Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 326 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3313

Қолданыстағы

      "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.
      3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жiберсiн.
      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау жөніндегі  
агенттігі Басқармасының      
2004 жылғы 27 қарашадағы     
N 326 қаулысымен Бекітілген   

  Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік
қызметті жүзеге асыратын ұйымның есеп беру ережесі

      1. Осы Ереже "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  3-бабы  2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ереже екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, қаржы агенттіктеріне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, инвестициялық портфельді басқарушыларға, Ұлттық почта операторына қолданылмайды.

      3. Брокер-дилердің есебіне мыналар жатады:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есеп;
      2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен жасалған "кері РЕПО" және "РЕПО" операциясы" операцияларының құрылымы туралы есеп;
      3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес өз активтері есебінен орналастырылған екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы туралы есеп;
      4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп.

      4. Брокер-дилер есепті тоқсан сайын, бірақ есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей береді.

      5. Есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен - теңгемен көрсетіледі.

      6. Есепті жасаған кезде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      7. Есептің барлық парақтарына нөмір қойылады және олардың жалпы саны оны уәкілетті органға жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.

      8. Есепке брокер-дилердің бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырылады. Брокер-дилердің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда, есепке осы құжаттарға сәйкес қол қоюға уәкілетті тұлға қолын қойып, осы ішкі құжаттардың көшірмесімен бірге уәкілетті органға ұсынылады.

      9. Есеп уәкілетті органға қағаз жазбада және электрондық тасымалдағышта беріледі.

      10. Қағаз жазбамен берілген есептегі мәліметтер электрондық тасымалдағышпен берілген есептегі мәліметтермен сәйкес келуге тиіс.

      11. Қағаз жазбадағы есеп екі дана етіп жасалады, есептің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы брокер-дилерде қалады.

      12. Түзетілген және өшірілген қағаз жазбадағы есеп брокер-дилерге қайтарылады.

      13. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, брокер-дилер уәкілетті органға есеп берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтінішін береді.

      14. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

                                        Бағалы қағаздар рыногында
                                       брокерлік-дилерлік қызметті
                                       жүзеге асыратын ұйымның есеп
                                         беру ережесіне 1-қосымша

              Өз активтері есебінен сатып алынған
                бағалы қағаздар туралы есеп

             брокер-дилер _________________________
               200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша

                                                     (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
  N  | Эмитенттің |Бағалы| Ұлттық|Бағалы| Номи-|Номи- |  Жиынтық
 р/с |   атауы    |қағаз-| біре- |қағаз-|налдық|налдық|ағымдағы құны
     |            | дың  |гейлен-|дардың| құны |құны  |____________
     |            | түрі | діру  | саны |      |валю- |Сатуға ар-
     |            |      |нөмірі |(дана-|      |тасы  |налған қолда
     |            |      |       | мен) |      |      |бар бағалы
     |            |      |       |      |      |      |қағаздар,
     |            |      |       |      |      |      |оның ішінде
___________________________________________________________________
   1         2        3      4       5      6      7         8
___________________________________________________________________
1      Қазақстан
       Республика-
       сының мемле-
       кеттік баға-
       лы қағаздары
1.1.
...
2      Қазақстан
       Республикасы
       ұйымдарының
       мемлекеттік
       емес эмис-
       сиялық бағалы
       қағаздары
2.1.   Екінші дең-
       гейдегі банк-
       тердің бағалы
       қағаздары
2.1.1.
...
2.2.   Екінші дең-
       гейдегі банк-
       терді қоспа-
       ғанда, заңды
       тұлғалардың
       бағалы
       қағаздары
2.2.1.
...
3.     Шетел мемле-
       кеттерінің
       бағалы
       қағаздары
3.1.
...
4.     Қазақстан
       Республикасы-
       ның резидент
       емес-эмитент-
       терінің мем-
       лекеттік ба-
       ғалы қағаздары
4.1.
...
5.     Халықаралық
       қаржы ұйымда-
       рының бағалы
       қағаздары
5.1.
...
6.     Инвестициялық
       қорлардың
       пайлары
...
7      Барлығы
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
_______________________________________________________________
  N  |        Жиынтық ағымдағы құны       |   Күні   |Листинг/
 р/с |____________________________________|__________|рейтинг
     |Есеп- |Саудаға |Есеп- |Өтеуге|Есеп- |Сатып|Өтеу|
     |телген|арналған|телген|дейін |телген| алу |    |
     |сыйақы| бағалы |сыйақы|ұста- |сыйақы|     |    |
     |      | қағаз- |      |латын |      |     |    |
     |      |  дар,  |      |бағалы|      |     |    |
     |      |  оның  |      |қағаз-|      |     |    |
     |      | ішінде |      | дар  |      |     |    |
_______________________________________________________________
  1      9       10      11    12      13    14    15     16
_______________________________________________________________
1
1.1.
...
2
2.1.
2.1.1.
...
2.2.
2.2.1.
...
3.
3.1.
...
4.
4.1.
...
5.
5.1.
...
6.
...
7
_______________________________________________________________

Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға____ күні_____

Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға____ күні_____

Орындаушы ________________________________ күні ___________________

Телефоны:_____________________________________

Мөр орны

                                        Бағалы қағаздар рыногында
                                       брокерлік-дилерлік қызметті
                                       жүзеге асыратын ұйымның есеп
                                         беру ережесіне 2-қосымша

          Өз активтері есебінен жасалған "кері РЕПО" және
    "РЕПО" операциясы" операцияларының құрылымы туралы есеп

              брокер-дилер _________________________
               200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша

                                                   (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
 N |  Операцияның  |Эмите-|Ұлт- |Номи-|     Күні    |Опера- |Сыйақы
р/с|    мазмұны    |нттің |тық  |налды|_____________|цияның | став-
   |               |атауы |біре-|құны-|Опера-|Опера-|күнмен | касы
   |               | және |гей- | ның |цияның|цияның|мерзімі|
   |               |бағалы|лен- |валю-|ашылуы| жабы-|       |
   |               |қағаз-|діру |тасы |      |  луы |       |
   |               |дардың|нө-  |     |      |      |       |
   |               | түрі |мірі |     |      |      |       |
___________________________________________________________________
 1           2         3      4    5      6       7      8     9
___________________________________________________________________
1    "кері РЕПО"
     операциялары
1.1. Тікелей тәсіл
...
1.2. Автоматты тәсіл
...
2 "РЕПО" операциялары
2.1. Тікелей тәсіл
...
2.2. Автоматты тәсіл
...
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
______________________________
 N | Бағалы |Операция|Листинг/
р/с|қағаздар| сомасы |рейтинг
   | саны   |теңгемен|
______________________________
 1      10      11       12
______________________________
1
1.1.
...
1.2.
...
2
2.1.
...
2.2.
...
______________________________

Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға____ күні_____

Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға____ күні_____

Орындаушы ________________________________ күні ___________________

Телефоны:_____________________________________

Мөр орны

                                        Бағалы қағаздар рыногында
                                       брокерлік-дилерлік қызметті
                                       жүзеге асыратын ұйымның есеп
                                         беру ережесіне 3-қосымша

       Өз активтері есебінен орналастырылған екінші
      деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы
                       туралы есеп

              брокер-дилер _________________________
               200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша

                                                     (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
 N |Банктер/банк |Банк|Салым|Рей- | Салым |Салым   |Салым бойынша
р/с|бөлігінде бап|коды|валю-|тинг/|мерзімі|бойынша |негізгі борыш
   |    атауы    |    |тасы |Лис- |күнмен |сыйақы  |  сомасы
   |             |    |     |тинг |       |ставкасы|_______________
   |             |    |     |     |       |(жылдық |тең- |шетел
   |             |    |     |     |       |процент-|гемен|валюта-
   |             |    |     |     |       |  пен)  |     |сында
___________________________________________________________________
 1        2         3     4    5       6      7       9      10
___________________________________________________________________
1   Талап етуге
    дейінгі салымдар
1.1.
...
2   Мерзімді
    салымдар
2.1.
...
3   Шартты салымдар
3.1.
...
4   Барлығы
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
__________________________________________
 N |Салым бойынша сыйақы|Салымның|Ықтимал
р/с|____________________|ағымдағы| шығын
   |теңгемен|  Шетел    |  құны  |резерв-
   |        |валютасында|жиынтығы| тері
__________________________________________
 1     11         12      13         14
__________________________________________
1
1.1.
...
2
2.1.
...
3
3.1.
...
4
__________________________________________

Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға____ күні_____

Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға____ күні_____

Орындаушы ________________________________ күні ___________________

Телефоны:_____________________________________

Мөр орны

                                        Бағалы қағаздар рыногында
                                       брокерлік-дилерлік қызметті
                                       жүзеге асыратын ұйымның есеп
                                         беру ережесіне 4-қосымша

       Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың
                      құрылымы туралы есеп

             брокер-дилер _________________________
              200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша

                                                    (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
 N |Заңды тұлғаның|Заңды|Балан-| Саны |Эмитенттің| Сатып | Ескерту
р/с|    атауы     |тұл- | стық |(дана-| жарғылық |алынған|
   |              |ғаның| құны | мен) |капиталына| күні  |
   |              |коды | (мың |      |  қатысу  |       |
   |              |     |теңге-|      | үлесі (%)|       |
   |              |     | мен) |      |          |       |
___________________________________________________________________
 1         2          3     4      5        6        7         8
___________________________________________________________________
1.  Жай акциялар
1.1.
2.  Артықшылық
    берілген акциялар
2.1.
3.  Жарналар мен
    пайлар
3.1.
4.  Барлығы
___________________________________________________________________

Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға____ күні_____

Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға____ күні_____

Орындаушы ________________________________ күні ___________________

Телефоны:_____________________________________

Мөр орны