Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2345 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 12 басылымдарында 2003 жылғы 2-15 маусымда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2860 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 113
қаулысымен
енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-қосымшасында 21-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы (Жұрынова С.Р.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға