"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 3069 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 2 қазандағы "Ресми газетаның" N 40 (197) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, N 2810 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру
ережесінде
:
7-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жолаушы поездарын тексеру Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға бекіткен жолаушы поездарына тексеру жүргізудің жоспар-кестесіне (3-қосымша) сәйкес жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы (2-қосымша) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің немесе оның аумақтық органының басшысы береді.";
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Тексеру актісі (1-қосымша) және Тексеру жүргізуге арналған нұсқама (2-қосымша) қатаң есеп беру бланкілері болып табылады.";
3-қосымшадағы "БЕКІТЕМІН" "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің басшысы" деген сөздерден кейінгі "немесе оның аумақтық органының" деген сөздер алынып тасталсын.