"Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
37-бабының
4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Инвестициялық қордың активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының "Инвестициялық
қордың активтерін Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде
инвестициялау ережесін бекіту
туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы
N 258 қаулысымен бекітілген
Инвестициялық қордың активтерін Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде инвестициялау
ережесі
2. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы инвестициялық қордың активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде дербес немесе "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
37-бабы
7-тармағының әрі
41-баптың
талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалана отырып инвестициялайды.
3. Инвестициялық қордың активтері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүліктің мынадай түрлеріне инвестицияланады:
1) Халықаралық валюталық қор Жарғысының 8-бабына қосылатын елдердің шетел валютасына;
2) Лондонның қымбат металдар рыногының қауымдастығында (London bullion market association) қабылданған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдарға;
3) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары эмиссиялаған бағалы қағаздарға:
Халықаралық Қайта құру және даму банкі;
Еуропа Қайта құру және даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Азия даму банкі;
Африка даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
Ислам даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
4) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары мен қаржы агенттіктерінің агенттік облигацияларына;
5) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар резидент емес банктердегі салымдарға;
6) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар резидент еместердің вексельдеріне, борыштық бағалы қағаздарына;
7) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде айналыста болатын акцияларға;
8) кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың қаржы құралдарына;
9) базалық активі кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва3"-тен ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
10) хеджирлеу мақсатында сатып алынатын кредиттік рейтингтің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен ("Standard & Poor's" немесе "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва1"-ден ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар резидент еместердің туынды бағалы қағаздары.
4. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялық қордың активтерімен "РЕПО" және "кері РЕПО" операцияларын жүзеге асырады.
5. Осы Ереженің талаптары тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қордың активтеріне қатысты қолданылмайды.
Тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қордың активтері инвестициялана алатын Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік түрлерінің тізбесі инвестициялық қордың инвестициялық декларациясымен айқындалады.