Азаматтық авиация ұйымдарында радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалану және ұшуды электротехникалық қамтамасыз ететiн авиациялық мамандарды аттестациялауды өткiзудi ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациядан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 528 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестацияға тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар)
тiзiмдемесiне
енгiзiлсiн (нормативтi-құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде 1858 нөмірмен тiркелген) келесi қосымшалар енгiзiлсiн:
Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациядан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесi келесi тармақтармен толықтырылсын:
"10. Радиолокация, радионавигация, байланыс жөнiндегi инженерлерге";
"11. Ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi инженерлерге";
"12. Радиолокация, радионавигация, байланыс жөнiндегi техниктерге";
"13. Ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi техниктерге".
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Төраға