"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: қараңыз.Z070306
1. Қоса берiлiп отырған "Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi A.A.Белоногқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министрдiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрiнiң
N 838 бұйрығымен 2004 жылы
3 желтоқсанда бекiтiлген
"Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi - санитарлық ережелер) қызметi балалар ойындары мен ойыншықтарын шығарумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға арналған.
Бұл санитарлық ережелердiң талаптары пиротехникалық ойыншықтарға, пистондарды ұрғыш капсулалар кiретiн (балалар ойыншықтарына арналған пистондардан басқа) фейерверктер, шыршаны безендiретiн, iштен жану қозғалтқышы бар ойыншықтарға, ересектерге арналған сувенирлiк бұйымдарға, басқатырғыштарға, пневматикалық мылтықтарға және тапаншаларға, лақтыратын заттарға, катапульттерге, темiрден жасалған ұшы бар лақтыруға арналған жебелерге, ертоқымы жерден 635 мм биiктiкте болатын велосипедтерге, балаларға арналған бижутерияларға, тоқ көзiнен қуат алатын ойыншықтарға таралмайды.
2. Осы санитарлық ережелердiң талаптарын жеке және заңды тұлғаларға жүктеледi.
3. Осы санитарлық ережелерде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) балаларға арналған ойындар мен ойыншықтар - табиғи және полимерлi материалдардан жасалған балалар тауарларының жиынтығы;
2) балл - ойыншықтар иiсiнiң деңгейiн көрсететiн өлшем бiрлiгi;
3) бөлiну қабiлеттiлiгi - ойыншық дайындайтын шикiзаттың құрамына кiретiн химиялық заттардың ойыншық бетiнен бөлiнуi;
4) пайдаланудың модельденген жағдайлары - табиғи жағдайға жақын келетiн, жасанды түрдегi микроклиматтық жағдайлар;
5) табиғи материалдар - балалар ойындары мен ойыншықтарын жасауға пайдаланатын өсiмдiктерден, табиғаттан және жануарлардан өндiрiлетiн материалдар;
6) сiңiру қабiлетi - балаларға арналған кiтаптардағы баспа бояғыш заттарының көпке шыдау көрсеткiшi;
7) синтетикалық (полимерлiк) материалдар - таскөмiр, мұнай және табиғи газдарды өңдеу арқылы синтетикалық жоғарғы молекулярлық қосындылардан алынатын материалдар.
2. Материалдарға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
4. Балалар ойнауға арналған ойындар мен ойыншықтарды дайындау үшiн қолданылатын шикiзаттар мен материалдар және дайын өнiмдер "Ойыншықтар. Қауiпсiздiгiне және бақылау әдiсiне қойылатын жалпы талаптар" атты қолданыстағы стандартқа сай болуы керек. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген материалдар осы санитарлық ережелердiң 1 қосымшасында көрсетiлген. Ойыншықтарды дайындау үшiн қолдануға болмайтын шикiзаттар мен материалдардың тiзiмi, осы санитарлық ережелерге берiлген 2 қосымшада көрсетiлген.
5. Ойыншықтарды дайындау үшiн балаларға арналған ойыншықтарды жасап шығаратын (екiншi рет қайта өңделетiн) кәсiпорындардың өндiрiстiк қалдықтарын, материалдарын қолдануға рұқсат етiледi. Басқа да балаларға арналған ойыншықтарды шығаратын арнайы емес кәсiпорындардан түсетiн өндiрiстiк қалдықтарды қолдану үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болуы керек.
6. Егер ойыншықтарды балалардың өздерi жинастыратын болса, онда қолданыстағы стандарттың талаптары ойыншықтың әрбiр бөлiгiне және бүтiндей жинақталған ойыншыққа таралады.
7. Ойыншықтарды дайындаған кезде қайта өңдеуге жататын бұйымдарды, ал 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндерге арналған ойыншықтарды дайындаған кезде - табиғи үлбiрдi және былғарыны қолдануға болмайды.
8. Балаларға үрлеп ойнауға арналған үрмелi әуендi ойыншықтар және шылдырлауықтар ылғал өткiзбейтiн, сондай-ақ, жуып зарарсыздандыруға болатын материалдардан жасалынуы керек.
3. Ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар
9. Барлық өндiрiлетiн, басқа жақтан әкелiнетiн және сатылатын балаларға арналған ойындар мен ойыншықтар Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылық саласының өкiлеттi органымен бекiтiлген тәртiп бойынша мiндеттi түрде санитарлық-эпидемиологиялық, оның iшiнде токсикологиялық сараптамадан өткiзiлуi керек.
10. Ойыншықтардың барлық түрiнiң иiс деңгейi 2 баллдан аспауы керек.
11. Ойыншықтардың көрнекi әшекейленген немесе қорғайтын жабындылары сiлекейдiң, тердiң және ылғалға төзiмдi болуы керек.
12. Ойыншықтар шығаратын дыбыстың деңгейi төменде көрсетiлген деңгейден жоғары болмауы керек:
1) үй-жайлардың iшiнде ойнауға арналған ойыншықтардың шығаратын дыбыс деңгейi 65 децибеллден (бұдан әрi - дБА), (дыбысы реттелген музыкалды ойыншықтардан, үрмелi және дабылды дауыс шығаратын аспаптардан басқасы);
2) ашық ауада ойнауға арналған ойыншықтың дыбыс деңгейi - 75 дБа-дан жоғары болмауы керек;
3) ойын сәтi (бiр рет ату) кезiнде шулы дыбыс беретiн ойыншықтың дыбыс деңгейi - 95 дБа-дан жоғары болмауы керек.
13. Үстел үстiне қойып ойнауға арналған баспалық ойындарының мәтiнi фонмен контрастылы болып, яғни айқын түстi бояу түрiмен жазылуы керек. Ондағы көрсетiлген сандар мен әрiптер қара түске боялып немесе қара бедерлi болуы керек.
Фонның оңтайлы түстерi болып: көгiлдiр, жасыл, сарғыш-жасыл, сары, қызыл сары түрлерi саналады. Үстел үстiне қойып ойнауға арналған баспалық ойындарындағы қағаздар мен картондарға жағылатын бояу қолға, жиhазға жағылмайтындай болуы керек.
14. Үстел үстiне қойып ойнайтын баспалық мәтiндегi ойындарындағы әрiптерiнiң биiктiгi - 10 жасқа дейiнгi балалар үшiн 2,3 миллиметрден (бұдан әрi - мм), 10 және одан жоғары жастағы балалар үшiн 1,75 мм-ден кем болмауы керек.
15. 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндерге арналған ойыншықтар мен олардың алынып-салынатын бөлшектерi 31,7 мм (+-0,1) өлшемiн анықтайтын цилиндрге толық кiрмеуi керек. Ойыншықтардың алынбайтын бөлшектерi қатты бекiтiлiп ұштары үшкiр болмауы керек.
16. Балалардың аузымен жанасатын ойыншықтарды (ысқырғыш, сырнай және де басқа өнiмдер) кезектесе 10 паскаль (бұдан әрi - кПа) қысыммен сорып, үрлегенде ауыз жағында саңылауда бөлiнетiн заттар болмауы керек.
17. Бесiкке, бүлдiршiндердiң төсегiне немесе арбаға iлiп қоюға арналған ойыншықтардың бауының ұзындығы 300 мм-ден, ал iлмегiнің периметрiнiң ұзындығы - 350 мм-ден аспауы керек. Ойыншықтардың созылмалы бауларын 25 ньютон (бұдан әрi - Н) күшiмен тартқан жағдайда оның ұзындығы 750 мм-ден аспай, тартылған баудың ұзындығы жай бау ұзындығының 40%-нан аспауы керек.
18. Өздерiмен бiрге тартып ойнауға арналған ойыншықтардың бауларында саусақ сусымайтын түйiндер немесе сусымалы түйiндерден тұратын iлмектер болмауы керек. 3 жасқа дейiнгi бүлдiршiндерге арналған ойыншықтардың бауларының диаметрi 2 мм-ден кем болмай, ойыншықтың ұстайтын жерi шар тәрiздi домалақ болуы керек.
19. Балалар сыйып кететiн және есiгi бар ойыншықтар (ойыншық палаткалар, вигвам және т.б.) сырты кем дегенде 50H күш арқылы ашылып, есiгi жабық болған жағдайда желдеткiшпен қамтамасыз етiлуi керек. Түймелердi, сыдырмаларды немесе басқадай бiр түймелеулердi қолдануға болмайды.
20. Шылдырлауықтар соққыға төзiмдi болып, ал сұйықтықпен толтырылған ойыншықтар - тығыз жабылуы керек.
21. Ойыншықтардың қорғағыш-көрнекi әшекейлi жабындылары сiлекейге, терге төзiмдi болып, ылғал ciңiрмеулерi керек. Шылдырлауықтардың бетiн бояп және жазу жазуға болмайды.
22. Балалардың аузымен жанасатын полимерлi және басқа да синтетикалық материалдардан; қағаз бен картоннан; матадан; ағаш пен былғары түс ciңірiлген; металдардан жасалған ойыншықтардан; резеңкелерден, сондай-ақ, құрастыратын материалдардан (пластилин, балшық, гельдерден), бояулардан, лактан, жылтырауық жасауға арналған ұнтақтардан, қарындаштағы графиттен, қаламдағы сиялардан бөлiнетiн (денсаулыққа) зиянды заттар, тағам өнiмдерi және олардың орталарымен тығыз байланыста болатын материалдар мен бұйымдарға арналған бөлiнудiң шектелген мөлшерi осы санитарлық ереженiң 3 қосымшасында көрсетiлген деңгейден аспауы керек.
23. Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды шығаратын кәсiпорын өнiмдерiнiң балалар денсаулығына ешқандай қауiп тудырмайтыны жайлы кепiл берiп, өнiмдердiң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы және сапалық сертификаты болуы керек.
24. Ойыншықтар жасап шығаратын өндiрiстiк үй-жайлардың құрылымы және санитарлық жағдайы қолданыстағы СанЕжН-гe сай болуы керек.
25. Ойыншықтардың тұтыну орамасында немесе жапсырмасында қандай жастағы балаларға арналғаны төмендегiдей үлгiде көрсетiлуi керек:
1) бiр жасқа дейiнгiлерге (жас сәбилер);
2) бiр жастан 3 жасқа дейiнгiлерге (бөбектер);
3) 3 жастан 6 жасқа дейiнгiлерге (мектеп жасына дейiнгi балалар);
4) 6 жастан 10 жасқа дейiнгiлерге (бастауыш сыныптағылар);
5) 10 жастан 14 жасқа дейiнгiлерге (орта сынып жасындағылар).
26. Ойыншықтарды жасап шығару және сату iсiмен тiкелей байланысты қызметкерлер жұмысқа алынар алдында және белгiленген тәртiп бойынша кезеңдi медициналық тексерiстен өтулерi керек.
27. Сатушы және сатып алушыға балалардың аузымен жанасатын ойыншықтарды көрсету кезiнде, ойыншықты ауыздарына салуға болмайды. Сатушыда мiндеттi түрде көрсететiн үлгi болуы керек.
28. Балаларға арналған ойыншықтардың қауіпсiздiгiн қадағалау - осы санитарлық ережелердiң 4 -қосымшасында көрсетiлгендей, осындай тексерулердi орындауға құқықты деген лицензиясы бар санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары немесе зертханалар арқылы жүргiзiлуi керек.
29. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы (тексерудi) жүргiзу үшiн: өнiмге деген нормативтiк-техникалық құжаттама, ойыншықтардың үлгiсi (кем дегенде 3 данасы) және қолданылатын материалдардың рецептурасы болуы керек. Керек болған жағдайда жасап шығаратын кәсiпорын технологиялық үдерiстiң сипаттамасын көрсетуi керек. Құжаттардың үлгiсi мен көшiрмесi қайтарып берiлмейдi. Ойыншықтарды тексеру тәртiбi 1 қосымшада, ойыншықтардағы ауыр металдардың рұқсат етiлген нормалары осы санитарлық ережелердiң 2 қосымшасында көрсетiлген.
30. Осы санитарлық ережелерге сай келмейтiн ойыншықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығы бойынша, оларды жасап шығаруға және сатуға қатаң түрде тыйым салынады (жұмыстары тоқтатылады). P080201
"Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитарлық-гигиеналық
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 1-қосымша
Ойыншықтарды жасап шығаруға рұқсат етiлген және
тыйым салынған шикiзаттар мен материалдардың
тiзбесi
Шикiзаттар және материалдардың атаулары |
НҚ |
1. ПCК-111, ПCM-115, ПСМ-118, |
ТЖ 6-05-1871-79 |
2. ПСС-500 белгiсiндегi полистирол |
ТЖ 6-05-190-1-81 |
3. Төменгi қысымды: 272-74, 276-73, |
ТЖ 6-05-1870-84 |
4. 11104-030, 11306-075 белгiсiндегi |
ТЖ 6-05-1636-78 |
5. УП-457 белгiсiндегi полистирол |
Югославия |
6. УП-"Норсолор" полистиролы |
Франция |
7. "POLYREX" белгiсіндегi полистирол |
"СН/МЕ JNDLISTR |
8. Полистирол |
"DОW", Швейцария |
9. Полистирол |
"Доку", Югославия |
10. "Scopyrol PS-C5 16" белгiсiндегi |
Германия |
11. "Литвин" фирмасының акраваксы |
Франция |
12. АБС-МО602Л пластигi |
ТЖ 6-05-2022-86 |
13. "Gedex" белгiсiндегi полистирол |
Франция |
14. Винилистен жасалған былғары |
ТЖ 17-21-475-83 |
15. Соққыға төзімді УПC-0508 Л полистиролы |
ОСТ 6-05-406-80 |
16. УПС-225 Д полистиролы |
ТЖ 6-05-1901-81 |
17. 368 Р белгiсіндегi полимерлес Луран |
"БАСФ", Германия |
18. 790, 867 E белгiсiндегi полимерлес |
"Дау Кемикл", АҚШ |
19. 747C (қызыл түстi) типтi АВС |
"DОW", Швейцария |
20. 2%-ды СЗЛ пенокон белгiсiндегi |
ТЖ 6-05-22 1-240-25 |
21. ПВХ - "Сковинил" PVC-684 белгiсiндегi |
Германия (VЕВ |
22. "Синтерал" белгiсiндегi АБС пластигi |
Италия |
23. "EDJSTJR" полистиролы |
Е.Е.С Montepozimeri |
24. "Содетег" фирмасының технология |
Франция |
25. Дакрил 2М |
МЕМСТ 6-01-38-81 |
26. 15203-020 белгiсiндегi ВД полиэтиленi |
МЕМСТ 16337-77 |
27. 277-73 белгiсiндегi НД полиэтиленi |
ТЖ 6-05-1570-84 |
28. 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277, |
ТЖ 6-05-1870-84 |
29. УПС-080 1 белгiсiндегi полистирол |
МЕМСТ 6-05-4406-20 |
30. Соққыға төзiмдi: SB-E, SB-NE |
"Stumer Oy" Жапония |
31. 2710 белгiсiндегi соққыға төзiмдi |
"БАСФ", Германия |
32. "Мослен" белгiсiндегi полистирол |
Чехословакия |
33. Мөлдiр және ақ түстi "Мостен", қызыл |
Чехословакия |
34. Жасыл, қызыл және сары түстi |
Италия |
35. "Кастилен M240" белгiсiндегi |
Италия |
36. Төмен қысымды "Пекема" белгiсiндегi |
Финляндия |
37. ДМД8-5 140 белгiсiндегi төмен қысымды |
|
38. "Хостилен" РР УР 1080 белгiсiндегi |
"XexcT" Германия |
39. Поливинилхлоридтi үлдiр |
"Канека Beлд-жим". |
40. Поливинилхлоридтi үлдiр |
"Джон Вэддинг тон", |
41 ЕР-Х белгiсiндегi пенополистирол |
"Cumep Oy" Финляндия |
42. 466-Z белгiсiндегi соққыға төзiмдi |
"БАСФ". Германия |
43. Қапталған алюминий фольга |
"ЛоисT ПасT", |
44. "Комбитерм-РА", "Комбитерм HXX" |
"Вальсроде" Германия |
45. 281-73, 281-75, 187-75, 291-73 |
ТЖ 6-05-1899-90 |
46. Д-23кс белгiсiндегi ПВХ пластиканы |
|
47. Meталлопластқа арналған уытсыз |
ТЖ 6-01-998-75 |
48. Соққыға төзiмдi УПМ 0503Л, УПМ 0508. |
МЕМСТ 6-05-406-80 |
49. Көлемдi ойыншықтарға арналған |
TЖ 6-05-626-76 |
50. С белгiсiндегi стирол, акрилонитры |
МЕМСТ 12271-76 |
51. АБС-М пластигi (ересек балаларға |
ТЖ 6-05-1587-74 |
52. 17703-010 белгiсiндегi, |
МЕМСТ 16337.77 |
53. 20908-040 белгiсiндегi (01,04,17,21 |
МЕМСТ 16338-77 |
54. Ф-1 Фторлоны |
ТЖ 6-05-559-74 |
55. N 107 10706-075 белгiсiндегi |
ТЖ 6-05-1636-73 |
56. "Styroa" белгiсіндегi полистирол |
Швейцария |
57. "Астролон" белгiсiндегi винипроза |
Германия |
58. "Gedex" белгiсiндегi полистирол |
Франция |
59. "у" белгiсiндегi (7Д. этиленi |
ТЖ 6-05-051-79-74 |
60. ВУ, У-1, У-2 белгiсiндегi поливи- |
ТЖ 6-01-1036-76 |
61. П-73ЭМ. П-73ЭM1, ЭП-73 рецеп- |
ТЖ 6-01-1009-75 |
62. Полиэтиленполиамид үлдiрi (ПЭ-ПА) |
ТЖ 6-05-051-121-77 |
63. Бiр жақ бетi (нитролакпен) боялған |
ТЖ 6-17-051-289-80 |
64. "Дау Кемикал" фирмасының 455 |
Югославия |
65. "Фина" фирмасының 82 E полистиролы |
Финляндия |
66. Рецептураның пигменттерi мен бояғыш |
ТЖ 6-05-1980-84 |
67. Қоңыр эмаль (ЭСП-210 фритта |
МЕМСТ 24405-80 |
68. RR-2 белiгiсiндегi финдiк пигменттi |
|
69. Кем дегенде 5% болатын СКП-118, |
ТЖ 6-05-223-86, |
70. 501 рецептурасындағы пигменттердiң |
|
71. Ақ СКП 001, қызыл СКП 102 және 100, |
|
72. Жоғарғы қанықпалы пигменттер |
|
73. Пигменттердiң жоғары қанықпалары: |
ТЖ 6-05-149-81 |
74. Пигменттердiң жоғары қанықпалары - |
|
75. МЧ-52 лак |
ТЖ 6-10-767-80 |
76. Титанның қос тотығы |
МЕМСТ 98-8-80 |
77. Темiр тотықты қызыл пигмент |
TЖ 6-10-602-77 |
78. Сары крон |
МЕМСТ 478-80 |
79. СК лағыл лагы |
МЕМСТ 7436-74 |
80. НЦ 218, НЦ 224 нитролагы |
MEMCT 4776-76 |
81. Нитроэмальдар |
MEMCT 5406-73 |
82. 646 ерiткiшi |
МЕМСТ 18168-72 |
83. Май ерiтетiн сары Ж, май ерiтетiн |
ТЖ 6-14-ДХ-75, |
84. "Винилин" белгiсiндегi бояулар |
"Садолин" Финляндия |
85. ТПХВ бояулары |
TЖ 29-02-888-79 |
86. Поливинилхлоридті ПBX-716 ұнтақты |
ТЖ 6-10-1706 |
87. МЛ 242 эмалi |
MEMCТ 10982-75 |
88. ФЛ-559 (3-30-59) лагы |
МЕМСТ 4147-80 |
89. ЭП-527Х лагы |
ТЖ 6-10-12.16.82. |
90. Қалбырдағы ЭП-547 лагы |
ТЖ 6-10-1395-73 |
91. ЭП 547 М лагы |
ТЖ 6-10-12-38-78 |
92. ЭП-547/ЭП-51 95/ФЛ/-559; |
ТЖ 6-10-1395-73. |
93. ЭП-5147 ал эмалi; ЭП-547. ЭП-547M; |
ТЖ 6-10-1498-75, |
94. ЭСП-117 (СТ-17) силикатты эмаль |
МЕМСТ 24405-80 |
95. Шыны тәрiздi БС-20 сары және жасыл |
|
96. 25,54, Э-1; 2ОН, 92Т, 105T, 301-3, |
ТЖ 26-01-149-78 |
97. ЭСГ-21 (СГ-21Л), ЭСП 117 (CT-17), |
MEMCT 2440580 |
98. Т-174 және У-21 белгiсiндегi |
|
99. В-ЭП-2100 эмалi |
TЖ 6-10-1502-79 |
100. ЖБ қызыл лагы (ДКМ-0,5 мг/л) |
МЕМСТ 8573-77 |
101. 2020-33 сериясының темiрден жасалған |
ТУ 29-02-872-79 |
102. 12000-12000-331, 12000-531. |
ТЖ 29.02.851-78 |
103. Май ерітетiн индулин (пластмассаны |
МЕМСТ 4770-77 |
104. Дибутилсебацинат, бутилстеарат, |
МЕМСТ 8728-77 |
105. Жоғары дәрежеде тазаланған |
|
106. Увитекс ОБ ағартқышы (0,1 % |
|
107. Синтамид-5 (пластмассаларға |
ТЖ 6-02-640-76 |
108. ФАУ-13 стабилизаторы (AБC- |
ТЖ6-14-22-129-75 |
109. Стабилизатор 4-метил-2,6-дитреттi |
|
110. Стафор-10 (полимерлi материалдар |
|
111. 52-469, 52-470, 6а-1, 6а-2, 52-446 |
|
112. 52-563 белгiсiндегi резеңке |
|
113. 5C-2 (СКЭП этиленпропилендi |
|
114. П-4, Т-193, 1840, 1843 белгiсiндегi |
|
115. T-199, 1743, 6306-VII белгiсіндегi |
|
116. 52-107, 52-111, 52-07а, КП-339 (ТК |
|
117. 52-530 (СКП-26М. МЕМСТ 7738-79 |
|
118. ИРП-1338 (СКТВ силоксанды |
|
119. ИГП-1338 және ИP-1344 (СКТВ |
|
120. Б-22 (TК табиғи көксағыз және нат- |
|
121. ГTЦ-7 (бутадиендi СКД синтетикалық |
|
122. С-482 (силоксанды СКТВ синтетикалық |
|
123. Табиғи латекстi қоспа ("Ревультекс", |
|
124. ММ-2 белгiсiндегi бор |
МЕМСТ 21-10-74 |
125. МТД-1 боры |
ТЖ 21 РСФСР 763-79 |
126. БС-30 белгiсiндегi ақ күйе |
МЕМСТ 18307-78 |
127. А белгiсiндегi тальк., 1 сұрыптағы |
|
128. Кореялық тальк |
|
129. ГТМ-4011, ПМО-95Н белгiсiндегi |
ТЖ 38-1528-77 |
130. ДГ-100, ПМ-75 белгiсiндегi |
МЕМСТ 7885-77 |
131. ПМ 0-101H белгiсiндегi техникалық |
ТЖ 38-11-555-76 |
132. Этилциматтың вулкандауын |
|
133. Үшiншi құрамы ретiнде СКЭПТ-Э |
ТЖ 38-103252-79 |
134. СКЭПТ-Э белгiсiндегi этилен- |
|
135. СКЭП белгiсiндегi этиленпропилендi |
ТЖ 38-103252-79 |
136. ПС-04 резеңкесi: СКЭП-40, 50-100,0; |
|
137. СКИ-ЗЗАМ 11 синтетикалық көксағызы |
|
138. 52-446с белгiсiндегi резеңке |
|
139. СКИ-5 изопрендi көксағыз |
|
140. ПС-23: CКН-40М-100.0 белгiсiндегi |
|
141. 374 белгiсiндегi резеңке СКД-ЛБС |
|
142. CКД-Л250 полибутадиендi көксағызы |
ТУ 38.4037-87 |
143. 5П-815: CКИ-3 100,0 резеңке |
|
144. CФ-10-21 резеңке СКН-18M көксағызы - |
|
145. СФ-10-21 резеңке СКЭПТ-40 көксағызы - |
|
146. Резеңке 374: СКД-ЛБС көксағызы |
|
147. Ашық түстi гейландит толықтырғышы |
"Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитарлық-гигиеналық
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 2-қосымша
Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды жасап
шығаруға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар
Шикi заттар мен |
Тыйым салудың себептерi |
1. 10-09-СФ резеңкесi |
Рұқсат етiлген көлемiнен жоғары |
2. 52-782 резеңкесі |
Жанасатын модельдi ортаның және |
3. 52-782-1 резеңкесi |
Жанасатын модельдi ортаның және |
4. М2Т, МЕМСТ 6-17-72 |
Мыстың тоттануы және ауыр металл |
5. Резеңке өндiрiсiндегi |
Уыттылығы |
6. 81-22 белгiсiндегi |
Рұқсат етiлген деңгейден тиурам |
7. Ыдыс-аяқ, шаруашылық |
|
8. МЕМСТ 6-14-40-82, "В" |
Пигменттiң канцерогендi қасиетi |
9. "2М" қайталанған дакрилi |
Металдар иондарының бөлінуі |
10. 20908-040, MEMCT |
Мырыш және қорғасынның бөлiнуi |
11. 10803-070, 11503-070 |
Мырыш және қорғасынның бөлiнуi |
12. ЭЖК және ЭЖР белгiле- |
Модельдiк ерiтiндiлердiң сыртқы |
13. ХЖК хромдалған қаңылтыр |
|
14. ФДБ бояуларынан болатын |
Мырыш хроматының уыты жиынтығының |
15. ПОС-2 дәнекерлегiшi |
Қорғасынның көп мөлшерiнiң |
16. ЛС59-1 белгiсiндегi жез |
Қорғасынның модельдiк ортаға |
17. "Мостен" 52.512 және |
Түйсiктiк көрсеткiштердiң өзгеруi |
18. ЛЦ-400 белгiсiндегi жез |
Moдельдiк ортаға мыс және мырыштың |
19. Фталацианиндi жасыл пигмент |
Канцерогендi әсерi |
20. СКП 301, 401, 412 |
Құрамына кiретiн пигменттердiң |
21. Алқызыл, бордо, қызыл, |
Бекітудiң нашар болуы және |
22. Сұр, көгiлдiр және |
ДКМ-нен жоғары мөлшерде берiлген |
"Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитарлық-гигиеналық
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 3-қосымша
Ауыр металл тұздарының мөлшерлi нормалары
Материалдардың |
1г материалдан бөлiнетiн |
|||||||
сур- |
кү- |
ба- |
кад- |
xpoм |
қор- |
сы- |
се- |
|
Саусақтың көмегiмен |
60 |
25 |
500 |
75 |
60 |
90 |
60 |
500 |
Саусақтың көмегiмен |
62 |
15 |
250 |
50 |
25 |
90 |
25 |
500 |
"Балаларға арналған ойындар
мен ойыншықтарға қойылатын
санитарлық-гигиеналық
талаптар" туралы санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер
мен нормаларға 4-қосымша
Ойыншықтардың қауіпсiздiгiн зертханалық жолмен
бақылау тәртiбi
1. Ойыншықтарды зертханалық жолмен бақылау өндiрiсте және оларды сатуға өткiзiп жатқан жерде өткiзiлiп, оларға түйсiктiк және санитарлық-химиялық тексерулер жүргiзiлуi керек.
2. Түйсiк сезiмдерi арқылы жүргiзiлетiн тексерулер:
1) пластикадан жасалған ойыншықтар температурасы 37 о C болатын (механикалық өңдеусiз, сабын немесе синтетикалық жуғыш заттарды қолданбай) сумен жуылғаннан соң, оларды дистильденген сумен шайып, бөлме температурасында кептiредi;
2) ойыншықтардың үлгiсiне түйсiк сезiмдерi арқылы жүргiзiлетiн тексеру кезiнде ойыншықтардың мынандай сипаттары: сыртқы түр пiшiнi, үстiңгi жағының сипаты (құрғақ, жабысқақ, тегiс), ақауларының және иiсiнiң барлығы анықталады.
Ойыншықтардың иiсiн (немесе сорылған иiсiн) анықтау бөлме температурасында мамандар тобы (3-5 адам) арқылы жүргiзiледi. Иiстiң түрi оларды сипаттау арқылы анықталады (бөтен, жағымсыз иiс; арнайы хош иiстi, иiсi анықталмаған). Иiстiң қарқындылығы төменде көрсетiлген шкалаға сай балл есебiмен берiледi.
Иiстiң қарқындылығын анықтау
Иiстiң қарқындылығы |
иiс түрiнiң сипаттамасы |
0 |
иiсi жоқ |
1 |
иiсi өте әлсiз - сәл ғана сезiледi |
2 |
иiсi әлсiз |
3 |
анық иiс, жағымсыз иiс |
4 |
өте қатты жағымсыз иiс |
3. Санитарлық-химиялық тексерулер:
1) полимерлi материалдардан жасалған ойыншықтар үлгiсiне санитариялық-химиялық тексеру жүргiзген жағдайда олардың салмағынан және қолдану кезiнде органикалық химиялық ұшқыш заттар ауа мен сулы ортада анықталынады.
2) сынамаларды дайындау және полимерлi материалдардан жасалған ойыншықтар үлгiсiнiң құрамындағы ауыр металдарды (сүрме, күшән, барий, кадмий, хром, қорғасын, сынап, селен) анықтау "Ойыншықтар. Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары және бақылау әдiсi" туралы қолданыстағы стандартқа сай жүргiзiледi.
3) ауа ортасы жағдайында ойыншықтардан бөлiнiп шығатын химиялық ұшқыш заттарды анықтау ауаның алмасуы кезiнде - 1сағ/көлемде және камерадағы ауаны сорғанда 1 шаршы метр кубқа (бұдан әрi - м 3 ) 100 грамм (бұдан әрi - г) ойыншықтың қатысы арқылы 20 о C және 37 о C температурада жүргiзiледi. Тексерiлетiн ойыншықтардың үлгiсiн шыны камераға салып, белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген әдiс арқылы ұшқыш заттардың бөлiнiп шығуы динамикалық тепе-теңдiкте болғанға дейiн жоғарыда көрсетiлген жағдайда кондиционерлеу керек.
Анықталған заттардың қанықпа мөлшерiн атмосфералық ауа үшiн рұқсат етiлген шегiмен салыстыру керек.
4. Ойыншықтардан бөлiнiп шығатын химиялық заттарды сулы ортада анықтау ойыншықтар ауданының су бетi ауданына 1 шаршы сантиметр (бұдан әрi - см 2 ): 2см 2 қатысы арқылы және 3 сағат (бұдан әрi - сағат) бойы экспозиция жасап бөлме температурасында жүргiзу керек. Анықталған заттардың қанықпа мөлшерiн полимерлi және басқа да материалдардан бөлiнiп шығатын, тағам өнiмдерiмен жанасатын химиялық заттардың бөлiну қабiлеттілігiнiң рұқсат етiлген мөлшерiнiң (бұдан әрi - PEM) санитарлық нормаларымен салыстыру керек.
5. Ойыншықтарды сiлекейдiң, тердiң және ылғалдың әсерiнен сақтайтын қорғауыш-көрнекi әшекейлi жабындылардың тұрақтылығын анықтау ойыншықтарды 3 минөт iшiнде механикалық өңдеусiз, бейтарап сабынмен 37 о С температурадағы ыстық сумен жуу арқылы жүргiзу керек. мұндай жағдайда ойыншықтардың сыртқы түрi өзгермеуi керек.
6. Ойыншық жабындыларының сiлекейге және терге деген тұрақтылығы анықтау жұмсақ ойыншықтардан басқа барлық ойыншықтарға жүргiзiледi.
7. Ойыншық жабындыларының сiлекейге және терге деген төзiмдiлiгiн тексеру үшiн термостат, эксикатор (19 cм, 25 cм), сапалы тексерiс жүргiзуге арналған, opтaңғы тығыздықтағы сүзгіш қағаз, түссiз, өзi жабысатын, енi 12 мм жабысқақ лента, мынадай реактивтер: сiлекейге ұқсайтын N 1 сынау ерiтiндiсi - ол натрий бикарбонатынан (4,2 гр), натрий хлоридiнен (0,5 гp), калий карбонатынан (0,2 гр), дистильденген судан (1000,0 мл) және N 2 сынау ерiтiндiсiнен (терге ұқсайтын) натрий хлоридiнен (4,5 гp), калий хлоридiнен (0,3 гp), натрий сульфатынан (0,3 гр), аммоний хлоридынан (0,4 гp), сүт қышқылынан (80% - 3,0 гр), несепнәрден (0,2 гр), дистильденген судан (1000,0 мл) болуы қажет.
8. Сынақты жүргiзу:
1) сүзетiн қағаздан енi 15 мм және ұзындығы 80 мм болатын жолақ кеседi. Содан соң осы жолақтың бiр бөлiгiне N 1 сыналатын ерiтiндiнi, ал екiншi бөлiгiне N 2 сыналатын ерiтiндiнi сiңiредi;
2) ерiтiндi сiңiрiлген сүзетiн жолақтарды сыналатын үлгiнiң не жанына қою керек, не бiр-бiрiнен 10 мм ара қашықтықта болулары керек, не болмаса жолақтың бiрiншi бөлiгiн бiр сынамаға, келесi бiр бөлiгi - басқа сынамаға салу керек. Үлгi және ерiтiндi сiңiрiлген сүзгiш жолақ бiр-бiрiмен тығыз байланысу үшiн үлгiдегi жолақтар жабысқақ лентамен қатты бекiтiлуi керек. Ол үшiн жабысқақ лента сүзгiш жолақтың барлық ұзындығына ғана жетпей, сонымен қатар жолақтың екi жағынан да кем дегенде 10 мм ұзындықта асып тұруы керек;
3) Егер де сыналатын үлгiлер үлкен болған жағдайда, мұндай тексерулердi берiлген үлгiлерден кесiп алынған кесiндiлерге де жүргiзуге болады. Ал егер де бұйымдар өте кiшкентай (түрлi пiшiндi шылдырлауықтар, моншақтар) болған жағдайда, оларды сыналатын ерiтiндi сiңiрiлген (бөлек бөлек N1 және N2) сүзгiш қағазбен орау керек;
4) дайын болған сынамаларды су үстiнде (бөлме температурасындағы) эксикаторға салып, содан соң - 2 сағатқа 37 о С+2 о С температурадағы термостатқа салу керек.
9. 2 сағат өткеннен соң, сыналынған үлгiлер эксикатордан алынады да, сүзгiш жолақтар үлгiлерден кезегiмен айырылып, олардың боялу түстерi тексерiледi. Егер сүзгiш жолақтар боялмаса, онда қорытынды мынандай болып жазылады: "бояу сiлекейге төзiмдi" немесе "бояу түсі терге төзiмдi" немесе "бояу түсi сiлекей және терге төзiмдi".
10. Бiр ғана терiс көрсеткiш алынған жағдайдың өзiнде, тексерiлетiн үлгiге келiсiм бермей, оларды сатуға рұқсат бермеу керек.