N 2491 болып тiркелген "Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданбай қызмет көрсету кезiнде тұрғындарға берiлетiн чектерге теңестiрiлген басқа да қатаң есептiлiк құжаттарының нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Салық комитетi Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Салық комитетi Төрағасының 2004 жылғы 8 қарашадағы N 561 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3242

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексiнiң  (Салық кодексi) 546-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. "Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданбай қызмет көрсету кезiнде тұрғындарға берiлетiн чектерге теңестiрiлген басқа да қатаң есептiлiк құжаттарының нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2003 жылғы 15 қыркүйекте N 2491 болып тiркелген, "Ресми газеттiң" 2003 жылғы 25 қазандағы N 43 (148) жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3134 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Төрағасының 2004 жылғы 16 қыркүйектегi N 445  бұйрығымен  енгiзiлген өзгерiстерiмен бiрге) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) 12-қосымшаға сәйкес "НURL@N" телепрокат цифрлы спутниктiк жүйесiнiң жобасы шеңберiнде облыстық маңызы бар қалалар мен Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған телетеатр сеансына билет.";
      2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнің Салық әкiмшiлiктендiруi басқармасы (А.Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлiгi
      Салық комитетiнiң Төрағасы

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлiгі    
Салық комитетi Төрағасының 
2003 жылғы 8 қарашадағы  
N 561 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлiгі     
Салық комитетi Төрағасының 
2003 жылғы 26 тамыздағы  
N 344 бұйрығына 12 қосымша

Телетеатр сеанс билетінің суретін қағаз мәтіннен қараңыз.