Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2010.10.01 № 61 бұйрығымен.
Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жақсарту мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармақшасын басшылыққа алып, Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 21.11.2002 жылғы N 60 "Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" (Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2065 нөмірімен тіркелген, "Заң газеті" басылымының 53 нөмірінде және "Юридическая газета" басылымының 52 нөмірінде 2002 жылдың 25 желтоқсанында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген "Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" нұсқаулығына:
3 тармақ мынадай редакцияда 6 тармақшамен толықтырылсын:
"6) кәмелетке толмағандар туралы заңдылықтың қолданылуына.";
4 тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас Прокурордың немесе жетекшілік ететін орынбасарларының тікелей тапсырмаларынсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердің азаматтық-құқықтық дауларына прокуратура органдарының араласуына және азаматтардың мүддесінде негізсіз талаптар беруге жол берілмесін.";
42-тармақта "сақталуына тиісті қадағалау" деген сөздер "қолданылуына тиісті қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
44-тармақта "қолданылуы тексерілсін" деген сөздер "қолданылуына жыл сайын талдау жасалсын" деген сөздермен ауыстырылсын, "Жылына кемінде бір мәрте" деген сөздер алынып тасталсын;
49-тармақ алынып тасталсын;
50-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы төлемдерінің толық және дер кезінде төленуі жөнінде салық органдары бақылау жүргізгенде заңдылықтың жағдайына жыл сайын талдау жасалсын.";
51-тармақтың бірінші бөлігінде "салық төлеушілер" деген сөздер "міндетті зейнетақы төлемдерінің төленуі жөніндегі агенттер (одан ары - агент)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай редакцияда 52-1-тармақпен толықтырылсын:
"52-1. Міндетті зейнетақы төлемдерін дер кезінде төлемеуіне және қызмет көрсететін банкке, салық органдарының инкассалық өкімдері бойынша берешек банктің пайдасына өндіріледі, жинақтаушы зейнетақы қорлар салымшыларының тізімдерін бермеуіне байланысты агенттің банктік есепшотындағы шығыс операцияларын тоқтату (қысқарту) туралы салық органдарының өкімдерін санкциялау мәселесін шешу кезінде міндетті зейнетақы төлемдері бойынша берешек екенін растайтын құжаттар талап етілсін.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Жарты жылда кемінде бір мәрте салық және кеден органдары банктік есепшоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдерді және мүлікке иелік етуді шектеу туралы шешімдерді бұзудың заңдылығына тексеріс жүргізілсін.";
3-тармақша 58-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Клиенттердің есепшоттарындағы ақша қаражаты және оның қозғалысы туралы мәліметтерге қол жеткізуді санкциялауға, сондай-ақ банк клиенттерінің есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы өкімдер ұйғаруға осы клиент салық есебінде тұратын қадағалауға бағынышты аумақтың прокуроры құқықты. Қажет болған жағдайда клиент салық есебінде тұратын қадағалауға бағынышты аумақтың прокурорын міндетті түрде хабардар етіп, тиісті банк немесе оның филиалы, не санкция сұраған орган қадағалауға бағынышты аумақта орналасқан аумақтың прокуроры ғана мұндай санкцияларды беруі мүмкін.";
73-тармақтағы "ай сайын құқықтық статистика" деген сөздер "тоқсанына бір рет арнайы есепке алу және құқықтық статистика саласындағы өкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
76-тармақтың 2)-тармақшасы "құбыр" деген сөз "(суағардан басқа)" деген сөзбен толықтырылсын;
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, діни нанымға бостандық және діни бірлестіктер туралы заңнамалардың қолданылуын қадағалау жөніндегі жұмыстың нәтижелері тоқсанына кемінде бір мәрте қорытындыланып жинақталсын.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Мемлекеттік органдарды тексеру кезінде олардың кадр қызметі және қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларда белгіленген арнайы талаптардың және қаржы бақылау шараларының орындалуына назар аударылсын.";
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. Бас прокуратураның Деректер жиынтығына прокурорлық қадағалау актілері мен оларға жауаптарының көшірмелерін жүйелі түрде және дер кезінде ұсыну қамтамасыз етілсін.".
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаменті (Кравченко А.Н.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрық Бас әскери прокурорға, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың назарына жеткізілсін.
4. Бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап өз күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры