Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3203

Қолданыстағы

Келісілді:            
Қазақстан Республикасының    
Қаржы рыногын және қаржылық  
ұйымдарды реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігінің Төрағасы
2004 жылғы 29 қазан     

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің  
2004 жылғы 28 қазандағы
N 316 бұйрығымен   
бекітілген      

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік
кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған
шарттардың негізінде ақпарат беру ережесі

      1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі - тіркеуші органдар) оларға тиесілі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарға (құқықтық ауыртпалықтары) қатысты кредиттік тарих субъектілері туралы ақпаратты (бұдан әрі - ақпарат) кредиттік бюроға берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      3. Ақпарат тіркеуші органдар мен кредиттік бюроның арасында жасалған шарттардың негізінде ұсынылады.

      4. Ақпарат бергені үшін тіркеуші органдар шартқа сәйкес мөлшері мен алу тәртібі белгіленген ақы алады.

      5. Ақпаратты ұсыну туралы шарттар мынадай шарттарды:
      1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жері, банктік деректемелерді;
      2) шарттың қолданылу мерзімі, оны бір жақты тәртіппен өзгерту, тоқтату және бұзу негіздемесі мен тәртібі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыппұл мөлшерін;
      3) кредиттік тарихты қалыптастыратын ақпараттың түрі, көлемі, мерзімі (мерзімділігі) ұсыну тәртібі, шарттың тараптары көрсететін қызметке төленетін ақының мөлшері мен тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйенің пайдаланылуын қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптарды бірлесіп іске асыратын шарттарды;
      4) тек Заңдарда көзделген мақсаттарға сәйкес ұсынатын ақпаратты пайдалануы туралы кредиттік бюроның міндеттемесін;
      5) тараптардың жауапкершілігін қамтуы тиіс.

      6. Тіркеуші органдардың кредиттік бюроға ұсынатын ақпараттары мынадай мәліметтерді:
      1) жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, тұратын жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы және осы құқықтарға ауыртпалықтар туралы мәліметті;
      2) заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекен-жайы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген нөмірі және күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, банктік деректемелері, жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарды тіркеу туралы және осы құқықтардың ауыртпалықтары туралы мәліметті қамтуы тиіс.
      Ақпарат тіркеуші орган мен кредиттік бюроның арасындағы келісім бойынша, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, ақпарат ұсыну туралы олармен жасалған шарттың негізінде толықтырылуы мүмкін.

      7. Егер, шарттағы ақпаратты қағаз тасымалдағышында беру көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органдар ақпаратты кредиттік бюроға электрондық тасымалдағышпен ұсынады.

      8. Егер, кредиттік бюро алған ақпарат тіркеуші органның немесе кредиттік бюроның жіберген техникалық қателерінің салдарынан, олардың қызметкерлерінің өзге де іс-әрекетінен немесе әрекетсіздігінен бұрмаланған жағдайларда тіркеуші органдар ақпараттың бұрмаланғаны анықталғаны туралы мәліметті алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға шынайы ақпарат беруге міндетті.

      9. Ақпаратты ұсыну жөнінде келіспеушіліктер болса, даулар сот тәртібімен қаралады.