Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 251-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3227. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы N 203-ө Бұйрығымен

Қолданыстағы

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007.08.23.  N 203  (2008 жылғы 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы  Заңының  23-бабы 3-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу ережесі бекітілсін.
      2. "Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1998 жылғы 15 қаңтардағы N 2-ө  бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 486 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

       "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау вице-министрі
      _________________________
       2004 жылғы қазанның 30

Қазақстан Республикасы    
Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрінің       
2004 жылғы 3 қарашадағы    
N 251-ө бұйрығымен бекітілді 

  Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттаудан өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудің тәртібін белгілейді және "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  20-бабы  1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі - өндірістік нысандарды аттестаттау) - өндірістік нысандарды, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздігін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттылығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатымен бағалау жөніндегі қызмет;
      2) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;
      3) зертханалар - өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен әрі өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтері мен еңбек гигиенасына сәйкестігін айқындаумен байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар;
      4) еңбек жағдайларының нормативтері - эргономикалық, санитарлық-гигиеналық және психофизикалық нормативтер мен қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
      5) өндірістік нысандар - цехтар, учаскелер және өнім шығарумен әрі дайындаумен, пайдалы қазбаларды әзірлеумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымның жеке тұрған өзге де өндірістік бөлімшелері;
      6) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін атқару кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
      7) мамандандырылған ұйымдар - өзінің құрамында өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар немесе осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын зертханалармен ұзақ мерзімдік шарттары бар өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу жөніндегі дербес (тәуелсіз) ұйымдар;
      8) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған құралдар;
      9) ұжымдық қорғану құралдары - екі немесе одан да көп жұмыс істейтін адамдарды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан бір мезгілде қорғауға арналған құралдар;
      10) жарақат қауіпсіздігі - жұмыс орындарының еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен белгіленген жағдайларда қызметкерлердің жарақаттануын болдырмайтын еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
      11) еңбектің ауырлығы - еңбек процесінің ағзаның негізінен тірек-қозғалу аппаратына және әрекет ету жүйесіне (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және т.б.) түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;
      12) еңбектің қауырттылығы - еңбек процесінің қызметкердің негізінен орталық нерв жүйесіне, сезу органдарына, эмоционалдық жүйкесіне түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;
      13) еңбек қауіпсіздігінің шарттары - өндірістік орта мен еңбек процесінің еңбек процесінде қызметкердің еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсер ететін факторлардың жиынтығы.

      3. Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды:
      1) ұйымында еңбекті қорғау қызметі және өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы (бұдан әрі - зертхана) бар жұмыс беруші;
      2) мамандандырылған ұйым жүргізеді.

      4. Өндірістік нысандарды аттестаттау:
      1) ұйымның әрбір жұмыс орнын еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларының қолданыстағы нормативтеріне сәйкес аттестаттауды;
      2) ұйымның өндірістік нысандарын еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігіне кешенді бағалауды қамтиды.

      5. Өндірістік нысандарды аттестаттаудың нәтижелері:
      1) жұмыс орындарын қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес келтіру үшін еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігі бойынша ұйымдық, санитарлық-техникалық, гигиеналық, психофизиологиялық және медициналық-алдын алу іс-шараларының кешенін өткізу;
      2) өндірістік орта жағдайларының нақты жәй-күйін, еңбек процесінің ауырлығын және қауырттылығын, жұмыс орынындағы еңбек қауіпсіздігін бағалау;
      3) қызметкерлердің қажет жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгендігін және олардың нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін анықтау;
      4) кәсіптік ауру деп ойлаған және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын анықтау;
      5) өндірістік нысанды немесе жабдықты пайдалануды тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ, еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орыны қауіпті сыныпқа жатқызылған жағдайларда технологияны өзгерту;
      6) еңбек жағдайларының жәй-күйі туралы статистикалық есеп жасау;
      7) еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу үшін кәсіптік қатер сыныбын белгілеу;
      8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу мақсатында пайдаланылады.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ұйымдардың барлық өндірістік нысандары аттестаттауға жатады.

      7. Аттестаттаудан өту мерзімін ұйым, еңбек жағдайлары өзгеруіне орай, бірақ өндірістік объектілер соңғы аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.

      8. Өндірістік нысандарды кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
      1) қайта құрылған, жаңғыртылған, жаңа техника немесе технология орналастырылған;
      2) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау әдіснамасының бұзушылықтары айқындалғанда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарының талаптары бойынша жүргізіледі.
      Кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндіріс нысанына еңбек жағдайлары бойынша алдында өткізілген аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.

      9. Өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізудің уақыттылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

      10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөнінде қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар тізімін жүргізеді.

  2. Жұмыс берушінің аттестаттау 
өткізуге дайындығы

      11. Өндірістік нысанды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін жұмыс беруші тұрақты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер және өндірістік нысандарды аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.

      12. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшылардың бірі не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелердің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ медициналық қызметкерлер мен қызметшілер өкілдері енеді.

      13. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
      1) өндірістік нысандардың, цехтардың, учаскелердің және басқа да жұмыс орындарының, сондай-ақ өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторларының тізбесін жасайды;
      2) ұйымның өндірістік нысандарын аттестаттаудан өткізудің кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
      3) жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін өндірістерге, цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
      4) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізу үшін қажетті нормативтік-анықтамалық базаны қалыптастырады;
      5) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;
      6) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде аса жарақат қауіпті жұмыстарды, жұмыс орындары учаскелерін, технологияларды, машиналарды, тетіктерді, станоктар мен жабдықтарды анықтайды;
      7) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайда Ережеде белгіленген тәртіппен өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар мамандандырылған ұйымды белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс жасайды;
      8) аттестаттау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізу мерзімін тартылатын мамандандырылған ұйыммен келіседі және оны жұмыс беруші бекітеді;
      9) нысандар жұмыс орындарының өндірістік орта факторларын зерттеу кезінде зертханалар жұмысына көмектеседі;
      10) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуге бақылауды жүзеге асырады.

      14. Аттестацияға мыналар:
      1) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалау;
      2) жарақат қауіптілігінің дәрежесін бағалау;
      3) өндірістік жабдықтарды, құрылғылар мен құрал-саймандарды бағалау;
      4) қызметшілердің кәсіптік даярлығын бағалау;
      5) қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалау кіреді.

  3. Аттестаттауды өткізудің тәртібі

      15. Еңбектің зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалау:
      1) еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орынындағы барлық зиянды және қауіпті өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық) факторлар, оның ішінде еңбектің ауырлығы мен қауырттылығы;
      2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері әрі эргономикалық зерттеулері жұмыс және өндірістік процестер жағдайларында, технологиялық регламентке сәйкес дұрыс және тиімді қолданылатын ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен орындалуға тиіс;
      3) қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу, еңбек процесі ауырлығының және қауырттылығының көрсеткіштерін анықтау, өндірістегі еңбек жағдайларын гигиеналық сараптау нормативтік құқықтық актілерде (санитарлық ережелер мен нормаларда, мемлекеттік стандарттарда) көзделген тәртіпте және көлемде жүзеге асырылады.
      Еңбектің нақты жағдайларын бағалау Р 2.2.755-99 Тіркеу нөмірі АДЗ РК N 1.04.001.2000 2000 жылғы 30 қарашадағы Өндірістік орта факторлары зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек процесі ауырлығының және қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалаудың және сыныптаудың гигиеналық критерийлеріне сәйкес жүргізіледі;
      4) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеген кезде белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын (газталдауыш, виброметр, дозиметр) пайдалану қажет. Өлшеулерді жүргізген кезде міндетті түрде қабылданған сапаны бақылау процедураларын сақтау қажет;
      5) зертханалық, аспаптық өлшеулердің және эргономикалық зерттеулердің нәтижелері медициналық құжаттама нысандарына сәйкес хаттамалармен ресімделеді.

      16. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі нысандары:
      1) өндірістік жабдықтар;
      2) құрылғылар мен құрал-саймандар;
      3) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу;
      4) қызметшілердің кәсіптік даярлығы;
      5) қызметшілердің еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өндірістік санитария жөніндегі нормативтік құжаттарды білуі болып табылады.

      17. Өндірістік жабдықты, құрылғылар мен құрал-саймандарды бағалау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер (мемлекеттік және салалық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар) негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жағдайына, паспорттық параметрлерге және өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты.
      Жарақат қауіпсіздігін бағалау өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, сондай-ақ оқу құралдары мен нұсқаудың нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін өндірістік жабдықтарға сертификаттың болуын ескере отырып, тексеру жолымен жүргізіледі.
      Жабдықтардың, машиналар мен тетіктердің жекелеген түрлеріне сертификат болмаған кезде олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.

      18. Өндірістік процесс пен жабдықтардың жарақат қауіпсіздігі бағаланған кезде қауіпсіздік талаптарын сақтай отыра, өндірістік жабдықтардың сынамалы іске қосуы мен тоқтатуы жүргізіледі.

      19. Қызметшілердің кәсіптік даярлығын бағалау тиісті білімінің және осы кәсіпке, біліктілік талаптарына сәйкес болуымен айқындалады.

      20. Жұмыс орнының жарақат қауіпсіздігін жарақат қауіпсіздігі жөніндегі еңбек жағдайларының сыныптамасына (осы Ережеге 1-қосымша) сәйкес бағалау нәтижелері бойынша қауіптілік сыныбы белгіленеді.

      21. Жұмыс орнының жарақат қауіпсіздігін бағалау, толтырудың белгіленген тәртібіне (осы Ережеге 3-қосымша) сәйкес Жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамасымен (осы Ережеге 2-қосымша) ресімделеді.

      22. Қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау:
      1) қызметкердің әр жұмыс орыны бойынша жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі - ЖҚҚ) қамтамасыз етілгені анықталады. Қызметкерлерді ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуді бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, бекіткен қызметкерлерге арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдарын тегін берудің салалық нормаларымен салыстыру арқылы анықталады;
      2) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде берілген ЖҚҚ-ның жұмыс орынындағы нақты еңбек жағдайларына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның тиімділігі мен сапасы тауар өндірушілердің сәйкестік сертификаттарымен расталуға тиіс;
      3) қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау Қызметкерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамасымен (осы Ережеге 4-қосымша) ресімделеді. Қызметкерлер ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілгенде ғана - қамтамасыз етілді деген баға қойылады.

  4. Жұмыс орынындағы еңбек жағдайларын
жиынтық бағалау

      23. Жұмыс орынындағы еңбек жағдайларын жиынтық бағалау:
      1) өндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесін;
      2) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін;
      3) қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу және олардың тиімділігін бағалаудан тұрады.

      24. Жұмыс орынында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері оңтайлы және рұқсат етілетін шамаларға сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орынындағы еңбек жағдайлары гигиеналық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына жауап береді деп есептеледі.

      25. Егер жұмыс орынындағы өндірістік орта факторларының нақты мәні нормалардан жоғары болған, жарақат қауіпсіздігінің талаптары сақталмаған, ал қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі бар нормаларға сәйкес келмеген жағдайда бұндай жұмыс орынындағы еңбек жағдайлары зиянды және қауіптіге жатқызылады.

      26. Еңбек жағдайлары қауіпті еңбек жағдайлары сыныбына жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы жұмыс орынын қайта жарақтандыру немесе тарату жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

      27. Жұмыс орынындағы еңбек жағдайларын жиынтық бағалаудың нәтижелері Өндірістік нысанды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау картасына енгізіледі, оның негізінде еңбек жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтер талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды және ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөнінде ұсынымдар шығарылады.

      28. Өндірістік нысандарды аттестаттауды аттестаттау комиссиясы Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі жоспардың жобасын қоса Өндірістік нысанды аттестаттау актісімен ресімдейді.

  5. Өндірістік нысандарды аттестаттауды
ресімдеудің тәртібі

      29. Аттестаттау нәтижелері міндетті бөлімдерді, сондай-ақ қосымшасы бар бірыңғай құжат түрінде ресімделеді:
      1) жалпы мәліметтер (толық заңды атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің және жекелеген өндірістік бөлімшелер бойынша, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің (соңғы аттестаттау деректері бойынша) жалпы санын көрсете отыра кәсіпорынның құрылымы, соңғы аттестаттау күні, аттестаттау жүргізудің негізі, тартылатын мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы, қолданылған нормативтік-анықтамалық база);
      2) өндірістік нысандардың сипаттамасы (қызмет сипаты, қолданылған технологиялар, барлық зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтардың және процестердің тізбесі);
      3) ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
      4) кәсіпорында қабылданған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесінің тиімділігін бағалау;
      5) қорытындылар мен нәтижелер;
      6) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамалары;
      7) жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын аспаптық, зертханалық, эргономикалық зерттеулер хаттамалары;
      8) қызметшілердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалаудың хаттамалары;
      9) жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың картасы, әр жұмыс орынына немесе орындалатын жұмыстардың ұқсас сипаттары бойынша Аттестаттау картасын толтырудың тәртібіне (осы Ережеге 6-қосымша) сәйкес толтырылады;
      10) жұмыс орындарының (ЖО) және бөлімшелердегі еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерінің ведомосы (осы Ережеге 7-қосымша);
      11) өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша Аттестаттау картасы (осы Ережеге 8-қосымша).

      30. Өндірістік орта зияндылығының және жұмыстың ауырлығының дәрежесі Р 2.2.755-99 Тіркеу нөмірі АДЗ РК N 1.04.001.2000 2000 жылғы 30 қарашадағы Өндірістік орта факторлары зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек процесі ауырлығының және қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалаудың және сыныптаудың гигиеналық критерийлерінде келтірілген өлшемдер бойынша баллмен белгіленеді.

  6. Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және
сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      31. Өндірістік нысандарды аттестаттау нәтижелері бойынша Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленеді (осы ережеге 9-қосымша).

      32. Жоспарда моральдық және физикалық ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, өндірістік процесс технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сай келетін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдану жөнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шараларын және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру жөнінде іс-шаралар көзделуге тиіс.

      33. Жоспарда барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келтіру көзделуге тиіс.

      34. Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

                                     Өндірістік нысандарды еңбек  
                                    жағдайлары бойынша аттестаттау
                                         ережесіне 1-қосымша   

             Жарақат қауіпсіздігі бойынша еңбек
                  жағдайларының сыныптамасы

___________________________________________________________________
   Оңтайлы (1-сынып)  |   Мүмкін (2-сынып)  |   Қауіпті (3-сынып)
___________________________________________________________________
Жабдықтар мен құралдар  Қорғау құралдары     Жабдықтар құрылғыла-
стандарттарға, норма-   шамалы бұзылған,     рында көзделген
тивтік құқықтық акті-   (дабылдық бояулар-   жұмысшының мүшелерін
лерге толық сай келеді. дың ішінара былға-   қорғау құралдары
Талап етілетін қорғау   нуы және т.б.) бұл   (қоршаулар, қадалар,
құралдары, аспаптар     олардың қорғау       дабыл қондырғылары)
ақаусыз және орнатыл-   функцияларын         ақауы бар, бұзылған
ған; нұсқау жасау және  төмендетпейді,       немесе жоқ, құрал-
оқыту құралдары талап-  өндірістік жарақат   саймандар бұзылған.
тарға сәйкес жасалған,  жағдайлары жоқ.      Еңбекті қорғау
өндірістік жарақат                           жөніндегі нұсқаулықтар
жағдайлары жоқ.                              жоқ не бар
                                             нұсқаулықтар тиісті
                                             талаптар есепке
                                             алынбай жасалған,
                                             оларды қайта қарау
                                             шарттары бұзылған.
                                             Қызметкерлерді
                                             қауіпсіздікке оқыту
                                             құралдары (ережелер,
                                             оқыту және бақылау
                                             бағдарламалары, оқу
                                             құралдары және т.б.)
                                             жоқ не бар құралдар
                                             сапасыз жасалған және
                                             оларды қайта қарау
                                             шарттары бұзылған.
                                             Жабдықтардың
                                             техникалық паспорттары
                                             жоқ. Өндірістік
                                             жарақаттар орын алған.
___________________________________________________________________

                                     Өндірістік нысандарды еңбек 
                                    жағдайлары бойынша аттестаттау
                                         ережесіне 2-қосымша  

           Жұмыс орнының жарақат қауіпсіздігін
                 бағалау хаттамасы

____________________________________        Код ______________
  (қызметкердің кәсібі, лауазымы)           Бағалау күні _____

      1. Еңбекті қорғау жөнінде:
      өндірістік жабдықтарға;
      құрал-жабдықтар мен құрал-саймандарға;
      нұсқаулықтар мен оқу құралдарына
      пайдаланылған нормативтік актілер.
      2. Бағалау нәтижелері:
___________________________________________________________________
 N | Жұмыс |  Нақты орындалғаны  | Техни-| Өндірістік құрал- | Қа-
р/р|орнында|_____________________| калық |жабдықтарды, құрал-|жетті
   |қауіп- | Бар |Еңбекті қорғау |  пас- |  саймандар мен    | іс
   |сіздік-|болуы|жөніндегі нор- |порттың| аспаптарды пайда- |шара-
   | тің   |     |мативтік құқық-|  бар  | лануға байланысты | лар
   |норма- |     | тық актілерге | болуы |     жарақаттар    |
   |тивтік |     |   сай болуы   |       |                   |
   |талап- |     |               |       |                   |
   | тары  |     |               |       |                   |
___________________________________________________________________
 1     2      3           4           5            6            7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      3. Қорытынды:
      жабдықтар қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді (келмейді)
(сәйкессіздік анықталған талаптардың тармақтары көрсетіледі);
      құрал-саймандар мен аспаптар қауіпсіздік талаптарына сәйкес
келеді (келмейді) (сәйкессіздік анықталған талаптардың тармақтары
көрсетіледі);
      нұсқаулық пен оқу құралдары жұмыс орынындағы нормативтік
қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындалған (орындалмаған)
(сәйкессіздік анықталған талаптардың тармақтары көрсетіледі);
      жарақат қауіпсіздігі факторлары бойынша жұмыс орнындағы еңбек
жағдайы сыныптарға жатады (Осы Ереженің N 1 қосымшасындағы кесте
бойынша анықталатын еңбек жағдайларының сыныбы көрсетіледі).
      Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының аттестаттауын
өткізген адамдар лауазымының атауы, тегі, аты, әкесінің аты және
қолы.

                                    Өндірістік нысандарды еңбек  
                                   жағдайлары бойынша аттестаттау 
                                       ережесіне 3-қосымша      

Жұмыс орнының жарақат қауіпсіздігін бағалау
хаттамасын толтыру тәртібі

      "Жұмыс орынына қойылатын қауіпсіздік нормативтік талаптары" 2-бағанда тек жарақат қауіпсіздігі факторларына жататын талаптар көрсетіледі.
      "Бар болуы" 3-бағанда - жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің нақты жағдайы (жұмыс орынында еңбек қауіпсіздігіне бағытталған, соның ішінде өзі жасаған құрылғылар мен қондырғыларды орнықтыру).
      "Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі" 4-бағанда - жұмыс орындарындағы нақты еңбек қауіпсіздігінің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін қысқаша бағалау.
      "Техникалық паспорттың болуы" 5-бағанда жабдықтарға, машиналар мен басқа да механизмдерге сертификаттың (паспорттың) болуын, оның берілген күні көрсетіледі.
      "Жабдықтарды, қондырғылар мен аспаптарды, машиналар мен механизмдерді, пайдалану кезінде жарақаттану" 6-бағанда - есептік-мәліметтер - жарақатты қашан алған, сипаты, жылы, айы бойынша соңғы 5 жылдағы барлық жарақаттар тізіледі
      "Қажетті іс-шаралар" 7-бағанда - нақты жағдайлардың нормативке сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс орынындағы қауіпсіздіктің осы нормативтік талаптарын орындау бойынша іс-шаралары.
      Хаттамада жұмыс орынының жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижесі бойынша қысқаша қорытынды енгізіледі. Онда бағаланып отырған жұмыс орыны норма, ереже және стандарттардың қандай тармақтарына сәйкес келмейтіні, сонымен қатар бағалау жүргізген адамдардың лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі және олар қолдарын қояды.

                                    Өндірістік нысандарды еңбек  
                                   жағдайлары бойынша аттестаттау
                                        ережесіне 4-қосымша   

             Қызметшінің жеке қорғану құралдарымен
                   қамтамасыз етілуін бағалау

______________________________________    Код __________________
  (қызметкердің кәсібі, лауазымы)         Бағалау күні _________

      Қолданыстағы нормаларға сәйкес қызметшіге берілуі тиіс жеке
қорғану құралдарының (ЖҚҚ) тізбесі ________________________________
                                              (ЖҚҚ атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

 
      Қызметшіге нақты берілген ЖЖҚ тізбесі _______________________
                        (ЖЖҚ атауы, ГОСТ, сертификаттың бар болуы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

ЖЖҚ болмауынан немесе қолданбау салдары бойынша жарақат <*>
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
        (жарақат сипаты, жылы, айы, оны қашан алды)

ЖЖҚ болмауынан немесе қолданбау себебі бойынша кәсіби сырқат <*>
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

 
ЖЖҚ-ға нормаларды жетілдіру жөнінде ұсыныс ________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қызметкердің ЖЖҚ қамтамасыз етілуін бағалау _______________________
                      (қамтамасыз етілді, қамтамасыз етілген жоқ)

Бағалау жүргізген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты және
қолы ______________________________________________________________
___________________________________________________________________

____________________________________________ 
<*> Есептеу мәліметтері бойынша соңғы 5 жыл.

                                      Өндірістік нысандарды еңбек  
                                     жағдайлары бойынша аттестаттау
                                           ережесіне 5-қосымша   

Өндірістік нысан (ұйым) ___________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________

Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын (ын) ______________
      N ___________аттестаттау картасы _______ Код _________
___________________________________________________________________
                (қызметкердің кәсібі, лауазымы)

Өндірістік нысан             ___________ Код _____________________
Цех (бөлім)                  ___________ Код _____________________
Бөлімше (бюро, сектор)       ___________ Код _____________________
Жұмыс орны N                 ___________ Код _____________________
Ұқсас жұмыс орындарының саны ___________ Код _____________________

            Жұмыс орындары туралы жалпы мәлімет (ЖО)

1-жол Қызметкерлердің санаты ______________________________________

2-жол  Жұмыс орнында жұмыс істейтіндердің саны
      соның ішінде:                    бір ЖО _____________________
                              барлық ұқсас ЖО _____________________

3-жол Олардың арасында әйелдер _______________
                               _______________
                               _______________

4-жол Еңбекті ұйымдастырудың нысаны   ____________ Код ____________
      Өндірісті ұйымдастырудың нысаны ____________ Код ____________
      _______________________________ ____________     ____________
      Жабдық: типі __________________ саны _______ Код ____________
      Операция ___________________________________ Код ____________
      Пайдаланылған материалдар, шикізат _________ Код ____________

5-жол        ЖО 1  еңбек жағдайларының нақты жай-күйі

___________________________________________________________________
 N |Фактордың| Өндірістік |ПДК,ПДУ| Өлшеу|  Өнді-  |Ауытқу| Еңбек
қ/с|  коды   | фактордың | мүмкін| жүр- | рістік  |шамасы|жағдай-
   |         |атауы, өлшем| деңгей| гізу |фактордың|      |ларының
   |         |  бірлігі   |       |уақыты| нақты   |      |сыныбы,
   |         |            |       |      | деңгейі |      |зақымдану
   |         |            |       |      |         |      |дәрежесі
___________________________________________________________________
 1      2          3           4      5       6         7       8
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

______________
      1  Өндірістік еңбек жағдайы бойынша жұмыс орнында (ның) факторларғаөлшеу жүргізу мерзімін көрсетіп Аттестаттау картасына қосымша түрде жеке парақта толтырылады.
     Сол жұмыс орнындағы өзіне тән өндірістік ортаның факторлары.

6-жол          Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын бағалау

      қауіпсіздік пен зияндылық бойынша дәрежелер _________________
      жарақат қауіпсіздігі бойынша дәрежелер ______________________

7-жол        Жеке қорғану құралдармен қамтамасыз етілуі
___________________________________________________________________
Бағалау өткізу|Жеке қорғану|Жеке қорғану құралдарына|ЖҚҚ қамтамасыз
    уақыты    |құралдарының|  қойылатын талаптарды  |   етілуін
              |    атауы   |     реттейтін құжат    |   бағалау
___________________________________________________________________
       1             2                  3                   4
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

8-жол         Еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде кепілдемелер,
                     қосымша зерттеулер қажеттігі
___________________________________________________________________
Уақыты | Кімге берілді  |Іс-шараның|Орындаушы |Енгізу|  Орындалуы
       |(лауазымы, тегі)|  мазмұны |(лауазымы,|уақыты| туралы белгі
       |                |          |   тегі)  |      |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

9-жол Мамандандырылған ұйымның немесе аттестаттау комиссиясының
қорытындысы: 
Жұмыс орны ________________________________________________________

Мамандандырылған ұйымдардың немесе ұйымдардың атауы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Мамандандырылған ұйымның
немесе аттестаттау
комиссиясының басшысы   __________  _______________  ____________
                          (қолы)         Т.А.Ә.        (мерзімі)

Еңбек жағдайларын бағалау қорытындысымен таныстым:
___________________________________________________________________
              Т.А.Ә. (қызметкердің қолы) (күні)

____________________________________________
      2 Аталған жұмыс орнына қатысты өндірістік орта факторлары

                                     Өндірістік нысандарды еңбек   
                                    жағдайлары бойынша аттестаттау 
                                         ережесіне 6-қосымша       

  Жұмыс орындарын (орнын) еңбек жағдайлары
бойынша аттестаттау картасын толтырудың тәртібі

      1. Жұмыс орындарын (орнын) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау картасы (бұдан әрі - Карта) жұмыс орнындағы іс жүзіндегі еңбек жағдайлары мен олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі, арнайы киім мен қорғану құралдарын беру нормалары туралы мәліметтерден, сондай-ақ осы жұмыс орнындағы немесе бір топ тәріздес жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстардан тұратын құжат болып табылады.
      2. Карта:
      - жұмыс орнындағы немесе бір топ тәріздес (үлгілі) жұмыс орындарындағы нақты еңбек жағдайларын кешенді бағалауға;
      - жарақат қауіпсіздігін бағалауға;
      - еңбек қауіпсіздігі нормаларына, ережелеріне және стандарттарына сәйкес келмейтін жұмыс орындарын айқындауға;
      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңдарына сәйкес қолайсыз еңбек жағдайлары үшін жеңілдіктер мен өтемақылар беруді негіздеуге;
      - еңбек жағдайларын жақсартуға және қызметкерлердің денсаулығын сақтауға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге;
      - жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлерді еңбек жағдайларымен, олардың денсаулыққа тигізетін әсерімен және қажетті жеке қорғану құралдарымен таныстыруға арналған.
      3. Атаулы бөлігінде ұйымның толық атауы мен оның мекен-жайы көрсетіледі.
      4. Карталардың толтырылуын бақылауды аттестациялық комиссия жүзеге асырады.
      5. Карталарды толтыру үшін жұмыс орындарының эскиздері, өндірістік бригадалардағы жұмысшыларды орналастыру тәртібі, техникалық және технологиялық құжаттама, жұмыс орындарында жүргізілетін хронометраждық, гигиеналық және психофизиологиялық зерттеулердің нәтижелері, еңбек жағдайларының зияндылығын және қауіптілігін бағалау критерийлері, арнайы киім мен қорғану құралдарын беру нормалары, жеңілдіктерді белгілеуге қажетті заңнама және өзге де құжаттар қолданылады.
      6. Тиісті жолдарда картаның нөмірі, қызметкерлердің кәсібі мен лауазымының атауы көрсетіледі. Қызметкерлердің кәсіптері мен лауазымдарының кодтары жұмысшылар кәсіптерінің, қызметшілер лауазымдарының сыныптаушысына сәйкес толтырылады. Өндірістің, цехтың (бөлімнің), учаскенің (бюроның, сектордың), жұмыс орнының атаулары мен кодтары ұйымдағы кодтау жүйесіне сәйкес толтырылады. Еңбек жағдайлары сәйкес келетін ұқсас жұмыс орындарының саны және олардың кодтары көрсетіледі. Жұмыс орнының әрқайсысына қажет болғанда он бір орынды код түріндегі номер тағайындалады:
      хх ххх ххх ххх, мұнда:
      бірінші сандар тобы - учаскедегі жұмыс орнының номері;
      екіншісі - бригадалардың номері (бірінші цифр - учаске номері);
      үшіншісі - цехтың номері;
      төртіншісі - өндірістің, филиалдың номері.

                1-тарау. "Жұмыс орындары (орны)
                   туралы жалпы мәліметтер"

1 жол - қызметкерлер құрамының санаты:
___________________________________________________________________
                  Атауы                  |        Коды
___________________________________________________________________
Басшылар                                            1
Мамандар                                            2
Өзге қызметшілер                                    3
Жұмысшылар                                          4
___________________________________________________________________

      Қызметкерлер құрамын ұйымда қолданылатын жүйе бойынша кодтау қолданылуы мүмкін, бұл ретте тиісті код жақшаларға енгізіледі.
      2, 3 жолдарында штат кестесі бойынша жұмыс істейтіндердің саны қойылады (жақшаларда - Картаны толтыру алдындағы айдағы іс жүзіндегі сан).
      4-жол - "Еңбекті ұйымдастыру нысаны" еңбекті ұйымдастыру нысандарының (жеке, бригадалық және т.б.) бірі көрсетіледі.
      "Өндірісті ұйымдастыру нысаны" - сериялық, ағынды, конвейерлі және т.б.
      "Құрал-жабдық", "Операция" - құрал-жабдықтың атауы және коды (және орындалатын операцияның атауы) көрсетіледі. Егер бірнеше операция орындалатын болса, олардың бірінің (негізгісінің) атауы көрсетіледі және жұмысшы орындайтын барлық операциялардың номерлері, ал аппаратуралық процестерде - технологиялық процестің атауы көрсетіледі.
      "Қолданылатын материалдар мен шикізат" - операцияны орындау кезінде қолданылатын шикізат пен материалдардың атауы, маркасы көрсетіледі.

  2-тарау. "Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының
іс жүзіндегі күйі және оның сандық бағасы"

      Жұмыс орындарын аттестаттау кезінде өлшеуге және бағалауға жұмыс орнындағы өндірістік ортаның барлық химиялық, физикалық, биологиялық, психофизикалық факторлары жатады.
      5-жол жұмыс орнын бағалау кезінде алынған нәтижелер негізінде толтырылады.
      "Өндірістік фактордың атауы" бағанында бұл жұмыс орнына тән факторлар келтіріледі. Жұмыс аумағының ауасында қатарынан бірнеше зиянды химиялық заттар болған жағдайда, еңбек жағдайлары зияндылық дәрежесі неғұрлым жоғары болып келетін зат бойынша бағаланады. Жұмыс аумағының ауасында бір бағытта әсер ететін қатарынан бірнеше зиянды химиялық заттар болғанда олардың әрқайсысының іс жүзіндегі концентрациясының рұқсат етілетін концентрациясына қосындысы есепке алынады.
      "ПДК, ПДУ, рұқсат етілетін деңгей" бағанында еңбек жағдайларының гигиеналық нормативтерінің ең жоғары мәні келтіріледі.
      "Фактордың іс жүзіндегі мәні" жұмыс істеушілердің еңбек жағдайларын тұрақты сипаттайтын жұмыс орнында тіркелген зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың іс жүзіндегі ауқымы көрсетіледі. Бұл ретте, есептеуден әкімшілікке белгілі кемшіліктер нәтижесіндегі (мысалы, желдеткіш уақытша жұмыс істемеген кезде ауа кеңістігі ластануының өсуі) мәндер есептен алынып тасталады.
      "Ауытқу шамасы" бағанында зиянды және қауіпті өндірістік факторлар нормативтерінің мәндерінен асу шамасы көрсетіледі.
      "Сынып, зияндылық дәрежесі" бағаны еңбек жағдайларының сыныбына, "Еңбек жағдайларын өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы көрсеткіштері бойынша бағалаудың гигиеналық критерийлеріне" (бұдан әрі - "Гигиеналық талаптар") сәйкес әрбір фактор бойынша зияндылық дәрежесіне сәйкес келетін цифрлармен анықталып белгіленеді.
      4-бағанға еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы көрсеткіштері енгізілгенде, осы факторлар бойынша еңбек жағдайларының сыныбы мен дәрежесін көрсету арқылы 8-баған толтырылады.
      6-жолда еңбек жағдайларының жалпы бағасы - "Гигиеналық критерийлер" кестелері бойынша белгіленген зияндылықтың сыныбы мен дәрежесі және жұмыс орнының жарақат қауіпсіздігінің бағасы - қауіп сыныбы көрсетіледі.
      7-жолда зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен сақтандыруға арналған қызметкердің атына тіркелген арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің, жеке қорғану құралдарының нақты болуы көрсетіледі. Берілген жеке қорғану құралдарын беру нормаларын және қорғану құралдарына қойылатын талаптарды реттейтін құжаттардың талаптарына сәйкестігі бағаланады.
      8-жолда аттестаттау жөніндегі комиссия әзірлеген және еңбек жағдайларын жақсартуға және еңбеккерлердің денсаулығын сақтауға бағытталған іс-шаралар тізбесі енгізіледі. Картаға аттестаттау комиссиясының төрағасы немесе еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды тәуелсіз ұйым жүргізген жағдайда оның басшысы, сондай-ақ жұмыс орындары аттестаттауға жатқызылған қызметкерлер қол қояды.
      9-жолда аттестаттау комиссиясының немесе мамандандырылған ұйымның бұл жұмыс орнын аттестаттау нәтижелері бойынша шығарған қорытындысы келтіріледі.

                                     Өндірістік нысандарды еңбек  
                                    жағдайлары бойынша аттестаттау
                                         ережесіне 7-қосымша    

            Бөлімшедегі жұмыс орындарының (жм) және
         оларды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
                   қорытындыларының ведомосі
               _______________________________
                      (бөлімшенің атауы)

___________________________________________________________________
 Кә-|Жұ- |Бұл жұмыс |ЖО өндірістік ортаның зиянды-|Беру|Жарақат қа-
сіп-|мыс | орында-  |лығы және қауіптілігі, еңбек |нор-|уіпсіздігі
тің,|оры-|  рында   | процесінің ауырлығы мен қа- |ма- |көрсеткіш-
ла- |нда-|істейтін  |уырттылығы көрсеткіштері бо- |тив-|тер бойын-
уа- |ры- |жұмыскер- |йынша аттестаттаудың қорытын-|те- |ша қорытын-
зым-|ның |  лердің  |      дылары (саны)          |ріне|   дылар   
ның |саны|саны, оның|_____________________________|сәй-|___________
ата-|    |  ішінде  | 1  | 2  |       3       | 4 |кес | 1 | 2 | 3 
 уы |    | әйелдер  |сы- |сы- |     сынып     |сы-|ЖҚҚ |сы-|сы-|сы-
    |    |          |нып |нып |               |нып|    |нып|нып|нып
    |    |          |____|____|_______________|___|    |   |   |
    |    |          |Оң- |Рұқ-|     Зиянды    |Қа-|    |   |   |
    |    |          |тай-|сат |               |уі-|    |   |   |
    |    |          | лы |еті-|               |пті|    |   |   |
    |    |          |    |ле- |               |   |    |   |   |
    |    |          |    |тін |               |   |    |   |   |
    |    |__________|____|____|_______________|___|    |   |   |
    |    |Бар-|әйел.| 1  | 2  |3,1|3.2|3,3|3,4| 4 |    |   |   |
    |    |лығы|     |    |    |   |   |   |   |   |    |   |   |
___________________________________________________________________
  1   2     3    4     5    6   7   8    9 10   11  12  13  14  15
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Күні ______________________

Мамандандырылған ұйымның атауы __________________________________
Мамандандырылған ұйымның басшысы ________________________________
                                        (А.Ә.Т.) (қолы)

Аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________________________
                                           (А.Ә.Т. қолы)

                                     Өндірістік нысандарды еңбек  
                                    жағдайлары бойынша аттестаттау
                                          ережесіне 8-қосымша   

                                             Бекітемін:
                                     Ұйым басшысы 
                                     __________ ___________________
                                        (қолы)        (А.Ә.Т.)

                                     200_ ж. "__" __________

                 Өндірістік нысанды еңбек жағдайлары
                    бойынша аттестаттау картасы

                     Өндірістік объекті (ұйым)
             ____________________________________________
                             Мекен-жайы

            ______________________________________________
___________________________________________________________________
Құ- |ЖО |Ат- |Бұл жұмыс |  Өндірістік ортаның зияндылығы   | Беру 
ры- |са-|тес-|орындарын-|және қауіптілігі,еңбек процесінің | норма-
лым-|ны |тта-| да жұмыс |    ауырлығы мен қауырттылығы     | тивте-
дық |   |ттау| істейтін |   көрсеткіштері бойынша ЖО саны  | ріне
бө- |   |жүр-|қызметкер-|              (саны)              | сәйкес
лім-|   |гі- |лердің са-|__________________________________| ЖҚҚ
ше- |   |зіл-| ны, оның |  1  |  2   |      3        |  4  |
нің |   |ген |  ішінде  |сынып|сынып |    сынып      |сынып|
ата-|   | ЖО |  әйелдер |_____|______|_______________|_____|
 уы |   |саны|          | Оң- |Рұқсат|   Зиянды      | Қа- |
    |   |    |          |тайлы| еті- |               |уіпті|
    |   |    |          |     |летін |               |     |
    |   |    |__________|_____|______|_______________|_____|
    |   |    |Бар-|әйел.|  1  |  2   |3.1|3.2|3.3|3.4|  4  |
    |   |    |лығы|     |     |      |   |   |   |   |     |
___________________________________________________________________
 1  | 2 | 3  | 4  |  5  |  6  |   7  | 8 | 9 | 10|11 | 12  |   13
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
_______________________
Жарақат қауіпсіздігі
   көрсет кіштері
  бойынша ЖО саны
_______________________
1 сынып|2 сынып|3 сынып
_______________________
   14  |   15  |  16
_______________________
_______________________

      Күні ______________________

Аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________________(А.Ә.Т.)
                                           (қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері ______________________(А.Ә.Т.)
                                           (қолы)

                                   Өндірістік нысандарды еңбек  
                                  жағдайлары бойынша аттестаттау
                                       ережесіне 9-қосымша   

                                             Бекітемін:
                                     Ұйым басшысы 
                                     __________ ___________________
                                        (қолы)        (А.Ә.Т.)

                                     200_ ж. "__" __________

            Ұйымдағы еңбек жағдайларын жақсарту және
                сауықтыру жөніндегі іс-шаралар

___________________________________________________________________
Бөлім-| Іс- |Іс-шара|Қаржы- |Іс-шараны|Орындау|Іс-шараны | Орындау
 нің, |шара-| таға- |ландыру|орындауға|мерзімі|орындауға | туралы
жұмыс | ның |йындау | көзі  | жауапты |       |тартылатын|  белгі
 орны-|атауы|       |       |         |       |қызметтер |
 ның  |     |       |       |         |       |          |
атауы |     |       |       |         |       |          |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Аттестаттау комиссиясының төрағасы __________ _____________________
                                      (қолы)          (А.Ә.Т.)

Аттестаттау комиссиясының мүшелері __________ _____________________
                                      (қолы)          (А.Ә.Т.)