N 1708 болып тіркелген "Электржелілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 314 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 16 қыркүйектегі N 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3106

Қолданыстағы

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында  бұйырамын :

      1. "Электржелілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 314  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімдемесінде N 1708 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы N 25-28) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электржелілік ережеде:
      барлық мәтін бойынша тиісті тіркестерде:
      "жеткізуші электр торабы" сөздері "ҰЭТ" сөздерімен алмастырылсын;
      "тарқатушы электр торабы" сөздері "өңірлік электр торабы" сөздерімен алмастырылсын;
      "электр энергиясы мен қуаттары" сөздері "электр энергиясы" сөздерімен алмастырылсын;
      "электр энергиясын беру және бөлу" сөздері "электр энергиясын жеткізу" сөздерімен алмастырылсын;
      "ТО" қысқармасы "ЖО" қысқармасымен алмастырылсын;
      "ЖО" қысқармасы "ЭОСРО" қысқармасымен алмастырылсын;
      "РЭПО" қысқармасы "ӨЭК" қысқармасымен алмастырылсын;
      "НЭПО" қысқармасы "ЖО" қысқармасымен алмастырылсын;
      "ПРПЭС" қысқармасы "ҰЭТДЖ" қысқармасымен алмастырылсын;
      "ПРРС" қысқармасы "ӨЭЖДЖ" қысқармасымен алмастырылсын;
      "бөлу" сөзі "жеткізу" сөзімен алмастырылсын;
      "ОРЭМЭ" қысқармасы "ЭКС" қысқармасымен алмастырылсын.

      ЭЖЕ ереженің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Электржелілік ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      Активтік электр қуаты - электр магниттік энергияның басқа нысандарға (жылу, механикалық, жарықтық және тағы сол сияқты) түрлену жылдамдығын сипаттайтын айнымалы ток қуатының орташа мезгіл мәні;
      Өндірудің автоматтық реттегіші (бұдан әрі - ӨАР) - жүйелік оператор беретін сигналдарға жауап ретінде өндіруші электр қондырғысының шығыстық қуатын автоматтық реттейтін құрылғы;
      Есепке алудың мәліметтер базасы - коммерциялық есепке алу тізілімінен коммерциялық есепке алу мәліметтерінен тұратын, жүйелік оператор қызмет көрсететін және басқаратын мәліметтер базасы;
      Қайталай реттеу - өндіруді қалыпты немесе авариядан кейінгі режимдерде автоматтық не қолымен баяу (30 секундтан астам) өзгерту;
      Жоғары кернеу (бұдан әрі - ЖК) - 1000 Вольт-тан бастап және одан жоғары;
      Өндіруші қондырғы - электр энергиясын өндіретін қондырғы;
      Жүйені токтан толық ажыратылған күйінен іске қосуға арналған өндіруші қондырғы - іске қосылуы мүмкін және немесе электрмен жабдықтаудың әдеттегі сыртқы көздерінсіз жұмыс істейтін және жүйені токтан толық ажыратылған күйінен іске қосуға арналған өндіруші қондырғы;
      Мемстандарт - стандарттау мен сертификациялау жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      Мемэнергобақылау - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергетикасы секторында қадағалау және бақылау міндеттерін атқаратын Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет;
      Жоспарлық ажыратулар кестесі - тиісті тараптармен келісілген, құрамында басталу және аяқталу уақыты және тағы басқаларды қоса отырып, келесі күнтізбелі жылға жоспарлық беріліс және/немесе өндіру мен тұтынушыларды ажыратуы бар жоспар-кесте;
      Жүйелі сынақты жүргізу кестесі - тиісті жауапты субъект жасақтайтын коммерциялық есепке алу кешенін кез келген жабдық яки қондырғыны ретімен сынау бағдарлама-кестесі;
      Коммерциялық есепке алу мәліметтері - коммерциялық есепке алу кешенінен алынған мәліметтер және/немесе коммерциялық есептеулерді жүргізу үшін қолданылатын өңделген мәліметтер;
      Электр тораптарына кіруге арналған шарттар (бұдан әрі - ЭТКШ) - электр тораптарына қосылу шарттары келісілген электржелілік компания мен пайдаланушы арасындағы екіжақты шарт;
      Қосарлас электр желілері - қолданыстағы электр жеткізу желілерімен қатарлас қосылған электр жеткізу желілері, солар бойынша нарық субъектілерінің санаттылығына сәйкес нормаланған сапасы мен сенімділік дәрежесімен бірге электр энергиясы мен қуатын жеткізу жүзеге асырылады;
      Қосалқы қызметтерді беруге арналған шарт - жүйелік оператор мен қосалқы қызметтерді беруге арналған пайдаланушылардың арасында жасасылған шарт;
      Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі - ҚР БЭЖ) - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді де сапалы энергиямен жабдықтайтын электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығы;
      Жүйені оның токтан толық ажырағаннан кейін іске қосу ("нолдіктен бұрылу") - энергиямен жабдықтаудың сыртқы көзі жоқ кезде толық не ішінара істен шыққаннан кейін энергия жүйесі жұмысының режимін қалпына келтіру процесі;
      Өндіріс өркендеуінің индикативтік жоспары - ҚР БЭЖ-нің келесі он жыл ішіндегі келешек өркендеуін сипаттайтын жоспарлы сұранысты, пайдаланудан шығуды және өндіріс дамуын ескеретін жоспар;
      Жүйелік аварияларды болдырмау және жою нұсқаулығы - жүйелік оператор ұдайы жасайтын және жаңартатын нұсқаулық әрі онда жүйелік авария туындаған кезде қысқа мерзім ішінде ҚР БЭЖ-нің сенімді де тұрақты атқарымдануын қамтамасыз ету үшін жүйелік оператор жүзеге асыратын іс-шаралардың егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі;
      Коммерциялық есеп кешенінің сәйкестендіруші коды (СК) - әрбір коммерциялық есеп кешені үшін 18 символдан тұратын бір мәнмен анықталған ондық цифрлық код;
      Коммерциялық есепке алу - электр энергиясын сатып алу және жеткізу шарттары жөніндегі тараптар арасындағы өзара есеп айырысуға қажетті электр энергиясын есепке алу;
      Коммерциялық есеп кешені - коммерциялық есеп жүргізуге қажетті, коммерциялық есептің айқындалған нүктесі мен ақпаратты жинау құрылғысына қосу нүктесі арасында орналасқан жабдық;
      Электр жеткізудің мемлекетаралық желілері - қуаттар мен энергияның мемлекетаралық ағындарын қамтамасыз ететін электр желілері;
      Мәліметтерді жинаудың жергілікті терминалы - олардың түзетілгенін тексеру үшін немесе коммерциялық алыстағы мәліметтерді жинау мүмкін болмаған жағдайда жергілікті жерлерде мәліметтерді жинау мен сақтауға арналған құрылғы;
      Ең аз өндіру (бұдан әрі - ЕӨ) - қалыпты жұмыс режимін ұстау үшін өндіруші қондырғы жұмыс істейтін шығыстық өндірілетін қуаттың ең төменгі деңгейі;
      Ұлттық электр торабы (бұдан әрі - ҰЭТ)- электр энергиясын мемлекетаралық және (немесе) өңіраралық жеткізуді, электр станцияларының қуатын беруді қамтамасыз ететін және жекешелендіру мен оның алдыңғы сатыларына жатпайтын кернеуі 220, 500 және 1150 кВ электр жеткізу желілерінің, қосалқы станциялар мен таратқыш құрылғылардың жиынтығы;
      Төмен кернеу (бұдан әрі - ТК) - 1000 Вольттен төмен кернеу;
      ҚР БЭЖ жұмысының қалыпты режимі - уәкілетті орган бекіткен схемаға сәйкес электр желісінің барлық элементтері жұмыс істейтін N және электр желісіне қосылған электр энергиясының барлық тұтынушылары жоспарлы электр жабдықтаумен қамтамасыз етілетін ҚР БЭЖ жұмысының тағайындалған режимі;
      Жабдықтар мен аппаратуралар - электрлік сымдар немесе оның бөліктері пайдаланылатын стационарлық және жылжымалы жабдық;
      Біріктірілген энергия жүйесі (бұдан әрі - БЭЖ) - тораптарға қосылған электр тораптарының, электр станциялары мен басқа пайдаланушылардың жиынтықты инфрақұрылымы;
      Жеткізудің өткізу қабілеті бойынша шектеу - жылу режимі мен энергия жүйесі кернеуі және жұмыс тұрақтылығын сақтау жөніндегі шектермен айқындалған, жеткізілетін электр энергиясын шектеу;
      Жедел резерв - авариядан соң жиіліктің бастапқы реттелуі мен қайталай реттелуін алмастыру үшін иеліктегі орталықтан келісілген қуат резерві;
      Электр энергиясының орталықтандырылған нарығының операторы (бұдан әрі - ЭОНО) - электр энергиясының спот саудасын қоса алғанда, орталықтандырылған сауда-саттықты жүзеге асыратын ұйым;
      Коммерциялық есептің анықталған нүктесі (бұдан әрі - КЕАН) - 5-бөлімде көрсетілген (коммерциялық есеп) жалпы дәлдік талаптары орындалуы тиіс баланстық керек-жарақты айыру шекарасындағы табиғи нүкте. Коммерциялық есептің көрсетілген нүктесі электржелілік компаниялар мен тиісті шарттармен тораптарды пайдаланушылар арасында келісілген болуы тиіс;
      Электр энергиясының көтерме нарығы (бұдан әрі - ЭҚН) - электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қарым-қатынастар жүйесі;
      Коммерциялық есептің ұйымдастырушысы - энергия нарығы субъектілерінің коммерциялық есеп кешені, кешенді калибрлеу және қызмет ұсыну секілді коммерциялық есеп жөніндегі қызмет көрсетуге өкілетті, энергия нарығы субъектілері болуға міндетті емес тұлға не ұйым;
      Қауіпсіздік техникасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырушысы - қызметкерлердің жоғары кернеулі электр жабдығында қауіпсіз жұмыс не сынақ жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар кешені;
      Тоқтатым - электр қондырғыны не жабдықты жоспарлы немесе жоспардан тыс жұмыстан шығару;
      Жауапты тарап немесе коммерциялық есеп кешенінің иегері - теңгерімінде коммерциялық есеп кешені бар, оны пайдаланатын және оған жауап беретін жеке немесе заңды тұлға;
      Бастапқы реттеу - жиіліктік апаттық ауытқуы кезінде өндірілетін қуаттың еркін реттелуі режимінде жұмыс істейтін өндіруші қондырғылардың көмегімен атқарылатын электр стансалардағы турбиналардың айналу жылдамдығын реттегіштердің тез қимылы (8-12 секунд ішіндегі);
      Электр энергиясын жеткізу - жасасылған шарттарға сәйкес электр жеткізуші ұйымдар көрсететін электр энергиясын тасымалдау жөніндегі қызметтер;
      Ауыстырып қосу - ТО немесе өкілетті электржелілік компания не пайдаланушының нұсқаулығына сай жабдықтың және/немесе аппаратураның коммутациясы;
      Диспетчерлендіру кезеңі - өндіріс режимін, электр энергиясы мен қуатын жеткізу және тұтынуды бақылау мен басқару атқарылатын тәуліктік кестеде жоспарланған уақыттың ең төменгі мезгілі;
      Жүйелі токтан толық ажыратқаннан кейін іске қосу жоспары - ЖО жүйелі түрде жасақтайтын және жаңартатын, энергия жүйесінің толық не ішінара тоқтатымы кезінде режимін қалпына келтіру жөніндегі жоспар;
      ҰЭТ дамыту жоспары (бұдан әрі - ҰЭТДЖ) - келесі бес жылға электр желілерін дамытуға арналған барлық елеулі инвестицияларды сипаттайтын жоспар, оған жүктеменің ұзақ мерзімдік болжамдары, жаңа орналасқан жері мен өткізім қабілеті, жабдықты пайдаланудан шығару және т.с.с. кіреді;
      ӨЭТ дамыту жоспары (бұдан әрі - ӨЭТДЖ) - өзінің қазір бар және келесі бес жылда салынуға жоспарланған таратушы желілердегі жүктеменің ұзақ мерзімдік болжамы, жаңа желілердің орналасқан жері мен өткізім қабілеті, жабдықты пайдаланудан шығару және тағы басқалар кіретін жоспар;
      Авариялық жағдайларда іс-шараларды жоспарлау - Электржелілік ереженің бөлімі, мұнда жүйедегі істен шығулардың алдын алу және реттеу жөнінде шаралар қабылдау қақысында әртүрлі тараптардың құқылары мен міндеттері көрсетілген;
      Өндірушіні жоспарлы ажырату - өндіруші қондырғыны жұмыстан жоспарлы шығару;
      Токтан толық ажырату - энергия жүйесінің барлығының немесе бөлігінің толық істен шығуы;
      Электр тораптарын пайдалану - электр энергиясын жеткізетін электр тораптық компаниялардың шарттары жөніндегі келісім, электр энергиясы нарығының кез-келген субъектісіне өздерінің тораптарын пайдалану мүмкіндігін береді;
      Электр тораптарын пайдалану - электр энергиясын жеткізетін және бөлетін электр тораптық компаниялардың шарттары жөніндегі келісім, электр энергиясы нарығының кез-келген субъектісіне өздерінің тораптарын пайдалану мүмкіндігін береді;
      Торапты пайдаланушы - электржелілік компанияның электр желісі пайдаланатын электр энергиясы нарығының субъектісі (заңды және жеке тұлға);
      Авариядан кейінгі жұмыс режимі - энергия жүйесінің (энергия торабының) зақымданған элементін авариядан ажыратудан кейін туындайтын және жұмыстың қалыпты режимі үшін көзделген электрмен жабдықтау схемасын қалпына келтіруге дейін жалғасатын тұрақты режим;
      Тұтынушы - электр энергиясы және (немесе) жылу энергиясының шарты негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      Техника қауіпсіздігі жөніндегі ережелер - жабдықта жұмыс істейтін, осы ережедегі іс-қимылға тап болған қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін электржелілік компаниялар мен пайдаланушылар үшін міндетті ережелер;
      Қосылуға ұсыныс - пайдаланушының сұрауына жауап ретінде электржелілік компанияның ресми ұсынысы;
      Тікелей (құқық өкілетті) көтерме тұтынушы - Жүйелік операторда орнатылған жүйелермен олардың бірдейлендірілуін қамтамасыз ететін коммерциялық есеп, телекоммуникация жүйесі бар, сондай-ақ ҰЭТ тікелей қосылған қосалқы станцияларды қабылдайтын немесе үшінші жақ арқылы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алатын орташа тәуліктік қуаты кемінде 1 МВт қуатын тұтынатын заңды немесе жеке тұлға;
      ҚР БЭЖ ПУЛ-ының резервтер ПУЛы (бұдан әрі - ПУЛ) - генераторлардың не электр беріліс желілерінің кенеттен істен шыққан кезінде тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электр қуаты резервтерінің қажетті көлемін, құрылымын түзілдіру және жайғастыру мақсатында электр стансалары мен жекелеген көтерме сауда тұтынушылары құрған бейкоммерциялық ұйым;
      Өңірлік электр тораптары (бұдан әрі - ӨЭТ) - сбір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (облыс), сондай-ақ ҰЭТ мен тұтынушылар арасында электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз ететін 110 кВ кернеулі электр жеткізу желілері мен қосаолқы станциялардың жиынтығы;
      Реактивті электр энергиясы - электр қондырғылардағы электр магниттік өрістердің құрылуына жұмсалатын энергия;
      Өңірлік электржелілік компания - өңірлік деңгейде электр тораптарын пайдаланатын энергия жеткізуші ұйым;
      Коммерциялық есеп тізілімдемесі - коммерциялық есеп кешеніне байланысты ақпаратты қамтитын тізілімдеме. Ақпаратқа жабдықтардың түрлері және техникалық өзгешеліктері, тексеру және калибрлеу жөніндегі мәліметтер, нақтылы теліміне қарайтын мәліметтер және тағы басқалар кіреді;
      Орнын басу резерві (суықтық резерві) - құрамында бар өндіруші қондырғының қысқамерзімдік істен шығуын немесе бастапқы кезден қалпына келе алмайтын өндірудің ұзақ уақыттық жоқтығын алмастыру үшін орталықтандырылған келісімдік қуат резерві;
      SCADA - мониторингі мен нақты уақыт режимінде бақылау үшін пайдаланылатын нақтылы уақыт режимінде жұмыс істейтін компьютерлік жүйенің "Диспетчерлік бақылау мен мәліметтерді жинау жүйесі" үшін қысқартылған атауы;
      Коммерциялық есеп мәліметтерін жинау - коммерциялық есеп мәліметтерін іздестіру, тексеру және өңдеу үдерісі;
      Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі - кернеулі беру, оқшаулау, жерге ұштау және тиісті құжатты шығаруды қамтитын шаралар жүйесі;
      Жүйелік авария - біртұтас электр энергиясының жұмыс тұрақтылығын жоғалтуына және оны бөліктерге бөлуге әкеп соқтырған электр энергетикасы объектілері жұмыс режимдерінің бұзылуы;
      Жүйелік сынақ - электр жүйесін сынау;
      Жүйелік оператор (бұдан әрі - ЖО) - орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыстың қамтамасыз етілуін, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне жүйелік қызметтерді көрсету мен қосалқы қызметтерді алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізуді, оның техникалық қызметтелуін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұруын жүзеге асыратын ұйым;
      Оқиға - аварияларды, зақымдануларды, істен шығуларды қоса алғанда, энергия жүйесінде кез-келген жоспарланбаған (немесе болжанылмаған) оқиға және тағы басқалар;
      Жүйелік мағынадағы оқиға - бір тараптың энергия жүйесінде болған және/немесе басқа тараптың энергия жүйесі үшін елеулі және/немесе ұзаққа дейін зардабын тигізуі мүмкін оқиға;
      Қосылым - электржелілік компаниялардың электр тораптарын және/немесе пайдаланушыларды біріктіру;
      Электр энергиясы нарығының субъектісі - энергия өндіруші, энергия жеткізуші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр энергиясының орталықтандырылған сауда операторы және электр энергиясының көтерме сауда нарығында қызмет атқаратын өзге ұйымдар;
      Тарап - Қазақстан Республикасының электр энергетикалық саладағы жұмысқа қатысатын тұлға немесе ұйым;
      Коммерциялық есеп есептегіші - электр энергиясын өндіру, жеткізу мен тұтыну кезінде электр энергиясын өлшемдеу және есепке алу үшін арналған құрылғы;
      Электр энергиясын өндіріп-тұтынудың тәулік кестесі - көтерме сауда нарығының қатысушылары электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату жөнінде жасақан шарттарына сәйкес әрбір күнтізбелік тәулікке электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағаттық шамаларын реттейтін жүйелік оператор бекіткен құжат;
      Телекоммуникациялық желі - обір ақпараттық жүйенің құрылғылары арасында және ақпараттық жүйелер арасында ақпаратты беруді қамтамасыз ететін жабдық және байланыс арналары;
      Техникалық диспетчерлендіру - жүйелік оператордың Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру мен тұтыну режимдеріне орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру жөніндегі көрсететін қызметі;
      Қосылым нүктесі - электржелілік компаниялар мен пайдаланушылар арасында орнатылған энергиямен жабдықтаудың келісілген нүктесі;
      Электр станцияның өзіндік мұқтаж трансформаторы - электр станцияның өзіндік мұқтаж жабдығын жабдығын қамтамасыз ететін трансформатор;
      Аварияға қарсы автоматикаға басқарымдық әсер (бұдан әрі - ААБӘ) - АҚА-ға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында АҚА сигналы бойынша жабдықтарға автоматтық әсер жабдықтарды өшіру-қосу, жабдықтарды жүктеу-жүгін түсіру және тағы басқалар;
      Мәліметтерді сақтау құрылғысы - электр энергиясы бойынша мәліметтерді жинауды, оларды бесминуттық аралықта жиынтықтылауды, мәліметтер миниумын 50 күнге сақтауды және ЖО үшін телекоммуникациялық желі арқылы электрондық код жеткізуді қамтамасыз ететін құрылғы. Осы құрылғы жабдықтың жеке бірлігі бола немесе бір табиғи құрылғыдағы энергияны өлшеу аспаптарымен қосыла алады;
      Мәліметтерді жинау құрылғысы (бұдан әрі - МЖҚ) - коммерциялық есепке алу мәліметтерін жинауды орындайтын жабдық және бағдарламалық қамтамасыз ету;
      Коммерциялық есептің нақты нүктесі (бұдан әрі - КЕНН) - электр энергиясының мөлшерін есептейтін нүкте;
      Орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару - жүйелік оператордың энергия өндіруші, энергия жеткізуші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясын тұтынушылардың техникалық келісімді жұмысына үздіксіз басқаруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасындағы біртұтас электроэнергетикалық жүйенің нормативтік сенімділік деңгейін және электр энергиясының нормативтік сапасының сақталуын қамтамасыз ететін процесі;
      Орталық диспетчерлік басқарма (ОДБ) - жүйелік оператор құрамына кіретін, Қазақстан БЭЖ-нің қауырт басқарылуы үшін теңгеру мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз етуді сақтай отырып жауап беретін бөлімше;
      Пайдалану - энергия жүйені пайдалануға жатқызылатын жоспарланған қызмет;
      Электр желілері - электр энергиясын жеткізу және/немесе таратуға арналған қосалқы станциялардың, тарату құрылғылары мен оларды қосатын электр берілісі желілерінің жиынтығы;
      Электр станциялары - электр энергиясын өндіруге арналған, құрамында құрылыс бөлігі, энергияны түрлендіру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық бар энергия қондырғылар;
      Электржелілік компания - электр желілерін басқару не меншік құқығымен басқаратын және пайдаланатын заңды тұлға;
      Электржелілік ереже (бұдан әрі - ЭЖЕ) - осы Ереже;
      Жүйені токтан толық ажыраған күйінен іске қосуға арналған электр станциялары - жүйені токтан толық ажыраған күйінен іске қосуға арналған бір немесе бірнеше өндіруші қондырғылары бар электр станциясы;
      Өздігінен іске қосылатын электр станциялары - бір немесе бірнеше өндіруші қондырғылардың айналу жиілігін синхрондық айналу жиілігіне дейін көтеру және желіде энергия жабдықтау жоқ кезде электр желісін қоректендіруді қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие электр станциялар. Бұл техникалық мүмкіндіктер өзіндік мұқтаж үшін энергия жабдықтау көздерімен немесе энергия жабдықтаудың сыртқы көзімен жасасқан келісімге сәйкес қамтыла алады.
      Энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі - ЭӨҰ) - электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйым.";

      2-тармақтың 7-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "7) техникалық диспетчерлеу жөнінде қызмет көрсету";

      9-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "9. Электр энергетикасы саласында мемлекеттік басқару:
      1) лицензиялауға;
      2) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеуге;
      3) электр энергетикасы объектілерін монополиядан ажырату мен жекешелендіруге;
      4) электр энергиясын өндіру, жеткізу, техникалық диспетчерлендіру және тұтыну сенімділігіне, қауіпсіздігі мен тиімділігіне мемлекеттік қадағалауға;
      5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, электр энергиясын өндіру, жеткізу, техникалық диспетчерлендіру аясында қызмет пен қарым-қатынастарды реттеудің техникалық әрі технологиялық талаптарын мазмұндайтын нормативтік техникалық құжаттарды, сондай-ақ электр жеткізу желілерін, электр және энергия қондырғыларын салу мен пайдалану сенімділігін, тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуші нормаларды әзірлеу мен бекітуге сайып келеді";

      10-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "10. Электр энергетикасында нарықтық қарым-қатынастар әрбір нақты уақыт мезгілінде қолданыстағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Электр энергиясы рыногы келесі қатарлас және өзара толықтырушы рыноктардан тұрады:
      1) тараптар келісімімен белгіленген бағалар мен жеткеру талаптары бойынша нарыққа қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негізінде атқарымданатын электр энергиясын бейорталықтық сатып алу-сату нарығы;
      2) өзі электр энергиясын қысқамерзімдік (спот сауда-саттығы), орташамерзімдік (апта, ай) және ұзақмерзімдік (тоқсан, жыл) негізде сатып алу-сату үшін ұйымдастырылған сауда алаңын көрсететін электр энергиясын орталықтан саудалау нарығы;
      3) Қазақстан Республикасының электроэнергетикалық жүйесінде жүйелік оператордың электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесінде бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақтылы және уағдаласқан шамалары арасында жұмыс тәулігінде туындаған сағат сайынғы теңгерімсіздіктерді табиғи және ары қарай қаржылай реттеу мақсатында атқарымданатын шынайы уақыт түзіміндегі теңгермелі нарығы;
      4) электр энергиясының көтерме сауда рыногынан сатып алу және де жүйелік оператордың электр энергиясы көтерме сауда рыногының субъектілеріне мемлекеттік стандарттар белгілеген Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесінің жұмыс сенімділігі мен электр энергиясы сапасын қамтамасыз ету үшін тиісті қызметтер көрсету негізінде атқарымданатын жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы";

      11-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "11. ЭОСРО мына функцияларды орындайды:
      1) спот-сауда-саттықтарының ұйымдастырылуы мен өткізілуін жүзеге асырады;
      2) электр энергиясын орташа мерзімдік (апта, ай) және ұзақмерзімдік (тоқсан, жыл) мезгілдеріне орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады;
      3) электр энергиясы көтерме сауда рыногы субъектілерінің электр энергияның орталықтандырылған сауда нарығына жетуге тең жағдайларды қамтамасыз етеді;
      4) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергияның орталықтандырылған ережелері белгілеген талаптарына сәйкестігін айқындайды;
      5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр энергияны сатып алу-сату жөнінде жасасылған мәмілелерді реттеу мен есепке алуды жүзеге асырады;
      6) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерін өз құзырет шеңберінде орталықтандырылған сауда-саттықтарда қалыптасқандай электр энергияға арналған көрсеткіштік бағалар бойынша ақпаратпен қамтамасыз етеді.";

      12-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "12. ҚР БЭЖ-нің Жүйелік операторы келесі функцияларды атқарады:
      1) электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша шартқа сәйкес жүйелік қызметтер көрсетеді, оның техникалық қызметтелуін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұрылуын қамтамасыз етеді;
      2) Қазақстан Республикасының біртұтас электроэнергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқарылуын шартқа сәйкес жүзеге асыра, нақты теңгерімдердің жасалуын және электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесінің түзілуін қоса отырып техникалық диспетчерлендіру жөніндегі жүйелік қызметтер көрсетеді;
      3) Қазақстан Республикасы біртұтас электроэнергетикалық жүйесінің жұмыс сенімділігін қамтамасыз етеді;
      4) электр қуатын реттеу жөнінде жүйелік қызметтер көрсетеді;
      5) электр энергиясының теңгерімдерін табиғи реттеу жөнінде жүйелік қызметтер көрсетеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен электр энергиясы теңгерімсіздіктеріне ары қарай қаржылық реттеуді жүзеге асырады;
      7) энергия өндіруші ұйымдар арасында қуат резервтерінің көлемін, құрылымын, таратылуын және Қазақстан Республикасының біртұтас электроэнергетикалық жүйесінде қуат резервтерінің іске қосылуын айқындайды;
      8) нақты уақыт режимінде және жүйелік пен қосалқы қызмет көрсету рыногында электр энергиясының теңгерімдік рыногының атқарымдануын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      9) қатарлас жұмыс режимдерінің орнықтылығын басқару және қамтамасыз ету жөнінде іргелес мемлекеттердің энергожүйелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      10) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы барлық субъектілердің біртұтас ақпараттық жүйесін, электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есеп жүйесін, реле қорғанышы мен аварияға қарсы автоматиканың түйіндес құрылғыларын құру жөнінде техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
      11) электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің ұлттық электр торапқа жетуі үшін теңдей жағдайларды қамтамасыз етеді;
      12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етеді;
      13) электр станциялардың, қосалқы станциялардың негізгі жабдықтарын, электр жеткізу желілерін, реле қорғанышы және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару жүйелерін жөндеуге шығарылуын және олардың жұмысқа әзірлігін қамтамасыз етілуін мақұлдастырады;
      14) гидроэлектр станцияларының жұмыс режимдерін олардың су-шаруашылық теңгерімдерін ескере отырып және Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін әзірлеуге атсалысады;
      15) электр энергиясының теңгерімдерін ұзақ мерзімдік болжануын әзірлеуді жүзеге асырады.";

      Мынадай мазмұндағы 12-1 тармағымен толықтырылсын:
      "12-1. Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқармасы:
      1) электр энергиясын сатып алу-сату, жеткізу, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу шарттарын іске асырушы Қазақстан Республикасының біртұтас электроэнергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну режимдерін басқаруға;
      2) электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының режимдерін басқаруға;
      3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуге;
      4) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде қуат резервтерін жедел басқаруға;
      5) Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді де орнықты жұмысын қамтамасыз етуші реле қорғанышы, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің құрылымын, қағидаларын, жайғастырылу орындарын, көлемдері мен тағайыншамаларын айқындауға;
      6) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәулік кестелерін түзілдіру мен бекітуге;
      7) электр энергиясының көтерме сауда рыногында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасауға сайып келеді.";

      32-тармақта "электрлік" сөзінің алдына "өңірлік" сөзі қосылсын;

      36-тармақта "он жыл" сөздері "3" жыл сөздерімен алмастырылсын;

      7-параграфтың атауында "торабы" сөзінің алдында "электрлік" сөзі қосылсын;

      62-тармақта "ұсынылатын" сөзі "ұсынылды" сөзімен алмастырылсын;

      88-тармақ келесі мазмұндағы 4)-тармақшамен толықтырылсын: "4) электрмен жабдықтау санаты (өлшемнің N)";

      99-тармақта "он жыл" сөздері "үш жыл" сөздерімен алмастырылсын;

      112-тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Электр торабына қуаты 5 МВт және одан жоғары субъектілерді қосуға арналған техникалық шарттар қызметтің осы түріне лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымдары әзірлеген "Тұтынушыны сырттан электрмен жабдықтау тәсімдерінің" ("Тұтынушыны сырттан электрмен жабдықтау схемаларының" міндетті көлемі мен мазмұны осы Ереженің 4-Қосымшасында келтірілген), "Электр станциясын жалғау (қуат беру) схемаларының" негізінде беріледі.
      Электр станциясын жалғау (қуат беру) схемасы міндетті түрде ЖО-мен мақұлдастырылады және уәкілетті органмен бекітіледі.
      Қосарлас (шунттаушы) электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жобалануы және құрылысы уәкілетті орган табиғи монополия саласындағы қызметке бақылау мен реттеу жүргізетін мемлекеттік органмен және ЖО техникалық шарттарды берудің ерекше тәртібіне сәйкес алдын ала жариялай және келісе отырып жүзеге асырады";

      137-тармақта "қуаттың" сөзі "электр энергиясының" сөзімен алмастырылсын;

      155-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "155. Іске қосылатын нысандар құрылысы. Жобалау құжаттамасын әзірлеген соң әлеуетті пайдаланушы Техникалық шарттардың барлық іс-шараларын толық көлемде және өзінің есебінен атқаруы тиіс.";

      286-тармақта:
      кестенің үшінші жолында "15-қазанға дейін" сөздері "15-желтоқсанға дейін" сөздерімен алмастырылсын;
      төртінші жолда "7-қарашаға" дейін сөзі "25-желтоқсанға" дейін сөзімен ауыстырылсын;
      бесінші жолда "12-қарашаға дейін" сөзі "30-желтоқсанға дейін" сөзімен алмастырылсын;

      289-тармақта кестенің үшінші жолында ("15-қазанға дейін") және ("12 қарашаға дейін") сөздері "15-желтоқсанға дейін" және "30-желтоқсанға дейін" сөздерімен алмастырылсын;

      295-тармақта "12-қарашаға дейін" сөздері "30-желтоқсанға дейін" сөздерімен алмастырылсын;

      359-тармақта:
      "нарыққа қатысушы" ұғымы "ОРЭ субъектісі" ұғымына ауыстырылсын;
      екінші және үшінші абзацтар мына редакцияда жазылсын:
      "Осы бөлімде есепке алынатын электр энергиясының көлемдері туралы деректерді жинау мен сақтау процестерінің сыйпаттамасы келтірілген. Сондай-ақ деректердің құпиялығы мен мөлдірлік мәселелері қамтылады және ЖО-ның уәкілетті тараптарға тиісті коммерциялық есеп ақпаратына рұқсат беру жөніндегі міндеттері мазмұндалады.
      ОРЭ-нің барлық субъектілері тиісті коммерциялық есептеуіштерге, бағдарламалық-техникалық кешендерге және активті не реактивті энергияның ағындары бойынша тіркеу мен деректерін жинау үшін қажетті коммуникациялық инфрақұрылымға ие болуы тиіс. Нарықтың жұмысын қамтамасыз ету үшін ЖО бекітілген деректерді тиісті электржелілік компанияларға беруі тиіс, ал олар есептесулерді жүргізуі және электр энергиясын жеткізгені үшін тиісті төлемақыны алуы керек";

      362-тармақта:
      "нарыққа қатысушы" сөздері бойынша "торап пайдаланушы" сөздерімен тиісті жалғауларда алмастырылсын;
      3) тармақша мына редакцияда мазмұндалсын:
      "коммерциялық есеп кешендерінің дәлдігі мен өлшеуге жататын шамалар іске қосудың әрбір нүктесінде осы бөлімнің талаптарымен айқындалады";
      4) тармақшада "нарыққа қатысушының" сөздерінен кейін "электр энергиясы" сөзі қосылсын;
      7) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "7) өзінің теңгерімінде коммерциялық есепке алу кешені бар рынокқа қатысушылар Республиканың қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес оларды пайдалануды жүзеге асыруға тиісті";
      8) тармақшада "372, 373 тармақтарында ұйғарылған" сөздері "осы тараудың талаптарына" сөздерімен алмастырылсын;

      363-тармақтағы "тиіс" деген сөздің алды "торапты пайдаланушы" деген сөзбен толықтырылсын;

      365, 367, 369 тармақтарында "электр энергиясын өлшеу" сөздерінен кейін "15 минутқа тең әрбір уақыт мезгілі үшін" сөздері қосылсын;

      366, 368, 370 тармақтар алынып тасталсын;

      382-тармақта "энергияны тұтынушы" деген сөздер "электр энергиясын тұтынушы" деген сөздерімен алмастырылсын;

      383-тармақта "нарыққа қатысушы" сөздері "тораптарды пайдаланушы" сөздерімен алмастырылсын;

      392-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "392. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ТТ нақты сынып стандарты бойынша (ТТ қайталама атаулы токқа қарамастан) ең төменгімен белгіленуі тиіс";

      397-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "397. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ТН нақты сынып стандарты бойынша ең төменгімен белгіленуі тиіс"

      403-тармақтың бірінші азатжолы мына редакцияда жазылсын:
      "Егер тізбектерде, қайта орнатылғаннан басқа осы тараудың талаптарына сәйкес өлшеу жүргізілуге тиіс және егер орнатылған өлшеу трансформаторлары талаптарға толық жауап бермесе, онда осы өлшеу трансформаторлары тиісті талаптарға жауап беретіндермен алмастырылып немесе қосымша орнатылуы тиісті";

      407-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "407. Деректерді сақтайтын жеке құрылғыларды деректермен жабдықтайтын коммерциялық есепке алу санауыштары есепке алынатын кезең үшін электр энергияны арттыру түрінде электр энергияның өлшенетін көлемін беруге тиіс";

      411-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "411. Энергия бойынша деректер және әрбір жағдайда кезең сағатты аяқталуына байланысты 15 минут уақытша аралық қатарынан энергия бойынша деректер үшін жеке кезеңді таңдау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар қарастырылуы тиіс";

      412-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "412. Электр энергияның коммерциялық есебінің деректері әрбір 15 минут сайын деректерді сақтау құрылғысына беріледі. Істен шығу кезінде ақпараттарды беру бірнеше 15 минуттық аралықтарда бір уақытта деректерді жинау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс";

      417-тармақта:
      1) тармақшадағы "қуаттар" деген сөз алынып тасталсын.
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақшадағы "дәл" деген сөзден кейін "уақыт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.

      418-тармақтың 2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "энергиямен жабдықтау бойынша бақылау";

      419-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "419. Жоғарыда көрсетілген кез-келген қарсылықтар туралы ақпарат жалпы авариялық сигналдың көмегімен ЖО-ға берілуі тиіс. Авариялық сигнал тиесілі кезеңмен оны сәйкестендіруі үшін тиісті кодировкасы болуы керек";

      422-тармақта:
      1) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      "1) осы тараудың тармақтарында айқындалған электр энергиясын өлшеу деректері";
      2) тармақша алынып тасталсын;

      423-тармақша мына мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) техникалық қызмет көрсету және зақымдалуды табу";

      425-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "425. Барлық қатысушылар коммерциялық есепке алу деректерін іздестіру үшін арнайы бөлінген арналарды немесе Internet-пен қамтамасыз етуі тиіс. Резервтік арна коммуталаушы арна болуы тиіс. Егер арнайы бөлінген арналар немесе Internet беру мүмкіндігі жоқ, техникалық немесе экономика жағынан тиімсіз жағдайда рынокқа қатысушы ЖО-мен келісімі бойынша өзара резервтік коммуталаушы арналарды бөлуі мүмкін";

      431-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "431. Коммерциялық есепке алу кешенінің құрамбөліктері және олармен байланысты тізбектер өлшеуіш трансформаторлардан сенімді және қауіпсіз болуы тиіс.";

      435-тармақта:
      "және РО", "электржелілік компаниялар" сөздері алынып тасталсын;

      438-тармақтың екінші сөйлемі алынып тасталсын;

      445-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "445. Коммерциялық есеп кешенінде ең кем дегенде қосу орны және коммерциялық есеп нүктесі туралы келесі ақпараты болуы тиіс:
      1) коммерциялық есепке алу кешенінің иесі, коммерциялық есепті жүргізуші ұйым;
      2) табиғи орналасқан орынның нақты атауы;
      3) байланыс жасаушы және коммерциялық есепке алу кешені иесі берген әрбір телім бойынша телефондардың нөмірі туралы ақпарат".

      446-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "446. Коммерциялық есепке алу аспаптарының қондырғысы бойынша ақпарат:
      коммерциялық нүктенің біріздендіру коды (БК), өндіруші, тұрпаты, моделі, сериялық нөмір, шығарған жылы және дәлдік сыныбы, барлық табиғи және техникалық ерекшеліктерге, стандарттарға, атаулы мен максималдық токқа, атаулы қосымша кернеуге, жұмыс аралығы және барлық аспаптардың дәлдігіне қатысты барлық деректер (токтың және кернеудің трансформациялау еселегіштерін қосқанда) өлшеу кешенінің тұрпатын бекіту үшін қажетті барлық деректер, тексерудің сертификаттарын, тестілеудің хаттамаларын және мерзімдерді қосқанда сынауға, пайдалануға берілуіне қатысты барлық ақпараттар, құрылғыларды ауыстыру бойынша бағдарлама, тексеру және тестілеу кестелері, жөндеуді жүзеге асыру, жаңа аттестаттау мен қажет болған жағдайда, тексерудің жаңартылған сертификаттары. Объектінің соңғы бақылау күні, коммерциялық есепке алудың санауышын соңғы тестілеу күні және коммерциялық есепке алудың санауышын соңғы рет тексеру күні, коммерциялық есепке алу кешенінің олқылықтарын көрсете отырып тексерудің куәлігі, сондай-ақ өлшеуіш трансформаторлардың, коммерциялық есепке алу санауыштарының, деректерді сақтау құрылғыларының деректері.";

      447-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) байланысты қамтамасыз етуге қатысты ақпарат: жабдық тұрпатын, сериялық нөмірді, техникалық ерекшеліктерді, интерфейсті және байланыс хаттамасын қамтиды";

      450-тармақ мына 3) тармақшамен мынадай мазмұндағы редакциямен толықтырылсын:
      "3) электр энергиясын есепке алу жүйесін жұмысқа қосқан кезде".

      451-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "451. Әрбір коммерциялық есепке алу кешенінде он сегіз ондаған разрядтарды қамтыған біріздендіру коды (БК) болуы тиіс. БК құрылымы мынадай болады:
___________________________________________________________________
 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |6 |7 |8 |9 |10 |11 |12 |13 |14 |15 |16 |17 |18
___________________________________________________________________

      1-ші разряд - елдің коды. Кодтың мәні "1"-ден "9"-ға дейін
      болуы мүмкін, ЖО береді;

      2-ші разряд - энергетикалық аймақ коды. Кодтың мәні "1"-ден
      "9"-ға дейін болуы мүмкін, ЖО береді;

      3-ші, 4-ші разрядтар - облыс, қала немесе энерготорап
      кодтары. Кодтың мәні "01"-ден "99"-ға дейін болуы мүмкін,
      ЖО береді;

      5-ші разряд - субъектінің негізгі қызмет коды. Кодтың мәні
      "1"-ден "9"-ға дейін болуы мүмкін, ЖО береді;

      6-9 разрядтар - субъектінің белгі коды. Кодтың мәні
      "0001"-ден "9999"-ға дейін болуы мүмкін, ЖО береді;

      10-11 разрядтар - субъектінің құрылымдық бөлімшелерінің
      дербес коды. Кодтың мәні "01"-ден "99"-ға дейін болуы мүмкін,
      жобаны орындаған ұйымдар береді;

      12-14 разрядтар - субъектідегі қосалқы станцияның коды.
      Кодтың мәні "001"-ден "999"-ға дейін болуы мүмкін, жобаны
      орындаған ұйымдар береді;

      15-18 разрядтар - субъектінің коммерциялық есепке алу
      кешенінің дербес коды. Кодтың мәні "0001"-ден "9999"-ға
      дейін болуы мүмкін, жобаны орындаған ұйымдар береді;

      453-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "453. ЖО деректерді беру хаттамасын пайдалану арқылы қашықтықты4 сұрау салу жолымен коммерциялық есепке алу деректерін жинауды жүзеге асырады, өзара есеп айырысу және электр торабын пайдалану мақсаты үшін, сонымен қатар рыноктың болашақ қатысушылары ретінде пайдалану үшін коммерциялық есепке алу деректерінің базасында олардың қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз етеді";

      454-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "454. Коммерциялық есепке алудың өлшеу деректерін жинау және Жүйелі оператордың деректілер базасына жазылу әрбір 15 минут сайын жүзеге асырылады";

      456-тармақтағы "деректерді жеткізуді қамтамасыз ету үшін" деген сөз "деректердің базасын қалыптастыру үшін"деген сөздермен алмастырылсын;

      457-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "457. Коммерциялық есепке алу деректеріне енгізіледі:
      коммерциялық есепке алу кешендерінен алынған активті және реактивті энергияның мәні;
      ЖО орындайтын бастапқы деректердің негізіне есептелінген мәні;
      деректер болмаған жағдайда немесе қате деректер жағдайында саналған, түзетілген деректер";

      462-тармақтағы "461-тармақтағы (1)-(5) тармақшаларына сәйкес" деген сөз "коммерциялық есеп кешені жұмысында" деген сөздермен алмастырылсын;

      464-тармақтағы "486-488 тармақтарымен" деген сөз "осы тараудың регламентімен" деген сөздермен алмастырылсын;

      466-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "466. Коммерциялық есепке алудың деректерінің толық болмаған немесе коммерциялық есепке алу кешеніндегі іркілістер жағдайында деректер тараптар арасында келісілген әдістемелерді пайдалана отырып ауыстырылуы тиіс. Өткен мезгілдегі SCADA және басқа көздерден алынған ақпарат рұқсат етілген мүмкіндігіне сәйкес пайдаланылуы тиіс";

      469-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "469. Егер осы тараудың тармақтарына сәйкес жүргізілген коммерциялық есепке алу кешенін тексеру немесе аудит ұйғарымды қатесі 1,5 есе артық олқылығын көрсетсе, бұл Жүйелі оператордың негізделінген қорытындысы бойынша қайсыбір рынокқа қатысушыны елеулі түрде қозғамайды, яғни саналған деректерді ауыстыруды керек етпейді";

      475-тармақтың 1)-3) тармақшалары мына редакцияда берілсін:
      "1) олар есепке алудың сағаттық есеп айырысу кезеңіне ауысқан және ОРЭЭ электр энергияны төлеу кезінде әмбебап үйлестірілген уақытты (ЭҮУ) алты сағатқа басып өтетін астаналық қысқы уақытқа (АҚУ) сәйкес орнатылған болуы тиіс. Астаналық жазғы уақытқа (АЖУ) ауысуға орын болмауға тиіс;
      2) санау кезеңі қысқы астаналық уақытқа сәйкес 00:00:00 сағаттардың санау нүктесімен байланысты болуы тиіс;
      3) коммерциялық есепке алу деректерінің базасын үндестіру тек қана қабылдағыш және үндестірілген радиосигнал арқылы жүргізілуі тиіс. Коммерциялық есепке алу деректерін жинаудың әрбір циклі осы тараудың тармақтарына сәйкес деректерді сақтау құрылғысымен меншікті уақытты тексеруге және қажет ретінде оны түзетуге тиіс";

      476-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "476. ЖО тексеруді, коммерциялық есепке алу кешенінің жалпы техникалық сипаттамасын бекіту, сондай-ақ нәтижелерді тестілеу мен талдау, коммерциялық есепке алу санауыштарын және өлшеу трансформаторларын тексеру мониторингін өткізуді қамтамасыз етеді. Тексеру жүргізуге ЖО өзінің агенті ретінде коммерциялық есепке алуды жүзеге асыратын кез келген ұйымдарды тарта алады";

      478-тармақтағы "және тіркелген уәкілетті органмен болуы" деген сөз алынып тасталсын;

      480-тармақтың 2)тармақшасындағы "статистикалық" деген сөз алынып тасталсын;

      482-тармақ мына мазмұндағы 3)тармақшамен толықтырылсын:
      "3) барлық өлшеу трансформаторлары электр энергияны бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесін метрологиялық аттестациялау алдында ҚР Мемстандартпен келісілген әдіспен (калибрлеу) тексеру ресіміне баруға тиісті";

      483-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "483. Деректерді сақтауға арналған барлық құрылғылар Мемстандарт пен осы ЭСП коммерциялық есепке алу бастығының талаптарына сәйкес кез-келген телімде коммерциялық пайдалануға оларды қосу алдында тексеріледі. Осы ақпарат оны коммерциялық есепке алу тізіліміне енгізу үшін Жүйелік операторға беріледі";

      485-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "485. Қондырғы орнында тексеру кезінде табылған барлық ретсіздіктер осы тараудың тармағына сәйкес тексеру жүргізетін Жүйелік операторға тез арада хабардар етілуі тиіс";

      487-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "487.Егер коммерциялық есепке алу кешенін сынау немесе тексеру осы тараудың тармағында көрсетілген қателіктер қателіктің аса көлемін көрсететін болса, ал Жүйелік оператор қателіктің қашан жіберілгенін айқындамаса, онда қателік соңғы сынаудың ойдағыдай немесе ойдағыдай тексеру уақыты мен қателікті байқау уақыт арасындағы кезеңде жіберілді деп саналады";

      490-тармақтың 3)тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "3) коммерциялық есепке алу кешендерін және коммерциялық есеп жүйесін тексеру мен техникалық қызмет көрсетуді сынау";
      4) тармақша алынып тасталсын;
      6-бөлім мен 9-тараудың атауындағы "Тәуліктік кесте жасау және" деген сөз алынып тасталсын;

      492-537-тармақтар алынып тасталсын;

      538-тармақ:
      бірінші абзацтағы "қуаттар және"деген бірінші сөз алынып тасталсын;
      1) тармақша мына редакцияда жазылсын:
      жасасалынған жедел сатып алу-сату шарты бойынша басқа ЭЖҰ-нан баламалық санын жеткізумен электр энергияны алмастыруды жүргізеді;

      539-тармақтың 3) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "3) электр энергияның тепе-теңдік рыногы арқылы нақты уақыт түзімінде электр энергияны сатуға өтінішті ЖО-ға берген электр энергиясын сатушылардан";

      540-тармақта:
      "РО" деген сөз "ЖО" деген сөзбен алмастырылсын;
      "ОРЭЭ теңгеріміндегі" деген сөз алынып тасталсын;

      543-тармақтың бірінші сөйлемі мына редакцияда жазылсын:
      "ЖО жүзеге асыратын сенімділік бағасы тораптың кескіндемесін, электр жүйесі жұмысының негізін және сенімділігін ескеруге тиіс";

      548-549, 563-565-тармақтардан "РО" деген сөз алынып тасталсын;

      566-тармақтың бірінші азатжолы:
      "Осы бөлім" деген сөз "Диспетчерлендіру" деген сөзбен алмастырылсын;
      "сұраныспен" деген сөз "электр энергияны тұтынумен" деген сөздермен алмастырылсын;

      576-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "576. Басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыстар жүргізуге арналған шарттарға сәйкес өткізу 1150 кВ-тық, 500кВ, 220 кВ-тан аса электр жеткізудің мемлекетаралық желілері бойынша тәуліктік кестесіндегі тапсырмадан мемлекетаралық сальдо-ағындардың ауытқуы кезінде ЖО берілген сальдо-ағындарға ену бойынша қажетті шараларды қабылдайды және электр энергиясының тепе-теңдік рыногының тетіктерін іске қосады";

      587-тармақта:
      2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "2) электр энергиясында туындаған тепе-теңсіздікті жою жөнінде барлық шаралар қабылдансын";
      4) тармақшадағы "ауыстырады" деген сөз "өзгерістер енгізеді" деген сөздермен алмастырылсын;

      589-тармақ мына редакцияда берілсін:
      "589. Электр энергияның өндірісінің, тұтынудың, сальдо-ағындардың тәуліктік кестесі орындалмады деп саналады:
      1) тәуліктік кестеде берілген орташасағаттық қуаттың нақты шамасынан ауытқу;
      2) тәуліктік кестеде берілген қуаттың нақты шамасы қысқа уақыт ауытқуы 5%".

      591-тармақтың 2)тармақшасы мына мазмұнда толықтырылсын:
      "2) жүйелік және жанама қызметтер нарығы";

      598-тармақ мына редакцияда берілсін:
      "598.Қазақстан БЭЖ ОДБ және аймақтық диспетчерлік орталық (АДО) арасында байланыс болмаған жағдайда Қазақстан БЭЖ ОДБ нұсқаулығына сәйкес орталықтандырылған диспетчерлік басқару ұйымы қолданылады";

      603-тармақ "тәуліктік кестелер және" деген сөз "ОРЭ ережесіне сай" деген сөздермен толықтырылсын
      603-тармақтың 2) тармақшасындағы "қуаттар" және "РО" деген сөз "электр энергиясы" және "ЖО" деген сөздермен алмастырылсын;
      "ЖО РО нұсқауларын орындайды"деген сөз алынып тасталсын;
      екінші абзацтағы 2) тармақша "ЖО" деген сөз "ЭПО" деген сөзбен алмастырылсын;
      үшінші абзацтағы "ЖО шектеуге нұсқау береді" деген сөзді "шектеулер енгізеді" деген сөздермен алмастырылсын;

      605-тармақтағы:
      "тиіс" деген сөзді "істейді" деген сөзбен алмастырылсын,
соңғы сөйлемдегі "РО" деген қысқарма сөз "ЖО" деген қысқарма сөзіне ауыстырылсын;

      607-тармақтағы "астаналық" деген сөзден кейін "бірыңғай" деген сөзбен толықтырылсын;

      11-тараудың атауындағы "қуаттылық" деген сөз "электр энергия" деген сөзбен алмастырылсын;

      634-тармақтағы "жалпы" деген сөзден кейін "иелік" деген сөзбен толықтырылсын;

      635-тармақ "ЖО" деген қысқарма сөзден кейін "уәкілетті орган бекіткен" деген сөзбен толықтырылсын;

      639-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "639. Қайталай реттеу қондырылған қуаттың толық жинағын (кемуін) 15 минутқа дейін қамтамасыз етуі тиіс."

      678-тармақта:
      1) тармақшадағы "реактивтік қуаттылықтың компенсаторлары (СКРМ)" деген сөз "синхрондық компенсаторлар (СК)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша мына редакцияда берілсін: 
      "2) өндіруші жабдық: реактивті қуатты өндіру және тұтыну, өндіруші қондырғымен реактивті қуатты өндіру, өндіруші қондырғымен трансформаторлардың анцапфын қайта қосу;";

      705-тармақтағы "БЭЖ" деген қысқарма сөзден кейін "Қазақстан" деген сөзбен толықтырылсын;

      720-тармақтың 4) тармақшасының соңындағы "аппаратурлар" деген сөз "жөндеуде тұр" деген сөзбен толықтырылсын;

      729-тармақтағы "компания" "және" деген қысқарма сөзден кейін "," деген тыныс белгісімен алмастырылсын "және тораптарды пайдаланылушылар" деген сөзбен толықтырылсын;

      734-тармақ мынандай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) жүйені пайдаланушылар";

      840-тармақ мына мазмұнда берілсін:
      "840. Барлық ірі оқыс оқиғалар жазбаша есепте баяндалуы тиіс. Болған оқиға ірі оқыс оқиғалар болып табыла ма деген талас сұрақ туындаған жағдайда шешімді ЖО қабылдайды. Осы ереже өңірлік электр тораптарын қоса алғанда, Қазақстан БЭЖ кез келген бөлігіндегі оқиғаға қолданылатын болады";
      ЭЖЕ 2-қосымшасының 1.5-тармағының 7) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "7) ОЖ өзінің Web-сайтында алдағы жылда және есеп айырысу айында алдағы жөндеулер мен тиесілі ағындар туралы ақпаратты көрсетеді;
      өзінің Web-сайтында алдағы тәулікте тораптарды жөндеу мен тиесілі ағындар туралы ақпаратты көрсетеді;
      ЖО тәулікті кестеде бақылаулық қималардағы ағындардың келісім-шарттық шамасын көрсетеді және тиесілі ағындардың өсуі жағдайында белгіленген тәртіппен тәуліктік кестені қайта қарайды";
      Электр жүйесінің ережесі мына мазмұндағы 4 және 5 қосымшалармен толықтырылсын:

Электржелілік ережеге 
4-қосымша       

      "Міндетті көлемі және "Тұтынушыны сырттан электрмен жабдықтау схемаларының" мазмұны".
      Электрмен жабдықтаудың жүйедегі жай-күйіне шолу жасау және 3 (5)-10 жылға арналған даму перспективасы.
      Тұтынушылардың электр жүктемелері және оларды жабудың көздері. Қуат пен электр энергиясының теңгерімдері (жүйедегі жай-күйі мен 3(5)-10 жылға арналған перспективасы).
      Сырттан электрмен жабдықтау схемасының негіздемесі.
      Сырттан электрмен жабдықтау схемаларының нұсқалары.
      Электр режимдері (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер).
      Жабдықтарды таңдау үшін қысқа тұйықталу токтарының деңгейлерін есептеу.
      Энергияны үнемдеу.
      РҚА-ның, АҚА-ның атқарылу қағидалары.
      Диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидалары.
      Электр энергиясын есепке алу.
      Электржелілік құрылыстың көлемдері, құрылыс құнының ірілендірілген есептері.
      Қорытындылар
      Сызбалар: Қағидалық схемалар, карталық схемалар немесе жағдаяттық жоспар, электрлік есеп-қисаптарының нәтижелері";

Электржелілік ережеге 
5-қосымша       

" Қосарлас электр жеткізу желілерінің құрылысын
салу кезіндегі техникалық шарттарды беру мен
келісудің ерекше тәртібі

      Қосарлас электр жеткізу желілерін жалғауға арналған техникалық шарттарды беру тек уәкілетті және реттеуші органдардың рұқсатымен ғана мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
      Торапты пайдаланушы жүйедегілерді қосарлайтын жаңа электр жеткізу желілерінің жорамал құрылысына қосылуға өтінім берген кезінде өзі жалғанған электржелілік компанияға хабардар етуі керек.
      Техникалық шарттарды беруге арналған өтінім міндетті түрде қосымшаға енетін мыналарды қамтуы тиіс:
      110 кВ-тық объектілер үшін - Мемэнергоқадағалау жөніндегі комитеттің аймақтық бөлімінің қорытындысы; бағаны (тарифтерді) мемлекеттік реттеу жөніндегі аумақтық органдардың шешімі;
      220 кВ-тық және жоғары объектілер үшін - Мемэнергоқадағалау жөніндегі комитеттің қорытындысы;
      Осы қосымшаның 1, 2-тармақтарының талаптарына сәйкес техникалық шарттарды беруге арналған өтінімді Жүйелік операторға торапты пайдаланушы электржелілік компания тапсыруы тиіс, ол 20 күндік мерзімде қарайды да өзінің қорытындыларымен уәкілетті және реттеуші органға тапсырады.
      Алынған құжаттарды (техникалық шарттарды беруге арналған өтінім мен ЖО қорытындысы) бір ай мерзімі ішінде уәкілетті және реттеуші органдар қарайды да олардың қабылдаған шешімі Жүйелік операторға жіберіледі.
      Қосарлас электр жеткізу желілерінің құрылыс мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың шешімін алу кезінде Жүйелік оператор қабылданған шешім туралы электр торабын пайдаланушы мен электржелілік компанияға 10 күн мерзімі ішінде хабардар етуі тиіс".
      2. Осы бұйрық өз күшіне мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап енеді.

      Министр