Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 838 болып тіркелген, 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссия Төрайымының 2004 жылғы 11 қазандағы N 144/210 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылда 2 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3182

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының  12-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының  5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің  Тізілімінде N 838 болып тіркелген) 1999 жылғы 8 шілдедегі N 12/200  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспеде:
      "Конституциялық заңның 12-бабы 1-тармағының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  12-бабы " деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Заңның 2-бабының үшінші бөлігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының 3 тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеудің, көрсетілген қаулымен бекітілген, Ережелерінде:
      бірінші абзацта "Конституциялық заңның 12-бабы 1-тармағының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының  12-бабы " деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Заңға" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына " деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

         Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
            Төрайымы