N 2290 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 02-01-02/59 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 9 қазандағы N 02-01-02/100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3142

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327  Жарлығымен  бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерінің 34-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  Заңының  13-бабы 3-тармағының негізінде бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тізімі үлгісін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 02-01-02/59  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2290 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырда N 123-124 "Егеменді Қазақстан" және 2003 жылғы 23 мамырда N 150-151 "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      осы бұйрықтың қосымшасында "Наградтаулар, көтермелеулер" деген қатардан кейін "Арнайы тексеру нәтижелері (ұлттық қауіпсіздік органдарының хатының күні және нөмірі)" және "Аттестацияның күні және нәтижелері" деген қатарлармен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған сәтінен бастап күшіне енеді.

      Төраға