Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1771 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2001 жылғы 8 қазандағы N 383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 136 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3173

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 754 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 1999 жылғы 10-23 мамырда жарияланған және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 22 қыркүйектегі  N 355  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1274 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2000 жылғы 23 қазанда - 5 қарашада жарияланған), 2001 жылғы 20 желтоқсандағы  N 542  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1744 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2002 жылғы 28 қаңтар - 10 ақпанда жарияланған), 2002 жылғы 13 мамырдағы  N 172  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1888 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2002 жылғы 17-13 маусымда жарияланған), 2003 жылғы 11 тамыздағы  N 293  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2489 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2003 жылғы 8-21 қыркүйекте жарияланған) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерде:
      2-тармақтағы:
      "(бұдан әрі - банктер)" деген сөздер "(бұдан әрі - ұйымдар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "банктің арасында" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктің және/немесе ұйымның арасында" деген сөздермен, "банктің пайдасы үшін" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктің немесе ұйымның пайдасы үшін" деген сөздермен, "банкке" деген сөз "екінші деңгейдегі банкке, ұйымға" деген сөздермен, "банктің" деген сөз "екінші деңгейдегі банктің, ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "банктің" деген сөз "екінші деңгейдегі банктің, ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың 3) тармақшасындағы мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "банктің" деген сөз "екінші деңгейдегі банктің немесе ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "оған" деген сөз "оларға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-тарау. Екінші деңгейдегі банктің және ұйымның Ұлттық Банкте корреспонденттік шот ашу тәртібі";

      7-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Ұйымдар аударым операцияларын жүргізуге арналған уәкілетті органның лицензиясы болғанда, ақша аударымының банкаралық жүйесін пайдаланушы мәртебесін алу мақсатында Ұлттық Банкте ұлттық валютамен корреспонденттік шот аша алады.";

      8-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын;

      8-3-тармақтағы "банкпен" деген сөз "екінші деңгейдегі банкпен не ұйыммен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "оған" деген сөз алынып тасталсын;

      8-7-тармақтағы мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "банк" деген сөз "екінші деңгейдегі банк не ұйым (бұдан әрі - банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Банк электрондық төлем тапсырмаларын Ұлттық Банкке Орталықтың төлем жүйелерінде пайдаланылатын форматтарда жібереді.";

      17-тармақтағы:
      "немесе олардың арасында бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы Келісім болмаған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Ұлттық Банк белгілеген" деген сөздер "Орталықтың төлем жүйелерінде пайдаланылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктердің корреспонденттік шоттарына ұсынылатын инкассалық өкімдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке қолма-қол немесе фельдъегер почтасы арқылы жеткізіледі.";

      52-тармақ алынып тасталсын.

      2. <*>
       Ескерту: 2-тармақтың   күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 6 қарашадағы N 116 қаулысымен.

--------------Қаулыдан үзінді-----------------

      Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі...

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2006 жылғы 6 қарашадағы 
№ N 116 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      ...
       2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 754 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" 1999 жылғы 28 наурыздағы N 37 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1771 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2001 жылғы 8 қазандағы N 383 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 136 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3173 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2004 жылғы 11 қазан - 7 қарашада жарияланған)...
-------------------------------

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р. Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы