Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын ретеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 274 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3190

Қолданыстағы

      "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмукаметовке жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау жөніндегі  
агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы
сақтандыру жөніндегі қызметті   
жүзеге асыратын сақтандыру    
ұйымдарының өз сақтанушыларына  
заемдар беру ережесін      
бекіту туралы"          
2004 жылғы 25 қыркүйектегі   
N 274 қаулысымен бекітілді   

  Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз
сақтанушыларына заемдар беру ережесі

      Осы Ереже "Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  11-бабының 7) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  12-бабының  1-тармағына сәйкес әзірленді және жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандырушы) cатып алу сомасының шегінде өзінің сақтанушыларына заемдар беру тәртібін, талаптарын белгілейді.

  1-тарау. Заемдарды беру талаптары мен тәртібі

      1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру жөніндегі қызметті "өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.

      2. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері осы шарттың қолданысын жинақтаушы сақтандыру шартындағы осы мөлшерлерді міндетті түрде көрсете отырып, әр жылдың соңында анықталады. Сатып алу сомасының мөлшері комиссиялық сыйақыны, сақтандыру сыйлықақыларынан табыс салығын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру шартын жасау мен орындау бойынша шығыстарды төлеуге байланысты сақтандырушының шығыстарын шегере отырып, сақтандыру ұйымы аударған инвестициялық кірісті есепке ала отырып сақтанушының нақты енгізген сақтандыру жарналарының сомасынан аз болмауы керек. Жинақтаушы сақтандыру шарты қолданысының бірінші жылының соңында сатып алу сомасының болуы көзделмейді.

      3. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасы сақтанушының алған заемды қайтаруды қамтамасыз етуі болып табылады және заемның негізгі сомасының және бір жылға заем беру кезеңінде аударылған сыйақының орнын толтырады. Заемды беру мерзімі заем шартын жасау кезіндегі оның қолданысының нақты аяқталған кезеңін шегере отырып жинақтаушы сақтандыру шартының қолданыс мерзімінен аспауы тиіс.

      4. Сақтанушыларға заемдарды сақтандырушы сыйақы ставкасы бойынша кемінде мынадай шамалармен:
      өткен қаржылық жылдағы құнсызданудың ресми деңгейі не жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша кепілдік берілген инвестициялық кірістілік ставкасы, шамалардың қайсысы артығырақ болуына байланысты, және 2%.
      Заем бойынша сыйақы ставкасы жинақтаушы сақтандыру шартында оған тараптар қол қойған кезде көрсетіледі заем шарты қолданылуының барлық кезеңінде өзгеріссіз қалады.

      5. Заемды беру заемның негізгі сомасын ескере отырып анықталатын мерзімге жинақтаушы сақтандыру шарты жөніндегі кезекті сақтандыру жарналарын төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру түрінде жүзеге асырылады.

      6. Заем алу үшін сақтанушы сақтандырушыға мынадай құжаттарды:
      1) заемды беру туралы еркін нысандағы өтінішті, оны берген мерзім мен заемның сомасын көрсете отырып;
      2) сақтанушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесін;
      3) қолданыстағы жинақтаушы сақтандыру шартының көшірмесін береді.

      7. Сақтандырушы құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап жеті күнтізбелік күннің ішінде сақтанушымен заемның шартын жасау туралы шешім қабылдайды немесе одан бас тартады.

      8. Заем шарты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жасалады.

  2-тарау. Ерекше жағдайлар

      9. Сақтанушы заемның негізгі сомасын өтеуді және/немесе заем шартының қолданыс мерзімінің ішіндегі кез келген сәтте ол бойынша сыйақыны жүзеге асырады. Заемды өтеу кестесі белгіленбейді.

      10. Сақтанушы заемның негізгі сомасын және заем шартының қолданыс мерзімінің соңына дейін есептелген сыйақыны өтемеген (толық немесе ішінара) жағдайда, жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері заем шарты сақтанушының берешек сомасына кемиді. Әрбір кейінгі жыл үшін сатып алу сомасының мөлшері жинақтаушы сақтандыру шартының қолданысы жасалған кемудің есебімен анықталады.

      11. Оны қолдану кезеңінің соңында сақтанушыға төлеуге тиісті жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері не жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша төлем сомасының азаю кезеңінде, не сақтандыру сомасын төлеген кезде азаяды.

      12. Егер заемның негізгі сомасы және сомадағы есептелген сыйақы сатып алу сомасының мөлшеріне жетсе, онда сатып алу сомасының және жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерлері нөлге тең болып есептеледі. Сақтандырушы сақтанушыға бұл туралы сатып алу сомасының немесе жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының азаю күніне дейін отыз күнтізбелік күннің ішінде хабарлайды.

      13. Жинақтаушы сақтандыру шартының талаптарына сәйкес сақтанушы кезекті сақтандыру жарналарын төлеген жағдайда, оларды сақтандырушы заемның негізгі сомасын өтеу және/немесе ол бойынша сыйақы шотына есепке алынады.

      14. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша бірнеше бірізді заемдарды сақтандырушы сақтанушыға берген кезде, олар кейін осы Ережеде айтылған талаптар мен шектеулер қолданылатын бір заем ретінде қарастырылады.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен шешіледі.