"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)
153
және
318-баптарын
іске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса беріліп отырған Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелері бекітілсін.
2. "Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 7 қарашадағы N№445 (нормативтік құқықтық актілерінің Тізілімінде 2597 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" 2003 жылы N 37-42, 885-б. жарияланған)
бұйрығының
күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Есмағанбетова Ж.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық
комитеті Төрағасының
2004 жылғы 1 желтоқсандағы
N 613 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу
және әлеуметтік салықты есептеу
Ережелері
2. Есепте салық төлеуші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) 1-бағанда күнтізбелік жылының тиісті айлары;
2) 2-бағанда Салық кодексінің
149-бабының
2-тармағына және
154
,
156
,
159
,
161-баптарына
сәйкес жеке тұлғаның есептелген табыстар сомасы;
3) 3-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен есептелген табыстардың сомасы;
4) 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген және Салық кодексінің
144-бабына
сәйкес салық жылының тиісті айы үшін салық салуға тиіс емес табыстардың сомасы;
5) 5-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 4-бағанда айқындалған табыстардың сомасы;
6) 6-бағанда салық жылының тиісті айы үшін айқындалатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
7) 7-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынымен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
8) 8-бағанда Салық кодексінің
152-бабының
1-тармағының 1), 2) және 4)-6) тармақшаларына сәйкес айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін салық шегерімдерінің сомасы;
9) 9-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 8-бағанда айқындалған салық шегерімдерінің сомасы;
10) 10-бағанда салық жылының басынан бастап 3-баған мен 5, 7, 9 бағандардың арасындағы айырма ретінде айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстардың сомасы;
11) 11-бағанда салық жылының басынан бастап жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы айқындалатын айлардың жалпы санының күнтізбелік жылдағы айлардың санына қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті. Қызметкер жұмыстан босаған ретте жұмысының соңғы айы үшін табысынан жеке табыс салығын есептеу кезінде бірлік коэффициенті қолданылады;
12) 12-бағанда салық жылының басынан бастап салық салынатын табысының есепті сомасын (10-баған) мен қайта есептеу коэффициентіне (11-баған) көбейту жолымен айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы;
13) 13-бағанда салық салынатын табыстың есепті сомасына Салық Кодексінің 145-бабының 1 және 1-1-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептелген жеке табыс салығының сомасы;
14) 14-бағанда 13-бағанының 11-бағанға қатынасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;
15) 15-бағанда салық жылының өткен айлары үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;
16) 16-бағанда салық жылының тиісті айы үшін ұстап қалуға тиісті, 14 және 15 бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын жеке табыс салығының сомасы;
17) 17-бағанда 2-бағанда көрсетілген және міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, Салық кодексінің
316-бабының
1-тармағына сәйкес әлеуметтік салық салу объектілеріне жатпайтын табыс сомасы;
18) 18-бағанда міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, жылдың басынан бастап үдемелі жиынмен 17-бағанда айқындалатын табыстар сомасы;
19) 19-бағанда 2-баған мен 6, 17-бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық салынатын табыс сомасы;
20) 20-бағанда 3 баған мен 7, 18 бағандардың арасындағы айырмасы ретінде айқындалатын жылдың басынан бастап үдемелі жиынмен әлеуметтік салық салынатын табыс сомасы;
21) 21-бағанда есепті ай үшін (20-баған) салық салынатын табыс сомасын қайта есептеу коэффицентіне (11-баған) көбейту жолымен айқындалатын салық жылы үшін әлеуметтік салық салынатын табыстың есепті сомасы;
22) 22-бағанда 21-бағанда айқындалған салық салынатын табыстың есепті сомасына Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдардың мөлшеріне азайтылған Салық кодексінің
317-бабының
1 немесе 2-тармақтарында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептелген әлеуметтік салық сомасы.
Қозғалыс тірек аппараттары бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін Салық кодексінің
121-бабының
2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған ұйымдар 19-бағанда айқындалған әлеуметтік салық салынатын табыс сомасына Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әлеуметтік аударымдардың мөлшеріне азайтылған Салық кодексінің
317-бабының
4-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен әлеуметтік салық сомасын есептейді. Сонымен бірге, аталған мамандандырылған ұйымдар 21, 23-25-бағандарды толтырмайды;
23) 23-бағанда көрсетілген салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық 22-бағандағы сомалардың 11-бағанның тиісті сомаларына қатысы ретінде анықталады;
24) 24-бағанда салық жылының өткен айлары үшін есептелген әлеуметтік салық сомасы;
25) 25-бағанда 23-баған мен 24-бағандағы сомалардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін төленетін әлеуметтік салық сомасы.
26) 26-бағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiн қоса отырып әлеуметтік аударымдар есептелетін жеке тұлғалардың табыстары;
27) 27-бағанда Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар.
Жеке табыс салығын есептеу
және ұстап қалу және
әлеуметтік салықты есептеу
Ережелеріне қосымша
ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУ
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЕСЕБІ
Салық
|
Табыс
|
Салық салуға
|
Міндетті
|
Салық
|
||||
есеп-
|
жыл
|
есеп-
|
жыл
|
есеп-
|
жыл
|
есеп-
|
жыл
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
қаңтар |
|
|
|
|
|
|
|
|
ақпан |
|
|
|
|
|
|
|
|
наурыз |
|
|
|
|
|
|
|
|
сәуір |
|
|
|
|
|
|
|
|
мамыр |
|
|
|
|
|
|
|
|
маусым |
|
|
|
|
|
|
|
|
шілде |
|
|
|
|
|
|
|
|
тамыз |
|
|
|
|
|
|
|
|
қыр-
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қазан |
|
|
|
|
|
|
|
|
қараша |
|
|
|
|
|
|
|
|
жел-
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бар-
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Жыл
|
Қайта
|
ЖТС
|
ЖТС
|
Жеке табыс
|
||
есепті
|
жылдың
|
ұстап
|
||||
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
МЖЗ қоспағанда
|
Әлеуметтік салық
|
Әлеу-
|
||
есепті
|
жыл
|
есепті
|
жыл басынан
|
(20 бағ*
|
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
Әлеу-
|
Әлеуметтік
|
Әлеу-
|
Әлеу-
|
||
есепті
|
жылдың
|
ұстап
|
|||
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
|
|
|
|
|
|