Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 241 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2467 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 22 қыркүйек - 5 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қаржылық есебінің тізбесі, нысандары мен ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықта:
6-тармақта:
1) және 2) тармақшаларда "және оған қосымшалар" деген сөздер алынып тасталсын;
5)-8) тармақшалар алынып тасталсын;
7-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ай сайын осы Нұсқаулықтың 21-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда - есептіден кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей - 1 және 2 нысандар.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тоқсан сайын - есептіден кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей - 1, 2, 3, 4 нысандар және оларға түсіндірме жазба.";
22-тармақта "уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-қосымшада:
3-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
4-тармақта "6" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.