"Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" N 2043 тiркелген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы N 192 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 60-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3125

Қолданыстағы

      "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде N 2043 тiркелген, "Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының 2002 жылғы 9 қарашадағы N 192  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Аталған бұйрықпен бекiтiлген Интегралдық микросхема топологиясын тiркеуге өтiнiм жасау, беру, қарау, тiркеу және куәлiк беру жөнiндегi ережеде:
      2-тармақтың 1) тармақшасында "уәкiлеттi органның мерзiмдi ресми басылымы" деген сөздер "интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми басылым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 4) тармақшасында "азаматтар" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
      37-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "уәкiлеттi орган топологияның құқық иесi болып табылмайтын авторына оның авторлығын растайтын куәлiк бередi.".
      2. Өнеркәсiптiк меншiк саласында мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету жөнiндегi басқарма осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрайымының орынбасары А.Х.Әмiрғалиевқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға мiндетiн атқарушы