Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1569 тiркелген, 2002 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, 5 том), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуiрдегi N 114 қаулысымен бекiтiлген өзгерiстермен және толықтырулармен (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2312 тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
кiрiспеде "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3) және 15) тармақшаларына" деген сөздер "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларында:
кiрiспеде "және жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер алынып тасталсын;
барлық мәтiн бойынша "эмиссиясы", "эмиссиясының" деген сөздер тиiсiнше "шығарылымы" "шығарылымының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 5) тармақшасында "немесе Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздер алынып тасталсын;
3. Агенттiктiң Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Токобаев Н.Т.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн.