Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті ережелерінің
10-тармағының
2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы беріліп отырған Әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сақтау жүйесіне тәуелсіз аудит жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуының бақылауын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы А.Б.Жолдыбаевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті төрағасының
2004 жылдың 29 қарашадағы
N 235 бұйрығымен бекітілген
Әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесіне
тәуелсіз аудит жүргізу ережесі
1. Жалпы ереже
1. Әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесіне тәуелсіз аудит жүргізу туралы осы ережеде (бұдан әрі - Ереже) төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:Аудит (аудиторлық тексеру) - аудит өлшемдері атқару дәрежесін белгілеу мақсатында объективті тексеру куәліктерін алудың және оларды объективті түрде бағалаудың жүйелі, тәуелсіз және құжатталған процесі.
Бірінші тарап аудиті - аудиттің осы түрін ұйымның өзі жүзеге асырады.
Екінші тарап аудиті - аудиттің осы түрі тексерілетін ұйымның тапсырыс берушісімен жүзеге асырылады. Осы аудиттің негізгі мақсаты тексерілетін ұйымға қатысты тапсырыс берушінің сапа жүйесі және талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат алу болып табылады.
Үшінші тарап аудиті - аудиттің осы түрін тексерілетін ұйымның тапсырыс берушісімен жасалған келісім-шарт бойынша аудит жүргізетін ұйым жүзеге асырады.
Әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесіне тәуелсіз аудит жүргізуге екінші және үшінші тарап аудиті жатады.
Бас сарапшы-аудитор - әуе кемесі ұшу жарамдылығын қолдау жүйесінің аудиторлық тексеруіне жетекшілік ету үшін тағайындалған сарапшы-аудитор.
Тапсырыс беруші (клиент) - аудит жүргізуді сұраған жеке тұлға немесе ұйым.
Қадағалау - аудитті жүргізу барысында жасалған деректерді анықтау.
Сәйкессіздік - әуе кемесі ұшу жарамдылығын қолдау жүйесінің Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілген талаптарын орындамау.
Объективті дәлелдемелер - қадағалау, өлшеу және сынау жолдарымен алынған сапа немесе сан (авиация техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету сапасына немесе ұшу жарамдылығын қолдау жүйесінің қандай да бір элементін пайдалану және бар болуына қатысы бар, тіркелген деректер немесе арыздар) туралы ақпарат.
Авиация техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету ұйымы - авиация техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, соның ішінде әуе кемесінің қызмет жүйесі мен авиация техникаларының жеке жасақтау бұйымдарына техникалық қызмет көрсететін және ағымдағы (қалпына келтіру) жөндеу жұмыстарын атқаратын заңды тұлғалар жатады.
Аудит жүргізетін ұйым - аудит жүргізу үшін қажетті құжаты мен әуе кемесі ұшу жарамдылығын қолдау мәселелерімен мамандандырылған персоналы бар заңды тұлға.
Авиация техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету сапасын тексеру - авиация техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарланған шаралар сапасы қорытындылары мен қызмет сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін жүйелі және тәуелсіз талдау, сондай-ақ шараларды енгізу тиімділігі мен олардың әуе кемесі ұшу жарамдылығын қолдауға қойылған мақсатқа жарамдылығы.
Тексерілетін ұйым - әуе кемелерін пайдаланушы немесе осы салада өз қызметтерін ұсынған азаматтық авиация ұйымы.
Сапа жүйесі - авиация техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету сапасының жалпы жетекшілігін жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдық құрылым, персонал жауапкершіліктері, әдіс, үрдіс және ресурстардың жиынтығы.
Авиация техникаларына техникалық қызмет көрсету - ұшуға дайындық кезіндегі әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау үшін атқарылатын, сондай-ақ ұшып келгеннен кейінгі әуе кемесіне, авиациялық қозғалтқыштарға және олардың бөлшектеріне қызмет көрсету кезіндегі, сақтау мен тасымалдау кезіндегі жұмыстар кешені.
Сарапшы-аудитор (әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау бойынша) - әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесін тексеру үшін тиісті біліктілігі бар маман.
2. Аудит аудит жүргізу туралы келісім шарт негізінде жүргізіледі. Тапсырыс беруші аудит жүргізу ісімен маманданған ұйымды таңдаған жағдайда келісім-шарт тапсырыс берушімен, аудит жүргізетін ұйым және тексерілетін ұйым арасында жасалады.
2. Аудит жүргізу міндеттері мен мақсаттары
4. Азаматтық авиация ұйымдарының әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйелеріне аудит әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесі белгілеген мақсатқа жету үшін авиация техникаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасының әр түрлі элементтерінің тиімділігі мен пайдалылығы дәрежесін анықтау үшін жүргізіледі.
5. Аудит мынадай мақсатты көздейді:
1) нормативті құқықтық актілер талаптарында белгілеген ұшу жарамдылығын қолдау жүйесі элементтерінің сәйкестігін немесе сәйкессіздігін бекіту;
2) авиация техникаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасы саласында белгіленген мақсатқа жету көзқарасында енгізілген ұшу жарамдылығын қолдау жүйенің тиімділігін анықтау;
3) тексеріліп жатқан ұйымға әуе кемесі ұшу жарамдылығын қолдау жүйесін жақсартуға мүмкіндік беру.
3. Аудиторлық топ мүшелерінің
уәкілеттігі және есеп беруі
8. Жүргізілетін аудит түріне қарай сарапшы-аудиторлар тобына арнайы маманданған сарапшыны немесе тапсырыс берушіге, тексерілетін ұйымға, бас сарапшы-аудиторға қолайлы бақылаушы қосылуы мүмкін.
9. Бас сарапшы-аудитор аудит жүргізу және аудит кезіндегі кез келген байқаулар бойынша үзілді-кесілді шешімдерді қабылдайды.
10. Бас сарапшы-аудит:
1) сарапшы-аудит тобының әрбір мүшесіне олардың біліктілігіне қарай талаптарды анықтайды;
2) аудитті жоспарлайды, жұмыс құжаттарын даярлайды және сарапшы-аудитор тобына нұсқаулық жүргізеді;
3) қызметтің сәйкестігін белгілеу үшін әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдаудың қолданыстағы жүйесінің қызметіне қатысты құжаттамаларды талдайды;
4) тексеріліп жатқан ұйымның шиеленіскен сәйкессіздіктері туралы тез хабарлайды;
5) аудит кезінде туындаған барлық кедергілер туралы хабарлайды;
6) аудит туралы есепті дайындайды.
11. Сарапшы-аудиторлар:
1) жүргізіліп жатқан аудит талаптарын орындайды;
2) тексеріліп жатқан ұйым персоналдарына аудит жүргізу ережелері туралы ақпаратты хабарлайды;
3) өздеріне жүктелген міндеттерді тиімді және нәтижелі жоспарлайды және атқарады;
4) аудит қорытындыларын рәсімдейді;
5) тапсырыс беруші мен тексеріліп жатқан ұйымға аудит қорытындылары туралы ақпаратты хабарлайды;
6) аудит қорытындылары бойынша (тапсырыс беруші өтінімі бойынша) қабылданған түзету әрекеттерінің тиімділігін тексереді;
7) аудитке қатысты құжаттарды реттілігін және сақталуын қолдайды (тапсырыс беруші талаптары бойынша құжаттарды беру, аудит кезінде алынған құжаттарды құпиялықта сақтау, ақпаратты жарияламау);
8) жүргізіліп жатқан аудит қызметтің саласы шеңберінен шығып кетпейді;
9) әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдаудың тексеріліп жатқан жүйесі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін және жеткілікті дәлелдемелерді жинақтайды және талдайды;
10) аудит нәтижесіне ықпал ететін кез келген дәлелдемелер пайда болса неғұрлым кең тексеріс жүргізуді талап етеді;
11) әуе кемесі ұшу жарамдылығын қолдану жүйесін сипаттайтын немесе анықтайтын элементтерді, әдістерді, құжаттарды және басқа да мәліметтерді тексеріліп жатқан ұйымның персоналы түсінетінін, пайдаланатынын, білетінін және оның иелігінде бар екендігін тексереді;
12) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету саласында мақсатқа жету үшін барабар болып табылатын әуе кемесі ұшу жарамдылығын қолдау жүйесі үшін пайдаланылатын барлық құжаттар мен басқа да мәліметтерді тексеруге.
12. Тапсырыс беруші:
1) аудиттің қажеттілігі мен мақсатын анықтайды және аудиторлық тексеру үрдісін ұйымдастырады;
2) аудит туралы есепті қабылдайды;
3) тексерілетін ұйым қандай іс-әрекеттер (қажет болған жағдайда) қабылдау керек екендігін хабардар етеді.
13. Тексерілетін ұйымның басшысы:
1) аудиттің мақсаты мен қызмет ауқымы туралы тиісті қызметкерлерге хабарлайды;
2) сарапшы-аудиторлармен бірге жүру үшін қызметкерлер ішінен жауапты адамды тағайындайды;
3) сарапшы-аудиторлар тобына аудит жүргізудің нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті мағлұматтарды ұсынады;
4) сарапшы-аудиторлардың сұранысы бойынша әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесіне қатысты жабдықтарға жіберуге жағдай жасайды;
5) аудиттің мақсатына жету үшін сарапшы-аудиторлармен бірлесіп еңбектенеді.
4. Ұшу жарамдылығын қолдау жүйесінің ерекшеліктері
14. Әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қорғау жүйелеріне жүргізілетін аудит кезінде ескерілетін ұшу жарамдылығын қоғау жүйесінің ерекшеліктері:1) техникалық қызмет көрсету бағдарламасын және ұшу жарамдылығын сақтаудың міндетті талаптарын, сондай-ақ стандарттағы соңғы өзгерістер ескерілген жұмыс жүргізу бойынша қолданылатын нұсқауларды сақтау;
2) жетіспеушіліктерді жұмыс орындалуының қосымша карта-нарядтарына ауыстырылуын қоса алғандағы, жұмыс жүргізу нұсқауының орындалуы, оларды түзетудің және соңғы салыстыруға бақылауды жүзеге асыру. Нақты инспекциялық тексерудің немесе техникалық қызмет көрсетуді жүргізудің орындалуына байланысты басталып аяғына дейін істелінбеген жұмысқа қатысты әрекет;
3) авиациялық техниканы жасаушы немесе ұйымдардың стандарттық техникалық талаптары мен ережелерін сақтау;
4) инспекциялық тексеру және сапаның стандартының болуы;
5) тотығудың алдын алу мен күресу шаралары және басқа қорғау процестері;
6) үзіліссіз бақылауды және жұмыс аяқталуын қамтамасыз ететін жұмыс күнінде аяқталмаған әуе кемесін басқа ауысымға тапсыруда пайдаланатын процедуралар;
7) кез келген жұмыс аяқталғаннан немесе техникалық қызмет көрсетілгеннен кейін құрал-саймандардың, әртүрлі кішігірім заттар мен бөлшектердің жұмыс жүргізілген жерде қалып қоймауы үшін барлық әуе кемелерін тексеру мақсатында қабылданатын сақтық шаралары.
15. Ұшу жарамдылығын қолдауға қатысты деректерді тексеру кезінде:
1) қозғалтқыштардың, әуе кемесі бұрамаларының және басқа жабдықтардың құжаттарын қоса алғандағы тексеріліп жатқан ұйым пайдалануындағы әрбір әуе кеме түріне қатысты техникалық құжаттардың және басқарылуының сәйкестігі анықталады, және басшылыққа алатын құжаттарда қарастырылған баламалардың және оған түзетулердің үнемі алынып тұруы, сондай-ақ ұшу жарамдылығын қолдау жөнінде ақпараттың болуы тексеріледі;
2) жасаушының пайдалану құжаттары бағаланады, оның пайдаланудағы әуе кемелерінің үлгісіне қолданылу және сәйкестігін тіркеу немесе тәжірибеде құжаттардың пайдалану тәртібі анықталады;
3) ұйымдағы басшылыққа алынатын құжаттарды және техникалық әдебиеттерді тіркеу журналының жүргізілу тәртібі, осы құжаттаманы сақтау орны мен түзету енгізген жұмыстың нақты жай-күйі тексеріледі;
4) техникалық және технологиялық сипаттағы басшылыққа алынатын барлық құжаттардың үнемі жаңаланып тұруы расталады.
16. Қоймаларды және сақтау тәртібін тексеру кезінде:
1) қоймалардың және әуе кемесінің бірнеше рет қолданылатын компоненттерінің, үлкен емес бөлшектердің, тез бұзылатын заттардың, тез тұтанатын сұйықтықтардың, қозғалтқыштардың және тексеріліп жатқан ұйымда қабылданған ірі тораптардың сәйкестігін анықтайды;
2) түскен агрегаттардың, материалдардың және бұйымдардан тапсырысқа сәйкестігін анықтау үшін қарау әрекеттері, тексеріліп жатқан ұйым бекіткен пайдалануға рұқсат беру мен өндірушіден сатып алуға қатысты құжаттардың болуы тексеріледі;
3) түскен жүк партияларын тіркеу және шикізат материалдарын салыстыру, өтелмеген ресурсы бар бұйымдарды қоймаға қабылдау және қоймадан бұйымдарды алу үшін өтінімді ресімдеу тәртібі тексеріледі;
4) бұйымның пайдалануға жарамдылығы (жарамсыздығы) немесе жөндеуге жататындығы туралы жазуы бар белгінің пайдалануын қоса алғанда таңбалау, оларды сертификаттау және әуе кемесіне орнатқаннан кейін белгіні алып тастау тәртібі, сондай-ақ өтелмеген ресурсы бар пайдалануға жарамды бұйымдарды таңбалау процедуралары тексеріледі;
5) бұйымды ұйымның ішінде басқа жерге сақтауға жіберілгенде ғана қолданысқа жататын пайдалануға рұқсат берудің ішкі процедуралары тексеріледі;
6) басқа ұйымдарға жөндеуден өткен материалдар мен заттарды беру кезінде қолданылатын процедуралар тексеріледі. Бұл процедуралар тексеруге және калибрленуге жіберілген бұйымдарғада қолданылады;
7) құрал-сайманды алу үшін өтінімді ресімдеу процедурасы, сондай-ақ осы құрал-сайманның тұрған жері туралы тұрақты ақпараттың болуына кепілдік беретін жүйе анықталады;
8) қоймада сақтаудың мерзімі мен шарттары бақыланады, сондай-ақ стандартты шығындық материалдарды берудің тәртібі, олардың салыстырылуы мен сұрыпталуы тексеріледі.
17. Техникалық қызмет көрсету құралдарын тексеру:
1) жұмыс орындарының тазалығын, ангарлардың, ангар ғимараттары мен арнайы жабдықтардың тиісті техникалық жай-күйі және қызмет етуін, сондай-ақ өзі жүретін жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды;
2) дәнекерлеуге арналған жабдықтарды, бүлінбейтін бақылау құралдарын, өлшеуге және бояуға арналған жабдықтарды қоса алғанда, арнайы қызметтер және жабдықтардың сәйкестігі мен қызмет етуін;
3) микрофишалармен, микрофильмдермен және компакт дискілермен бірге қолданылатын ақпараттар депозитивтерін/басылымдарын қарауға арналған жабдықтарға тұрақты техникалық қызмет көрсетілуін орындауды және ақпараттың экранда басылып шығу мен көрінуінің тиісті сапасының болуын қамтамасыз етілді;
4) қозғалтқыштарды, әуе бұрамаларын және басқа жабдықтарды қоса алғанда әрбір әуе кемесінінің үлгісіне қолданылатын арнайы құрал-саймандар мен жабдықтар сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
18. Әуе кемесінің жарамдылығын қолдауға бақылау жүргізуді ұйымдастырудың жалпы тәртібіне тексеру жүргізу кезінде:
1) азаматтық авиация саласында уәкілетті орган және (немесе) әзірлеушілер шығарған ұшу жарамдылығы бойынша директивалардың талаптарын орындау, міндетті қайта жөндеулер, пайдалану кезінде пайда болған проблемаларға қатысты әуе кемесі паркіне жүргізілуге қажетті қараулар мен арнайы тексерулер тексеріледі;
2) ангардан тыс жерде орындалатын техникалық қызмет көрсету жұмыстарына кесте құру мен алдын-ала жоспарлау қатысты ұйымдастыру тәжірибесі және осы мақсатқа бөлінген қаражаттың сәйкестігі бақыланады;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган талаптарында қарастырылатын авиациялық техниканы пайдалану процесінде туындайтын проблемалар туралы ақпараттардың берілу жүйесінің қызмет етуі тексеріледі;
4) персоналды өз бетімен әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуге, техникалық қызмет көрсету бойынша тексерулер мен жұмыстар орындалғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету туралы куәлікті ресімдеуге рұқсат беру тәртібі, біліктілігін көтеруді қоса алғанда даярлау жүйесінің тиімділігі мен сәйкестігі, сондай-ақ өз бетімен техникалық қызмет көрсетуге рұқсат беруді ресімдеу үшін мамандардың тәжірибесі, оларды даярлау деңгейі мен біліктілігі туралы ақпаратты тіркеу тәртібі тексеріледі;
5) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуге байланысты персоналдар үшін шығарылған техникалық нұсқаулықтардың тиімділігі анықталады;
6) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген рұқсатында көрсетілген қажетті қызметтің барлық түрін қамтамасыз ету мүмкіндігі мен саны, біліктілігі тұрғысынан қарағандағы персоналдың сәйкестігі анықталады;
7) техникалық қызмет көрсету сапасына кешенді тексеру жүргізу бағдарламасының толықтығы мен тиімділігі анықталады;
8) мерзімдік техникалық қызмет көрсетуді, тексеруді, жөндеуге бақылау ұйымдастыруды, сынауды, затты тексеруді, әуе кемесінің жұмысын тіркеуді қоса алғанда бағдарламалар талаптарының сәйкестігі анықталады;
9) кеме және басқа да қажетті құжаттамалардың тиісті жүргізілуі және осы құжаттардың мемлекет талаптарына сәйкес бағалануының қамтамасыз етілуі тексеріледі;
10) күрделі және ұсақ жөндеу жұмыстарын орындауда бекітілген әдістер мен тәжірибенің сақталуы тексеріледі;
11) әуе кемелеріне және (немесе) агрегаттарға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс бөлігін бөліскен жағдайдағы қосалқы мердігер қызметі бақыланады.
5. Тәуелсіз аудит жүргізілуінің тәртібі
18. Тапсырыс беруші әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сақтау жүйесінің элементтеріне, нақты учаскеге және белгіленген уақыт ішінде орындалатын ұйымдастыру жұмыстарына байланысты қорытынды шешім қабылдайды.
20. Тапсырыс беруші тексеріліп жатқан ұйымның ұшу жарамдылығын қолдау жүйесі сәйкес келуге тиіс стандарттар мен құжаттарды анықтайды.
21. Тексеріліп жатқан ұйымның ұшу жарамдылығын қолдау жүйесінің қолданылуы мен тиімділігін растайтын жеткілікті объективті дәлелдемелер болуға тиіс.
23. Тапсырыс беруші аудитті жүргізу қажеттілігі белгіленген немесе нормативтік талаптарға және кез келген басқа тиісті факторларды ескере отырып анықтайды. Аудиторлық тексерудің мерзімдігі туралы шешім қабылдауда ескерілетін әдеттегі жағдайлар - ұшу жарамдылығын қолдау жүйесіне әсер ететін басқарудағы, ұйымдастырудағы, саясаттағы, әдістегі немесе технологиядағы өзгерістер немесе жүйенің өзіндегі өзгерістер, сондай-ақ жақында жүргізілген аудиторлық тексеріс нәтижелері.
24. Аудитті жоспарлау негізі ретінде сарапшы-аудитор алдын-ала тексеріліп жатқан ұйымда қабылданған ұшу жарамдылығын қолдау жүйесінің талаптарын орындаудың тіркелген әдістерінің сәйкестігіне талдау жасайды.
25. Бас сарапшы-аудитор даярлаған аудит жоспары тапсырыс берушімен мақылдануы және сарапшы-аудиторларға және тексерілетін ұйымға хабардар етілуі тиіс.
26. Аудит жоспарына:
1) аудит мақсаты және қызмет аумағы;
2) аудит мақсаты және қызмет аумағы тұрғысынан жауапкершілікті тұлғалардың тізімі;
3) құжаттар тізбесі (әуе кемесінің ұшу жарамдылығы жүйесі бойынша қолданылатын стандарттар және тексерілетін ұйымның сапа бойынша басшылыққа алатын құжаттары);
4) сарапшы-аудиторлар тобы мүшелерінің тізімі;
5) аудит тілін көрсету;
6) аудиттің жүргізілетін орны мен күні;
7) ұйымның тексерілетін бөлімшелерінің атауы;
8) аудиттің әрбір негізгі шараларын жүргізу ұзақтығы және талап етілетін уақыты;
9) аудит жүргізу барысында тексеріліп жатқан ұйымның басшыларымен өткізілетін мәжіліс кестесі;
10) құпиялылыққа талап;
11) аудит бойынша күтілетін есеп беру мен тарату күні енеді.
26. Егер тексеріліп жатқан ұйым аудит жоспарының қайсыбір тармағына қарсылық білдірсе, ондай қарсылық бас сарапшы-аудитор мен тексерілетін ұйым арасында, қажет болған жағдайда аудит жүргізілгенге дейін тапсырыс берушімен шешіледі.
27. Егер алдын-ала мәлімдеу объективті дәлелдерді жинауға кедергі келтірмейтін болса, аудит жоспарының нақты бөлімдері тексеріліп жатқан ұйымға тек аудит барысында мәлімденуі тиіс.
28. Әрбір сарапшы-аудиторға аудит жүргізу үшін әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйелерінің нақты элементтері немесе нақты қызмет бөлімшелері бөлініп беріледі.
29. Сарапшы-аудиторға аудиторлық тексеруді жеңілдету үшін, сондай-ақ құжаттық ресімдеу мен нәтижесі туралы есеп беру үшін қажетті жұмыс құжаттарына:
1) авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеудің сапа жүйесінің элементтерін бағалау үшін қолданылатын бақылау сұрақтарының тізбесін;
2) аудит кезінде қадағалауды тіркеу нышандарын;
3) сарапшы-аудитор қорытындыларын растайтын қосымша дәлелдемелерді тіркеу нышандарын енгізуі мүмкін.
30. Жұмыс құжаттары аудит барысында алынған ақпарат негізінде қажетті болатын қосымша тексеру немесе зерттеу жұмыстарын жүргізуді шектемейтіндей етіп құралуы тиіс.
31. Аудитті іске асыру барысында төменде көрсетілген мақсатта алдын-ала мәжілістер өткізіледі:
1) сарапшы-аудиторлар тобын тексерілетін ұйымның басшылығымен таныстыру;
2) аудиттің мақсаты мен қызмет аумағына шолу;
3) аудит жүргізу үшін қолданылатын процедуралар мен әдістердің қысқаша мазмұны;
4) сарапшы-аудиторлар тобы мен тексерілетін ұйым арасында ресми байланыс каналдарын орнату;
5) сарапшы-аудиторлар тобы үшін қажетті ресурстар мен жабдықтардың болуын растау;
6) сарапшы-аудиторлар тобы мен тексерілетін ұйымның кез келген аралық және қорытынды мәжілістерінің өтетін күні мен уақытын растау;
7) аудит жоспарының барлық түсініксіз жақтарын анықтау.
32. Дәлелдемелерді жинау назар аударылатын телімдегі жағдайлар мен қызметті бақылау және құжаттарды талдау, сауалдама жолдарымен жүргізіледі. Сәйкес келмейтін белгілер маңызды болып көрінсе және олар бақылау сұрақтарына кірмеген жағдайда тіркелуі және зерттелуі тиіс. Сауалдама нәтижесінде жиналған мәліметтер басқа тәуелсіз көздерден осы тақырыпқа алынған нақты байқаулар, өлшеулер мен тіркелген деректер сияқты мәліметтермен салыстыру арқылы тексерілуі тиіс.
33. Аудит үрдісінде бас сарапшы-аудитор тапсырыс беруші мен тексерілетін ұйымның келісімі бойынша егер аудиттің көздеген мақсатына оңтайлы жетуді қамтамасыз ету үшін қажет болса аудит бағдарламасына және топ мүшелері арасындағы міндеттерді бөлуде өзгерістер енгізеді.
34. Егер аудит мақсатына қол жеткізу қиын болса, онда бас сарапшы-аудитор оның себептерін тапсырыс беруші мен тексерілетін ұйымға хабарлауға тиіс.
35. Аудит барысында жасалынған барлық қадағалаулар тіркелуі керек. Аудиттан кейін сарапшы-аудитторлардың барлық қызмет түрлеріндегі топтары өздерінің барлық бақылауларын олардың ішінде қайсысының сәйкессіз ретінде көрсетілуі тиіс екендігін шешу үшін қарауға тиіс.
36. Аудит аяқталарда, аудит туралы есеп беруге дайындықтан бұрын, сарапшы-аудиторлар тобы тексерілген ұйымның басшылығымен қорытынды мәжіліс өткізуі тиіс. Мәжілістің негізгі мақсаты аудит кезінде жасалынған қадағалауларды тексерілген ұйымның басшылығына ұсыну.
37. Бас сарапшы-аудитор сарапшы-аудиторлар тобының тұжырымдарын авиация техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу сапасы аумағында белгіленген мақсаттарына жетуді қамтамасыз етуде әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесінің тиімділігіне қатысты ұсынады.
38. Тексерілетін ұйымның ұсынысы бойынша сарапшы-аудитор әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесін жақсарту туралы ұсыныс сипатындағы ескертпелер енгізуі мүмкін.
39. Аудит бойынша есеп аудиттің жалпы мәліметі сияқты аудиттің мазмұнында әділ айқындауға тиіс. Оған бас сарапшы-аудитордың қолы қойылып және күні көрсетілуі тиіс. Есепке төменде көрсетілген тармақтар кіруге тиіс:
1) аудиттің қызмет ауқымы мен мақсаттары;
2) аудиттің толық жоспары, сарапшы-аудиторлар тобы мүшелерінің тізімі, аудитті өткізу мерзімі мен тексерілген ұйымның атауы;
3) аудит жүргізілгенде сүйенген құжаттардың тізбесі;
4) сәйкестікті қадағалау;
5) сарапшы-аудиторлар тобының қолданылатын стандарттарға тексерілген ұйымның қызметінің сәйкестік деңгейіне бағасы;
6) авиация техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу сапасы аумағында белгіленген мақсаттарға жетуде әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдау жүйесінің қабілеттілігі;
7) аудит туралы есеп берудің таратылу.
40. Кез келген хабарды қорытынды мәжілістен есеп беру шыққанға дейінгі аралықта бас сарапшы-аудитормен жүзеге асыруы тиіс.
41. Тапсырыс берушіге аудит туралы есепті бас сарапшы-аудитор береді. Тапсырыс беруші есептің көшірмесін тексерілген ұйымның басшылығына береді. Тексеріліп жатқан ұйым және тапсырыс беруші аудит есебіндегі құпия ақпараттардың немесе олардың меншігіндегі ақпараттардың тиісті дәрежеде сақталуын қамтамасыз етеді.
42. Аудит туралы есеп аудит жүргізу туралы келісім шартта көрсетілген мерзімде берілуге міндетті. Есеп келісілген мерзімде берілмеген жағдайда, тапсырыс беруші мен тексеріліп жатқан ұйымға кідіріс себептері ұсынылады. Сонымен бірге есеп беруді даярлаудың қайта қаралған күні белгіленеді.
6. Кезектегі түзету қызметтері
43. Тексеріліп жатқан ұйым сәйкес келмейтін жағдайларды жөндеу үшін немесе сәйкес келмейтін себептерді жою үшін қажетті түзету жұмыстарын белгілейді және жүргізеді.