Эмитенттердiң және олардың бағалы қағаздарын ұйымдасқан рынокта айналысқа жiберу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының "Қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тiзiмiндегi жеке санаттарға қойылатын талаптар туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 63
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2803 тiркелген, 2004 жылы "Қаржы хабаршысы" N 4-5 (5) журналында жарияланған) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 246 қаулысына енгiзiлген
өзгерiстермен
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3122 тiркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
3-тармақта:
4) тармақша "қаржылық есеп беруiне" деген сөздердiң алдында "аяқталған соңғы қаржы жылы үшін немесе аяқталған соңғы тоқсан үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшада:
"эмитенттiң" деген сөздiң алдында "аяқталған соңғы қаржы жылы үшiн немесе аяқталған соңғы тоқсан үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"ипотекалық облигацияларды шығарушы банктер мен ұйымдардың" деген сөздер "қаржы ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
2) тармақшада:
"қаржылық есебiне" деген сөздердiң алдында "аяқталған соңғы қаржы жылы үшiн немесе аяқталған соңғы тоқсан үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"300.000" саны "200.000" санмен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
"эмитенттiң" деген сөздiң алдында "аяқталған соңғы қаржы жылы үшiн немесе аяқталған соңғы тоқсан үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"ипотекалық облигацияларды шығарушы банктер мен ұйымдардың" деген сөздер "қаржы ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "300.000" саны "200.000" санмен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бағалы қағаздар ресми тiзiмге енгiзiлген кезде аяқталған соңғы қаржы жылы үшiн таза кiрiстiң болуы;
бағалы қағаздар ресми тiзiмде болған кезде эмитенттiң аудит жасалған қаржылық есебiне сәйкес соңғы үш қаржы жылының кез-келген бiр жылының таза кiрiсiнiң болуы.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қор биржасы 2004 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде өзiнiң iшкi құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес тәртiпке келтiрсiн. Осы қаулының талаптарына сәйкес келмейтiн эмитенттер өз көрсеткiштерiн 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Токобаев Н.Т.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және сауда-саттықты ұйымдастырушыға жiберсiн.