Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексiне
, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қыркүйектегi N 1443
Жарлығына
және "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 959
қаулысына
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк бюджет пен облыс бюджетiнiң, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi жасау мен ұсынудың тәртiбi туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк бюджеттi атқару департаментi (Л.П.Тхостова) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның бұқаралық ақпарат кұралдарында кейiнгi жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастан күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
N 432 бұйрығымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк бюджет пен облыс бюджетiнiң,
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
атқарылуы туралы есептердi жасау мен
ұсынудың тәртiбi туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қыркүйектегi N 1443 Жарлығына , "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 959 қаулысына сәйкес әзiрлендi және есептi кезең үшiн мемлекеттiк бюджет пен облыс бюджетiнiң, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердi (бұдан әрi - бюджеттiң атқарылуы туралы есеп) жасау мен ұсынудың нысандарын, кезеңдiлiгiн, мерзiмiн, тәртiбiн анықтайды.
2. Бюджеттiң атқарылуы туралы есептi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жасайды.
3. Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп кассалық негiзде жүзеге асырылатын есептi кезең үшiн тиiстi бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстары жөнiндегi барлық операцияларды көрсетедi.
4. Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп Қазақстан Республикасы Бюджет кодексi анықтаған бюджет құрылымы, бюджет түсiмдерi сыныптамасының коды, Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының бюджет шығыстарының функционалдық, экономикалық сыныптамалары бойынша қалыптастырылады және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiне сәйкес жасалады.
5. Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп мынадай бөлiмдердi (кiшi бөлiмдердi) қамтиды:
1) кiрiстер (I):
салық түсiмдерi;
салықтан тыс түсiмдер;
негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
ресми трансферттердiң түсiмдерi;
2) шығындар (II);
3) операциялық сальдо (III);
4) таза бюджеттiк кредит беру (IV):
бюджеттiк кредиттер;
бюджеттiк кредиттердi өтеу;
5) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо (V):
қаржылық активтер сатып алу;
мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiм;
6) бюджеттiң тапшылығы (профицитi) (VI);
7) бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) (VII):
қарыздардың түсiмi;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы;
8) "Бюджет қаражаттарының қалдықтары" анықтамалық бөлiмi:
қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары;
есептi кезеңнiң соңындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары.
I "Кiрiстер" бөлiмi бюджетке түсетiн түсiмдердi көрсетедi және бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының бастапқы төрт санаты бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердi қамтитын мынадай төрт кiшi бөлiмдерден тұрады: "Салық түсiмдерi", "Салықтан тыс түсiмдер", "Негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер", "Ресми трансферттердiң түсiмдерi".
II "Шығындар" бөлiмi қайтарымсыз негiзде жүзеге асырылатын бюджеттен төлемдердi көрсететiн шығыстардың фукнционалдық сыныптамасының 1-15 функционалдық топтарынан тұрады.
III "Операциялық сальдо" бөлiмi "Кiрiстер" мен "Шығындар" бөлiмдерi арасындағы айырманы көрсетедi.
IV "Таза бюджеттiк кредит беру" бөлiмi қайтарымды негiзде жүзеге асырылатын бюджеттен төлемдер және бұрын берiлген кредиттер бойынша борышты өтеу есебiне бюджетке түсетiн түсiмдер тиiсiнше көрсетiлетiн "Бюджеттiк кредиттер" және "Бюджеттiк кредиттердi өтеу" кiшi бөлiмдерi арасындағы айырманы көрсетедi.
V "Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо" бөлiмi қаржылық активтердi сатып алуға шығыстар және мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан бюджетке түскен түсiмдер тиiсiнше көрсетiлетiн "Қаржылық активтердi сатып алу" және "Мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiм" кiшi бөлiмдерi арасындағы айырманы көрсетедi.
VI "Бюджеттiң тапшылығы (профицитi)" бөлiмi "Таза бюджеттiк кредит беру" және "Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо" бөлiмдерiн шегергенде "Операциялық сальдо" бөлiмiне тең болатын бюджеттiң тапшылығын (профицитiн) көрсетедi.
VII "Бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi "Қарыздардың түсiмi", "Қарыздарды өтеу", "Бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы" кiшi бөлiмдерiнен тұрады және қарызға алу мен бюджет қаражаттарының еркiн қалдықтары есебiнен бюджеттiң тапшылығын жабуды қамтамасыз етудi немесе қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыз қаражаттарын, бюджет қаражаттарының еркiн қалдықтарын жұмсауды көрсетедi.
"Бюджет қаражаттарының қалдықтары" анықтамалық бөлiмi қаржы жылының басындағы және есептi кезеңнiң соңындағы бюджет қаражаттарының қалдықтарын көрсетедi.
3. Есептердi қалыптастыру тәртiбi
6. Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп мерзiмдiлiгi бойынша ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша жасалады. Бюджеттiң атқарылуы туралы ай сайынғы (жылдық) есеп мынадай түрде қалыптастырылады.
7. Бюджеттiң түсiмдерi қамтылған бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң бөлiмдерiнде бюджет түсiмдерi сыныптамасының санаттары, сыныптары, iшкi сыныптары және ерекшелiктер бойынша деректер болуы тиiс.
8. Бюджеттiң шығыстары қамтылған бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң бөлiмдерiнде бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары, функционалдық iшкi топтары, бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi, бюджеттiк бағдарламалары, кiшi бағдарламалары және ерекшелiктер бойынша деректер болуы тиiс.
9. Бюджеттiң атқарылуы туралы есепте түсiмдердiң бөлiмi, кiшi бөлiмi, санаты, сыныбы және iшкi сыныбы бойынша, бюджет шығыстарының бөлiмi, кiшi бөлiмi, функционалдық тобы, функционалдық iшкi топтары, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi, бюджеттiк бағдарламасы, кiшi бағдарламасы бойынша аралық қорытындысы болуы қажет.
10. Бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру мың теңгеде жүзеге асырылады. Есеп көрсеткiштерiнiң бөлшек бөлiгi нақты бiрден онға дейiнгi белгiмен көрсетiледi және бүтiн бөлiгiнен үтiрмен бөлiнедi.
11. Бюджеттiң атқарылуы туралы есептер: республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астаналар, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) - барлық алынған, оның iшiнде басқа деңгейлi бюджеттерден түсiмдердi және барлық жүргiзiлген шығыстарды, оның iшiнде жоғары тұрған бюджеттен түскен түсiмдер және басқа да деңгейлi бюджеттерге берiлген трансферттер есебiнен шығыстарды қамтиды.
12. Төмен тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жоғары тұрған бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынған жергiлiктi бюджеттi атқару туралы айлық (жылдық) есеп осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда жасалады.
Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепте:
1-бағанда мыналардың кодтары толтырылады:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы - санаты, сыныбы, iшкi сыныбы, ерекшелiгi;
бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы - функционалдық тобы, функционалдық iшкi тобы, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi, бюджет бағдарламасы, кiшi бағдарламасы, ерекшелiгi;
2-бағанда түсiмдер сыныптамасы, бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасы көрсеткiштерiнiң атауы көрсетiледi;
3-бағанда мәслихат бекiткен есептi қаржы жылына бюджеттiң сомасы көрсетiледi;
4-бағанда оның орындалу барысында мәслихат қабылдаған өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, есептi қаржы жылына нақтыланған бюджеттiң сомасы көрсетiледi;
5-бағанда есептi қаржы жылына түзетiлген бюджеттiң - мәслихатта нақтыланбаған жергiлiктi атқарушы органдар енгiзген өзгерiстер мен толықтырулар ескерiлген бекiтiлген немесе нақтыланған бюджеттiң сомасы көрсетiледi;
6 және 7-бағандарда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңге түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасы көрсетiледi. Түсiмдер бойынша 6-баған, шығыстар бойынша - 6 және 7-бағандар толтырылады, бұл ретте 6-бағанда бюджеттiк кiшi бағдарламалардың деңгейiне дейiн (қоса алғанда) төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасы көрсетiледi;
8-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңде берiлген рұқсаттар сомасы көрсетiледi;
9-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңде бюджеттiң кассалық атқарылу сомасы көрсетiледi;
10-бағанда есептi кезеңге бюджеттiң түсiмдерi мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына есептi кезеңде бюджеттiң кассалық атқарылу сомасының пайыздық қатынасы көрсетiледi;
11-бағанда есептi қаржы жылында атқарылған (бекiтiлген, нақтыланған, түзетiлген) бюджеттiң сомасына есептi кезеңде бюджеттiң кассалық атқарылу сомасының пайыздық қатынасы көрсетiледi.
13. Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептi мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық мемлекеттiк органның ведомствосы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.
Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепте:
1-бағанда мыналардың кодтары толтырылады:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы - санаты, сыныбы, iшкi сыныбы, ерекшелiгi;
бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамалары - функционалдық тобы, функционалдық кiшi тобы, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi, бюджет бағдарламасы, кiшi бағдарламасы, ерекшелiгi;
2-бағанда түсiмдер сыныптамасы мен бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамалары көрсеткiштерiнiң атауы көрсетiледi;
3-бағанда Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен есептi қаржы жылына бюджеттiң сомасы көрсетiледi;
4-бағанда оның орындалу барысында Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдаған өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, есептi қаржы жылына нақтыланған бюджеттiң сомасы көрсетiледi;
5-бағанда есептi қаржы жылына түзетiлген бюджеттiң - Қазақстан Республикасының Парламентiнде нақтыланбаған Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзген өзгерiстер мен толықтырулар ескерiлген бекiтiлген немесе нақтыланған бюджеттiң сомасы көрсетiледi;
6 және 7-бағандарда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңге түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасы көрсетiледi. Түсiмдер бойынша 6-баған, шығыстар бойынша - 6 және 7-бағандар толтырылады, бұл ретте 6-бағанда бюджеттiк кiшi бағдарламалардың деңгейiне дейiн (қоса алғанда) төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасы көрсетiледi;
8-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңде берiлген рұқсаттар сомасы көрсетiледi;
9-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен есептi кезеңде бюджеттiң кассалық атқарылу сомасы көрсетiледi.
5. Бюджет тапшылығын (профицитiн) анықтау, бюджет
тапшылығын (профицитiн) және бюджет қаражаттарының
қалдықтарын қаржыландыру тәртiбi
14. Бюджет тапшылығы (профицитi) мынадай формула бойынша анықталады:
D = (d-z)-(b k - p k ) - (n f - p f )
d - кiрiстер;
z - шығындар;
b
k
- бюджеттiк кредиттер;
p
k
- бюджеттiк кредиттердi өтеу;
n
f
- қаржылық активтердi сатып алу;
p
f
- мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiмдер.
(d-z) - бұл бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстары арасындағы айырма болып табылатын операциялық сальдо. Бюджеттiң кiрiстерiнен шығындардың өсу сомасы терiс операциялық сальдо болып табылады. Бюджеттiң шығындарынан кiрiстердiң өсу сомасы оң операциялық сальдо болып табылады;
(b
k
-p
k
) - бұл бюджеттiк кредиттер мен бюджеттiк кредиттердi өтеу арасындағы айырма болып табылатын таза бюджеттiк кредит беру;
(n
f
-p
f
) - қаржылық активтердi сатып алу мен мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiмдер арасындағы айырма болып табылатын қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо.
D - бюджеттiң тапшылығы (профицитi). Терiс белгiмен алынған шама бюджеттiң тапшылығы, оң белгiмен - бюджеттiң профицитi болып табылады.
15. Бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) мынадай түрде анықталады:
F1 = N+S-R.
F2= R-N-S
N - алынған қарыздардың сомасы;
R - қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасы;
S - бюджет қаражаттарының қалдықтары қозғалысының сомасы;
F1 - бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың көлемi. Бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың мәнi оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келедi;
F2 - бюджеттiң профицитiн пайдаланудың көлемi. Бюджеттiң профицитiн пайдаланудың мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет профицитiнiң шамасына сәйкес келедi.
Оң белгiнi ескере отырып, тапшылықты (профициттi пайдалану) жабуға пайдаланылған, ал терiс белгiмен - пайдаланылмаған бюджет қаражаттарының қалдықтары қозғалысының сомасы.
16. Бюджет қаражаттарының қалдықтары қозғалысының сомасы мынадай түрде анықталады:
S = (d+p k +p f +p z ) - (z+b k +n f +n z )
р
z
- қарыздардың түсiмi;
n
z
- қарыздарды өтеу;
осы Нұсқаулықтың 14-тармағына сәйкес - d, р
k
, р
f
, z, b
k
, n
f
.
17. Бюджет қаражаттарының қалдықтары - бұл есептi кезеңнiң соңындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған бюджет қаражаттары.
Бюджет қаражаттарының еркiн қалдықтары - бұл өткен қаржы жылынан кейiнгi 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен қаржы жылына бюджеттiң атқарылу қорытындысы бойынша пайдаланылмай қалған бюджет қаражаттары.
Қаржы жылының басына бюджет қаражаттарының еркiн қалдықтарының сомасы есепке қолмен енгiзiледi, ағымдағы қаржы жылының басынан бастап және соңына дейiн өзгерiссiз қалады және ол есептiң анықтамалық бөлiмiнде көрсетiледi.
18. Қаржы жылының басында еркiн қалдықтардың сомасы бар "Бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы" жолы бойынша есепте көрсетiлетiн сома анықтамалық бөлiмде көрсетiлген есептi кезеңнiң соңындағы жағдай бойынша бюджет қаражаттары қалдықтарының сомасын құрауы қажет. Егер бюджет қаражаттарының қалдықтары қозғалысының сомасында терiс белгi болса, онда оның абсолюттiк шамасы қаржы жылының басына еркiн қалдықтардың сомасымен жинақталады, егер оң белгi болса, онда ол қаржы жылының басына еркiн қалдықтардың сомасынан алынады.
19. Есептi кезеңнiң соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары мынадай түрде анықталады:
O k =O н - S
О
к
- есептi кезеңнiң соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары;
О
н
- қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары;
S - бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
6. Бюджеттердiң атқарылуы туралы есептерде әртүрлi
деңгейдегi бюджеттер арасында ресми трансферттердiң
көрсетiлу тәртiбi
20. Республикалық бюджеттiң, облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала бюджетiнiң, астана, аудан бюджетiнiң (облыстық маңызы бар қаланың) атқарылуы туралы есептердi жасау кезiнде ресми трансферттер бойынша есеп айырысулар ашық түрде ескерiледi.
21. Жоғары тұрған бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау кезiнде - төмен тұрған бюджеттерге бөлiнген ресми трансферттер "Шығындар" бөлiмiнде, ал төмен тұрған бюджеттен алынған ресми трансферттер - "Кiрiстер" бөлiмiнде "Ресми трансферттердiң түсiмi" бөлiмiнде ескерiледi.
22. Төмен тұрған бюджеттiң атқарылуы туралы есепте жоғары тұрған бюджеттен алынған ресми трансферттер "Кiрiстер" бөлiмiнде "Ресми трансферттердiң түсiмi" бөлiмiнде, ал жоғары тұрған бюджетке берiлген - "Шығындар" бөлiмiнде көрсетiледi.
23. Облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi жасау кезiнде ресми трансферттер бойынша облыстық бюджет және аудандар (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiнiң арасындағы есеп айырысулар есепке енгiзiлмейдi.
24. Мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасау кезiнде ресми трансферттер бойынша республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерi арасындағы есеп айырысулар оған енгiзiлмейдi.
25. Мемлекеттiк бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептерден жоғарыда аталған сомаларды алып тастау оларды екi рет есепке алуды болдырмау мақсатында: кiрiстерде - жоғары тұрған бюджетте түсiм көзi бойынша және жоғары тұрған бюджетте және шығыстарда алынған ресми трансферттер ретiнде - жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген трансферттер ретiнде және олардың есебiнен жүргiзiлген төмен тұрған бюджеттiң шығыстары ретiнде жүргiзiледi.
7. Бюджеттердiң атқарылуы туралы есептерде
жоғары тұрған бюджеттен алынған бюджет
кредиттерiнiң көрсетiлу тәртiбi
26. Төмен тұрған бюджет үшiн бюджеттiк кредиттер бюджет тапшылығын қаржыландыру көзi болып табылады және төмен тұрған бюджеттiң атқарылуы туралы есепте "Бюджет тапшылығын (профициттi пайдалану) қаржыландыру" бөлiмiнде "Қарыздардың түсуi" бөлiмшесiнде, жоғары тұрған бюджеттiң есебiнде "Таза бюджеттiк кредит беру" бөлiмiнiң "Бюджеттiк кредиттер" бөлiмшесiнде көрсетiледi.
Осыған байланысты, жоғары тұрған бюджеттен алынатын бюджеттiк кредит төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджеттiң меншiктi кiрiс есебiнен бөлiнедi және жоғары тұрған бюджеттiң атқарылуы туралы есепте бiр рет кiрiстер түсiмдерiнiң көзi бойынша ескерiлген болатын, ал алынған кредиттi жұмсау төмен тұрған бюджеттiң атқарылуы туралы есепте шығыстардың бағытына байланысты функционалдық топтар бойынша ескерiледi, мемлекеттiк бюджеттiң немесе облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есепте бюджеттiк кредиттердi беру ескерiлмейдi. Осыған ұқсас жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттiң бюджет кредиттерiн өтеуi ескерiлмейдi.
27. Жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттер бойынша сыйақы төмен тұрған бюджеттiң меншiктi түсiмдерi есебiнен төленедi және жоғары тұрған бюджетке салықтық емес түсiмдер болып табылады, олар қосалқы шоттан жалтару үшiн мемлекеттiң бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру кезiнде алып тасталады.
28. Қарыз қаражаты есебiнен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке кредиттердi бөлу кезiнде оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар сомасы сондай-ақ мемлекеттiң бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру кезiнде алып тастауға жатады.
8. Бюджеттердiң атқарылуы туралы есептерде бөлiнетiн
бюджеттiк бағдарламалардың көрсетiлу тәртiбi
30. Бюджеттiң атқарылуы туралы есепте бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалардың есебiнен шығыстар олар бөлiнген сол бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының құрамында ескерiледi.
9. Мемлекеттiк бюджеттiң және облыс бюджетiнiң
атқарылуы туралы есептердiң жасалу тәртiбi
Өзара өтелетiн операцияларға бюджет барысында жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттер арасындағы қатынастардың iске асырылуын анықтайтын операциялар жатады.
32. Бюджетаралық қатынастар ресми трансферттермен және бюджеттiк кредиттермен реттеледi, мемлекеттiк бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есептердi жасау кезiнде олар бойынша қосарлы шотты алып тастау мақсатында олар республикалық және жергiлiктi бюджеттердi, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердi арифметикалық қосу жолымен алынған сомадан алып тастауға жатады.
33. Мемлекеттiк бюджет және облыс бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп мынадай түрде қалыптастырылады:
___________________________________________________________________
Бө- | Кодтары | Бюджет |Респу-|Жер- |Мемле- |Алы- |Мемле-
лiм-|___________|көрсетіштерiнiң|бли- |гi- |кеттік |натын|кеттік
дер |Тү- |Шығыс-| атауы |калық |лiктi|бюджет |сома-|бюджет/
|сiм-|тардың| |бюд- |бюд- |(рес- | лар |облыс
|дер |функ- | |жет/ |жет/ |публи- | |бюджеті
|сы- |цио- | |облыс-|ау- |калық | |
|нып-|наль- | |тық |дан- |бюджет | |
|та- |дық | |бюджет|дық | + | |
|масы|сынып-| | |қала-|жергі- | |
| |тамасы| | |ның |ліктi | |
| | | | |бюд- |бюджет)| |
| | | | |жетi |/облыс | |
| | | | | |бюджетi| |
| | | | | |(облыс | |
| | | | | |бюджетi| |
| | | | | | + | |
| | | | | |аудан, | |
| | | | | |қаланың| |
| | | | | | бюд- | |
| | | | | | жетi) | |
___________________________________________________________________
А 1 2 3 4 5
___________________________________________________________________
І Кiрiстер 1120,0 570,0 1690,0 281,0 1409,0
оның ішiнде
1 салық түсiм-
дерi 960,0 350,0 1310,0 - 1310,0
2 салықтан тыс
түсiмдер 75,0 5,0 80,0 1,0 79,0
3 негізгi капи-
талды сатудан
түсетiн түсiмдер 15,0 5,0 20,0 - 20,0
4 ресми трансферт-
тердiң түсiмi 70,0 210,0 280,0 280,0 0
___________________________________________________________________
ІІ Шығындар 1100,0 600,0 1700,0 281,0 1419,0
01 Жалпы сипаттағы
мемлекеттік
қызметтер 70,0 30,0 100,0 - 100,0
02 Қорғаныс 70, 10,0 80,0 0,3 79,7
03 Қоғамдық тәртiп,
қауiпсiздiк,
құқықтық, сот,
қылмыстық-атқа-
рушылық қызмет 100,0 25,0 125,0 0,7 124,3
04 Білiм беру 60,0 165,0 225,0 11,0 214,0
05 Денсаулық сақтау 60,0 100,0 160,0 5,0 155,0
06 Әлеуметтік көмек
және әлеуметтік
қамтамасыз ету 280,0 38,0 318,0 1,5 316,5
07 Тұрғын үй-ком-
муналдық қызмет 25,0 60,0 85,0 30,0 55,0
08 Мәдениет,
спорт, туризм
және ақпараттық
кеңiстік 20,0 30,0 50,0 3,5 46,5
09 Отын энерге-
тикалық кешенi
және жер қой-
науын пайдалану 28,0 10,0 38,0 9,0 29,0
10 Ауыл, су,
орман, балық
шаруашылығы,
ерекше қорға-
латын табиғи
аумақтар, қор-
шаған ортаны
және жануарлар
әлемiн қорғау,
жер қатынастары 60,0 10,0 70,0 1,0 69,0
11 Өнеркәсiп, сәу-
лет, елдiмекен
құрылысы және
құрылыс қызметi 1,5 0,5 2,0 - 2,0
12 Көлiк және
коммуникациялар 90,0 25,0 115,0 13,0 102,0
13 Өзгелер 60,0 25,0 85,0 5,0 80,0
14 Борышқа қызмет
көрсету 35,5 1,5 37,0 1,0 36,0
15 Ресми 140,0 70,0 210,0 200,0 10,0
трансферттер (олардың
ішiнде:
10,0-НҚ
транс-
ферттер)
___________________________________________________________________
III Операциялық
сальдо 20,0 -300,0 -10,0 - -10,0
___________________________________________________________________
IY Таза бюджеттiк
кредит беру 44,0 4,0 48,0 40,0 8,0
Бюджеттiк
кредиттер 65,0 10,0 75,0 41,0 34,0
04 Бiлiм беру 8,0 - 8,0 - 8,0
07 Тұрғын үй-
коммуналдық
шаруашылығы 40,0 - 40,0 - 0
10 Ауыл, cу,
орман, балық
шаруашылығы,
ерекше қорға-
латын табиғи
аумақтар, қор-
шаған ортаны
және жануарлар
әлемiн қорғау,
жер қатынастары 3,0 8,0 11,0 - 11,0
12 Көлiк және
коммуникациялар 6,0 - 6,0 - 6,0
13 Өзге де 8,0 2,0 10,0 1,0 9,0
5 Бюджет кредит-
терiн өтеу 21,0 6,0 27,0 1,0 26,0
___________________________________________________________________
Ү Қаржылық актив-
термен болатын
операциялар
бойынша сальдо 68,0 9,0 77,0 - 77,0
Қаржылық активтер
сатып алу 70,0 10,0 80,0 - 80,0
6 Мемлекеттің
қаржылық актив-
терiн сатудан
түсетін түсімдер 2,0 1,0 3,0 - 3,0
___________________________________________________________________
ҮI Тапшылық -92,0 -43,0 -135,0 -40,0 -95,0
___________________________________________________________________
ҮІІ Тапшылықты
қаржыландыру 92,0 43,0 135,0 40,0 +95,0
7 Қарыздардың
түсуi 250,0 41,0 291,0 41,0 250,0
16 Қарыздарды өтеу 158,0 1,0 159,0 1,0 158,0
8 Бюджет қаражаты
қалдықтарының
қозғалысы - 3,0 3,0 - 3,0
___________________________________________________________________
"Кiрiстер" I бөлiмi:
кестенiң 4-бағанының сомалары кiрiстердiң 2 санаты бойынша сомадан (1,0 млрд. теңге) тұрады - ол төмен тұрған бюджеттерге берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) сомасы, және кiрiстердiң 4 санаты бойынша (280,0 млрд. теңге = 70,0 млрд. теңге + 210,0 млрд.теңге) - ол бюджеттiк алымдар ретiнде жоғары тұрған бюджет алған және мақсатты ағымдағы трансферттердiң және дамуға арналған (жоғары тұрған бюджеттiң резервiнен алынған трансферттердi қоса алғанда) мақсатты трансферттердiң субвенциялары нысанында жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджет алған ресми трансферттердiң сомасы.
Кестеде сыйақы сомалары мен ресми трансферттер сомалары жоғары тұрған бюджеттерде бiрдей маңызы бар мысалы қарастырылады. Олардың бiрдей маңызы болмаған жағдайда жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттерде көрiнiс тапқан аз маңызы бар сомалар алып тастауға жатады.
"Шығындар" II бөлiмi:
кестенiң 4-бағанының сомалары төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджет берген ресми трансферттердiң (130,0 млрд. теңге - субвенциялар, 80,0 млрд. теңге - дамуға арналған мақсатты ағымдағы және мақсатты трансферттер), жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттен берiлген трансферттердiң (70,0 млрд. теңге - бюджеттiк алымдар) және үкiметтiк борышқа қызмет көрсету жөнiндегi шығындардың (1,0 млрд. теңге) сомаларынан тұрады.
Жоғары тұрған және төмен бюджеттерде ресми трансферттердiң сомалары мен борышқа қызмет көрсетуге арналған шығындар сомаларының мәндерi әртүрлi болған жағдайда екi деңгейдегi бюджеттердiң есептерiнде көрiнiс тапқан аз мәндегi сомалар алып тастауға жатады.
"Таза бюджеттiк кредит беру" IY бөлiмi:
"Бюджеттiк кредиттер" бөлiмшесiнiң 4-бағаны бойынша сомалар төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджет бөлген кредиттердiң сомаларынан тұрады.
Қаралатын мысалда бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға (40,0 млрд.теңге) және төмен тұрған бюджеттерде кассалық алшақтықты жабуға (1,0 млрд.теңге) төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджеттен бөлiнген кредиттер сомасы орын алады. Егер төмен тұрған бюджеттерде кассалық алшақтықты жабуға жоғары тұрған бюджеттiң резервi бөлiнбеген жағдайда, онда мемлекеттiк бюджеттiң және облыс бюджетiнiң атқарылуы жөнiндегi есептi қалыптастыру кезiнде оның сомасы алынып тасталмайды, оны iшiнара бөлген жағдайда - бөлiнген сома ғана алынып тасталады.
Қаралатын мысалда "Кредиттердi өтеу" бөлiмшесiнiң 4-бағаны бойынша сома кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджет жоғары тұрған бюджеттен алған кредиттi төмен тұрған бюджет толық өтеу сомасымен берiлген. Егер осы резерв мемлекеттiк бюджеттiң және облыc бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп қалыптастыру күнiне бөлiнбесе немесе iшiнара бөлiнген жағдайда, онда алып тастау үшiн сома не болмайды, немесе резервтiң төмен тұрған бюджетке бөлiнген және оларға өтеуге жататын сол бөлiгiнен тұратын болады.
"Бюджет тапшылығын (қаржыландыру)" YII бөлiмi бойынша:
"Қарыздардың түсiмi" жолы бойынша 4-бағанның сомасы жоғары тұрған бюджеттен алынған кредиттердiң сомасына қаралатын мысалға тең, ал "Қарыздарды өтеу" жолының сомасы төмен тұрған бюджеттiң кредиттердi өтеу сомасына тең. Қаралатын мысалда ағымдағы қаржы жылы өтеуге жататын 1,0 млрд. теңге сомасында төмен тұрған бюджет алған кредит өтеуге жатады. Ағымдағы қаржы жылы төмен тұрған бюджет алған 40,0 млрд. теңге сомасындағы кредит 2 жылдан кейiн өтеуге жатады деп болжамдасақ, осыған байланысты төмен тұрған бюджет ағымдағы қаржы жылы оны өтеу бойынша шығыстар әкелмейдi.
35. Қағаз тасушыдағы бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң деректерi электрондық дерек қоры түрiнде берiлген есепке сәйкес келуi тиiс.
36. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi астананың жергiлiктi атқарушы органдары бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бередi:
1) Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық есептi электрондық дерек қоры түрiнде - қағаз тасушыда оны кейiннен есептi айдың соңына дейiн растай отырып есептiден кейiнгi айдың 12 күнiнен кешiктiрмей;
2) Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы - туралы жылдық есептi - қағаз тасушыда және электрондық деректер қоры түрiнде есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешiктiрмей.
37. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi облыстың жергiлiктi атқарушы органына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептi беру мерзiмi соңынан белгiленедi.
38. Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептi кезеңнiң соңында бюджет қаражатының түсiмдерi, шығыстары мен қалдықтары сомаларының салыстыру актiсiн қоса бере отырып берiледi.
39. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде жүзеге асыратын ведомство мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетудi мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыруға жауапты бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiне бередi:
1) сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын есепке алмай республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есеп - сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын ескере отырып есептiден кейiнгi айдың 3 күнiнен кешiктiрмей - электрондық дерек қоры түрiнде және бiрiктiрiлген нысанда қағаз тасушыда есептiден кейiнгi айдың 10 күнiнен кешiктiрмей ондағы бюджетке түсетiн түсiмдердi қамтитын республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiң бөлiмi бюджет түсiмдерi сыныптамасы түсiмдерiнiң санатын ұстауы тиiс, ал бюджет шығыстарын қамтитын есептiң бөлiмдерi бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық тобын ұстауы тиiс;
2) республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп - санаттар, сыныптар, кiшi сыныптар және бюджет түсiмдерi сыныптарының ерекшелiктерi, бюджеттiк бағдарламалар, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бюджет түсiмдерiн және функционалдық топтар, функционалдық кiшi топтар бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып электрондық дерек қоры түрiнде және қағаз тасушыда есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешiктiрмей.
40. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi өкiмiмен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiне ақпараттық материалдарды беру кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң басшысы бекiткен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiне ақпараттық материалдарды беру кестесiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есептi бередi, бiрақ мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептiден кейiнгi айдың 15 күнiнен ерте емес - есептiден кейiнгi айдың 20 күнi.
Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiден кейiнгi айдың 15 күнi, сондай-ақ Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетiне және бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға, мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы айлық есеп есептiден кейiнгi айдың 20 күнi - бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға берiледi.
41. Өткен қаржы жылы үшiн республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметiне, бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарына
Бюджет кодексiнде
белгiленген мерзiмде бюджеттiк атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бередi. Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiлетiн өткен қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есепке бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы әр бетiне қол қояды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетiнiң өткен қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн он жұмыс күнiнiң iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, бюджеттiк жоспарлау және iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы жылдық есептi бередi.
42. Мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жиынтық есеп) атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептердi осы Нұсқаулыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қағаз тасушымен және электронды түрде тиiстi мемлекеттiк органдарға бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жiбередi. Қағаз тасушыдағы есептер iлеспе хатпен берiледi.
Бюджеттiң түсiмдерiн қамтитын мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жиынтық есеп) атқарылуы туралы есептердiң бөлiмдерi санаттар, сыныптар, кiшi сыныптар және бюджет түсiмдерi сыныптарының ерекшелiктерi бойынша деректердi ұстауы тиiс. Бюджеттiң шығыстарын қамтитын есептердiң бөлiмдерi функционалдық топтар, функционалдық кiшi топтар, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, бюджеттiк бағдарламалар және бюджет шығыстары сыныптамасының кiшi бағдарламалары бойынша деректердi ұстауы тиiс.
43. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептердi бiрiктiрiлген нысанда бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк органдарға жiбередi, онда бюджеттiң түсiмдерiн қамтитын облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы есептердiң бөлiмдерi бюджет түсiмдерi сыныптамасының санаттарын, ал бюджеттiң шығыстарын қамтитын бөлiмдер бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын ұстауы тиiс.
44. Мемлекеттiк, республикалық, жергiлiктi (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жиынтық есеп) бюджеттердiң, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептер электронды түрде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң
13-бабына
сәйкес келетiн бюджет құрылымы бойынша санаттар, сыныптар, кiшi сыныптар және бюджет түсiмдерi сыныптарының ерекшелiктерi бойынша бюджет түсiмдерiн, функционалдық топтар, функционалдық кiшi топтар, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып, сондай-ақ бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы кiшi сыныптарының және ерекшелiктерiнiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бөлiнiсiнде қалыптастырылады.
45. Есептi қаржы жылына арналған бюджеттiң атқарылуы туралы есептердiң басқа да түрлерi нысандар бойынша және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмдерде бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органдар қалыптастырады және бередi.
46. Бюджеттiң атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептердi, бюджеттiң түсiмдерi және шығыстары туралы электрондық дерек қорын, бюджеттiң атқарылуы туралы есептердiң басқа да түрлерiн қалыптастыру және беру бойынша бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерi арасындағы ара-қатынасты бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган реттейдi.
Мемлекеттiк бюджет пен облыс
бюджетiнiң, республикалық
және жергіліктi бюджеттердiң
атқарылуы туралы есептердi
жасау мен ұсынудың тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
_________________ жылға арналған
________________ атқарылуы туралы есеп
(бюджеттiң түрi)
Республика (облыс, қала аудан) _________________
Кезеңдегi
айлық, жылдық
Өлшем бiрлігi: мың теңге
___________________________________________________________________
Бюд-| Атауы |Есептi|Есептi|Есептi|Есептi кезеңге|Есептi |Кас-
жет-| |қаржы |қаржы |қаржы | түсiмдер мен |кезеңге|са-
тік | |жылына|жылына|жылына|қаржыландыру- |беріл- |лық
бағ-| |бекі- |нақты-|түзе- | дың жиынтық | ген |ат-
дар-| |тілген|ланған|тілген|жоспары, мiн- |рұқсат-|қару
ла- | |бюджет|бюджет|бюджет|деттемелер бо-|тардың |
ма- | | | | | йынша қаржы- |сомасы |
ның | | | | | ландырудың | |
код-| | | | | жиынтық | |
тары| | | | | жоспары | |
| | | | |______________| |
| | | | |төлем-|мiндет-| |
| | | | |дер бо|темелер| |
| | | | |йынша |бойынша| |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
___________________________________________________________________
I. КIРIСТЕР
Салық түсімдерi
Салықтан тыс
түсiмдер
Негiзгi капи-
талды сатудан
түскен түсімдер
Ресми транс-
ферттердiң
түсімдерi
___________________________________________________________________
II. ШЫҒЫНДАР
Жалпы сипаттағы
мемлекеттiк
қызметтер
Қорғаныс
Қоғамдық тәртiп,
қауiпсiздiк,
құқықтық сот
қылмыстық-атқару
қызметi
Бiлім беру
Денсаулық сақтау
Әлеуметтiк көмек
және әлеуметтiк
қамтамасыз ету
Тұрғын үй-комму-
налдық шаруашылық
Мәдениет, спорт
туризм және ақ-
параттық кеңiстiк
Отын-энергетикалық
кешен және жер
қойнауын пайдалану
Ауыл, су, орман,
балық шаруашылығы,
ерекше қорғалатын
табиғат аумақтары,
қоршаған ортаны
және жануарлар
әлемiн қорғау,
жер қатынастары
Өнеркәсiп, сәулет,
елдiмекен құрылысы
және құрылыс
қызметi
Көлiк және
коммуникация
Өзгелер
Борышқа қызмет
көрсету
Ресми трансферттер
___________________________________________________________________
III. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ
САЛЬДО
___________________________________________________________________
IV. ТАЗА БЮДЖЕТТIК
КРЕДИТ БЕРУ
Бюджеттiк кредиттер
Бюджеттiк
кредиттердi өтеу
___________________________________________________________________
V. ҚАРЖЫЛЫҚ
АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН
ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША
САЛЬДО
Қаржылық активтердi
сатып алу
Мемлекеттiң қар-
жылдық активтерiн
сатудан түскен
түсiмдер
___________________________________________________________________
VI. БЮДЖЕТТІҢ
ТАПШЫЛЫҒЫ
(ПРОФИЦИТI)
___________________________________________________________________
VII. БЮДЖЕТТIҢ
ТАПШЫЛЫҒЫН
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
(ПРОФИЦИТТI
ПАЙДАЛАНУ)
Қарыздардың түсiмi
Қарыздарды өтеу
Бюджет қаражат-
тары қалдықтарының
қозғалысы
Анықтамалық:
Бюджет қаражат-
тарының қалдықтары
Қаржы жылының
басындағы бюджет
қаражаттарының
қалдықтары
Есептi кезең
соңындағы бюджет
қаражаттарының
қалдықтары
___________________________________________________________________
кестенің жалғасы
_____________________________
Есептi кезеңде |Атқарылатын
түсiмдер мен |(бекітілген,
қаржыландырудың|нақтыланған,
жиынтық жоспа- |түзетілген)
рына % кассалық|бюджетке %
атқару (9-баған|кассалық
:6-баған) |атқару
_____________________________
10 11
_____________________________
_____________________________
Облыс, республикалық маңызы бар
қала, астана, аудан (облыстық
маңызы бар қала) әкiмi _________ _____________________
M.O. (қолы) (қолды таратып жазу)
Бюджеттi атқару жөнiндегi
жергiлiктi уәкiлеттi органның
басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Бюджеттiң атқарылуына жауапты
бюджеттi атқару жөнiндегi
жергiлiктi атқарушы органның
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мемлекеттiк бюджет пен облыс
бюджетiнiң, республикалық
және жергіліктi бюджеттердiң
атқарылуы туралы есептердi
жасау мен ұсынудың тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
_________________
ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТIҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
Кезеңділігi айлық, жылдық
Өлшем бiрлігi: мың теңге
___________________________________________________________________
Бюд-| Атауы |Есептi|Есептi|Есептi|Есептi кезеңге|Есептi |Кас-
жет-| |қаржы |қаржы |қаржы | түсiмдер мен |кезеңге|са-
тік | |жылына|жылына|жылына|қаржыландыру- |беріл- |лық
бағ-| |бекі- |нақты-|түзе- | дың жиынтық | ген |ат-
дар-| |тілген|ланған|тілген|жоспары, мiн- |рұқсат-|қару
ла- | |бюджет|бюджет|бюджет|деттемелер бо-|тардың |
ма- | | | | | йынша қаржы- |сомасы |
ның | | | | | ландырудың | |
код-| | | | | жиынтық | |
тары| | | | | жоспары | |
| | | | |______________| |
| | | | |төлем-|мiндет-| |
| | | | |дер бо|темелер| |
| | | | |йынша |бойынша| |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
___________________________________________________________________
I. КIРIСТЕР
Салық түсімдерi
Салықтан тыс
түсiмдер
Негiзгi капи-
талды сатудан
түскен түсімдер
Ресми транс-
ферттердiң
түсімдерi
___________________________________________________________________
II. ШЫҒЫНДАР
Жалпы сипаттағы
мемлекеттiк
қызметтер
Қорғаныс
Қоғамдық тәртiп,
қауiпсiздiк,
құқықтық, сот,
қылмыстық-атқару
қызметi
Бiлім беру
Денсаулық сақтау
Әлеуметтiк көмек
және әлеуметтiк
қамтамасыз ету
Тұрғын үй-комму-
налдық шаруашылық
Мәдениет, спорт,
туризм және ақ-
параттық кеңiстiк
Отын-энергетикалық
кешен және жер
қойнауын пайдалану
Ауыл, су, орман,
балық шаруашылығы,
ерекше қорғалатын
табиғат аумақтары,
қоршаған ортаны
және жануарлар
әлемiн қорғау,
жер қатынастары
Өнеркәсiп, сәулет,
елдiмекен құрылысы
және құрылыс
қызметi
Көлiк және
коммуникация
Өзгелер
Борышқа қызмет
көрсету
Ресми трансферттер
___________________________________________________________________
III. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ
САЛЬДО
___________________________________________________________________
IV. ТАЗА БЮДЖЕТТIК
КРЕДИТ БЕРУ
Бюджеттiк кредиттер
Бюджеттiк
кредиттердi өтеу
___________________________________________________________________
V. ҚАРЖЫЛЫҚ
АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН
ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША
САЛЬДО
Қаржылық активтердi
сатып алу
Мемлекеттiң қар-
жылдық активтерiн
сатудан түскен
түсiмдер
___________________________________________________________________
VI. БЮДЖЕТТІҢ
ТАПШЫЛЫҒЫ
(ПРОФИЦИТI)
___________________________________________________________________
VII. БЮДЖЕТТIҢ
ТАПШЫЛЫҒЫН
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
(ПРОФИЦИТТI
ПАЙДАЛАНУ)
Қарыздардың түсiмi
Қарыздарды өтеу
Бюджет қаражат-
тары қалдықтарының
қозғалысы
Анықтамалық:
Бюджет қаражат-
тарының қалдықтары
Қаржы жылының
басындағы бюджет
қаражаттарының
қалдықтары
Есептi кезең
соңындағы бюджет
қаражаттарының
қалдықтары
оның ішінде сыртқы
қарыздар есебінен
___________________________________________________________________
Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуына
қызмет көрсетудi жүзеге асыратын
ведомствоның басшысы _________ _____________________
M.O. (қолы) (қолды таратып жазу)
Жиынтық жоспарларды қалыптастыруға
және жүргiзуге жауапты ведомствоның
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Есептi қалыптастыруға жауапты
ведомствоның құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Мемлекеттiк бюджет пен облыс
бюджетiнiң, республикалық
және жергіліктi бюджеттердiң
атқарылуы туралы есептердi
жасау мен ұсынудың тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
3-қосымша
_______________ жылға арналған
бюджет қаражатының түсiмдерi, шығыстары мен
қалдықтары сомаларының салыстыру актiсi
Республика (облыс, қала, аудан) _____________________
Кезеңдiлiгi айлық, жылдық
Өлшем бiрлiгi: мың теңге
N
|
Атауы |
Бюджеттiң
|
Жергілiктi
|
1 |
Қаржы жылының басындағы
|
|
|
2 |
Түсiмдер |
|
|
3 |
Шығыстар |
|
|
4 |
Есептi кезең соңындағы
|
|
|
Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi
жергілiктi уәкілеттi органның
басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолды ашып жазу)
M.O.
Бюджеттiң атқарылуы туралы есептi
қалыптастыру үшiн жауапты жергілiктi
уәкілеттi органның құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолды ашып жазу)
Жергілiктi бюджетке есеп
айырысу-кассалық қызмет көрсетудi
жүзеге асыратын ведомствоның
аумақтық органының басшысы _________ _____________________
(қолы) (қолды ашып жазу)
M.O.
Жергілiктi бюджетке есеп
айырысу-кассалық қызмет көрсетудi
жүзеге асыратын ведомствоның
аумақтық органының тиiстi құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы _________ _____________________
(қолы) (қалды ашып жазу)
Мемлекеттiк бюджет пен облыс
бюджетiнiң, республикалық
және жергіліктi бюджеттердiң
атқарылуы туралы есептердi
жасау мен ұсынудың тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
4-қосымша
_________________ жылға арналған
________________ атқарылуы туралы есеп
(бюджеттiң түрi)
Кезеңділігi айлық
Өлшем бiрлігi: мың теңге
___________________________________________________________________
Бюд-| Атауы |Есептi|Есептi|Есептi|Есептi кезеңге|Есептi |Кас-
жет-| |қаржы |қаржы |қаржы | түсiмдер мен |кезеңге|са-
тік | |жылына|жылына|жылына|қаржыландыру- |беріл- |лық
сын-| |бекі- |нақты-|түзе- | дың жиынтық | ген |ат-
ып- | |тілген|ланған|тілген|жоспары, мiн- |рұқсат-|қару
та- | |бюджет|бюджет|бюджет|деттемелер бо-|тардың |
ма- | | | | | йынша қаржы- |сомасы |
ның | | | | | ландырудың | |
код-| | | | | жиынтық | |
тары| | | | | жоспары | |
| | | | |______________| |
| | | | |төлем-|мiндет-| |
| | | | |дер бо|темелер| |
| | | | |ынша |бойынша| |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
___________________________________________________________________
I. КIРIСТЕР
Салық түсімдерi
Салықтан тыс
түсiмдер
Негiзгi капи-
талды сатудан
түскен түсімдер
Ресми транс-
ферттердiң
түсімдерi
___________________________________________________________________
II. ШЫҒЫНДАР
Жалпы сипаттағы
мемлекеттiк
қызметтер
Қорғаныс
Қоғамдық тәртiп,
қауiпсiздiк,
құқықтық, сот,
қылмыстық-атқару
қызметi
Бiлім беру
Денсаулық сақтау
Әлеуметтiк көмек
және әлеуметтiк
қамтамасыз ету
Тұрғын үй-комму-
налдық шаруашылық
Мәдениет, спорт,
туризм және ақ-
параттық кеңiстiк
Отын-энергетикалық
кешен және жер
қойнауын пайдалану
Ауыл, су, орман,
балық шаруашылығы,
ерекше қорғалатын
табиғат аумақтары,
қоршаған ортаны
және жануарлар
әлемiн қорғау,
жер қатынастары
Өнеркәсiп, сәулет,
елдiмекен құрылысы
және құрылыс
қызметi
Көлiк және
коммуникация
Өзгелер
Борышқа қызмет
көрсету
Ресми трансферттер
___________________________________________________________________
III. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ
САЛЬДО
___________________________________________________________________
IV. ТАЗА БЮДЖЕТТIК
КРЕДИТ БЕРУ
Бюджеттiк кредиттер
Бюджеттiк
кредиттердi өтеу
___________________________________________________________________
V. ҚАРЖЫЛЫҚ
АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН
ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША
САЛЬДО
Қаржылық активтердi
сатып алу
Мемлекеттiң қар-
жылдық активтерiн
сатудан түскен
түсiмдер
___________________________________________________________________
VI. БЮДЖЕТТІҢ
ТАПШЫЛЫҒЫ
(ПРОФИЦИТI)
___________________________________________________________________
VII. БЮДЖЕТТIҢ
ТАПШЫЛЫҒЫН
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
(ПРОФИЦИТТI
ПАЙДАЛАНУ)
Қарыздардың түсiмi
Қарыздарды өтеу
Бюджет қаражат-
тары қалдықтарының
қозғалысы
Анықтамалық:
Бюджет қаражат-
тарының қалдықтары
Қаржы жылының
басындағы бюджет
қаражаттарының
қалдықтары
Есептi кезең
соңындағы бюджет
қаражаттарының
қалдықтары
___________________________________________________________________
кестенің жалғасы
_____________________________
Есептi кезеңде |Атқарылатын
түсiмдер мен |(бекітілген,
қаржыландырудың|нақтыланған,
жиынтық жоспа- |түзетілген)
рына % кассалық|бюджетке %
атқару (9-баған|кассалық
:6-баған) |атқару
_____________________________
10 11
_____________________________
_____________________________
Мемлекеттiк бюджет пен облыс
бюджетiнiң, республикалық
және жергіліктi бюджеттердiң
атқарылуы туралы есептердi
жасау мен ұсынудың тәртiбi
туралы нұсқаулыққа
5-қосымша
_________________ жылға арналған
________________ атқарылуы туралы есеп
(бюджеттiң түрi)
Кезеңділігi айлық
Өлшем бiрлігi: мың теңге
___________________________________________________________________
Бюд-| Атауы |Есептi|Есептi|Есептi|Кас-|(бекітілген,| Атқа-
жет-| |қаржы |қаржы |қаржы |са- |нақтыланған,| рылатын
тік | |жылына|жылына|жылына|лық |түзетілген) | (бекі-
сын-| |бекі- |нақты-|түзе- |ат- |бюджетті | тілген,
ып- | |тілген|ланған|тілген|қару|атқарудан | нақты-
та- | |бюджет|бюджет|бюджет| |кассалық | ланған,
ма- | | | | | |атқарудың | түзе-
ның | | | | | | | тілген)
код-| | | | | | |бюджетке
тары| | | | | | | %
| | | | | | |кассалық
| | | | | | | атқару
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
___________________________________________________________________
I. КIРIСТЕР
Салық түсімдерi
Салықтан тыс
түсiмдер
Негiзгi капи-
талды сатудан
түскен түсімдер
Ресми транс-
ферттердiң
түсімдерi
___________________________________________________________________
II. ШЫҒЫНДАР
Жалпы сипаттағы
мемлекеттiк
қызметтер
Қорғаныс
Қоғамдық тәртiп,
қауiпсiздiк,
құқықтық, сот,
қылмыстық-атқару
қызметi
Бiлім беру
Денсаулық сақтау
Әлеуметтiк көмек
және әлеуметтiк
қамтамасыз ету
Тұрғын үй-комму-
налдық шаруашылық
Мәдениет, спорт,
туризм және ақ-
параттық кеңiстiк
Отын-энергетикалық
кешен және жер
қойнауын пайдалану
Ауыл, су, орман,
балық шаруашылығы,
ерекше қорғалатын
табиғат аумақтары,
қоршаған ортаны
және жануарлар
әлемiн қорғау,
жер қатынастары
Өнеркәсiп, сәулет,
елдiмекен құрылысы
және құрылыс
қызметi
Көлiк және
коммуникация
Өзгелер
Борышқа қызмет
көрсету
Ресми трансферттер
___________________________________________________________________
III. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ
САЛЬДО
___________________________________________________________________
IV. ТАЗА БЮДЖЕТТIК
КРЕДИТ БЕРУ
Бюджеттiк кредиттер
Бюджеттiк
кредиттердi өтеу
___________________________________________________________________
V. ҚАРЖЫЛЫҚ
АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН
ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША
САЛЬДО
Қаржылық активтердi
сатып алу
Мемлекеттiң қар-
жылдық активтерiн
сатудан түскен
түсiмдер
___________________________________________________________________
VI. БЮДЖЕТТІҢ
ТАПШЫЛЫҒЫ
(ПРОФИЦИТI)
___________________________________________________________________
VII. БЮДЖЕТТIҢ
ТАПШЫЛЫҒЫН
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
(ПРОФИЦИТТI
ПАЙДАЛАНУ)
Қарыздардың түсiмi
Қарыздарды өтеу
Бюджет қаражат-
тары қалдықтарының
қозғалысы
Анықтамалық:
Бюджет қаражат-
тарының қалдықтары
Қаржы жылының
басындағы бюджет
қаражаттарының
қалдықтары
Есептi кезең
соңындағы бюджет
қаражаттарының
қалдықтары
___________________________________________________________________