Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3267

Жаңартылған

     "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
     2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша) азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету,  тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша қызметтерді сатып алу кезінде осы Ережені басшылыққа алсын.
     3. Қаржы департаменті (Литвиненко Т.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
     4. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.А.Амангелдиевке жүктелсін.
     6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын қатынастарға қолданылады.

    Министр

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 17 қарашадағы  
N 815 бұйрығымен     
бекітілген        

Тегін медициналық көмектің кепілді
көлемін көрсету ережесі

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже ТМККК көрсетудің жоспарланған көлемін айқындауды, ТМККК шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді, сондай-ақ ТМККК көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды қамти отырып, жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қоспағанда, азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету (бұдан әрі - ТМККК) тәртібін айқындайды.
    Ескерту: 1-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 1 бұйрығымен .

2. ТМККК жоспарлы көлемін көрсетуді
айқындау тәртібі

     2. Алдағы қаржы жылына ТМККК жоспарланатын көлемі халықтың мынадай медициналық көмек түрлері бойынша:
     1) бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК), мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек және стационарды алмастыратын медициналық көмек, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және қоршаған ортасына қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың;
     2) жедел медициналық жәрдемге;
     3) стационарлық көмек, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және қоршаған ортасына қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың;
     4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қабылданатын медициналық көмектің қосымша түрлеріне сұранысын талдау негізінде айқындалады.

     3. ТМККК жоспарланатын көлемін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - жергілікті органдар):
     бекітіліп берілген халықты есептегендегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек үшін;
     диагностиканың арнайы әдістерін және күрделі медицина технологиясын пайдалануды қарастыратын медициналық көмектердің санын есепке алғандағы мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек үшін;
     шақыру санын есепке алғандағы (санитарлық авиацияны қоса) жедел медициналық жәрдем үшін;
     күндізгі стационарға және күндіз болатын палаталарда болу оқиғалары санын есепке алғандағы стационарды ауыстыратын көмек үшін айқындайды.

     4. Жоспарланатын стационарлық көмектің көлемін (шекті көлемдерін) облыстар, Астана және Алматы қалалары үшін олардың орындалуын бақылауды іске асыратын жергілікті органдардың ұсынуы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайды. Жергілікті органдар белгіленген шекті көлемдерді өзгертуге объективті қажеттіліктер туындаған жағдайда уәкілетті органға тиісті негіздемелерді қарауға ұсынады.

     5. Медициналық көмектің жоспарланатын көлемі келе жатқан күнтізбелік жылға мынадай негізде қалыптастырылады:
     1) соңғы үш жылдың статистикалық деректерін талдау;
     2) ТМККК шеңберінде медициналық қызметті орындайтын, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15-ші қарашасына ұсынылатын, өткен жылдың 1 қарашасынан үстіміздегі жылдың 30 қазанына дейінгі кезеңдегі нақты көрсетілген медициналық көмектің көлемі және аурушаңдықты талдауды, құрылымды және жатқызудың ерекшеліктерін есепке ала отырып жоспарланатын көлемдер туралы ақпараттары бар медицина ұйымдарының өтінімі;
     3) ТМККК көрсету үшін тиісті бюджеттен бөлінетін бюджеттік қаражаттар көлемдері;
     4) жыл сайын 1-ші желтоқсанға ұсынылатын уәкілетті органға өңір халқының стационарлық көмекке негізделген сұранысы.

     6. Белгіленген жоспарланатын көлемдер аурушаңдықтың маусымдық ауытқуы және өңірдің басқа да ерекшеліктері ескеріле отырып, денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары ай-айға бөледі.

3. ТМККК шеңберінде дәрілік
қамтамасыз етудің тәртібі

     7. ТМККК шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттар тізімі (бұдан әрі - Тізім) шегінде іске асырылады.

     8. Амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен тегін/жеңілдікпен қамтамасыз ету уәкілетті орган бекіткен ауру түрлері мен халықтың жекелеген санаттары түрлері тізбесіне сәйкес  рецепт бойынша, дәрілік заттарды бөлшек сауда бойынша босатуды жүзеге асыратын дәріхана ұйымдары арқылы жүргізіледі.

     9. Стационарлық көмек, жедел медициналық жәрдем көрсету, күндізгі стационарларда, күндіз болу палаталарында көмек көрсететін ұйымдарда дәрілік қамтамасыз ету Тізім негізінде сол ұйымдардың басшылары бекіткен дәрілік формулярларға сәйкес жүзеге асырылады.

4. ТМККК көрсету бойынша қызметтерді
сатып алуды іске асыру тәртібі

     10. ТМККК көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды меншік түріне қарамай (бұдан әрі - Беруші), тиісті лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарының тиісті бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) іске асырады.

     11. Әкімшілер Берушімен шарттар жасасу үшін, ТМККК көрсететін мемлекеттік мекемеден басқа:
     1) медициналық көмек түрлерінің тізбесі;
     2) медициналық көмек түрлерінің тарифі;
     3) заңнамаға сәйкес қойылатын біліктілік талаптары;
     4) 1-қосымшаға сәйкес Берушілермен жасалған типтік нысан (бұдан әрі - Шарт);
     5) Шартты жасасуға арналған өтініштің нысаны;
     6) Берушілердің өтінімдерді ұсынатын мекен-жайы мен соңғы мерзімі;
     7) шарттарды жасасудың мекен-жайы мен күні белгіленген құжаттарды әзірлейді және бекітеді.

     12. Әкімшісі өтінімдер беруге дейін кемінде 20 күн қалғанда ТМККК көрсетуге қызметтерді сатып алу үшін хабарландыруды жариялау жолымен Берушілерді хабардар етеді.
     Хабарлама аптасына кемінде үш рет шығарылатын және кем дегенде облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарында таратылатын мерзімдік басылымдарда жарияланады және мыналардан:
     1) оларды көрсетуге Шарттар жасалатын медициналық көмек түрлерінің тізбесінен;
     2) Шарттар жасасу орны мен оған арналған құжаттаманы алу тәсілінен;
     3) құжаттамаларды беру орны мен өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімінен;
     4) Әкімші айқындайтын басқа да тиісті ақпараттан тұруға тиіс.

     13. Шарт жасасу үшін Беруші мынадай құжаттарды:
     1) олардың көлемдерін көрсете отырып, медициналық көмектің белгілі бір түрлерін көрсетуге өтінімді;
     2) олардың біліктілігін, мамандығы бойынша жұмыс стажын көрсете отырып, медициналық қызметкерлердің саны туралы мәліметтерді;
     3) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды;
     4) өткен жылдардағы медициналық көмектің сапасын талдау және  бағалауды іске асыратын уәкілетті мемлекеттік ұйым берген бұрын көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлемдері сараптамасының нәтижелерін. Бұл шарт ТМККК медициналық қызмет көрсетулерді сатып алу процесіне алғашқы рет қатысып отырған Берушілер үшін міндетті емес;
     5) Әкімші анықтайтын және мерзімдік басылымдарда жарияланатын басқа да тиісті ақпаратты ұсынуға тиіс.
     Беруші осы тармақта көрсетілмеген ақпаратты ұсынбауына болады.

     14. Шарттарды жасауға жіберілетін Берушілердің өтінішін қарау мен оларды іріктеп алу үшін арнайы комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, оның құрамы 5 адамнан кем болмауы керек.

     15. Берушілерді іріктеуге қойылатын талаптар:
     1) тиісті медициналық қызмет көрсету түріне лицензиясының болуы;
     2) өтініш берген уақытқа білікті персоналдың болуы;
     3) географиялық қол жетімділігі;
     4) соңғы үш жылда көрсетілген медициналық көмектің көлемі;
     5) бейінді төсектердің болуы (стационарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін);
     6) медициналық ұйымдардың қуаттылығы;
     7) ауырған кезде мамандандырылған диагностика, емдеу әдістері мен күрделі технологияларды қолдануды талап ететін медициналық көрсетуге арналған қажетті жабдықтардың болуы;
     8) сапасыз медициналық көмек көрсету жағдайларын дәлелдеу және негізделген шағымдардың болуы;
     9) осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттардың толық болуы.

     16. Әкімші Берушімен Шарт жасасады, оның тізбесі Комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша айқындалған және медициналық көмектің көлемі олардың қуатына және өтінімде көрсетілген медициналық көмектің көлеміне сәйкес бөлінеді.
     Шарттары бар Берушілердің тізбесі, медициналық көмектің түрлері көрсетіле отырып, мерзімдік басылымда жарияланады және көрнекі насихат құралдары ілінетін орындарға орналастыруға жатады.
     Берушімен Шарт Әкімшінің міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарына қарай Әкімшіге бөлінген қаражаттар шегінде жасалады.

     17. Берушілердің ТМККК көрсету бойынша шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

     18. Әкімші Берушілермен Шарттың сомасын іс жүзінде көрсеткен медициналық көмектің көлеміне қарай түзетуді жүзеге асырады.

                                     Тегін медициналық көмектің
                                      кепілді көлемін көрсету  
                                         ережесіне 1-қосымша    

         Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
         шеңберінде медициналық қызмет көрсетудің
                      типтік шарты

_________________                         "___" ___________ ___ж.
(орналасқан жері)

_________________________________________, бұдан әрі Тапсырыс
беруші, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі
N 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған Бюджеттің орындалуы мен
есептілік нысанын жүргізу (тұрақты және жылдық) жөніндегі қаржылық
амалдар ережесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27
мамырдағы N 806 қаулысымен бекітілген Медициналық көмек
шығынын қалпына келтіру ережесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрінің 2004 жылғы N бұйрығымен бекітілген Тегін
медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша қызмет
көрсетулерді сатып алу ережесі, Әкімнің қаулысымен бекітілген
Денсаулық сақтау департаментінің ережесі негізінде
________________________________________________, бір
(уәкілетті адамның лауазымы, аты, жөні, тегі)

жағынан_________________________________________________, екінші
жағынан                      Беруші                          деп
аталып___________________________________________,
    (уәкілетті адамның лауазымы, аты, жөні, тегі)
___________________________________________________________________
                (Жарғы, Ереже және т.б.)
негізінде мына төмендегі бойынша осы Шартты (бұдан әрі - Шарт)
жасасты:

                         Шарттың мәні

     1. Беруші Шартқа 1-қосымшада көрсетілген медициналық көмек
түрлеріне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін
кепілді көлемде медициналық көмек көрсетеді.
     2. Тапсырыс беруші осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес тарифтер
бойынша Берушіге шығындарын қайтаруды жүзеге асырады.

                          Төлемдер

     3. Шарттың сомасы ______жылға _____теңгені құрайды.
     4. Тапсырыс беруші бюджеттік бағдарлама әкімшісінің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды
(кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарында қарастырылған
қаражаттар шегінде Берушіге нақты медициналық көмек көрсеткені үшін
шығындарын өтейді.
     5. Шығындарды өтеу ай сайын, Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау
комитеті өткізген көрсетілген медициналық көмектің сапасын талдау
және бағалауды есепке ала отырып, орындалған актілерге сәйкес іске
асырылады.
     6. Берушіге Шарттың жалпы сомасының 30 пайызынан асырмай
несие беруге болады.
     7. Шарттың сомасы нақты көрсетілген медициналық көмектің
көлеміне және медициналық көмектің сапасын талдау мен бағалау
нәтижелеріне қарай реттеліп отырады.

                  Тараптардың міндеттері

     8. Беруші:
     азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
шеңберінде азаматтарға медициналық қызмет көрсетуге;
     азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің
тізбесі, көлемі және шарттары туралы ақпараттар беруге;
     тапсырыс берушіге ай сайын белгіленген мерзімде орындалған
жұмыстардың актісін беруге;
     осы Шарттың орындалуына тексеру өткізуге қажетті барлық
керекті медициналық және қаржылық құжаттарды беруге;
     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі комитетке нақты
көрсетілген медициналық көмектің сапасын талдау және бағалау өткізу
үшін қажетті медициналық және қаржы құжаттарын ұсынуға міндетті.
     9. Тапсырыс беруші:
     нақты көрсетілген медициналық көмек үшін шыққан шығынды дер
кезінде қайтаруға;
     Берушіні осы Шарттың шеңберінде оның жұмысын регламенттейтін
қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуге;
     Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілді
көлемін ұсыну мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға
бағытталған қажетті ұйымдастыру шараларын өткізуге міндеттенеді.

              Тараптардың жауапкершіліктері

     10. Беруші:
     халыққа тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету
кезінде тәртіп бұзған жағдайлар үшін (медициналық қызметтің қажетті
емес көлемі мен сапасын көрсеткені, тегін медициналық көмектің
кепілді көлеміне енетін қызметке азаматтардан ақы алғаны үшін)
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;
     бюджеттік бағдарламаның Әкімшісі белгілеген тәртіп
бойынша 2-қосымшаға сәйкес жұмыс көрсеткіштерін орындағаны үшін;
     заңнамада белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіден алған
қаражаттарды мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауап береді.
     11. Тапсырыс беруші нақты көрсетілген медициналық көмек үшін
Берушіге шығындарды қалпына келтіру үшін қаржы қаражаттарын дер
кезінде аударып тұруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жауап береді.
     12. Беруші жағынан оған жүктелген медициналық қызметті
көрсету жөніндегі Шарт талаптары бұзылса, онда: Шарт немесе
сенімсіздігі үшін Шарт сомасының ___________мөлшерін төлейді.

                  Шартты өзгерту және бұзу

     13. Екі жақтың жазбаша келісімі бойынша осы Шарттың талаптары
өзеруі және толықтырылуы мүмкін.
     14. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ойын тараптар бір-бірін
Шарттың тоқтату күніне кемінде 30 күн қалғанда құлағдар етуге
міндетті.
     15. Тапсырыс беруші Шарт талаптарының бұзылғаны үшін Берушіге
міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша құлақтандыруды жібере
отырып, бір жақты ретпен осы Шартты бұза алады.

                        Форс-мажор

     16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда Беруші тез
арада Тапсырыс берушіге ондай жағдайлар мен олардың себептері
туралы жазбаша құлақтандыру жібереді.
     17. "Форс-мажорлық" жағдайларға оның салақтығы және алдын-ала
біліп болмайтын тұрғыдағы кемшіліктерге байланысты Беруші жағынан
бақылауға келе бермейтін оқиғалар жатады. Мұндай жағдайларға: соғыс
қимылдары, табиғи немесе тосын оқиғалар, эпидемия, карантин жатады.

                    Қорытынды ережелер

     18. Тараптардың ешқайсысыда осы Шарт бойынша өз міндеттерін
екінші жақтың жазбаша келісімінсіз үшінші жаққа беруге құқы жоқ.
     19. Осы Шарт бірдей заңдық күші бар екі данадан жасалған, бір
данасы Тапсырыс берушіде, екіншісі Берушіде болады.
     20. Осы Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелген күнінен бастап
күшіне енеді және 200__жылғы ______________дейін қолданыста болады.

     Тараптардың мекен-жайлары мен деректері:

                                Тегін медициналық көмектің кепілді
                                  көлемі шеңберінде медициналық   
                                 қызмет көрсетудің типтік шартына
                                            1-қосымша             

  Медициналық көмек түрлерінің тізбесі және ______ жылға
      жоспарланған емделген жағдайлар, қызметтер,
           іс-шаралар түрлерінің тізбесі

                    Стационарлық көмек

Базалық тариф_______теңге
___________________________________________________________________
N |    Медициналық көмек         |  Емделген жағдайлардың саны
  | түрлері (аурулар бойынша)    |
___|______________________________|________________________________
1 |                              |
___________________________________________________________________

                 Стационарды алмастыратын көмек

Базалық тариф_______теңге
___________________________________________________________________
N | Медициналық көмек  |     Емделген жағдайлардың саны
  | түрлері (аурулар   |__________________________________________
  |    бойынша)        | Күндізгі стационарда | Үйдегі стационарда
___|____________________|______________________|___________________
1 |                    |                      |
___________________________________________________________________

           Бастапқы медико-санитарлық көмек

Жан басына шаққандағы норматив________теңге
___________________________________________________________________
N |Медициналық көмек | Бекітілген халықтың| Жан басына шаққандағы
  |     түрлері      |        саны        |    норматив, теңге
___|__________________|____________________|_______________________
1 |                  |                    |
___________________________________________________________________
2

         Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек

Базалық тариф_______теңге
___________________________________________________________________
N | Медициналық көмек түрлері  |  Қызмет саны  |   Тариф, теңге
___|____________________________|_______________|__________________
1 |                            |               |
___________________________________________________________________

        Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары

___________________________________________________________________
 N | Іс-шаралардың атаулары  | Іс-шаралар саны |  Тариф, теңге
____|_________________________|_________________|__________________
 1 |                         |                 |
___________________________________________________________________

                              Тегін медициналық көмектің кепілді
                                көлемі шеңберінде медициналық   
                              қызмет көрсетудің типтік шартына
                                        2-қосымша

         Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыстарының
                 мақсатты көрсеткіштері

         Бастапқы медициналық-санитарлық көмек
               көрсететін ұйымдар үшін
                 (бұдан әрі - БМСК):

1. Бекітілген халықты вакцинациялау жоспарын орындау пайызы
2. Бекітілген халықты диспансерлеумен қамту пайызы
3. БМСК жұмысы кезінде бекітілген халықтың жедел медициналық жәрдем
сұрау жайы (1000 адамға шаққандағы шақыру саны)
4. "Д" тобында жатқызу деңгейі
5. Негізделмеген жатқызудың болуы
6. ІІІ-ІҮ сатыдағы онкологиялық ауруы алғаш рет анықталып отырған
аурулардың болуы
7. Негізделмеген шағымдардың болуы
8. Халықтың декреттелген тобын медициналық алдын алу тексерулердің
жоспарын орындау
9. Емханалық және стационарлық диагноздардың бір-біріне сәйкес
келмеуі
10. Бекітілген халық бойынша перинаталдық, ана және баланың өлім
оқиғалары
11. БМСК деңгейінде басқарылатын аурулар бойынша бекітілген
халықтың стационарда бір тәулікке дейінгі өлім оқиғалары

     Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін:

12. Негізделген шағымдардың болуы
13. Ем алған аурулардың асқыну пайызы
14. Төсек қорын тиімді пайдалану көрсеткіштері (аурудың төсекте
жатуының орташа ұзақтығы, жұмысы, бос тұрып қалуы)
15. Операциядан кейінгі асқынулардың пайызы
16. Өлімге әкеліп соғуы
17. Ауруханаішілік жұқпаның болуы
18. Негізделмеген жатқызудың болуы
19. Тексеру мен емдеудің кемшіліктерін анықтау деңгейі (негізделген
ем белгілеудің болмауы, емдеу-диагностикалық манипуляциялау мен
дәрі-дәрмектер басы артық тағайындау)
20. Қайта жатқызу деңгейі