Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 645 бұйрығы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 6 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3328. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 612 Бұйрығы.

Күшін жойған

       Күші жойылды - ҚР Қаржы Министрінің 2008.12.26 N 612 Бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       1. ...
      2. "Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі)нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 645 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3328 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                               Б. Жәмішев

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосының (тізілімінің) нысаны (337.00-нысан) бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 10 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 2 ақпанда N 2690 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
     4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

     Төраға

     Келісілді
     Қазақстан Республикасының
     Сыртқы істер министрі
     2004 жылғы 14 желтоқсан

337.00-нысан

     Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық
және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердің жиынтық
ведомосты (тiзiлiмi)

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз

337.01-нысан

Қазақстан Республикасы аумағында алған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қайтаруға қойылған ҚҚС сомасы
(Тізілімге N 1 қосымша)

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз

337.02-нысан

Өкiлдiк персоналы туралы мәлiметтер
(Тізілімге N 2 қосымша)

Нысанды қағаз мәтіннен қараңыз      

Қазақстан Республикасында    
тiркелген дипломатиялық және   
оларға теңестiрiлген өкiлдiктер
жасайтын жиынтық ведомостарға  
(тiзiлiмге) қосымша       

Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық
және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жасайтын жиынтық
ведомостарды (тiзiлiмдердi) толтыру
ЕРЕЖЕЛЕРI
(337.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

     1. Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң (бұдан әрi - Өкiлдiк) жиынтық ведомосi (тiзiлiмi) 337.00-нысаннан және Тiзiлiмге - "Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қайтаруға қойылған ҚҚС сомасы" 337.01-нысанға қосымшадан және "Өкiлдiктiң персоналы туралы мәлiметтер" 337.02-нысаннан тұрады.
 

     2. 337.02-нысан Қазақстан Республикасы аумағында олардың бiрге тұратын жанұя мүшелерiн қоса алғанда Өкiлдiктiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналының жеке пайдалануына (бұдан әрi  - персонал) арналған сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру кезiнде толтырылады.
 

     3. Тiзiлiмдi толтырған кезде:
     1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгiлерiмен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
     2) электрондық түрде - магниттi тасығышта, оған Өкiлдiктiң уәкiлеттi тұлғасы қол қойған, қолдан, болмаса баспа құрылғысымен толтырылған, немесе тиiстi бағдарламалық қамтамасыз етудi қолданумен принтерде басып шығарған қара-ақ гаммадағы қағаз тасығыштағы Тiзiлiм қоса берiледi.
 

     4. Тiзiлiмдi толтыру кезiнде түзетуге, өшiруге және тазалауға жол берiлмейдi.
 

     5. Көрсеткiштер жоқ болған кезде Тiзiлiмнiң тиiстi торкөздерi толтырылмайды.
 

     6. Тiзiлiмге Өкiлдiктiң уәкiлеттi тұлғасы қол қояды және мөрмен куәландырылады.

2. 337.00-нысанын толтыру

     7. "Өкiлдiк туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде:
     1) салық төлеушi - Өкiлдiктiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
     2) 337.00-нысанды толтырылатын кезең. Тоқсан тоқсанның реттiк нөмерiне сәйкес келетiн араб сандарымен көрсетiледi;
     3) Өкiлдiк атауы;
     4) банк деректемелерi, соның iшiнде салық төлеушi-банктiң тiркеу нөмiрi, жеке сәйкестендiру коды (ЖКС) мен банктiң сәйкестендiру коды (БСК) және банк атауы;
     5) 337.01 нысаны бойынша парақ саны;
     6) 337.02 нысаны бойынша парақ саны;
     7) жиынтық ведомосiнiң (тiзiлiмнiң) түрi - кезектi немесе қосымша - тиiстi торкөзде белгi қойылады.
 

     8. "Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қайтаруға қойылған ҚҚС сомасы" бөлiмiнде 337.00.001 жолы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қайтаруға қойылған қосылған құн салығы сомасы көрсетiледi. Осы жолға 337.01 нысанның 337.01.001 жолы І-бағанының қорытынды шамасы көшiрiледi.
     337.00.001A жолында Өкiлдiк шотына қайтаруға жататын, 337.01.001І, 337.02.001J жолдарының айырмасы ретiнде айқындалатын қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.
     337.00.001B жолында Өкiлдiк персоналының шотына қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi. Осы сома 337.02-нысанының 337.02.001-жолы J-бағанының жиынтық шамасынан көшiрiледi.

337.01-нысанын толтыру

     9. 337.01-нысаны Қазақстан Республикасы аумағында Өкiлдiктiң ресми пайдалануына, сондай-ақ Өкiлдiк персоналының жеке пайдалануына арналған сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қосылған құн салығын қайтаруға қойылған қосылған құн салығы сомалары бойынша мәлiметтердi көрсетуге арналған.
 

     10. "Өкiлдiк туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде:
     1) салық төлеушi-Өкiлдiктiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi;
     2) қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлетiн кезең. Тоқсан тоқсанның реттiк нөмiрiмен сәйкес келетiн араб сандарымен көрсетiледi;
     3) Өкiлдiктiң атауы.
 

     11. "Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша ҚҚС сомасы" бөлiмiнде:
     1) А бағанында - жолдың реттiк нөмiрi;
     2) В бағанында - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзушiнiң тiркеу нөмiрi;
     3) С бағанында - шот-фактурада көрсетiлген жеткiзушiнiң қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiгiнiң сериясы мен нөмiрi;
     4) D бағанында - сатып алу үшiн құжат нөмiрi;
     5) E бағанында - сатып алу үшiн құжат көшiрмесiнiң күнi;
     6) F бағанында - төлеу үшiн құжат нөмiрi;
     7) G бағанында - төлеу үшiн құжат көшiрмесiнiң күнi;
     8) Н бағанында - қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құны;
     9) I бағанында - қайтаруға қойылған қосылған құн салығының сомасы. I бағанының қорытынды шамасы 337.01.001 жолынан Тiзiлiмнiң 337.00.001 жолына көшiрiледi;
 

     12. В парағының I және Н бағандарында, тиiстi бағандарда "Ағымдағы парақ бойынша қорытынды" жолында ағымдағы парақ бойынша қорытынды сомалар көрсетiледi.

4. 337.02-нысанын жасау

     13. 337.02-нысаны шотына қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлетiн Өкiлдiк персоналы туралы мәлiметтердi көрсетуге арналған.
 

     14. "Өкiлдiк туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде мыналар көрсетiледi:
     1) салық төлеушi-Өкiлдiктiң тiркеу нөмiрi;
     2) қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлетiн кезең. Тоқсан тоқсанның реттiк нөмiрiмен сәйкес келетiн араб сандарымен көрсетiледi;
     3) Өкiлдiктiң атауы.
 

     15. "ҚҚС жүргiзiлетiн Өкiлдiк персоналы туралы мәлiмет" бөлiмiнде:
     1) А бағанында - жолдың реттiк нөмiрi;
     2) В бағанында - салық төлеушi-Өкiлдiк қызметкерiнiң (жұмысшысының) тiркеу нөмiрi;
     3) С бағанында - Өкiлдiк қызметкерiнiң (жұмысшысының) аты-жөнi;
     4) D бағанында - Өкiлдiк қызметкерiнiң (жұмысшысының) шоты ашылған салық төлеушi-банктiң тiркеу нөмiрi;
     5) E бағанында - Өкiлдiк қызметкерiнiң (жұмысшысының) шоты ашылған салық төлеушi-банктiң атауы;
     6) F бағанында - Өкiлдiк қызметкерiнiң (жұмысшысының) шоты ашылған салық төлеушi-банктiң жеке сәйкестендiру коды;
     7) G бағанында - Өкiлдiк қызметкерiнiң (жұмысшысының) шоты ашылған салық төлеушi-банктiң сәйкестендiру коды;
     8) H бағанында - қайтару жолдары:
     егер қайтару Өкiлдiк қызметкерiнiң (жұмысшысының) жеке шотына жүргiзiлетiн жағдайда, "1" белгiсiмен белгiленедi;
     егер қайтару Өкiлдiк қызметкерiнiң (жұмысшысының) дебеттiк карточкасына жүргiзiлетiн жағдайда, "2" белгiсiмен белгiленедi;
     9) I бағанында - Өкiлдiк қызметкерiнiң (жұмысшысының) дебеттiк карточкасының нөмiрi немесе жеке шотының нөмiрi;
     10) J бағанында - қайтаруға қойылған қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.
 

     16. 337.02.001 жолының J бағанының қорытынды шамасы 337.00-нысанның Жиынтық ведомосының (Тiзiлiмiнiң) 337.00.001B жолына көшiрiледi.