Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әуе кемелерiне мемлекеттiк және тiркеу айырым және қосымша белгiлерiн салу ережесiн бекiту және қолданысқа енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі N 560 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылда 19 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3160.

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әуе кеңiстiгiн пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының жұмысы туралы" заң күшi бар Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әуе кемелерiне мемлекеттiк және тiркеу айырым және қосымша белгiлерiн салу ережесi бекiтiлсiн және қолданысқа енгiзiлсiн.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
     3. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлiгiнде жеткiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Қорғаныс министрі
         армия генералы

Қазақстан Республикасы  
Қорғаныс министрінің   
2004 жылғы 15 қыркүйектегі
N 560 бұйрығымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әуе
кемелерiне мемлекеттiк және тiркеу айырым
және қосымша белгiлерiн салу ережелерi

1. Жалпы ережелер

     1. Мемлекеттiк және ведомстволық тиесiлiлiгiн анықтау үшiн әрбiр ұшу аппаратына (бұдан әрi - ҰА) тиiстi айырым белгiлерi салынады.

     2. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әуе кемелерiне айырым белгiлерiн салу тәртiбiн анықтайды.

     3. ҰА-ның таным белгiлерi ретiнде ҰА бетiндегi осы Ережеде белгiленген орындарда салынатын тиiстi суреттер мен цифрлар орнатылады.

     4. Өзiнiң тағайындалуы бойынша айырым белгiлерi негiзгi және қосымша болып бөлiнедi.

     5. Негiзгi айырым белгiсi ҰА-ның Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарға тиесiлiлiгiн анықтайды.

     6. Қосымша айырым белгiлерi әуе кемесiнiң тиiстi органға немесе әскери бөлiмге тиесiлiлiгiн анықтайды.
     ҰА-ның қосымша айырым белгiлерi мыналар болып табылады:
     1) борттық нөмiрлер;
     2) жолақтар;
     3) ерекше жазулар;
     4) ерекше суреттер (қызыл жарты ай).

     7. Әуе кемелерiндегi айырым белгiлерi жақсы көрiнетiн болуы тиiс.
     Пайдалану процесiнде тиiстi түсте ұстау үшiн айырым белгiлерi әлсiн-әлсiн боялып отыруы тиiс.

2. Айырым және қосымша белгiлердiң
сипаттамасы, оларды мемлекеттiк әуе
кемелерiне салу тәртiбi

     8. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әуе кемелерiнiң негiзгi айырым белгiлерi осы Ережедегi 1-қосымшада келтiрiлген.

     9. ҰА-ның негiзгi айырым белгiсi мыналарға салынады:
     1) ұшақ-монопландарға - 2-5, 10-қосымшаларға сәйкес қанаттарының астына және үстiне, сондай-ак вертикалды қанатының екi жағына;
     2) ұшақ-бипландарға - 2, 7-қосымшаларға сәйкес үстiңгi қанаттарының үстiне, астыңғы қанаттарының астына және вертикалды қанатының екi жағына;
     3) тiкұшақтарға - 6, 8, 9-қосымшаларға сәйкес кабинаның бүйiр қабырғаларына, оның артқы бөлiгiне және кабинаның астына.

     10. Негiзгi айырым белгiсiн ұшақ қанатына салу кезiнде (астына және үстiне) оның орталығы шамамен қанат хордасының ортасында орналасуы тиiс. Белгiнiң орталығынан қанаттың соңына дейiнгi арақашықтық 0,1-0,2 қанат құлашының шегiнде, ал қанаттың алдыңғы шетiнен жиектеменi қоса алғандағы белгiнiң төбесiне дейiнгi арақашықтық 50-150 мм шамасында болуы тиiс.

     11. Горизонталь қанаты төмен орналасқан ұшақтың вертикаль қанатына белгi киль мен бағыттау рулiнiң жалпы ауданының орталығына тұрақтандырғыштан жоғары, горизонталь қанаты жоғары орналасқанда - киль ауданының орталығына тұрақтандырғыштан төмен салынады.
     Екi вертикаль қанаты бар ұшақтарға негiзгi айырым белгiсi вертикаль қанаттарының сыртқы жақтарына салынады.
     Белгi вертикаль қанаттарға оның шеттерi киль мен рульдiң сүйiрленген шеттерiнен 50-150 мм арақашықтықта орналасатындай есеппен салынады.

     12. ҰА-ға салынған кезде негiзгi айырым белгiсiнiң өлшемi мүмкiндiгiнше үлкен болуы тиiс. Қорғаныш бояуы бар - камуфляжды ұшақтар ерекшелiктi құрайды, олар үшiн әдеттегiдей боялған ұшақтардың типтiк өлшемiнен бiр типтiк өлшемi кем белгi өлшемдерi таңдап алынады.

     13. Негiзгi айырым белгiлерiнiң мынадай типтiк өлшемдерi белгiленедi: 300, 600, 800, 1000, 1200, 1600, 1800, 2000-2600, 2700 және 3000 мм.

     14. Ұшақтарға (тiкұшақтарға) бүйiрлiк нөмiр фюзеляж бортына және вертикаль қанатқа екi таңбалы санмен белгiленедi және фюзеляждың бүйiр беттерiне (тiкұшақ кабинасының қабырғаларына) немесе ұшақтың вертикаль қанатына екi жағынан салынады.
     Майдандық бомбалаушы ұшақтарға нөмiр фюзеляж бортына және тiк қанатына негiзгi айырым белгiлерiнен жоғары салынады.
     Барлық басқа ұшақтар мен тiкұшақтарға нөмiр фюзеляж бортына 3, 6-қосымшаларға сәйкес: тұмсық бөлiгi қысқа ҰА-ға қанатының артына салынады.

     15. 11-қосымшаға сәйкес ұшақтардың борттық нөмiрлерi үшiн сандардың мынадай өлшемдерi мен нысандары белгiлiнедi:
     1) сандардың биiктiгi: 300, 400, 600, 900, 1200, 1500, 2000, 2500 және 3000 мм;
     2) сандардың енi олардың биiктiгiнiң 2/3 биiктiгiне, санды құрайтын сызықтардың қалыңдығы - олардың биiктiгiнiң 1/6-iне теңестiрiлуi тиiс;
     3) фюзеляж бортындағы сандар шартты тiк төртбұрышқа сиюы және мүмкiндiгiнше фюзеляж осiнiң бүйiрлiк проекциясына, олар жақсы көрiнетiн жерге салынуы тиiс;
     4) борттық нөмiрлердiң мынадай түстерi белгiленген: қызыл, қара, сары. Ашық түске боялған әуе кемесiне қызыл немесе қара түстi борттық нөмiр салынады; күңгiрт немесе камуфляждалған түске боялған кемеге сары түстi борттық нөмiр салынады.

     16. Медициналық-санитарлық қызмет көрсетумен байланысты мiндеттердi орындауға арналған және тиiстi халықаралық конвенциялардың қолданыс аясына жататын тiкұшақтарға (ұшақтарға) қосымша айырым белгiсi - қызыл жарты ай болады (9, 10-қосымша).
     Ақ түске боялған ұшақтарға қызыл жарты ай тiкелей боялған бетке, ал басқа түстерге боялған ұшақтарға өлшемi барынша үлкен ақ түс контурында салынады.
     Ақ контур мен қызыл жарты айдың өлшемдерi 1-қосымшада келтiрiлген.

     17. Санитарлық ұшақтарға негiзгi айырым белгiсi вертикаль қанаттарының екi жағына салынады. Қосымша белгiлер:
     1) қызыл жарты ай - ұшақ қанаттарының асты мен үстiне және фюзеляждың бүйiр беттерiне;
     2) борттық нөмiр - фюзеляждың бүйiр беттерiне (қызыл жарты айдан кейiн) қанат жағына салынады.
     Қызыл жарты айды ұшақ қанатына салу кезiнде оның шеттерi элеронға немесе қанат алдына шықпауы тиiс.

     18. Негiзгi айырым белгiсi санитарлық тiкұшақтарға кабинаның бүйiр бетiне оның артқы бөлiгiне екi жағынан, ал қызыл жарты ай қосымша белгiсi кабинаның бүйiр бетiнiң орталығына екi жағынан және кабинаның астына салынады.

     19. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметi авиациясының әуе кемелерiне негiзгi айырым белгiсiмен және борттық нөмiрмен қатар енi 260 мм жолақ салынады:
     1) ұшақтарға - бағыттау рулiне екi жағынан нервюрлерге параллель жұлдыздан төмен және биiктiк рулiнiң асты мен үстiне лонжеронға параллель;
     2) тiкұшақтарға - ұзындығы 1500 мм, 100-150 мм арақашықтықта құйрық тарапына қарай негiзгi айырым белгiсiнен кейiн.
     Күңгiрт фонда - ақ түстi жолақтар, ал ашық фонда қызыл түстi жолақтар салынады.

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           1-қосымша

   ҚР ҚК негізгі айырым белгісі    Қосымша айырым белгісі

  Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

         Айырым белгілерінің типтік өлшемдері, мм
__________________________________________________________________
Д |300  |600 |800 | 1000 | 1200 | 1600 |1800 |2000-2600 |2700|3000
__________________________________________________________________
С | 15  | 20 | 25 |   30 |   35 |   40 |  50 |    75    | 100| 110
__________________________________________________________________
Е | 10  | 10 | 10 |   10 |   10 |   15 |  15 |    25    |  30|  30
__________________________________________________________________

     Шартты белгілер:
     Д - диаметр; С - жұлдыздың сары жиегінің ені; Е - жұлдыздың
қызыл жиегінің ені; К - ақ фонның ені; М - ақ фонның ені;
Н - белгінің биіктігі. Сыйымдылығы 40 адамға дейінгі санитарлық
тікұшақтар мен ұшақтар үшін К=300 мм, М=700 мм, Н=300 мм,
сыйымдылығы 40 адамнан асатын санитарлық тікұшақтар мен ұшақтар
үшін К=600 мм, М=1000 мм, Н=450 мм.

     d=H/S; R=H/2; r=5H/12

     Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы Ішкі
     Ұлттық қауіпсіздік комитеті       істер министрлігі Ішкі
     Шекара қызметінің негізгі         әскерлерінің негізгі
     айырым белгісі                    айырым белгісі

      Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           2-қосымша

        Айырым Белгілерінің қанаттарда орналасуы

     үстінен қарағанда              астынан қарағанда

      Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

     Шартты белгілер: I-қанат құлашы; II-төменгі қанат құлашы
(бипландарда)      

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           3-қосымша

Айырым белгілерінің флюзеляжда
және вертикаль қанатта орналасуы

      Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

     Шартты белгілер:
     а - санды құрайтын сызықтардың қалыңдығы;
     б және в - кильдің (бағыттау рулінің) жоғарғы жиегінен
     оның орталығына дейінгі арақашықтық     

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           4-қосымша

              Айырым белгілерінің жауынгерлік
                   ұшақтарда орналасуы

     үстінен қарағандағы көрініс
     жанынан қарағандағы көрініс

     Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           5-қосымша

        Айырым белгілерінің әскери көліктік
               ұшақтарда орналасуы

     1/4 ракурсындағы алдынан      жанынан қарағандағы
       қарағандағы көрініс             көрініс

      Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

     астынан қарағандағы           үстінен қарағандағы
       көрініс                         көрініс

      Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           6-қосымша

           Айырым белгілерінің жауынгерлік
                тікұшақтарда орналасуы

     Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           7-қосымша

         Айырым белгілерінің ұшақ-бипландарда
                       орналасуы

     1/4 ракурсындағы алдынан      жанынан қарағандағы
       қарағандағы көрініс             көрініс

      Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

      астынан қарағандағы           үстінен қарағандағы
          көрініс                         көрініс

      Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           8-қосымша

           Айырым белгілерінің тікұшақтарда
                      орналасуы

     жанынан қарағандағы көрініс

     астынан қарағандағы көрініс

      Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           9-қосымша

            Айырым белгілерінің санитарлық
               тікұшақтарда орналасуы

     жанынан қарағандағы көрініс

     астынан қарағандағы көрініс

      Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           10-қосымша

             Айырым белгілерінің санитарлық
                   ұшақтарда орналасуы

     1/4 ракурсындағы алдынан      жанынан қарағандағы
       қарағандағы көрініс             көрініс

      Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

      астынан қарағандағы           үстінен қарағандағы
        көрініс                         көрініс

     Айырым белгілерінің кескінін қағаз мәтіннен қараңыз

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Қорғаныс министрінің
                                   2004 жылғы 15 қыркүйектегі
                                   N 560 бұйрығымен бекітілген
                                    Мемлекеттік әуе кемелеріне
                                  мемлекеттік және тіркеу айырым
                                      белгілерін және қосымша
                                    белгілерді салу ережесіне
                                           11-қосымша

                 Сыртқы жазуларға арналған қаріп
                                      __
                   1 2 3 4 5 6 7 8 9 0__

       _____________________________________________________
       Сандардың   |300|400|600|900|1200|1500|2000|2500|3000|
       биіктігі, мм|   |   |   |   |    |    |    |    |    |
       ____________|___|___|___|___|____|____|____|____|____|

     Сандардың ені олардың биіктіктерінің 2/3-не тең болуы тиіс;
     Санды құрайтын сызықтардың қалыңдығы олардың биіктігінің
     1/6-не тең болуы тиіс