РҚАО-ның ескертуі!
2011.01.01 бастап бұйрықтың күші жойылады - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасында Ан-2 әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету және оларда бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындауды бақылау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында Ан-2 әуе кемелерінде бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Азаматтық авиация комитетінің авиакомпаниялар қызметін, әуе кеңістігін пайдалануды реттеу, экономика және қаржы басқармасының бастығы Ғ.Қ. Тәжімұратовқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға міндетін
атқарушы
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі Азаматтық
авиация комитеті төрағасының
"Қазақстан Республикасында
Ан-2 әуе кемелерінде
бақылау-қалпына келтіру
жұмыстарын орындауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы"
2004 жылғы 28 қыркүйектегі
N 187 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында Ан-2 әуе кемелерінде
бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын
орындауды ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Жарлығына , Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 599 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Жекелеген сұрақтарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Нұсқаулықтың күші Қазақстан Республикасында Ан-2 әуе кемелеріне бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын және оларды пайдалануды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың қызметіне тарайды.
3. Ан-2 әуе кемелеріндегі бақылау-қалпына келтіру жұмыстары уәкілетті орган (бұдан әрі - Ұйымдар) берген қолданыстағы сертификаттар мен мемлекеттік лицензиялардың негізінде, Ан-2 әуе кемелерінің бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындауға рұқсат берілген ұйымдарының өндірістік алаңдарында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 4 маусымдағы N 252, N 2360 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтерді сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 5 қаңтардағы N 5, N 2688 болып тіркелген бұйрығымен бекітілген Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкес қана жүргізіледі.
Ұйымдарда жоспарланған жұмыстарды орындау үшін, соның ішінде ангарларды, цехтарды, қоймалық, қызметтік және тұрмыстық үй-жайларды, жөнделетін бұйымдарды, жөндеу құралдарын орналастыру, сондай-ақ персоналды орналастыру үшін жеткілікті өндірістік алаңдары болуы тиіс.
4. Ан-2 әуе кемелерінде бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындау тек Қазақстан Республикасының Ұйымдары жүзеге асырады.
5. Ан-2 әуе кемесінде бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындау оларда бақылау-қайта қалпына келтіру жұмыстарын орындау мүмкіндігін немесе күрделі жөндеуге жіберу қажеттілігін белгілеу мақсатында оның техникалық тексеруден кейін ғана рұқсат етіледі.
6. Ан-2 әуе кемесінің техникалық тексеру және бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындау Ұйымдары мен АН-2 әуе кемелерін пайдаланушыларының (меншік иелерінің) арасында шарт талаптарында жүргізіледі.
7. Бақылау-қалпына келтіру жұмыстарының басталуына дейін пайдаланушы (меншік иесі) Ан-2 әуе кемесінің бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындау мақсатында оның техникалық тексеру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге дайындығы туралы Ұйымына хабарлайды және жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен шарттарын келіседі.
8. Ан-2 әуе кемесінің техникалық тексеру үшін Ұйымы мен пайдаланушының (меншік иесінің) өкілдерінен тұратын, қажет болған жағдайда, комиссиясының шешімі бойынша авиациялық техниканы әзірлеушінің өкілдерін тартумен, үш мүшеден кем емес құрамдағы комиссия құрылады.
9. Бағалау үшін ұсынылған Ан-2 әуе кемесі ангарда орнатылуы тиіс.
Ан-2 әуе кемесінде бағалау жүргізудің басталуына дейін пайдаланушы (меншік иесі) мынадай дайындық жұмыстарын орындауы тиіс:
1) Ан-2 әуе кемесінің сыртын жуу және ішін тазалау;
2) Ан-2 әуе кемесін санитарлық өңдеу, ауылшаруашылық аппаратурасын газсыздандыру (арнайы қолданылатын Ан-2 әуе кемелері үшін);
3) қанат зализдерін, артқы тірек пен орталық план пирамидасын, бензин багының панелдерін, капот қақпақтарын, көру және технологиялық кіші люктерді ашу;
4) еден төсемесінің панелдерін ашу және еден астындағы кеңістікті тазалау;
5) экипаж кабинасындағы аспаптық тақталар ашу;
6) алғы қанатшалар жазылған күйде болу.
Ан-2 әуе кемесінің пайдаланушылық нөмірленген құжаттамасы толық көлемде болуы тиіс.
10. Ан-2 әуе кемесінің техникалық тексеру үшін комиссия екі данада Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін бағалау актісін (N 1-қосымша) жасайды, онда Ан-2 әуе кемесі туралы негізгі мәліметтер және нөмірленген құжаттаманың жүргізілуі жазылуы тиіс:
1) Ан-2 әуе кемесін пайдаланушының (меншік иесінің) атауы;
2) Ан-2 әуе кемесінің борттық және зауыттық нөмірі;
3) Ан-2 әуе кемесінің міндеті;
4) Ан-2 әуе кемесінің шығарылу күні;
5) Ан-2 әуе кемесінің белгіленген ресурсы;
6) пайдалану мерзімнен бастап ұшу уақыты;
7) жөндеу саны;
8) соңғы күрделі жөндеудің күні мен орны;
9) соңғы бақылау-қалпына келтіру жұмысының күні мен орны;
10) қозғалтқыштар мен әуе бұрамалары туралы мәліметтер;
11) Ан-2 әуе кемесінің агрегаттары туралы борттық журналдағы, формулярлардағы, паспорттардағы мәліметтер;
12) қызмет мерзімін бұрынғы ұзартулар және/немесе орындалған бақылау-қалпына келтіру жұмыстары бойынша актілердің және/немесе шешімдердің мәліметтері;
13) қатты қону және әуе кемесі мен оның жүйелеріне алынбаған жүктемелерге байланысты басқа да жағдайларды талдаудың мәліметтері.
11. Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін бағалау актісін Ұйымының басшысы бекітеді және Ан-2 әуе кемесін пайдаланушымен (меншік иесімен) келіседі.
Осы нұсқаулыққа сәйкес ресімделген Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйін бағалау актісі бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындау жөніндегі өндірістік құжаттамаға қосымша болып табылады.
12. Ан-2 әуе кемесінде бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындау кезінде авиациялық техниканы әзірлеушінің бюллетені, уәкілетті органның нұсқауы мен шешімдері бойынша пысықтаулар жасалады және өз ресурсын өтеген бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды ауыстыру жүргізіледі.
13. Ан-2 әуе кемесінде бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу процесінде Ұйым өндірістік-бақылау құжаттамасын ресімдейді. Өндірістік-бақылау құжаттамасының құрамы мен нысанын қолданыстағы нормативтік құжаттаманың негізінде бұйымның үлгісі мен жөндеуді ұйымдастыруға қатысты Ұйымы бекітеді және түзетеді.
Бұйымға ресімделген өндірістік-бақылау құжаттама "Бұйымды жөндеу ісінің" құрамында жинақталады.
14. Ан-2 әуе кемесінде бақылау-қалпына келтіру жұмыстары орындалғаннан кейін Ұйым қажет болған жағдайда авиациялық техниканы әзірлеушіні тартумен, бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындаған Ұйымның басшысымен бекітілген Ан-2 әуе кемесінде бақылау-қалпына келтіру жұмыстарының орындалғаны туралы екі данада акт (N 2-қосымша) жасайды.
Акт Ан-2 әуе кемесінің пайдаланушысымен (меншік иесімен) уәкілетті органға беріледі.
15. Ан-2 әуе кемесінде бақылау-қалпына келтіру жұмыстары орындалғаннан кейін Ан-2 әуе кемесінің формулярында тиісті жазба жасалады, ол жөндеу ұйымының мөрімен бекітіледі. Бақылау-қалпына келтіру жұмыстары орындалғаны туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу күні;
2) Ан-2 әуе кемесінің мемлекеттік нөмірі;
3) Ан-2 әуе кемесінің зауыттық нөмірі;
4) Ан-2 әуе кемесін пайдаланушы (меншік иесі);
5) Ан-2 әуе кемесі қызметінің мерзімі;
6) Ан-2 әуе кемесінде орнатылған агрегаттардың, бөлшектердің, тораптар мен жинақтық бұйымдардың қызмет мерзімі.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі Азаматтық
авиация комитеті төрағасының
2004 жылғы 28 қыркүйектегі
N 187 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында
Ан-2 әуе кемелерінде
бақылау-қалпына келтіру
жұмыстарын орындауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа N 1-қосымша
"Бекітемін" "Келісілді"
_________________________________ _______________________________
(жөндеу ұйымынан лауазымды тұлға) (пайдаланушы)
_________________________________ _______________________________
(қолы, Т.А.Ә.а) (қолы, Т.А.Ә.а)
200__жылғы "___"______________ 200__жылғы "___"_____________
Ан-2 әуе кемесінің техникалық
жай-күйін бағалау
АКТІ
Комиссия
Төраға __________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.а)
Комиссия мүшелері: ________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.а)
құрамында 2004 жылғы "____" ___________ Ан-2 әуе кемесіне
техникалық тексеру жүргізді:
___________________________________________________________________
(Ан-2 әуе кемесінің міндеті, борттық және зауыттық нөмірі)
___________________________________________________________________
(Ан-2 әуе кемесін пайдаланушы (меншік иесі)
1. Бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін негіз: ________
___________________________________________________________________
2. Ан-2 әуе кемесі туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
Ан-2 әуе кемесінің шығарылу мерзімі |
____________________________________|______________________________
Тағайындалған ресурсы
Пайдалану күнінен бастап ұшу сағаты
Пайдалану күнінен бастап жөндеу саны
Соңғы күрделі жөндеуді жүргізудің
күні мен орны
Соңғы бақылау-қалпына келтіру
жұмысын жүргізудің күні мен орны
___________________________________________________________________
3. Қозғалтқыштар мен әуе бұрамалары туралы мәліметтер:
___________________________________________________________________
| қозғалтқыш | Әуе винті
_______________________________________|______________|____________
Үлгісі
Зауыттық нөмірі
Пайдалану кезінен бастап жұмысы (сағ)
Соңғы жөндеудің күні
Соңғы жөндеуден кейінгі жұмыс (сағ)
Жөндеуге дейін ресурс қалдығы (сағ)
Жөндеулер саны
___________________________________________________________________
4. Ан-2 әуе кемесінің агрегаттары туралы борттық журналдың,
формулярлардың, паспорттардың бар болуы және оларды жүргізу: ______
___________________________________________________________________
5. Ан-2 әуе кемесінде қызмет мерзімін бұрынғы ұзартулар және/немесе
орындалған бақылау-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі актілер
және/немесе шешімдер:
___________________________________________________________________
6. Қатты қону және Ан-2 әуе кемесі мен оның жүйелеріне алынбаған
жүктемелерге байланысты басқа да жағдайлар туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
________________________________
Комиссияның Ан-2 әуе кемесінің техникалық жай-күйі және
бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындау мүмкіндігі туралы
қорытындысы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Төраға: ________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.а, күні)
Комиссия мүшелері: _____________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.а, күні)
_____________________________________________
_____________________________________________
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі Азаматтық
авиация комитеті төрағасының
2004 жылғы 28 қыркүйектегі
N 187 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында
Ан-2 әуе кемелерінде
бақылау-қалпына келтіру
жұмыстарын орындауды
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа N 2-қосымша
"Бекітемін"
___________________________
(Ұйымның басшысы)
___________________________
(қолы, Т.А.Ә.а.)
200 __ жылғы "___" ________
Борттық нөмірі _____, зауыттық нөмірі_____ Ан-2 әуе
кемесінде бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын орындау
АКТІСІ
1. Бақылау-қалпына келтіру жұмыстары орындалғаннан кейін
соңғы күрделі жөндеу кезінде белгіленген ресурс шегінде (сағатта)
борттық нөмірі ____, зауыттық нөмірі ____, пайдаланушы ____ Ан-2
әуе кемесіне қызмет мерзімі ____ ден____ ге дейін белгіленсін.
2. Ан-2 әуе кемесінде орнатылған және шектеулері мен қызмет
мерзімдері жоқ агрегаттарды, бөлшектерді, тораптар мен жинақтық
бұйымдарды, олардың техникалық жай-күйі қанағаттандырарлықтай
болса, аралық жөндеу ресурстың шегінде қайта белгіленген қызмет
мерзімі (____ дейін) шегінде техникалық жай-күйі бойынша
пайдалануға рұқсат етіледі.
3. Ресурстары мен қызмет мерзімдері қолданыстағы
пайдалану-техникалық құжаттамамен шектелген агрегаттар, бөлшектер,
тораптар мен жинақтық бұйымдар оларға белгіленген ресурстар мен
қызмет мерзімдер өтелгеннен кейін ауыстыруға жатады.
4. Борттық нөмірі ____, зауыттық нөмірі ____ Ан-2 әуе кемесін
әрі қарай пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету толық
көлемде және қолданыстағы пайдалану құжаттамасында, Қазақстан
Республикасы уәкілетті органының бюллетендерінде және нұсқауларында
белгіленген кезеңділікте орындалсын.
5. Қолданыстағы пайдалану құжаттамасына қосымша мынадай
жұмыстар орындалсын:
жалпы сақтау және 7 жыл 6 ай пайдалану мерзімі (оның ішінде
5 жыл тікелей пайдалану) өткеннен кейін әуе кемесінің отын, май
және пневматикалық жүйелерінің шлангтері ауыстырылсын;
Ан-2 әуе кемесінің формулярына осы Актіге 1-қосымшаға сәйкес
қайта белгіленген қызмет мерзімі туралы нөмірі _____ жазба
жазылсын;
ай сайын әуе кемесінің техникалық жай-күйі және бұйымның
жұмыс істеуі жөнінде жөндеу ұйымына хабарланып отырсын.
Жөндеу ұйымы техникалық бақылау __________________________
қызметінің басшысы (қолы, Т.А.Ә.а.)
200_ жылғы "___" _________