаудың басталу мерзімдері өзгеруі мүмкін, ол жергілікті жерлерде белгіленеді; орман қорғау шараларын жедел жүргізудің көрсеткіштері-діңдік зиянкестердің көріне бастауы, ағаш материалдары қабығы үстінен, ең алдымен ағаш текшелеп үйілген күн қызуы жақсы қыздыратын жерлерде зиянкестердің тіріле бастағаны, әсіресе ағаштан қоңыр ұнның көптерінде басты белгі болып табылады.

     61. Көктемгі-жазғы кезінде дайындалған жұмыр ағаш материалдары мен жас шыбықтарды, осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес оларды қабықталмаған және нендейде тәсілмен қорғалмаған жағдайда орманда сақтауға тыйым салынады, жоғары қоймаларда және тиеу пункттерінде олар екі тәуліктен кешіктірмей өңделеді, ал төменгі қоймаларда - осы Ережелердің 68-тармағында көзделген жағдайдан басқа кезде олар дайындалып, іле текшелеп үйілген кезде 3 тәулік ішінде өңделеді.

     62. Сүректерді химиялық тәсілмен қорғау үшін "Орман және ауыл шаруашылықтарында зиянкестер мен аурулармен күресте қолдануға рұқсат етілген химиялық және биологиялық құралдардың тізімі бойынша көзделген инсектицидтерді бүркуге болады. Инсектицидтермен жұмыста ерітіндінің қоюлығын, оларды жұмсауды және өңдеу кезіндегі қорғаныштық технологиясын анықтау кезінде нұсқаулық материалдар басшылыққа алынады.

     63. Тұтынушылардың талабы бойынша тамақ ыдыстарын, биохимиялық және гидролиздік өнімді шығаруға арналған жұмыр ағаш материалдарын, химиялық қорғау материалдарын өндіріс арқылы шығаруға болады. Мұндай жағдайда осы ережелердің 13-тарауында көрсетілген сүректерді қорғаудың химиялық емес шараларымен шектеледі.

     64. Халыққа сатуға арналған отындық сүріктерді қорғау қажет болған жағдайда адамдарға және жылы қанды жануарларға уландыру әсері аз инсектицидтер пайдаланылады. Сүрек отындағы (шөркелер) текшелерге тығыздала үйілгеннен кейін бүркіледі.

     65. Жұмыр материалдарға ұялаған зиянкестерді химиялық тәсілмен құрту үшін өңдеу, жәндіктерді жою мақсатымен ағаштарды қабықтау орнына бүрку тәсілі қолданылады.
     Зиянкестердің ағаштарды ұялай бастаған кезінде олар ұялаған ағаштарды санитарлық кесу кезінде, дайындалған жұмыр ағаш материалдары, сол тәрізді өзге ағаш материалдары инсектицидтерді бүркіп өңдеуге жатқызылады. Зиянкестер ұялаған сүректер мұқият сұрыпталуға тиіс, олар зиянкестер ұялаған ағаштардан бөлек өңделеді.

     66. Зиянкестер ұялаған сүректерді химиялық қорғау зиянды жәндіктердің жас ұрпағы ағаштың қабығы астынан ұшып кеткеннен кейін жүргізіледі. Өңдеу мерзімі зиянкестердің өсіп-жетілуін жүйелі түрде байқауды іске асыру жолымен белгіленеді. Қабық құрты ұялаған ағаш материалдары қоңыздардың жаппай қуыршақтану және алғашқы әлсіз бояулы, қоңыздардың байқала бастаған кезінде өңделуге тиіс. Мұртты және жезқоңыздар ұялаған жағдайда - ағаштарды өңдеу қоңыздардың жас ұрпағының ұшуы басталар алдында, олардың негізгі тобының үрдіс түрде бояулана бастаған, бірақ ұшуы әлі бастала қоймаған кезде жүргізіледі.

     67. Зиянкестер ұялаған сүректерді өңдеу кезінде осы Ереженің 59-тармағында ұсынылған ағаш материалдарын қорғаныштық өңдеу кезінде препараттар қолданылады.

     68. "Қурап тұрған" санатына қатысты ағаштардан дайындалған ағаш материалдары діңдік қауіпті зиянкестер толық әлсіреткен ағаштар химиялық өңдеуге жатқызылмайды.

     69. Химиялық бүркуден өткен тосқауыл ағаштарды, оның ішінде феромондармен бір тұтастықта пайдаланылғанда, оларды ұялаған жәндіктердің жекелеген топтарының тұрақтылығын ескеріп қолданылатын инсектицидтер және олардың ерітіндісі ағаш материалдарын қорғау жағдайындағыдай болады (осы Ереженің 45-тармағы).

     70. Тамыр тұрпаты бойынша әлсіреген, ерекше құнды ағаштарды химиялық қорғау діңнің биіктігі 3-4 метр бөлігіне бүрку жолымен жүргізіледі, ал ағаштың төбесі тұрпатында ағаштардың тамыры өңделеді. Қорғаныштық өңдеу мерзімі - көктем, зиянды жәндіктердің ұшуына дейін. Әлсіреген ағаштарды қорғау үшін осы Ережелердің 62-тармағында ұсынылған препараттар пайдаланылады.

     71. Теректерді мөлдір қанатты көбелектен, мұртты қоңыздан, жасырын тұмсық құрттан химиялық қорғау ағаштар мен түбірлерді өсімдіктердің ішіне әсер ететін препарат-фосфамид, РОГАР, БИ-58 немесе қолданыстағы заттардың 0,5-1 пайыздық анито әдісімен құрттардың туған шағында және олар сүректің қабығының үстіңгі бетімен тамақтанатын кезінде жүргізіледі.
     Мұртты құрт зақымдаған талды да қорғау осындай әдіспен жүзеге асырылады.

     72. Сүрек сорғыш және ағаш тескіш құрттармен күресте инсектицид жүйесіне енетін (антио, БИ-58) 0,2-0,5% ертіндісімен бүрку ұсынылады. Бүркудің қолайлы мерзімі - шілде-тамыз.

     73. Су арқылы ағызылатын сүректерді химиялық қорғауға тыйым салынады.

  13. Сүректерді орманда, қоймаларда,
тиеу пункттерінде сақтау тәсілдері

     74. Орманнан кемінде 2 километр қашықтықта қоймаларда және тиеу пункттерінде көктем-жазғы кезеңге қалдырылған қабықталмаған жұмыр ағаш материалдары мен жас шыбықтарды жарылудан, діңдік зиянкестер мен саңырауқұлақтардан қорғау мақсатында дымқыл тәсілмен сақтауды (ГОСТ 9014,0-75 Жұмыр ағаш материалдары. Сақтау. Жалпы талаптар) қолдану ұсынылады.

     75. Кәсіпорындардың төменгі және жоғарғы қоймаларын жоспарлау, жұмыр ағаш материалдарын текшелеп үю ГОСТ 9014.0-75. Бойынша, өзгерістері: N 1-11.12.87 N 3978 және N 2-20.01.78. N 79 талабында жүргізіледі.

     76. Әрбір текшелер үшін бөрене төсеп тұғыр жасалуы керек. Дымқыл жағдайда сақтау кезінде текше тұғырының жер бетінен биіктігі кемінде 15 сантиметр, құрғақтай сақтауда кемінде 25 сантиметр болуға тиіс. Топырағы әлсіз жерде бөрене астына төмен сортты бөренелерден жалпақ төсеніш жасалуы керек. Төсеніш бөренелер мен төсеніш үшін жәндіктер мен саңырауқұлақпен зақымданбаған жұмыр ағаш материалдары іріктеп алынады.

     77. Текшелердің мөлшері тиеу-түсіруге пайдаланылатын құралдардың техникалық мүмкіндіктеріне және дайындалған сүректің көлеміне қарай анықталады, ал текшелердің биіктігі жоғарғы қоймаларда және тиеу пункттерінде кемінде 1,5 метр, ал төменгі қоймаларда және кәсіпорындар қоймаларында кемінде 3 метр болуға тиіс.

     78. Сақтаудың дымқыл тәсілі тақтай тілуге, аршуға, сүргілеуге, сол сияқты ұзындарын кеніш тіреулерімен баланстар жасауға арналған жұмыр ағаш материалдары үшін қолданылады.

     79. Дымқыл тәсіл жұмыр ағаш материалдарының, ұзындары мен жас шыбықтарының қабығын сақтау және қосымша қорғау шараларын қолдану, химиялық өңдеу, көлеңкелеу, жаңбырлату, тоғыту, ағаш материалдарының кесінділерін дымқылдықтан қорғайтын және дымқылдықтан қорғайтын-антисептикалық заттармен майлау жолымен күзде-қыста және көктемде-жазда дайындалған сүректерді сақтауды көздейді.

     80. Қоймаларда жұмыр ағаш материалдарын, ұзындарын және шыбықтарын тығыздап (астына төсеніш қоймай), немесе тығыздай-қатарластыра (көпқатарлы ағаш материалдары аралығына көлденең орналастырады) немесе топты текшелей (тығыз-қатар етіп ағаш материалдарының әрбір жекелеген қатар аралығына көлбете төсеу) орналастыру әдісі қолданылады.

     81. Күзгі-қысқы дайындау жағдайында жұмыр ағаш материалдарын, ұзындарын, шыбықтарын текшеге төсеу және жарылудан, жәндіктер қосымша шараларын қолдану жылылық маусымы басталғанға дейін, цельсия бойынша тәуліктік орташа температура плюс +5 градустық тұрақтылық болғанда жүзеге асырылады.

     82. Көктемгі-жазғы дайындау жағдайында жұмыр ағаш материалдарын, ұзындарын, шыбықтарын текшелей жинау және қорғаныштық шаралар қолдану жоғарғы қоймаларда ағаш құлатылғаннан кейін 2 тәуліктен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

     83. Тайга аймағында жапырақты, аралас және қылқанды екпеағаштарда (таза қарағайдан басқа) ағаш кесу жұмыстарында көктемгі-күзгі кезеңде ағашты құлату-текшелеуші мәшинелерді қолданған жағдайда кеспе ағаштарда сүректерді дайындау мен сақтауда ағаштарды жекелей құлату, сүйреп шығару, оларды 6 апталық мерзімге дейін қалың жаппа астында сақталатын күйде текшелеу әдісін қолдануға, кейін (сүйреп шығарудан кейін) шыбықтармен ағаштарды кішігірім текшелерде ағаш тасылатын жолдар жиегінде төменгі қоймаға немесе кәсіпорынның өзен жағасындағы қоймасына тасып әкеткенге дейін сақтауға мүмкіндік жасайтын тәсілді қолдануға жол беріледі.
     Осындай жағдайда ағаштарды құлату мен сүйреп шығару арасында үзіліс жоқ жағдайда сүректерді қорғаудың қосымша шараларын қолданбай-ақ кеспеағаштарда сүректерді төменгі қоймаға тасып әкету сәтіне дейін, ағаш тасу жолдары бойында ағаштарды тығыз жабатын текшелерде сақтауға жол беріледі.

     84. Жұмыр ағаш материалдарын ұзындары мен шыбықтарын, діңдік зиянкестердің зақымдауына шыдай алмайтын ағаш тұқымдықтарын химиялық қорғау осы ережелердің 10-тарауына сәйкес жүзеге асырылады (ГОСТ 9014,0-75 бойынша).

     85. Жұмыр ағаш материалдарын ұзындары мен шыбықтарын көлеңкелеу оларды кесінді қалдықтарымен (жапырақты бұталар) немесе қалқан жабу жолымен жүзеге асырылады.
     Көлеңкелеу:
     жапырақты тұқымдықтың ағаш материалдарын жарылудан, жәндіктер мен саңырауқұлақтардың зақымдауына қарсы қорғаныш шара ретінде;
     күн сәулелерінен инсектицидтерді қорғау үшін;
     сүректі қорғаныштық өңдеу үшін инсектицидтерді қолдануға тыйым салу жағдайында қолданылады.

     86. Дымқыл тәсілмен сақтау жағдайында жұмыр ағаш материалдары кесінділерін жабуға (Ағаш материалдары. Ылғалдан қорғау және ылғалдан қорғау-антисептикалық жамылғымен қорғау. ГОСТ 9014.0-75 бойынша) барлық климаттық аймақтарда тек қана жапырақты тұқымдықтар сүрегіне қатысты жүзеге асырылады.
     Қайыңның, еменнің, қарағаштың, үйеңкінің, қанды ағаштың, көктеректің, теректің және шағанның, жарылуға немесе саңырауқұлақтың зақымдауына төзе алмайтын жұмыр ағаш материалдарын 3 айға дейін сақтау кезінде кесінділерді ылғалдан қорғайтын жамылғымен жабады.
     Еменнің, қарағаштың, үйеңкінің және шағанның жарылуға төзімсіз жұмыр ағаш материалдарын жылы кезеңнің бүкіл бойында сақтаған жағдайда ылғалдан қорғайтын жамылғы, ал зиянкестердің зақымдауына төзгісіз (қайың, жөкенің, қандыағаш, терек, көктерек) ылғалдан қорғайтын-антисептикалық жамылғы қолданылады.
     Текшеге үйілген жұмыр ағаш материалдарының кесінділерін өңдеу үшін барлық тұсына жамылғы пайдалану жөн, ал жекелей жатқан шыбықтарды өңдеуде, қабықты сыдыру және ірі бұтақтарды кесетін жерлерде қолданылады.
     Ылғалдан қорғау ретіндегі зат карбафен-II, бакелиты лагы, ПК-15, ПМК-15, мұнай битум маркалы-3, шайыр көбігі, қарағайдың немесе газдандырылған шайыр, құрғақтай қыздырылған шайыр, ал ылғалдан қорғау антисептикалық заттар ретінде-карбофен-16, ПКФ-V-12, карбофен-II, бекелит лагы қолданылады.
     Ағаш материалдары кесінділерін жамылғылау тәсілі майлау, сонда қауіпсіздік талаптарын берік сақтау керек, ГОСТ-9014.0-75 бойынша орындалады.

     87. Сүректі жаңбырлау ГОСТ-9014.0-75 бойынша "Жұмыр орман материалдары. Сақтау. Жаңбырлатып қорғаумен жүзеге асырылады".
     Жаңбырлату жылдың жылы кезеңінде (цельсия бойынша тәуліктік орташа температура плюс +5 градус болғанда) жүргізіледі. Суару тәртібі ГОСТ 9014.I-79 бойынша жүргізіледі.

     88. Жұмыр ағаш материалдарын суға батыру 9014.0-75 ГОСТ бойынша арнайы суаттарда, бассейндерде жүргізіледі. Ол ағаштарды ұзақ мерзім бойы сақтау; (жылы кезеңде), төменгі қоймаларда және кәсіпорынның қоймаларында қылқанды, жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары жәндіктер мен саңырауқұлақтардың зақымдауына төзбейтіндер үшін жүзеге асырылады.

     89. Сақтаудың құрғақ тәсілі ағаш материалдарын жұмыр түрінде (құрылыс, мачта, гидроқұрылыс, бөрене, кеніш тіреу, баланстар) пайдалану үшін қолданылады.

     90. Сақтаудың құрғақ тәсілі қабықтау, қатарлап үю, ағаш материалдарын жарылудан (ыстау, суға батыру, кесінділерді ылғалдан қорғау үшін майлау) сақтау және қорғаудың қосымша шараларын қолдануды көздейді.

     91. Қылқанды тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары бақылау мерзімінде (осы ережелердің 12 қосымша шелқабықты сыдыруда қажет).
     Жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары үшін (емен, қарағаш, шаған) шелқабықты немесе қатты қабыққа дақ сала, яғни үздіксіз айғыздау (басқа жапырақты тұқымдықтар үшін).

     92. Қылқанды, жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдарын қатарланған текшелерде сақтайды, онда ағаш материалдарының арасы бір-бірінен көлденең төсеніштермен бөлінген.
     Қысқа мөлшері ағаш материалдары (баланстар), кеніш тіреулері клеткалы текшеге қатарлана жиналады немесе сиретілген текше топтарына, цилиндрлі пакеттерден құрылған, байлау арқылы қалыптасқан (трос, сым). Қысқа мөлшерлі ағаш материалдарын тығыздатылған шөркелерге жинауға болады.

     93. Сумен ағызуға арналған жапырақты тұқымдықтардың жұмыр ағаш материалдары жоғарғы және төменгі қоймаларда сақталған кезде алдын-ала ысталады, яғни желегі арқылы жастай кесілген діңді құрғату, ағаштарды құлату мен бұтақтарды отау арасында 10-15 тәулікте жылдың жылы кезеңінде жүргізіледі. Бұл кезде материалдарға діңдік зиянкестер ұялауы мүмкін, сондықтан оларды сүректі қабықтау мен текшелеп жинау алдында құрту керек.

     94. Жарылуға төзімсіз самырсынның жұмыр ағаш материалдарының кесінділері ылғалдан қорғайтын заттармен майланады (9014.2-79 ГОСТ бойынша).

     95. Қайыңның, көктеректің, қандыағаштың, үйеңкінің, теректің жарылуға берік жұмыр материалдарын қоймалардың барлық тұрпатында кесінді қалдықтарымен немесе қалқандармен көлеңкелейді.
     Еменнің, үйеңкінің, шағанның жарылуға төзбейтін жұмыр ағаш материалдарының кесінділері (9014.2-79 ГОСТ бойынша) ылғалдан қорғау заттарымен майлау қоймалардың барлық түрінде жүргізіледі.

  14. Ағаш кесу кезіндегі санитарлық талаптар

     96. Басты мақсаттағы кесуді жүргізу кезінде бірінші кезекте кесу өрттер зақымдаған, желсұлатқан, қар омырған, орман зиянкестері мен аурулары басқа да қолайсыз факторлар әсерінен бүлінген екпелерде белгіленеді.

     97. Іріктеп және біртіндеп кесу кезінде бірінші кезекте кесуге діңі, тамыр табаны, ірі бұтақтардың төбесі және бүкіл желегі бүлінген және солып қалған, діңдік зиянкестер ұялаған немесе істен шыққан және аурулар зақымдаған ағаштар жатқызылады.

     98. Күтіп-баптау кесуі кезінде бірінші кезекте діңдік зиянкестер ұялаған, аурулар зақымдаған, жел, қар бүлдірген, өсуі мешеулеген, қалжыраған, қурай бастаған, қурап тұрған, төбесі қураған, иілген және механикалық жағынан бүлінген (осылған, қуарған-ойылған, төбелері сынған) ағаштар жатады.
     Шығыстың мамыр айындағы зауза қоңызы сан жағынан көп болатын аудандарда құрылған қарағайдың ұйысқан өсімдіктерінің және қарағай түбірінің қандаласы жағдайында тазарту мен сирету ісін өсімдіктердің толымын 0,7 кемітпей, бұл орайда жапырақты тұқымдықтардың қоспасын (құрамы бойынша 2-3 бірлік ) және орман қолтығын сақтай отырып қажетті жағдайда ағаш тасу соқпақтарын пайдалану негізінде селективтік және желілі-селективтік әдіс бойынша жүргізіледі.
     25 жасқа дейінгі қарағай өсімдіктерінің түбір қандаласы ошақтарында күтіп-баптау кесуін жүргізуге болмайды. Түбір қандаласы ошақтарына жақын орналасқан табиғи жағынан ұйысқан жас шыбықтарда күтіп-баптау кесуін жүргізу кезінде сүректердің толымы 0,8-ден кемімеуі керек.
     Қарағай өсімдіктерін 3-5 сыныпты бонитетінде кесуді желілік тәсілмен жүргізгенде толымдылық 0,9, қатарлар аралығының ені 2 метрден кем болмауға тиіс, оларды шығыстың және қарағай түбірі қандаласы жағдайында кесуге тыйым салынады.
     Толымы төмен қарағайдың жас қабықтарында өте күшті әлсіреген және қурай басталған ағаштар саны 30 проценттен артса, ал желектердің тұтасуы 0,4 аспаса немесе кезкелген тұтасу жағдайында, аталған категориядағы ағаштар саны 50 процент болса, екпелерді жаппай кесу арқылы қайта құру белгіленеді және ағаштар тасылып алынады немесе жағып жіберіледі.
     Түбір губкасы мен саңырауқұлақ зақымдаған қылқан жапырақты күтіп-баптау кесуі күзгі-қысқы кезеңде (қарашадан сәуірге дейін) саңырауқұлақтың табиғи таралуы болмайтын шақта жүргізіледі.

     99. Өсетін жерінің жағдайларына, кесінді қалдықтарын сату мүмкіндігіне, ағаш дайындау мен орманды қалпына келтіру жұмыстарының технологиясына байланысты және басқа факторларға қатысты ағашы кесілген жерлерді тазартуға мынадай тәсілдер белгіленеді:
     кесінді қалдықтары жал етіліп үйіледі;
     үймеге, жалға жиналған қалдықтар кейін отын немесе ұқсату ретінде пайдаланылады;
     кесінді үйінділері мен жалы жиналған жерінде шірітуге қалдырылады;
     ағашы кесілген алаңда ұсақталған кесінді қалдықтары (ұзындығы 1 метрден аспайтын) жер үстіне шашып тасталады;
     үйіндіге, жалға жиналған кесінді қалдықтары кеспеағаш алаңында, алаңқайда, бос жерде, сол сияқты саңлаулы жерлерде өрт қауіпі жоқ кезеңде жағып жіберіледі.
     Ағашы кесілген жерлерді тазарту тәсілі әрбір жекелеген жағдайда ағаш кесу билетінде көрсетіледі.
     Ағаш кесудің барлық тәсілдері кезінде ағаш дайындаушылар кеспе ағашта кесуге жатқызылмаған өскіндер мен басқа да ағаштарды бүлінуден сақтауды қамтамасыз ете отырып, кеспеағашты тазартуды ағаш кесумен бір мезгілде жүргізуге міндетті.

     100. Қысқы кесуден кейін, көктемде ағаш дайындаушылар тазартудың белгіленген тәсіліне сәйкес ағашы кесілген орындарды толық тазартуды жүргізуге міндетті. Табиғи түлеп өсуге арналған кеспеағаштарда кесінді қалдықтарының үйінділері мен жалдары болашақ өсімдіктер қатарларына жапсарлас орналастырылуы керек және трактордың шынжыр табаны арқылы тапталады.

     101. Құрғақ құмдақ топырақта өскен екпелерде, тастақты топырақтағы қарағай екпелерінде жапырақты орманда және басқа қатты жапырақты екпелерде сол сияқты ауыр топырақтағы шырша орманында ағаштың өздігінен тұқым шашуын күн қызуынан, үсіктен жағдайдан қорғау үшін ағашы кесілген жерлерде кесінді қалдықтары ұзындығы 1 метрге дейін етіліп ұсақталып ағашы кесілген алаңға біркелкі етіп шашып тасталуға тиіс.

     102. Ызғарлы және дымқыл топырақты жерлердегі қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты екпелерде ағашы кесілген жерде пайда болған өздігінен тұқым шашу жағын түлетуге жатқызылады, ағашы кесілген жерлерді тазарту үлкен емес (биіктігі 0,5 метрге дейін) кесінді қалдықтарын жинау жолымен, тығыз үймелерді өскіндерден бос жерлерге (түбірлер мен шағын түлеген шыбықтар арасына) жинау керек.

     103. Құмдақ және жеңіл сазды топырақты алқаптағы қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты екпелерде шаруашылық жағынан құнды тұқымдықтардың түлеп өсуі мақсатында жәрдемдесу топырақты жақсарту орынды болып табылады, ағашы кесілген жерлерді тазарту үймелер мен жалдарға жиналған кесінді қалдықтарын отқа жағып жіберу тәсілімен жүргізілуі керек.

     104. Тау ормандарында ағашты біртіндеп және іріктеп кесуді жүргізу кезінде кеспеағашты тазарту кесінді қалдықтарын ұзындығын 1 метрге дейін ұсақтап біркелкі етіп жер үстіне шашып тастау керек. Ағашты жаппай кесу кезінде эрозиялық процестерді болдырмау үшін кесінді қалдықтарын ені бір метрлік жалға жинап, олар тау баурайына әрбір 8-10 метр сайын көлденең орналастырылады осындай мақсатпен ағаш кесудің барлық түрінде кесінді қалдықтарының бір бөлігі трактор жүретін жолдарға (соқпақтарға) жал етіліп үйіледі.

     105. Діңдік аурулардың, тамыр және жүйке-аурулары ошақтарында кесінді қалдықтарын өрт қаупі ережелерін сақтай отырып, міндетті түрде отқа жағып жіберу немесе жерге көму керек.
     Ұқсатуға немесе сатуға арналған кесінді қалдықтарын көктемгі жазғы маусым мерзімін ескере отырып, осы Ережелердің 6-қосымшасында көрсетілгеніндей олардың қашан дайындалғанына қарамастан бір ай орман ішінде сақтауға рұқсат етіледі.

     106. Бұландарды және басқа жануарларды азықтандыру және оларды орман өсімдіктері мен құнды ағаш тұқымдықтарының табиғи түлеуші өскіндерін жеп қоюдан сақтау үшін күзгі-қысқы қалдықтарын және басқа азықтық тұқымдықтарды қалдыруға рұқсат етіледі және кейін өрт қауіпі басталар кезеңге дейін оларды міндетті түрде жинап алып, кеспеағаштан тазартылады.

     107. Қылқан жапырақты тұқымдықтардың түбірінде қарағайдың үлкен бізтұмсық қоңыздары және басқа зиянкестердің жаппай өсіп-көбеюі, және олар жас шыбықтарды бүлдіруі қауіпі туған жағдайда жас шыбықтарды, ал тек ерекше жағдайларда осы Ережелердің 12-тарауына сәйкес түбірлерді жәндіктердің ұялауынан бұрын химиялық өңдеу жүргізіледі. Емен ормандарында және терек екпелерінде қажетті жағдайда түбірлерді діңдік зиянкестерден қорғау үшін химиялық әдіс қолданылады.

     108. Ағаш кесудің барлық түрінде сүректерді төменгі қоймаға тасып жеткізу, әдеттегідей, оларды дайындаумен бір мезгілде атқарылады. Сүректерді тасып әкету қиындаған жағдайда сүректерде орман ішінде көктемгі-жазғы кезеңде сақтауға осы Ережелердің 6-қосымшасына және 12 және 13-тарауларында жазылған әдістерге сәйкес аудандардың климат жағдайларын ескере отырып, белгіленген мерзімде сүректерді міндетті түрде діңдік зиянкестердің ұялауынан және саңырауқұлақ ауруына шалдығудан сақтау шаралары қолданылған жағдайда рұқсат етіледі.

     109. Ормандарда және орманнан 2 шақырым қашық жерде, осы Ережелердің 6-қосымшасында көрсетілген мерзім ішінде қылқан жапырақты тұқымдықтардың қабығы аршылмаған немесе химиялық немесе басқа әдістермен өңделмеген, зиянды жәндіктердің ұялауынан және зақымдауынан қорғалмаған сүректерді қалдыруға болмайды.

     110. Көктемгі-жазғы кезде дайындалған қылқан жапырақты тұқымдықтардың, еменнің, шағанның, қара ағаштың сүректерін тасып әкету, қабықтау мен қорғау осы шараларды жүргізу сәтінен 10 күннен кешіктермей атқарылуға тиіс.

     111. Қайыңның және қандағаштың жазғы кезеңде дайындалған сүрегін, оларды сақтаудың арнайы тәсілдері қолданылған жағдайда орман ішінде 2 айға дейін қалдыруға болады.

     112. Орманда ағаш кесілген және сүректер сақталған жерлерде зиянды жәндіктердің және аурулар зақымдаған ағашты, қабықталмаған ағаш материалдарын, орман өсімдіктерін және табиғи түлеп өсуді дер кезінде анықтау және тиісті қорғаныш шараларын жүргізу мақсатымен 1-3 жыл бойы орман патологиялық қадағалау жүргізіледі.

     113. Орман құрайтын негізгі тұқымдардың кеміргіштер жаңа қоныстанған және ауру жұқтырған ағаштарын іріктеу осы Ережелердің 7-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

  15. Сүректерді қоймаларда сақтау, тиеу пункттерінде
және тасымалдау кезіндегі санитарлық талаптар

     114. Көктемгі-жазғы кезеңде сүректерді жоғарғы және төменгі қоймаларда сақтаған жағдайда оларды зиянды жәндіктер мен саңырауқұлақтардың зақымдауынан сақтау жөніндегі шаралар жүргізіледі, осы мақсатта сүрек дөңгелек ағаш материалы (сортты), ұзын және жас шыбықтар түрінде ағашты 12-тарауда көзделген діңдік зиянкестерден химиялық қорғау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес текшелей үйіліп, қабықталып немесе инсектицидтермен өңделуге тиіс немесе осы ережелердің 13-тарауында ұсынылған тәсілдермен сақтау қамтамасыз етілуге тиіс.

     115. Дайындалған сүректі діңдік зиянкестердің ұялауынан және саңырауқұлақпен зақымдауына қарсы шараларды дер кезінде қабылдау мақсатында ағаш дайындаушылар сүректі қоймаларда және тиеу пункттерінде сақтауда жүйелі түрде бақылау (қадағалау) жүргізеді.
     Зиянды жәндіктер ұялаған дайындалған ағаш материалдары дереу қабықталып, кейін қабықты отқа жағып жіберуде өрт қауіпсіздігін немесе инсектицидтермен өңдеуді берік сақтауға міндетті.
     Шірітуші зақымдаған ағаш материалдары ұқсату, отын немесе әлгідей жеке мақсаттарға арналғанда сұрыпталуы керек.

     116. Діңдік зиянкестер ұялаған ағаш материалдарын тасымалдауға оларды тек қана қабықтаған және инсектицидтермен өңдегеннен кейін рұқсат етіледі. Ағаш материалдарын жәндіктер ұялаған кезде оған қарсы қабықтау мен химиялық өңдеудің тиімділігі шамалы, сондықтан сүректі тереңірек жедел ұқсату ұсынылады.

     117. Сүректерді тасып әкеткеннен қоймалар мен тиеу пункттерінің аумағы кемсінді қалдықтарын, қоқыстардан, шырпылардан шіруші сүректерден тазартылуы керек.

  16. Ағаштан шырын ағызу және шайыр ағызу, қайың және
үйеңкі шырынын дайындау кезіндегі санитарлық талаптар

     118. Шырын ағызуға арналған қарағайлар мен самырсындардың, ал шайыр ағызуға арналған қарағайлар екпелері олардың жай-күйін анықтау үшін алдын-ала тексерілуі керек.
     Орманның қылқан жапырақты кемірушілерінің және діңдік зиянкестердің ошақтарында оларды ең алдымен жоймайынша, сол сияқты өрттер немесе өзгеде факторлар әлсіреткен екпелерде шырын ағызуға болмайды.

     119. Әлсіреген ағаштардан, жуандығы 16-18 сантиметр кем, дің шеңберінің 50 проценттен астамы сұр көбелек зақымдаған ағаштардан шырын ағызуға рұқсат етілмейді.

     120. Шырын және шайыр ағызуға бөлінген екпелерде осы жұмыстар басталғанға дейін діңдік зиянкестер ұялаған, аурудың әсерінен қураған және қураған ағаштар кесіп тасталады, кесінді қалдықтары жиналады. Зиянкестер ұялаған ағаштарды іріктеп алуда діңдік зиянкестердің дамуы ескеріліп жүргізіледі. Қажетті жағдайда бұл жұмыс кейінде атқарылады.
     Шырын ағызылған екпелерге тұрақты түрде орман патологиялық қадағалау жүргізілуі қажет.

     121. Қайың мен үйеңкі шырынын дайындауда ағаштардың тұрақтылыған және сүректердің техникалық сапаларын сақтауды қамтамасыз ететін тәсілдерге жол беріледі. Ағаштар діңіндегі бұрғыланған каналдар шырын ағызу маусымының аяқталуы бойынша міндетті түрде ағаш тығынмен жабылады немесе бау желімімен немесе әк араластырылған балшықпен майланады.

  17. Орманды мәдени-сауықтыру мақсаттарында
пайдалану кезіндегі санитарлық талаптар

     122. Мәдени-сауықтыру мақсаттарында пайдаланылатын ормандардың жай-күйін сақтау және тұрақтылығын арттыру мақсатында олардың орман патологиялық жай-күйі үшін қадағалау жүзеге асырылуға, аумақтарды ұйымдастыру жолымен орманға рекрециялық қажеттілік реттелуге, сол сияқты ормандардың құрылымы мен пайдаланылу ерекшеліктерін ескере отырып санитарлық сауықтыру және өзгеде шаралар орындалуға тиіс.

     123. Аумақтарды жоспарлаумен байланысты ағашты кесу, ландшафтық кесу, қайта құруға кесу және күтіп-баптау кесулерінде кеміс және қурап тұрған ағаштарды, тұрақтылығы мен сәнділігі төмен ағаштарды іріктеп кесу, бірақ сәнділік қасиеттері сирек кездесетін ағаштар, тіпті егер олардың патологиялық белгілері болса да, олардың өміршеңдік қасиетін елеулі түрде бұзбайтын жағдайда кеспей қалдырылады.

     124. Ағаштарды механикалық және өзге де зақымданудан барынша сақтау мақсаттарында ағаш кесудің барлық түрлері, ағаштардың діңдік зиянкестерінің көктем кезіндегі топтарының ұялай бастағандарын іріктеп алудың басқа әдеттегідей, қыс кезеңінде жүзеге асырылады. Ағаштар биік жағымен жол-сүрлеу жүйесіне, алаңқайларға, бос жерлерге және басқа бос жерлерге құлатылады. Бұтақтарды отау мен шыбықтарды бұтау, сүректерді сүйреу мен тасып әкету сүректер мен бұта өсімдіктерден бос жер бойынша жүзеге асырылады.

     125. Парктерде, ескерткіштік сипаттағы екпелерде, әсіресе ормандардың құнды учаскелерде осы ережелердің жалпы талаптарын орындаумен қатар ағаштарды жеке-дара қорғауды, атап айтқанда, жарақаттарын емдеу, қураған және зақымданған бұтақтарды кесу, құрттар мекендеген қабықтарды шауып тастау, қуыстарды бекіту жүргізіледі.

     126. Орманды тұрмыстық қалдықтармен, тастандылармен ластауға, қоқыстарды төгуге және құрылыс қалдықтарын төгуге тыйым салынады.
     Елді мекендерден тасып әкелінетін қоқыстарды отқа жағып жіберу тек қана белгіленген тәртіпте, арнайы бөлінген участкелерде ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

                                        Қазақстан Республикасының
                                        ормандарындағы санитарлық
                                          ережелерге 1-қосымша

                                                 Бекітемін
                                            Басшы________________

                                            "___"_______200__ жыл

                ___________________________
                       (ұйымның атауы)

         200__ жылға арналған санитарлық-сауықтыру
             шараларын жүргізу жоспары (түзету)

Орман-
шылық

Орам
нөмірі

Телім
нөмірі

Телім-
нің
көлемі,
га

Белгі-
леудің
себебі

Қысқаша таксациялық
сипаттама

жа-
сы,
жыл

бо-
ни-
тет

орташа
биік-
тігі,
метр

орташа
диаметрі,
сантиметр

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  кестенің жалғасы

Сүрекдіңнің қоры, метркуб

Екпелердің
жай-күйінің
санаты

1 га

телімде
барлығы

соның ішінде
өтімдісі 

10

11

12

13





       Бас орманшы ____________
     Орманды қорғау және күзету инженері ____________
     Орманшы ____________

                                        Қазақстан Республикасының
                                        ормандарындағы санитарлық
                                          ережелерге 2-қосымша

       Екпелердегі дің зиянкестерінің санына қатысты
        орналастыруға арналған тосқауыл ағаштардың
          мөлшерлі санын анықтауға арналған кесте

Діңдік зиянкестердің атауы

Орташа есеппен 1-шаршы дм.
жердегі зиянкестердің жас
ұрпағының саны

барынша

орташа

төмені

Қарағайдың кішкене шелқабақ
жегіш қоңызы

10 астам

6-10

6 кемірек

Қарағайдың үлкен шелқабақ
жегіш қоңызы

5 астам

3-5

3 кемірек

Желек қабығын жегіштер

5 астам

2-3

3 кемірек

Заболонниктер: ағашты бұзушы

6 астам

4-6

4 кемірек

Қарағайдың смола қоңызы

1 астам

0,6-1

0,6 кемірек

Майқарағайдың үлкен мұртты
қоңызы және көкжез қоңызы

0,5 астам

0,3-0,5

0,3 кемірек

Стенограф, шағанның шелқабақ
жегіш

3 астам

2-3

2 кемірек

Гаузер қабық жегіш қоңыз

10 астам

6-10

6 кемірек

     Ошақта зиянкестер саны жағынан көп болған жағдайда олар
ұялаған ағаштардың тең жарымына саны орташа болса, 1/2, 1/4, төмен
болса 1/4 аспайтын мөлшерде тосқауыл ағаш орналастыру керек.
     Саны кестеде көрсетілгеннен төмен болғанда да тосқауыл
ағаштар қойылады.

                                        Қазақстан Республикасының
                                        ормандарындағы санитарлық
                                          ережелерге 3-қосымша

          Зиянкестері мен орман ауруларының пайда
          болуы туралы жерден белгі беру парағы

     1. Ұйым _____________________________________________________
     2. Орманшылық _______________________________________________
     3. N орамы___________________________________________________
     4. Телім (учаске) __________________________________________
     5. Екпелерде __________________ га,
        жас екпелерде _______ га, питомниктерде ______ га алқапта.
     6. __________________________________________________________
     _____________________________________________________________
     ___________________________________________________ байқалды.
     7. Бүлінген ағаш тұқымдары: _________________________________
     _____________________________________________________________

     Орманшы (инспектор) хабарлады __________________
                                         (қолы)

     Орман мастері __________________________________
                                 (қолы)

     "___" ___________ 200__ жыл

     Ескерту: Хабарлама зиянкестер мен аурулардың, сондай-ақ
             орманның бүлінуі мен кебуінің байқалған көріністері
             жеке сипат алмайтын барлық жағдайларында беріледі.

                                        Қазақстан Республикасының
                                        ормандарындағы санитарлық
                                          ережелерге 4-қосымша

         Орманның бүлінген учаскелерін тексеру актісі

1. Ұйым ___________________________________________________________
Орманшылық ____________________ N орам ____________________________
телім (учаске) ___________________________________________________
орман қорының санаты ______________________________________________
2. Екпенің сипаты: ________________________________________________
құрамы _______________________ жасы _______________________________
толымдылығы______________________бонитеті__________________________
3. Бүліну байқалған алаң _____________ га
4. Ағаш тұқымы бүлінді ____________________________________________
5. Бүліну сипаты __________________________________________________
6. Бүліну дәрежесі ________________________________________________
7. Зиянкестердің, аурулардың немесе бүліну тудырған басқа да
себептердің атауы__________________________________________________
8. Жәндіктердің даму фазасы: жұмыртқа, құрттар (көбелек құрттар),
қуыршақтар, үлкен жәндіктер________________________________________
9. Орналасу тығыздылығы____________________________________________
      (бір өлшем бірлікке зиянкестердің саны: шаршы м., бір ағаш)
10. Қажетті іс-шаралар_______ _____________________________________
11. Байқалған күні ________________________________________________

     "___" _______________ 200__жыл
           (тексеру күні)

     Орманшы_______________________
                    (қолы)

                                        Қазақстан Республикасының
                                        ормандарындағы санитарлық
                                          ережелерге 5-қосымша

        Зиянкестер мен аурулардың пайда болуы немесе
    орманның кебуі мен бүлінуі туралы жедел хабарлама

1. Байқалған орны: Ұйым, орманшылық, орам, мемлекеттік орман
қорының санаты_____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
2. Екпенің сипаты (құрамы, жасы, толымдылығы, бонитет) ____________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Бүліну байқалған алаң _______________________________________ га
4. Бүлінудің сипаты мен дәрежесі __________________________________
5. Зиянкестердің, аурулардың немесе бүліну тудырған басқа да
себептердің атауы__________________________________________________
6. Жәндіктердің даму фазасы: жұмыртқа, құрттар (көбелек құрттар),
қуыршақтар, үлкен жәндіктер _______________________________________
7. Байқалған уақыты: күні_______ айы ____________ жылы_____________
8. Орналасу тығыздылығы (бір өлшем бірлікке зиянкестердің саны:
шаршы м., ағаш) ___________________________________________________
9. Қажетті іс-шаралар_________ ____________________________________
___________________________________________________________________
10. Ескерту________________________________________________________
___________________________________________________________________

     Жөнелту күні "___" ___________ 200__жыл

     Ұйымның басшысы _______________________
                             (қолы)

                                        Қазақстан Республикасының
                                        ормандарындағы санитарлық
                                          ережелерге 6-қосымша

           Әкімшілік-аумақтық бірліктерді орманда
     қабықтанбаған немесе басқа тәсілдермен қорғалмаған
        сүректерді қалдыруға тыйым салынған мерзімдер
                 көрсетіліп аймақтарға бөлу

Белгіленген тыйым
салынған аймақтар

Әкімшілік облыстар

1

2

Мамырдың 1-нен
қыркүйектің 1-дейін

Шығыс Қазақастан (шұбыртпалы
қарағай ормандарынсыз)

Сәуірдің 1-нен
қазанның 1-дейін

Қазақстан Республикасының қалған
аумақтарында

     Ескерту : Орман шаруашылығын басқару жергілікті органдары
жекелеген аудандардың климат ерекшеліктерін және жекелеген ағаш
тұқымдықтары бойынша діңдік зиянкестердің топтарының фенологиясын
ескеріп жоғарыда көрсетілген мерзімдерді 15 күнге дейін, кейін не
ілгері өзгерту мүмкін.

Қазақстан Республикасының 
ормандарындағы санитарлық 
ережелерге 7-қосымша   

Негізгі ағаш тұқымдарының зиянкестер ұялай
бастаған және діңдік зиянкестермен зақымданған
ағаштарды іріктеудің шарты мен мерзімдері

     Қарағай екпелерінде көктемгі зиянкестер тобына қарсы (қарағай қабығын жеуші, қабық жегіштер) ағаштарды іріктеу мамырдың аяғынан маусымның аяғаны дейін; ағаш төбесін, алтытісті степнограф - жаздың екінші жартысында жүргізіледі.
     Жазғы кешеннің зиянкестеріне қарсы (қарағайдың көкшіл жез қоңызы, қаяздың бірнеше түрі) ағаштарды іріктеу күзде және қыста жүргізіледі.
     Өртенген қабықты жеуші қабық құртқа қарсы ағаштарды іріктеп алу мамырдың басынан немесе кешіктірмей жүргізіледі.
     Гаузер қабық жегіші, шырша гравері, Шренк микрофаги зақымдаған Шренк шыршасы екпе ағаштарында ағаштарды іріктеу күзде-қыста немесе ерте көктемде (наурыз-сәуір) - зиянкестердің құрты ұшуына дейін жаз басына дейін. Теңіз бетінен 1200-ден 1600 метрге дейінгі биіктіктегі қос генерация жайында іріктеу күзде немесе қыстан шыққан қабық құртының ерте көктемде ұшуына дейін; жаздың алғашқы жартысында (маусым-шілде) қоңыздардың екінші түлеп ұшуының басталуына дейін жүргізіледі.
     Мүйізқұйрыққа қарсы ағаштарды іріктеу жаздың алғашқы жартысында жүргізіледі, сүректер қысқа мерзімде тасып алынып, отынға пайдаланылуы керек.
     Балқарағай екпеағаштарында шілде-тамызда ұзын қабық жегішке қарсы іріктеу атқарылады.
     Қарағаш екпелерінде қабық жегіштің бір түлегіне қарсы мамыр, маусымда, екінші түлегінде зиянкестердің биологиясына қарай іріктеу атқарылады.
     Батыс Казақстанда емен екпеағаштарында ойпаттарда зиянкестердің ағашқа ұялай бастаған кезінде еменнің қабық жегішіне қарсы сәуір-мамырда немесе күзгі-қысқы кезеңде, жіңішке, қос жолақты жезқоңызға, еменнің жіңішке құртына қарсы, мамыр немесе қыстан қалдырмай іріктеу жүргізіледі.
     Терек, көктерек екпеағаштарында көктеректің үлкен және кіші ысқырғыш құртына қарсы ағаштарды іріктеуді маусымның бірінші жартысынан қалдырмай жүргізу керек.
     Сексеуіл ормандарында діңдік зиянкестерге қарсы іріктеуді күзгі-қысқы кезеңде жүргізеді. Омырылған сүректер текшелей үйілмей, жерүстінде шашыранды күйде қызуынан жойылуын қамтамасыз етеді.
     Шөлейт алқаптағы өзендердің тоғай ормандарында тораңғы ағашын ұялай бастаған зиянкестерге қарсы мына мерзімде іріктеу жүргізіледі: наманған мұртты қоңызы, теректің кішкене жезқоңызы немесе олардың бірлесе ұялаған шағында әлсіреген ағаштарды іріктеу мамырдың екінші жартысында, жезқоңыздың басқа бір түрі ұялаған кезде мамырдан қалдырмай жүргізіледі.
     Талдың ағашын ұялай бастаған ағаштескіш көбелектерге қарсы іріктеу мамырдан қалдырылмай орындалады.
     Жиде ағашы ағаштарды жиденің мұртты қоңызы жаппай ұялаған жекелеген жағдайда мамырдың-маусымның екінші жартысында толық іріктеледі.
     Түбір губкасы зақымдаған қарағай және майқарағай екпеағаштарында зақымданған ағаштарды іріктеу күзгі-қысқы кезеңде немесе жылдың құрғақ және ыссы уақытында, түбірдегі құрттар өрши алмайтын жағдайда жүргізіледі. Басқа мерзімде іріктеу кезінде түбірде құрттар өсіп-көбеймес үшін антисептикалық заттармен өңдеу керек.
     Емен екпелерінде ағаштарды іріктеу олардың жемісі анық көрінетін жаз кезінде жүргізіледі.
     Шегіршін екпелерінде голланд ауруы ошақтарында зиянкестер жаңадан қоныстанған ағаштарды іріктеу жылына үш-төрт мәрте жүргізіледі, бұл шегіршін көбелектерінің үш немесе төрт ұрпағының даму кезеңдеріне сәйкес келеді.