Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 320 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3306. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1532 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 13 (210) басылымдарында 2001 жылғы 18 маусымда - 1 шілдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2753 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38  қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережеде:
     18-тармақта:
     1) тармақшада ", қаржы саласында бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар," деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
     2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "2) актуарий деген мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесі бар актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлға.";

     19-тармақта:
     5) тармақша алынып тасталсын;
     8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "8) актуарийдің мәртебесін, актуарийлер қауымдастығына (қоғамына немесе өзге де бірлестікке) мүшелігін (толық мүшелігін) және осы қауымдастықтың Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі ретінде мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмелері (осы Ереженің 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін);";

     43-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
     "Біліктілік комиссиясы лицензияны алуға ниеттенген кандидаттың (осы Ереженің 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін) білім деңгейі мен біліктілігінің оны біліктілік комиссиясының отырысына шақырмастан қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы шешімді қабылдай алады.";

     45-2-тармақ мынадай мазмұндағы 5)-6) тармақшалармен толықтырылсын:
     "5) біліктілік емтиханын тапсыру туралы өтінішті беру сәтіне актуарийлердің тиісті қауымдастығында (қоғамында немесе өзге де бірлестікте) оның мүшелігін (толық мүшелігін) растайтын құжаттар;
     6) ол мүше (толық мүше) болып табылатын актуарийлердің тиісті қауымдастығының (қоғамының немесе өзге де бірлестіктің) не мемлекеттік қадағалау органының актуарийдің соңғы екі жыл ішінде заңдарды бұзуының және санкциялардың болмауы жөніндегі хаты.
     5) және 6) тармақшалардың талаптары тек актуарий мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшелері (толық мүшелері) болып табылатын актуарийлерге ғана қолданылады.";

     45-7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
     "Біліктілік комиссиясы актуарий мәртебесі бар және Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі деген мәртебесіне ие актуарийлер қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын актуарийдің біліктілік емтиханын тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы шешімді олар осы Ереженің 45-2-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған жағдайда әңгімелесуді және тестілеуді өткізбестен қабылдай алады.";

     Ереженің 5 қосымшасында "2006 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2007 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

     3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және актуарийлерге жіберсін.

     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

     Төраға