БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201
бұйрығына
(Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамырдағы N 77 - тіркелген N 2884; 2004 жылғы 2 шілдедегі N 98 - тіркелген N 2932; 2004 жылғы 19 шілдедегі N 104 - тіркелген N 2991; 2004 жылғы 2 тамыздағы N 144 - тіркелген N 3024; 2004 жылғы 26 қазандағы N 151 - тіркелген N 3180 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 2647) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында "Мәдениет саласындағы қызмет" деген 01 кіші функция мынадай мазмұндағы 004 бағдарламасы бар 101 әкімшімен толықтырылсын:
"101 Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
004 Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау".
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр