Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалуын ұйымдастыру туралы Ережені бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 2 қарашадағы N 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3205

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі!
      2011.01.01 бастап бұйрықтың күші жойылады - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Жарлығының 34 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында және оның шегінен тыс әуе тасымалдарын және басқа да арнайы авиация жұмыстарын орындайтын, Қазақстан Республикасы азаматтық авиация әуе кемелері экипаж мүшелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және еңбегі мен демалуын бірқалыпты тәртібін орнату мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: Қараныз  К070000251
      1. Осы беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалуын ұйымдастыру туралы Ереже бекітілсін.
      2. 1998 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Әуе кеңістігін және азаматтық авиация қызметін пайдалану комитетінің N 99-ІІ "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалу уақытын ұйымдастыру туралы Ереже" (Қазақстан Республикасының АА ЖУЕ-98) күші жойылды деп саналсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуының бақылауын Азаматтық авиация комитетінің Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы Жолдыбаев А.Б. жүктелсін
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

      Қазақстан Республикасының       
      Денсаулық сақтау министрімен    
      келісілген

      4 қарашада 2004 ж. 

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік 
      қорғау министрімен келісілген

      2 қарашада 2004 ж.

  Қазақстан Республикасының      
Көлік және коммуникациялар министрлігі
Азаматтық авиация комитеті төрағасының
2004 жылғы 2 қарашадағы       
N 207 "Қазақстан Республикасының     
азаматтық авиациясының әуе кемелері    
экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты   
мен демалуын ұйымдастыру туралы     
Ережені бекіту туралы"         
бұйрығымен бекітілген         

  Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының
әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты
мен демалуын ұйымдастыру туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалуын ұйымдастыру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заңды күші бар Жарлығының 34-бабына және "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясына 6-қосымшаға сәйкес әзірленді. Қараныз  К070000251

      2. Осы Ереже азаматтық авиацияның әуе кемелері экипаждарының мүшелері үшін ұшу, қызметтік ұшу уақыты мен демалыс уақытын реттеу тәртібін белгілейді. Ереже ұшу, кабиналық экипаждарға және экипаждардың қосымша мүшелеріне, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан азаматтық авиацияның ұшуларын орындау кезінде әуе кемесіне (бұдан әрі - ӘК) қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді орындау үшін тапсырмаға енгізілген инженерлік-техникалық құрамына таралады.

      3. Ереже талаптарын қолдану және орындау әуе тасымалдарын және/немесе авиациялық арнайы жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасының әуе кемелерін пайдаланушылардың барлығына, сондай-ақ экипаж мүшелеріне және әуе кемесінің бортында ұшуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерге байланысты емес басқа да міндеттерді орындайтын ұшу экипаждарының құрамына кіретін немесе кірмейтін авиаперсоналына таралады.
 

      3-1. Еуропа және Америка Құрама Штаттары елдерінің авиациялық өкіметімен сертификатталған түрлері азаматтық авиация әуе кемелерін пайдаланушылардың және экипаж мүшелерінің қатысында Ереженің 6 тарауының жағдайына қолданылады Ереженің басқа жағдайлары  пайдаланушылардың және экипаж мүшелерінің қатысы бойынша Ереженің 6 тарауында реттелмеген бөлігінде көрсетілген.
       Ескерту: 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 3 наурыздағы  N 43 бұйрығымен .

      4. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
      1) уәкілетті орган - өз құзыретінің шегінде азаматтық авиация саласында мемлекеттік саясат жүзеге асыруды, азаматтық және эксперименталды авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, оны үйлестіру мен реттеуді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;

      2) авиациялық арнайы жұмыстар - тапсырушылардың технологиялық және өндірістік процестерін қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықтың жеке салаларында (ауыл шаруашылығында, құрылыста, экспедицияларға қызмет көрсетуде), сондай-ақ эксперименталды және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, санитарлық және табиғатты қорғау іс-шараларын, халыққа медициналық көмек көрсетуді, табиғи зілзала, апаттар мен катастрофалар салдарын жоюды жүргізуде авиация құралдары орындайтын арнайы операциялар;

      3) негізгі әуежай - экипаж мүшелерінің тұрғылықты жерімен немесе он тәулік және одан астам мерзімге іссапар кезінде олардың уақытша тұру орнының жанындағы тұрақты орналасу әуежайы немесе өзге әуежай, экипаж мүшесінің келісімі бойынша анықталған, және экипаж мүшесі тұру үшін тұрғын үймен қамтамасыз етілмейді;

      4) бортсеріктер - пайдаланушы ұшақ салонында нақты міндеттерді орындау үшін жалдаған мамандар; V040003279, V080005169

      5) ұшуға келу уақыты - пайдаланушы бекіткен ұшу алдындағы дайындықты бастау уақыты;
 

      6) ұшу алдындағы демалыс уақыты - экипажға (экипаж мүшесіне) жұмыс уақытының келесі кезеңіне дайындалу мақсатында берілетін, ұйықтауға арналған орындармен қамтамасыз етілген жерде өткізілген демалыс үшін берілген уақыт;
 

      7) ұшудан кейінгі демалыс уақыты - күнделікті және күнделікті емес ұшуларды орындау үшін күшін қалпына келтіруге қажетті экипажға (экипаж мүшесіне) жұмыс уақыты аяқталған сәттен есептелетін ұйықтауға жағдайлар жасалған жердегі орындағы үздіксіз кезекті сағаттар;
 

      8) ұшу арасындағы демалыс уақыты - күнделікті және күнделікті емес ұшуларды базада, сондай-ақ одан тыс жерлерде орындағанда ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі демалыстың орнына психофизиологиялық функциялардың қажетті деңгейін қалпына келтіру үшін экипажға (экипаж мүшесіне) демалыстың ұйықтауға жағдайлар жасалған жерде берілетін үздіксіз кезекті сағаттары;
 

      9) демалыс күні - ұшудан кейінгі демалыс аяқталған сәтінен және ұшу алдындағы демалыстың басталуынан есептелетін жердегі демалыс уақыты;
 

      10) эстафеталық тасымал уақыты - экипаж тасымал эстафетасын орындау үшін өндірістің шарттарымен талап етілетін орынға келген сәттен тасымал эстафетасы аяқталған сәтке дейінгі уақыт кезеңі;
 

      11) эстафета (іссапар) уақыты - жұмыс кестесіне немесе әуе көлігін пайдаланушының өкіміне сәйкес экипаж (экипаж мүшесі) базадан тыс болатын уақыт кезеңі;
 

      12) резервтегі кезекшілік уақыты - жұмыс берушінің өкімі бойынша экипаж мүшесі қызметтік міндеттерді орындамайтын, бірақ оларды орындау туралы өкімді алуға дайын тұруға тиіс уақыт кезеңі, және ол демалыс кезеңімен үзілмейді;
 

      13) қос ұшу экипажы - ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруды кезекпен жүзеге асыру үшін бір мезгілде тағайындалатын, екі ұшу құрамынан тұратын экипаж;
 

      14) ұшу экипажы - пайдаланушы жұмыс уақыты ішінде ӘК басқару жөніндегі міндеттерді орындау үшін жалдайтын авиациялық мамандар тобы;
 

      15) орта қашықтықтағы маршрут - ұшуды орындау үшін ұшу уақытының кем дегенде 12 (он екі) сағатын жұмсауды қажет ететін маршрут;
 

      16) алыс қашықтықтағы маршрут - ұшуды орындау үшін ұшу уақытының 12 (он екі) сағатынан астамын жұмсауды қажет ететін маршрут;
 

      17) экипаждың (экипаж мүшесінің) жұмыс уақытының нормасы - бұл тәулік немесе кез келген 24 (жиырма төрт) үзіліссіз сағаттағы, аптадағы кез келген кезекті жеті тәулікте; бір айдағы кез келген кезекті жиырма төрт (жиырма тоғыз - отыз бір) тәулікте, бір жылдағы кез келген үш жүз алпыс бес (үш жүз алпыс алты) кезекті тәулікте есептелетін, экипаждың (экипаж мүшесінің) сенімді кәсіби қызметі үшін психофизиологиялық функцияларының қажетті деңгейі сақталатын, аталған кезеңдердегі жұмыс уақытының сомасын құрайтын уақыт кезеңдері;
 

      18) экипаждың (экипаж мүшесінің) ұшу уақытының нормасы - бұл тәулікте - кез келген 24 үзіліссіз сағатта, аптадағы - кез келген кезекті жеті тәулікте; бір айдағы кез келген кезекті жиырма сегіз (жиырма тоғыз - отыз бір) тәулікте, бір жылдағы кез келген үш жүз алпыс бес (үш жүз алпыс алты) кезекті тәулікте есептелетін, экипаждың (экипаж мүшесінің) міндеттерді сенімді орындау үшін психофизиологиялық функцияларының қажетті деңгейі сақталатын уақыт кезеңдері;

      19) демалыс - қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес экипаж мүшесі оның кәсібіне байланысты кез келген міндеттерді орындаудан босатылатын уақыт кезеңі;

      20) ұшу уақыты - ұшу алдында қозғалтқыштарды жүргізу сәтінен бастап ұшу аяқталғаннан кейін оларды толығымен өшіруге дейінгі уақыт кезеңі (ұшу жұмыс уақытының бөлігі болып табылады);
 

      21) уақыт кезеңі - олардың шегінде пайдаланушы өз экипаждарының мүшелері үшін қызмет бағдарламасын құрайтын және (немесе) олар іс жүзінде жүзеге асыратын қызметті есепке алатын үзіліссіз кез келген 24 сағат, кез келген кезекті жеті тәулік, кез келген кезекті жиырма сегіз (жиырма тоғыз - отыз бір тәулік), сондай-ақ кез келген кезекті үш жүз алпыс бес (үш жүз алпыс алты) тәулік уақыттарының сомасы;
 

      22) ұшу жұмыс уақыты (бұдан әрі - ҰЖУ) - ұшу күні ұшуға келу сәтінен бастап ұшуды немесе ұшулар сериясын аяқтау жөніндегі қызметтік міндеттерден босау сәтіне дейінгі ұшуды немесе ұшулар сериясын қоса алғандағы үздіксіз жұмыс кезеңі;
 

      23) жұмыс уақыты - экипаждар мүшелері қызметтік міндеттерін орындауға тиіс уақыт. Ол ұшу жұмыс уақытынан және ұшуды орындаумен тікелей байланысты емес жердегі жұмыс уақытынан тұрады;
      Осы ескертпенің шеңберінен тыс екі немесе одан астам кезең жұмыс уақытының жеке кезеңдерін білдірсе және осы кезеңдер кемінде 8 сағат аралықпен бөлінген жағдайда, осы кезеңдердің біріншісінің басталу және соңғысының аяқталу уақыты жұмыс уақытының бір үздіксіз кезең ретінде қаралады;
 

      24) күшейтілген ұшу экипажы - пайдаланушының ӘК басқару жөніндегі міндеттерді орындау үшін ұшу экипажының негізгі толық құрамына ұшудың қандай да бір учаскесінде ӘК басқару жөніндегі жұмысқа кірісуі үшін қосымша ұшу маманы біреу немесе бірнеше ұшу мамандарын тағайындауы;
 

      25) ӘК бортындағы демалу шарттары - ауаны тазарту қамтамасыз етілетін және мөлшері экипаждың (экипаж мүшесінің) демалуы үшін орынды жабдықтауға мүмкіндік беретін, жолаушылар мен экипаждың басқа мүшелерінен жеткілікті бөлінген ӘК бортындағы орынның және/немесе үй-жайдың болуы;
 

      26) ӘК экипажының мүшесі - ұшуға арналған тапсырмаға енгізілген, белгіленген қызметтік міндеттерді орындау үшін тағайындалған және қолданылып жүрген ұшу куәлігі бар авиациялық персонал тұлғасы;
 

      27) пайдаланушы - ӘК пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;
 

      28) жұмыс уақыты және ұшу уақыты тәулікке, аптаға, айға және жылға белгіленген нормадан артық болса нормативтен тыс (мерзімнен тыс) деп саналады - өйткені экипаж мүшесіне түсетін психофизиологиялық жүктеме әр сағат сайын белгіленген нормалардан мәнді арта түседі.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 3 наурыздағы  N 43 бұйрығымен .

  2. Жұмыс тәртібі

      5. Ұшу уақыты мен қызметтiк ұшу уақыты тәртiбiн белгiлеу шаршау ұшу экипажының денсаулығы мен ұшу қауiпсiздiгiне терiс әсер ету мүмкiндiгiн төмендету мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Экипажға (экипаж мүшелерiне) жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы белгiленедi және бір аптада 36 сағатты құрайды.

      7. Тәулiкке, аптаға, айға және жылға белгiленген нормадан артық жұмыс уақыты және ұшу уақыты мерзiмнен тыс деп саналады, өйткенi экипаж мүшелерiне түсетін психофизиологиялық жүктеме әр сағат сайын белгiленген нормалардан арта түседі. Мерзiмнен тыс уақыт Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес төленедi.

      8. <*>
       Ескерту: 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 3 наурыздағы  N 43 бұйрығымен .

      9. Экипаждың (экипаж мүшесінің) жердегi жұмыс уақытына мыналар енедi:
      ұшу алдындағы уақыт, 1 сағаттан артық емес;
      ұшу уақыты аяқталған сәттен есептелетін ұшудан кейiнгi 30 минуттан артық емес жұмыс уақыты;
      ұзақтығы 2 сағаттан артық емес демалу және тамақтану үшiн үзiлiс уақытын есептемегенде, әуежайларда тұру уақыты;
      қандай да бiр себептер бойынша кешiккен жағдайда ұшуды күту уақыты;
      ұшуды күту кезінде арнаулы жабдықталған орындарда өткiзген резервте кезекшілікте болған уақыты;
      эстафеталық тасымал уақыты;
      эстафетаның уақыты (базаның күн тәртiбiне сәйкес);
      бөлiмшедегі жұмыс уақыты (ұшуға алдын ала дайындалу, ұшуларды талқылау, кәсіптік оқу), медициналық тексерулерді өту, дәрігерлік-ұшу сапаршылық комиссиясы (ДҰСК), сондай-ақ құжаттарды ресiмдеу;
      ӘК-ні ұшуға арнайы дайындаумен, жүктi және құралдарды тиеуге және түсіруге дайындықпен, шекара және кеден бақылауын өтуге байланысты жұмыстарды орындау үшiн пайдаланушының өкімі бойынша экипаж мүшелерін тасымалдау, өту уақытын қоса алмағанда (өту уақыты уақыт секілді анықталады, экипаж мүшесінің тұрғылықты мекен-жайынан (уақытша келуі, демалыс), келіп жету орнына (қызметтік міндеттерді орындау орны) дейін орын алмастыруға жұмсаған уақыт.
      Экипаждың (экипаж мүшелерiнiң) тәулiктiк жұмыс уақытының барынша ұзақтығы экипаж құрамына байланысты осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 3 наурыздағы  N 43 бұйрығымен .

      10. Экипаждың (экипаж мүшесiнiң) ұшу уақытына мыналар енедi:
      ұшу мақсатымен қозғалтқышқа(тарға) от алдырудан бастап және тұраққа қонғаннан кейін соңғы қозғалтқышты(тарды) сөндiрген сәттен есептелетін экипаждың (экипаж мүшесiнің) жұмыс уақыты;
      рульдеудегi маневрлеу уақыты;
      экипаждың (экипаж мүшесінің) тікелей кабинадағы тренажерде ұшақтың тренажер кешенiн пайдаланумен жұмысқа кететiн уақыты.
      Экипаждың (экипаж мүшесiнiң) әуе кемесiнiң әр түрiнде ұшу уақытының барынша ұзақтығы айдағы және жылдағы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.

      11. Экипаждың демалу уақыты:
      ұшу алдындағы, ұшу арасындағы және ұшудан кейiнгi уақыттан;
      демалыс күнi үшiн берiлген уақыттан;
      жылдық еңбек демалысынан құрылатын уақыттан;
      әуе кемесiн басқарып ұшудың нақты мiндеттерiн орындау уақытында ӘК кабинасында жұмыс уақытында тамақтану уақытынан басқа, арнайы бөлінген орында тамақтануға арналған уақыттан, жерде тамақтану уақытынан құралады.

      12. Резервтегi кезекшілік уақыты ұзақтығы 12 сағат үздіксіз бiр мерзiмнен артық болмау тиіс және үздіксіз жиырма сегiз (жиырма тоғыз) - отыз (отыз бiр) тәулiк ішінде 3 реттен артық берiлмейдi.
      Экипажды (экипаж мүшесін) ұшу тапсырмасын орындау үшiн резервтегi кезекшіліктен шақырған жағдайда резервте өткен уақыт жұмыс уақыты болып есептеледi, бірақ алдағы ұшудың жұмыс уақытымен қосылмайды, ал ол айға бөлек есептеледi және мерзiмнен тыс уақытқа жатқызылмайды.

      13. Ұзақтығы 4 (төрт) сағаттан аспайтын эстафеталық тасымалдан кейiн белгiленген демалыс уақыты берiлмеген жағдайда және ол жұмыс уақытының алдында болса эстафеталық тасымал басталған сәттен және оның аяқталуына дейiнгi кезең жұмыс уақыты ретінде есептеледі. Бұл жағдайда жұмыс уақытының келесі ұзақтығы 8 (сегiз) сағаттан аспауға тиіс.

      14. Егер экипаж (экипаж мүшелерi) шаршаған болса немесе алдағы ұшудың жағдайын ескере отырып, осы ұшу барысында шаршайды деп есептеуге қандай да бiр негiз болса, онда осы Ережеде көзделген жағдайларға қарамастан экипаж (экипаж мүшелерi) ұшуды орындамайды, ал пайдаланушы оның орындалуын талап етпейдi.

      15. Экипаж мүшелерiнiң, авиамедициналық және мүдделi кәсiподақ органдарының келісімімен, сондай-ақ уәкiлеттi органмен келiсу бойынша, әуе кемесiн пайдаланушы ұшу уақытының айлық нормасын 25 пайызға дейiн көбейте алады, бiрақ ол жылына үш айдан артық болмауға тиіс және жылдық ұшу уақытын ұзартпауға тиіс.

      16. Ұрыс әрекеттерін жүргізу жағдайында, табиғи зілзала және апатты жағдайлар кезінде экипаждың (экипаж мүшесiнiң) жұмыс және ұшу уақыты нормаларын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

      17. Мемлекеттiң қорғаныс қабілетін қамтамасыз етумен байланысты жұмыстарды өндiру кезінде, сондай-ақ апат немесе табиғи зілзала салдарын жою кезiнде мерзiмнен тыс жұмыстар рұқсат етiледi, ол туралы уәкiлеттi тұлғаның қолы қойылған ұшуға тапсырмаға тиісті жазба орындалуы (немесе радиограмма тiркелуi) қажет.

      18. Кешiктiрiлген рейстi аяқтау үшiн, экипаж мүшелерiнiң келiсiмiмен ӘК командирi тәулік уақытына қарамастан жұмыс немесе ұшу уақытының барынша мүмкiн нормаларын екi сағатқа көбейте алады. Ол туралы ӘК командирi ұшуға тапсырмаға тиісті жазба жасайды.

  3. Экипаж (экипаж мүшесi) авиациялық арнайы
жұмыстарды, тұрақты және тұрақсыз әуе тасымалдарын
орындау кезiндегі барынша жұмыс және ұшу
уақытының ұзақтығы

      19. Экипаж (экипаж мүшелерi) авиациялық арнайы жұмыстар мен тұрақты және тұрақсыз әуе тасымалдарын жүргiзу кезiндегi барынша жұмыс уақытының тәртiбi мынадай уақыт кезеңiнде белгiленедi:
      1) тәулiк - үздіксіз 24 (жиырма төрт) сағат ағынында;
      2) апта - үздіксіз 7 тәулiк ағынында;
      3) ай - 28 (29 - 31) кезекті күн ағынында;
      4) жыл - 365 (366) кезекті күн ағынында.

      20. Экипаждың (экипаж мүшелерiнiң) шаршауын болдырмау мақсатында мынадай факторлар есепке алынады:
      1) әуе кемесiнiң түрi, оның жабдығы;
      2) экипаж мүшелерiнiң саны;
      3) ұшу уақытының бiр кезеңі ішіндегі ұшу және қону саны;
      4) әуе қозғалысының жоғарғы тығыздығы уақытындағы жұмыс жүктемесі;
      5) экипажға (экипаж мүшесiне) демалыс берiлуге тиiс жердегi демалыс жағдайы;
      6) мiндеттердi орындаудың тәулiк уақыты;
      7) ұшу жұмыстары кезiнде кідірулер;
      8) авиациялық арнайы жұмыстардың түрлерi;
      9) сағат белдерiнiң ауысуы;
      10) жазғы (қысқы) мезгiлде сағат тiлiн ауыстырғанда жұмыс уақытының өзгеруi.

      21. Ай ішінде осындай демалыс күндерi төрт рет берiлу шартымен, жұмыс істеген аптаның жетiншi күнi экипажға (экипаж мүшесiне) ұзақтығы 42 (қырық екi) сағат үздіксіз демалыс күндері берiледi.

      22. Ұшу экипаждарын (экипаж мүшелерiн) олардың кәсiптiк қызметiне тiкелей байланысы жоқ жұмыстарға қатыстыруға тыйым салынады.

      23. Егер үздіксіз 24 сағат ішінде жұмыс уақыты астрономиялық түн кезінде (жергiлiктi уақыт бойынша) басталса, созылса немесе аяқталса, онда ол аталған мерзiмге кіретiн әр сағат немесе оның бөлігі үшiн 15 (он бес) минутқа азаяды.

      24. Ұшу сериясы 24 сағаттық кезең ішінде бесеуден артық ұшақты отырғызуды қамтыған жағдайда, ұшу уақыты, сондай-ақ жұмыс уақыты да әр қонуға 15 минутқа қысқартылады.

      25. Экипаж мүшесiнiң қызметi ол түрлі әуе кемелерiнде және әр түрлі экипаждар құрамында кезекпен ұшуларды жүзеге асыратын болып жоспарланса, барлық жағдайлардағы жұмыс және ұшу уақытын қосу жолымен ұшу және жұмыс уақыты есептеледi.

      26. Әуе кемелерiн пайдаланушылар атқарылатын қызметтiң түрiне сәйкес бортсерiктерінiң санын және функцияларын белгiлейдi.

      27. Бортсерiктер мен борт операторлары үшiн ұшу және жұмыс уақытының нормасы ұшу құрамына ұқсас белгiленедi, және оларға осы Ережеде жазылған еңбек пен демалысқа қойылатын барлық талаптар қолданылады. Әйелдер (бортсерiктер) үшiн ұшу уақытының нормалары айына 60 (алпыс) сағатты және жылына 600 (алты жүз) сағатты құрайтын айлық және жылдық санитарлық нормаларға жiктелiп белгiленедi.

      28. Әйелдер - экипаж мүшелерi және жолсерiктерi дәрігерлік тұжырымға сәйкес бұрынғы жұмысының орта еңбек ақысы сақтала отырып, ауыр және қолайсыз өндірістік факторлардың әсері болмайтын басқа жеңiл жұмысқа ауыстырылады.

      29. Жиi меридианаралық ұшуларды орындау жағдайда және экипаждың (экипаж мүшесiнiң) сағат белдiгiнiң қозғаған жағдайда, экипаж (экипаж мүшесi) баратын орынның сағат белдiгі бойынша күн тәртiбiн сақтауға мiндеттi.

      30. Ұзақ қашықтық маршрут бойынша ұшуды орындауды жүзеге асыру тек қос ұшу экипажына ғана рұқсат етіледі. Бұл жағдайда, егер екiншi экипаж ұшу маршруты бойынша қандай да бiр пунктте жұмысқа кiрiссе, кез келген 24 сағаттық мерзiм уақытының ішінде қос экипаж 14 (он төрт) сағаттан артық емес жұмыс уақытын ала алады. Екiншi экипаждың ұшу және жұмыс уақыты бiрiншi экипаждiкi сияқты есептеледi. Экипаждарды жұмысқа жіберу ұшу маршруты бойынша ұшу экипаждары мүшелерiнің ауысатын пункттерi (кезеңдері) белгiленетін, сондай-ақ ұшуды және (немесе) оның кезеңдерін орындауға жауапкершiлiк экипаждар арасында бөлінетін авиакомпания бойынша бұйрықпен ресiмделедi.

      31. Орта қашықтық маршрут бойынша ұшуды орындауды күшейтiлген ұшу экипажы жүзеге асырады. Бұл ретте, егер ұшу экипажының қосымша мүшелерінің бірі ұшу маршруты бойынша қандай да бiр пунктте жұмысқа кiрiссе, кез келген 24 сағаттық мерзiм уақытында күшейтiлген ұшу экипажы 12 сағаттан артық емес жұмыс уақытын ала алады. Экипаждың қосымша мүшелерінің ұшу және жұмыс уақыты негізгі экипаждiкi сияқты есептеледi.

      32. Экипаждың құрамында бiр пилот болғанда 24 сағаттық мерзiм ішінде бiр және басқа ұшулар арасында 4 сағаттан кем емес үздіксіз демалуды пайдаланса, ол 10 (он) сағатқа дейiн жұмыс уақытының барынша ұзақтығын ала алады.
      Екi және одан да көп экипаж мүшелері бар ұшақтар үшін ұшу жұмыс уақытының рұқсат етiлген шектi ұзақтығы (сағаттар мен минуттарда) осы Ережеге 4 қосымшада белгiленген нормалардан аспауы тиiс.

  4. Демалыс уақыты

      33. Жетi кезекті тәулiктiң кез келген мерзiмiнде экипаж мүшесiнің ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi демалыстан басқа базада немесе одан тыс жерде оған берiлетiн демалыс күнi болу керек.

      34. Әрбір күнтiзбелiк ай ішінде экипаж мүшесiнің 7 (жетi) тәулiк демалысы болуы тиіс, оның 5 (бесеуiн) ол базада алады.

      35. Әрбір күнтiзбелiк жылдың ішінде пайдаланушы экипаж мүшесiне 36 (отыз алты) күнтiзбелiк күн (еңбек демалысы) есебінен ақылы демалыс бередi.

      36. Базадағы ұшу алдындағы демалыстың ең төменгі ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиiс.

      37. Базадағы ұшудан кейiнгi демалыстың ең төменгі ұзақтығы алдыңғы жұмыс уақытының екi ұзақтығына тең болуы қажет, бiрақ 12 сағаттан кем болмауға тиіс.

      38. Экипаж мүшелерiнiң әуежай базасынан тыс болған кездегі ұшу арасындағы демалу ұзақтығы 10 сағаттан кем болмауы тиіс.

      39. Базалық әуежайдың белдiк уақытынан батысқа 5 (бec) сағат шығысқа 3 (үш) сағат белдiк уақыты айырмашылығы болғанда маршруттың соңғы әуежайларында экипаж мүшелерiне ұшу арасында 14 сағаттан кем емес демалыс берілуге тиіс.

      40. Ұзақ қашықтық ұзақтық маршруттары бойынша ұшуларды орындаған кезде ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi демалыс уақытының ең төменгі ұзақтығы базалық әуежайда тиісінше 24 (жиырма төрт) және 48 (қырық сегiз) кем емес үздіксіз демалыс сағаттарынан құралуға тиіс.

      41. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде күнделiктi ұшуларды орындағанда ұшудан кейiнгi демалыс ұшу алдындағы болып есептеледі, бiрақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс.

      42. Экипаж мүшесiнiң демалыс уақыты экипаждың тікелей алдыңғы қызметiне жұмсалған жұмыс уақытының аяқталу сәтінен бастап есептеледi, және қонақ үйінде, профилакторийде номер алған немесе үйiне келген сәттен бастап есептеледi.

      43. Пайдаланушы оларда қалыпты кестеге сәйкес күту кезеңдерi салыстырмалы ұзақ болып қарастырылса, экипаж (экипаж мүшесi) үшін мақсат пункттерiнің және аралық аялдау пункттерiнің әуеайлақтарында және әуежайларында арнайы демалыс бөлмелерін қамтамасыз етедi.

      44. Күшейтiлген ұшу экипаждарымен жүргiзiлетiн ӘК-лер экипаж мүшелерiнiң ӘК бортында демалуына жағдайлармен қамтамасыз етілуі тиіс.

      45. Қос экипажбен жүргiзiлетiн ӘК ұйықтауға арналған орындармен жабдықталуы тиiс.

  5. Ауыл, орман шаруашылықтарында және геологияда
авиациялық арнайы жұмыстарды орындау кезiндегі
әуе кемелерi экипаждарының (экипаж мүшелерiнiң)
жұмыс уақыты мен демалыс тәртiбi

      46. ӘК-нің тұрақты орналасуынан тыс орындарда авиациялық арнайы жұмыстарды орындаумен айналысатын ұшу және техникалық құрамы үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы тәулiгiне 10 сағатқа дейiн белгiленедi. Авиациялық және арнайы жұмыстарды орындау кезінде жұмыс және ұшу уақытының барынша рұқсат етiлген нормалары осы Ережеге 5-қосымшада белгiленген.

      47. Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша әуе кемесiн пайдаланушымен, кәсiподақпен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсiлгеннен кейін жұмыс уақытының ұзақтығы тәулiгiне 12 сағатқа дейiн белгiленедi, бұл ретте түскi асқа үзiлiс уақытымен бiрге есептегенде демалыс алдындағы жұмыс күнінiң екi есе ұзақтығынан кем емес жұмыс уақытына тең жұмыс күндерi арасындағы демалыс ұзақтығы сақталуға тиiс.

      48. Ұшу алдындағы және ұшқаннан кейiнгi демалыстың ең төменгі ұзақтығы демалыстың әрбір кезеңі бойынша 12 сағаттан кем емес уақытты құрауы тиіс. Күнделiктi ұшуларды орындау кезінде ұшудан кейiнгi демалыс ұшу алдындағы демалыс болып есептеледі және 12 сағаттан кем болмауы тиіс.

      49. Жоғары қауiптi химиялық заттармен жұмыс істеу кезiнде осы Ережеге 3 қосымшада көрсетiлген ұшу уақыты 20 пайызға азаяды.

      50. Шамалы қауiпi химиялық заттармен жұмыс істеу кезiнде осы Ережеге 3 қосымшада көрсетiлген ұшу уақыты 10 пайызға азаяды.

      51. Авиациялық арнайы жұмыстардың барлық түрлерін орындау кезінде төменде аталғандарды есептемегенде, тәулiкте, айда және жылда ұшу уақытының нормасын арттыруға тыйым салынады:
      1) экипаж мүшелерiнiң келiсiмiмен ӘК командирiне егiндi жоғалту қауiпi болғанда, жұмыс күнi ішінде жұмысты аяқтау үшін төтенше және жоғары қауiптi пестицидтермен жұмыс істегенде ұшу уақытының ұзақтығын 30 минутқа, ал басқа препараттармен жұмыс істегенде - 60 минутқа ұзартуға құқық берiледi. Бұл ретте жүктемені арттыру осы Ереженiң 47-тармағының талаптарына сәйкес демалыспен өтеледi;
      2) жоғары кең экспедицияларына қызмет көрсету, су кемелерін өткізу, мұздарды зерттеу және алаңдарды аэрофототүсiру бойынша ұшуларды орындаған кезде ұшу уақыты тәулiгiне осы Ережеге 3-қосымшада белгiленген нормалардан тыс кезде көбейтiлуi мүмкiн және осы Ереженiң 47-тармағының талаптарына сәйкес демалыспен өтеледi;
      3) 10 сағатқа дейiнгі төртiншi санаттағы ұшақтардың және барлық үлгiдегi тiкұшақтардың экипаждары үшiн жұмыс уақытын 12 сағатқа дейiн ұзарту;
      4) 11 сағатқа дейiнгі бiрiншi - үшiншiнi санаттардағы ұшақтардың экипаждары үшiн жұмыс уақытын 13,5 (он үш жарым) сағатқа дейiн ұзарту.
      Тәулiгiне белгiленген нормадан тыс ұшу уақытын көбейту жылына үш айдан артық емес мерзімге рұқсат етiледi. Аталған жұмыс түрлерi үшін айында және жылында ұшу уақытының нормаларын көбейтуге тыйым салынады.

      52. ӘК экипаждарының жұмыс ұзақтығы еңбектi вахталық әдiспен ұйымдастыру кезінде барлық экипаж мүшелерiнiң пікірі және денсаулық жағдайы есепке алынғанда және жұмыс уақыты мен демалыс уақытының нормалары сақталған кезде жиырма сегiз - отыз бiр кезекті күндер ішінде он бес күннен аспау қажет.

      53. Ағаштарды сыртқа iлiп тасығанда және тоқ жүргізетін сымдарды тасу кезінде ұшу уақытының нормасы тәулiгiне 5 сағаттан аспау тиіс. Рейстердiң санына қарамастан, бiр ұшудың ұзақтығы 60 минуттан аспау тиіс. Ұшулар арасында демалыс үшiн 10 минутқа дейiн үзiлiс белгіленуге тиіс.

      54. Тiкұшақтарда теңіз айдындарының әуегравиметрикалық съемкаларын жасағанда, гравиметрикалық белгiде тоқтап съемка учаскесiнде съемка жасағанда ұшу ұзақтығы 90 минуттан артық болмау тиіс. Гравиметрикалық белгiлерде тоқтау он бірден артық болмауы тиіс, оның ішінде алты тоқтау жасағаннан кейiн экипаж съемканы тоқтатуға тиiс және 10 минут 100 метрден кем емес қашықтықта көлденең ұшуды орындауы қажет, кейiн съемаканы жалғастырады.

      55. Ұшақтарда және тiкұшақтарда авиациялық-химиялық жұмыстарда ұшу серияларын орындау кезiнде он-он екi қонулардан (немесе әрбір бiр жарым сағат жұмысынан) кейiн экипажға демалу үшiн 15 минутқа дейiн үзiлiс белгiленедi, олар жұмыс уақыты деп есептелмейді, ал 3 сағат ұшу уақытынан немесе жиырма бес-отыз қонулардан кейiн - демалуға үзiлiстің ұзақтығы 1 сағаттан кем болмауы тиiс, ол тамақтануға үзiлiспен бірігуі және жұмыс уақыты болып есептелмейді.

      56. Аса шағын көлемдi шашуды және гектарына 10 кг (л) дейiн препаратты шығындау нормасымен басқа да жұмыстарды орындау кезiнде ұшу ұзақтығы 90 минуттан аспау керек.

      57. Ұшу құрамы бiр санаттағы қауiптi препараттармен жұмыс істеу кезінде толық қамтылмаса, егер басқа санаттағы қауiптi препараттармен жұмыс iстегенде ұшу уақытының нормасы жалпы ұшу уақытынан аспаса, оларға басқа санаттағы қауiптi препараттармен жұмыс iстеуге рұқсат беріледі.

      58. Аралас препараттармен жұмыс iстеу кезiнде ұшу уақытының нормасы тәулiгiне ең жоғары санаттағы қауiптi препарат бойынша белгiленедi.

      59. Ұшақтарда және тiкұшақтарда бiр ұшқанда бұрылу саны жиырмадан аспауы тиiс, бұл ретте ұшулар арасындағы демалыс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиiс.

      60. Авиациялық жұмыстарда ұшу және техникалық құрам үшiн бөлшектелген жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін - таңертеңгi жұмыс және кешкi жұмыс кезiнде олардың арасында 2 сағаттан кем емес үзiлiс белгiленедi. Таңертеңгi және кешкi жұмыс арасындағы үзiлiс жұмыс уақытына енбейдi. Бұл жағдайда жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы 10 сағаттан аспауы тиіс.

      61. Техникалық құрамының жұмыс уақытына:
      1) техникалық қызмет көрсету уақыты;
      2) әуеайлақта ӘК күткен уақыты;
      3) жылдың суық кезеңiнде қыздыру үшiн реттелген үзiлiстер уақыты;
      4) басқа орналасу орнына ұшу уақыты;
      5) техникалық оқу, талқылау, медициналық тексеруден өту уақыты енедi.

      62. Жедел нүктесiнде ұшу және техникалық құрамның ауысуы бiр жарым айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады, бұл ретте экипажға әрбір жұмыс iстеген екi аптасына 1 тәулiк есебінен ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi.

      63. Кондиционерлеу және ауаны тазарту жүйесiмен жабдықталмаған ӘК-лерде төтенше және жоғары қауiптi пестицидтермен (1-2 санаттар қауiптiлігi) ұшуды орындауға тыйым салынады.

6. Еуропа немесе Америка Құрама Штаттары елдерінің
авиациялық өкіметімен сертификатталған түрлері азаматтық
авиациясының әуе кемелері экипаждары мүшелерінің
жұмыс уақыты мен демалу уақыты

       Ескерту: 6-тараумен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 3 наурыздағы  N 43 бұйрығымен .

      64. Еуропа немесе Америка Құрама Штаттары елдерінің авиациялық өкіметімен сертификатталған түрлері азаматтық авиациясының әуе кемелерін пайдаланушы Ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалу уақытын ұйымдастыру жөніндегі жеке ережесі бекітеді.
 

      65. Пайдаланушы көрсетілген әуе кемесінде:
      1) ұшу алдындағы дайындықты жүзеге асыру үшін қажетті уақыт есебімен ұшуды жоспарлау, жерде әуе кемелерінің ұшырылу арасында тұрған уақыты мен ұшыруын орындау;
      2) экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалуын ұйымдастыру саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Ережеге сәйкес ұшырылымдарды жоспарлау және жүзеге асыру;
      3) базалық әуежайдағы әр экипаж мүшесі үшін экипаж мүшесінің келісімі бойынша анықтауды;
      4) ұшырылу жиілілігін анықтау кезінде және экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалу уақыты жұмыс уақытының ұзақтығына арналған барынша қажетті демалу әсер ету есебін;
      5) экипаж мүшелерінің ұшудағы жұмыс уақытын жоспарлауды, экипаж мүшелерінің өте қалжырауын тудырмау, ол ұшу қауіпсіздігі қауіп-қатерінің алдын алуды;
      6) экипаж мүшелері үшін ұшу кестесін жариялау және күні бұрын хабарлауды даярлау;
      7) экипаж мүшелері үшін демалыс күндерін жоспарлау, ол оларды күні бұрын хабарлауды;
      8) Ережеге сәйкес экипаж мүшелеріне демалыс ұсынуды қамтамасыз етеді.
 

      66. Экипаж мүшесі:
      1) экипаж мүшесі өзін қажыдым деп санаса немесе солай ойласа, ол ұшу алдындағы барысында қажығандықты сезсе бұндай қажығандық кезінде қауіп төндіру әуе кемесінде ұшуды орындамау мүмкіндігін;
      2) оған берілген шарттарды оңтайлы орындау және өзінің қызметтік міндеттерін ең жақсы орындау үшін демалу уақытын қамтамасыз етеді.
 

      67. Әр экипаж мүшесі үшін жұмыс экипажының мүшесі ретінде ұшу уақыты артық болуы мүмкін емес.
      1) күнтізбелік жыл ішінде ұшу уақыты сегіз жүз сағат;
      2) жиырма сегіз ретті күндердің ішінде ұшу уақыты жүз сағат.
      Ұшуды орындау мақсатында бастапқы қозғалысының уақыты кезеңіндегі ұшу уақыттары болып әуе кемесінің қозғалған кезінен бастап әуе кемесінің тоқтаған кезеңіне дейін және қозғалтқыштарының толық тоқтағанына дейін.
 

      67. ҰЖУ барынша тәуліктік ұзақтығы отыз сағатты құрайды.
 

      68. ҰЖУ барынша тәуліктік ұзақтығы әр ұшып-қонғанға отыз минутқа азаяды, бірақ үшіншіден бастап, егер ол экипаж мүшесі мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек шартында көзделмеген болса екі сағаттан артық емес.
 

      69. ҰЖУ басталған жағдайда, Биологиялық цикардолық ырғағы дене мүшесінің психофизиологиялық қызметінің (бұдан әрі - ДПФҚБЦЫ) төменгі деңгейі кезеңінде, Ереженің 68, 69 тармақтарында көрсетілген ҰЖУ-дың барынша ұзақтығы экипаж мүшелерінің ДПФҚБЦЫ-ға келген уақытына дейінгі санына азайтылады, бірақ егер ол экипаж мүшесі мен жұмыс берушінің арасындағы жеке еңбек шартында көзделмеген болса екі сағаттан артық емес.
 

      70. ДПФҚБЦЫ екі сағат және бес сағат елу тоғыз минут арасындағы уақытты түсінеміз. ДПФҚБЦЫ үш сағаттық белдеу шегінде жергілікті уақыт бойынша базалық әуежаймен анықталады. Үш сағаттан артық белдеуді бөлген жағдайда ДПФҚБЦЫ базалық әуежайдың жергілікті уақыты бойынша базалық әуежайдың сағаттық белдеуінен алғашқы сегіз сағат ішіндегі мерзімінде ДПФҚБЦЫ жергілікті уақыт бойынша анықталады.
 

      71. ҰЖУ ДПФҚБЦЫ-да аяқталатын жағдайда ҰЖУ-дың барынша ұзақтығы Ереженің 68, 69-тармақтарында көрсетілген ҰЖУ-дың барынша ұзақтығы экипаж мүшелерінің келген уақытының жартысына ДПФҚБЦЫ азайтылады.
 

      72. ҰЖУ-дың барынша тәуліктік ұзақтығы пайдаланудың келесі жағдайларында ұзартылуы мүмкін:
      1) Күтпеген жағдайлардың туындауы кезінде ұшу қауіпсіздігіне қауіп туындауы мүмкін;
      2) Ережеде көрсетілген өзге жағдайларда.
 

      73. Пайдаланушы күнтізбелік күннің онынан кешіктірмей ҰЖУ-дың тәуліктік барынша ұзақтығын пайдалану шешімі бойынша жүргізілгені туралы осындай шешімнің қабылданған себептерін көрсете отырып, уәкілетті органға хабарлайды.
 

      74. Пайдаланушымен ҰЖУ-ды ұзарту алты немесе одан да көп ұшыру-қондыру ұшырылымдары жағдайында жіберілмейді.
 

      75. Егер экипаж мүшелерінің ДПФҚБЦЫ келген уақыты екі сағатқа дейін болса, ҰЖУ ұзарту төрт ұшыру-қондыру ұшырылымдарынан аспайтын жағдайында жіберіледі.
      Егер экипаж мүшелерінің ДПФҚБЦЫ келген уақыты жағдайында екі ұшыру-қондыру ұшырылымдарынан аспайтын, ұшыру серияларына қатысты ҰЖУ ұзарту жіберіледі.
 

      76. Пайдаланушының шешімі бойынша ҰЖУ аптасына екі рет жіберіледі.
 

      77. Пайдаланушының шешімі бойынша ҰЖУ ұзарту ұшу алдындағы немесе ұшудан кейінгі демалысы екі сағатқа немесе төрт сағатқа ұзартылады, ал бортсеріктерге қатысты ұшу уақыты кезіндегі тиісті бейінде арттырылуы мүмкін.
      ҰЖУ екі іргелес кезеңдерін ұзарту кезінде, экипаж мүшелерінің ұшу алдындағы немесе ұшудан кейінгі демалысының барынша уақыты ҰЖУ екі кезеңі арасында ұсынылатын болады.
 

      78. Ұшу немесе ұшу серияларын орындауға жоспарланған бортсеріктер үшін, арасындағы уақытының айырмашылығына ұзартылатын болады.
 

      79. Егер ҰЖУ жиырма сағат арасында төрт сағат елу тоғыз минутқа дейін қысқарса, онда ҰЖУ он бір сағат қырық бес минөтке дейін қысқарады.
 

      80. Ұшырылымдардың кестесі мынадай жағдайда құрылуы керек, ол жоспарланатын ұшу уақыты ҰЖУ барынша тиісті болуы керек. Пайдаланушы міндетті түрде жоспарланған кестені өзгерту бойынша немесе экипаждарды өзгертуді жоспарлау мақсатында шаралар қолданады.
 

      81. Базалық әуежайда ұшу алдындағы демалыс уақыты алдыңғы жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша немесе аса ұзақ болып көрінетін он екі сағатқа тең келуі мүмкін.
 

      82. Базалық әуежайдан басқа ұшу алдындағы демалыс алдыңғы жұмыс уақытының ұзақтығы бойынша немесе аса ұзақ болып көрінетін он сағатқа тең келуі мүмкін.
 

      83. Базалық әуежайдан басқа ұшу алдындағы демалыс уақыты кезінде пайдаланушы экипаж мүшелеріне демалыс уақытының есебінсіз сегіз сағаттық ұйқысымен демалу орнына жеткізіп салуға және өзге де физиологиялық қажеттіліктерді қамтамасыз етеді.
 

      84. Пайдаланушы экипаж мүшелеріне сағат белдеулерінің әсерін өтеу мақсатында экипаж мүшелеріне қосымша демалу уақытын қамтамасыз етеді.
 

      85. Экипаж мүшелеріне аптасына бір күн демалыс беріледі, жергілікті уақыт бойынша екі түн және отыз алты сағаттан аспайтын, іргелес демалыс уақыты кіреді. Демалыс күн бірінші демалыстың аяқталуымен және келесі демалыстың жүз алпыс сегіз сағатынан аспайтын уақыт кезеңде ұсынылады.
      Ұшу алды немесе ұшудан кейінгі демалыс кезеңінде демалыс күнінің бөлігі болуы мүмкін.
 

      86. Бекітілген Ереженің нормаларына сәйкес ұшырымды орындау уақытында, ҰЖУ және күтілмеген жағдайлар туғанда, ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін барлық экипаж мүшелерінің келісімімен әуе кемесі командирінің шешімімен (бұдан әрі - ӘКК шешімі) өзгертілуі мүмкін.
 

      87. ӘК командирінің шешімімен Ережедегі 68-тармақпен көрсетілген, ҰЖУ барынша ұзақтылығы:
      1) Күшейтілген ұшу экипажын пайдалану жағдайында екі сағаттан аспайтын, бірақ үш сағатқа артық арттырылуы мүмкін.
      2) тағайындау әуежайында немесе запастағы аэродромда, егер күтпеген жағдайлар ұшу кезінде туындаса, ең соңғы ұшу телімінде ҰЖУ шеңберінде ұшырылым аяқталғанға дейінгі кезеңде арттырылуы мүмкін.
 

      88. ӘК командирінің шешімімен экипаж мүшелерінің демалыс кезеңі келесі ҰЖУ кезеңінде Ереженің 82-тармағында көзделгенмен, деңгейіне дейін қысқартылуы мүмкін.
 

      89. Егер экипаж мүшелері қажығандығын сезінсе, ұшу қауіпсіздігінің қаупіне әкеліп соғуы мүмкін, барлық экипаж мүшелерінің келісімімен әуе кемесі командирінің шешімімен ҰЖУ қысқартылуы және (немесе) экипаж мүшелерінің демалу уақыты қысқартылуы мүмкін.
 

      90. Әуе кемесінің командирі пайдаланушыға ҰЖУ арттыру фактісі туралы немесе экипаж мүшелерінің демалу уақытының қысқартылуы туралы есепті ұсынады.
 

      91. Егер ҰЖУ арттырылса немесе экипаж мүшелерінің демалу уақыты бір сағатқа қысқарса, пайдаланушы әуе кемесі командирі есебінің көшірмелерімен және қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, көрсетілген оқиғалардың түскен күнінен бастап күнтізбелік күнінің он күнінен кешіктірмей уәкілетті органға хабарлау керек.
 

      92. Кезекшілік уақыты резервте экипаж мүшелерінің келу сәтінен, резерв секілді анықталған, кезеңнің соңына дейін саналады.
 

      93. Пайдаланушы экипаж мүшелерін кезекшілік резервінің басталу және аяқталу уақытын алдын ала хабарлауды, экипаж мүшесінің өзге орында болатын барынша уақытын, сонымен қатар алдағы уақыттағы резервтегі қызметтік міндеттерді тағайындаумен байланысты қамтамасыз етеді.
 

      94. Пайдаланушы экипаж мүшелерін резервтегі кезекшілікте, демалу және ұшуды күту үшін арнайы жабдықталған жеке бөлмелермен қамтамасыз етеді.
 

      95. Ұшуды орындау уақытында жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінен сақтану үшін ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін экипаж мүшелеріне тамақтану және дәмді ішімдік мүмкіндігі ұсынылуы тиіс.
 

      96. Пайдаланушы экипаждың әр мүшесі бойынша, өзіне қатысты есеп жүргізуді қамтамасыз етеді:
      1) ұшырылым уақыты;
      2) жұмыс уақытының және ұшу уақытының басталуы, ұзақтығы және аяқталуы;
      3) ұшу күнінен бос уақытындағы демалыс уақыты және күндері (ұшу тапсырмасынан бос күндізгі күн қызметтік міндеттерді орындаудан бос күні және алдыңғы мен келесі түндерді енгізетін бос күні болып саналады);
      4) резервтегі кезекшілік уақыты.
 

      97. Пайдаланушы және экипаж мүшелері олардың сауалдары бойынша бір-біріне жүргізілген есеп жазбаларының көшірмелерін ұсынады.

                                    Қазақстан Республикасы Көлiк
                                және коммуникациялар министрлiгiнiң
                                     Азаматтық авиация комитетi
                               төрағасының 2004 жылғы 2 қарашадағы
                                    N 207 бұйрығымен бекiтiлген
                                 Қазақстан Республикасы азаматтық
                                    авиациясының әуе кемелерi
                                экипаждары мүшелерiнiң жұмыс уақыты
                                  мен демалуын ұйымдастыру туралы
                                        ережеге 1-қосымша

             Экипаж құрамына байланысты экипаждың
        (экипаж мүшесiнiң) тәулiктiк жұмыс уақытының
                   (ЖУ) барынша ұзақтығы

__________________________________________________________________
Жұмыс уақытының  |   Жұмыс уақытының барынша ұзақтығы
қалыпты ұзақтығы |
__________________________________________________________________
Бiр экипаж        | Бiр экипаж |  Күшейтiлген     |Қос экипаж
                  |            |    экипаж        |
__________________________________________________________________
6 сағат          |  10 сағат  |     12 сағат     |   14 сағат
__________________________________________________________________

                                    Қазақстан Республикасы Көлiк
                                және коммуникациялар министрлiгiнiң
                                     Азаматтық авиация комитетi
                               төрағасының 2004 жылғы 2 қарашадағы
                                    N 207 бұйрығымен бекiтiлген
                                 Қазақстан Республикасы азаматтық
                                    авиациясының әуе кемелерi
                                экипаждары мүшелерiнiң жұмыс уақыты
                                  мен демалуын ұйымдастыру туралы
                                        ережесге 2-қосымша

       Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 3 наурыздағы  N 43 бұйрығымен .

            Әуе кемесiнiң әр түрiнде айына және
             жылына экипаж (экипаж мүшесiнiң)
              ұшу уақытының барынша ұзақтығы

__________________________________________________________________
      Әуе кемелерiнiң түрi      |      Ұшу сағатының
                                |          уақыты
                                |_________________________________
                                |  30 күн         |   жыл
__________________________________________________________________
ИЛ-86, ИЛ-96, ТУ-204                  80             800
__________________________________________________________________
AH-124                                80             800
__________________________________________________________________
ИЛ-62                                 75             750
__________________________________________________________________
ИЛ-76, ТУ-154                         75             750
__________________________________________________________________
ТУ-134, АН-72, АН-74                  75             750
__________________________________________________________________
ЯК-40, ЯК-42                          75             750
__________________________________________________________________
АН-24, Ан-30 көлiкте,
ИЛ-86 варианты                        70             700
__________________________________________________________________
Л-410УВП, УВПЗ                        70             700
__________________________________________________________________
Ан-28, АН-12                          70             700
__________________________________________________________________
AH-32                                 70             700
__________________________________________________________________
Ан-26                                 70             700
__________________________________________________________________
ЯК-18, ЯК-18Т                         70             700
__________________________________________________________________
АН-2, ИЛ-114, АН-8                    70             700
__________________________________________________________________

                                    Қазақстан Республикасы Көлiк
                                және коммуникациялар министрлiгiнiң
                                     Азаматтық авиация комитетi
                               төрағасының 2004 жылғы 2 қарашадағы
                                    N 207 бұйрығымен бекiтiлген
                                 Қазақстан Республикасы азаматтық
                                    авиациясының әуе кемелерi
                                экипаждары мүшелерiнiң жұмыс уақыты
                                  мен демалуын ұйымдастыру туралы
                                        ережеге 3-қосымша

           Екi адамнан тұратын ұшу экипажы үшiн
                барынша үзiлiссiз ұшу уақыты

__________________________________________________________________
Ұшуға келу уақыты    |        Барынша үздіксiз ұшу уақыты
__________________________________________________________________
07:00 - 13:59                        10
14:00 - 17:59                         9
18:00 - 06:59                         8
__________________________________________________________________
 

                                      Қазақстан Республикасы Көлiк
                                және коммуникациялар министрлiгiнiң
                                     Азаматтық авиация комитетi
                               төрағасының 2004 жылғы 2 қарашадағы
                                    N 207 бұйрығымен бекiтiлген
                                 Қазақстан Республикасы азаматтық
                                    авиациясының әуе кемелерi
                                экипаждары мүшелерiнiң жұмыс уақыты
                                  мен демалуын ұйымдастыру туралы
                                        ережеге 4-қосымша

        Екi және одан астам экипаж мүшесi бар ұшақтар
       үшiн ұшу жұмыс уақытының (сағат пен минуттарда)
             шектеулi рұқсат берiлген ұзақтықтар

__________________________________________________________________
Келу уақыты        |                    Қону саны
                   |______________________________________________
                   |   1-2     |   2      |     4     |    5
__________________________________________________________________
06:00 - 12:59          12:00       12:00       10:00     09:00
13:00 - 16:59          11:00       11:00       10:00     08:00
17:00 - 21:59          11:30       10:00       10:00     08:00
22:00 - 05:59          10:00       09:30       09:30     07:30
__________________________________________________________________

                                    Қазақстан Республикасы Көлiк
                                және коммуникациялар министрлiгiнiң
                                     Азаматтық авиация комитетi
                               төрағасының 2004 жылғы 2 қарашадағы
                                    N 207 бұйрығымен бекiтiлген
                                 Қазақстан Республикасы азаматтық
                                    авиациясының әуе кемелерi
                                экипаждары мүшелерiнiң жұмыс уақыты
                                  мен демалуын ұйымдастыру туралы
                                        ережеге 5-қосымша

          Арнайы авиациялық жұмыстарды (сағат) орындау
            кезiнде жұмыс және ұшу уақытының барынша
                    рұқсат етiлген нормасы

__________________________________________________________________
   ӘК түрі      |   Жұмыс уақыты       |       ұшу уақыты
                |тәулiк   ай      жыл  |тәулiк    ай     жыл
__________________________________________________________________
ұшақты
пайдаланумен
1 пилот           10      150     860      6       55   550
__________________________________________________________________
ұшақты
пайдаланумен
2 пилот           10      150     860      8       65   650
__________________________________________________________________
тiкұшақты
пайдаланумен
1 пилот           10      150     860      6       55   550
__________________________________________________________________
тiкұшақты
пайдаланумен
1 пилот           10      150     860      7       65   650
__________________________________________________________________
борт
операторлары
үшiн
__________________________________________________________________