Зертханалық сорттық сынау жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 455 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3085

Қолданыстағы

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 13 қазандағы N 248-р өкіміне сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Зертханалық сорттық сынау жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

"Зертханалық сорттық сынау    
жүргізу ережесін бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрінің   
2004 жылғы 23 тамыздағы      
N 455 бұйрығымен бекітілген   

  Зертханалық сорттық сынау жүргізу
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зертханалық сорттық сынау жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) тұқым партиясынан алынған сынамаларға зертханалық талдау жүргізу арқылы тұқымның белгілі бір сортқа жататынын анықтау және тұқымның сорттық тазалығын айқындау тәртібі мен шарттарын регламенттейді.

      2. Зертханалық сорттық сынауға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының соңынан сатуға арналған элиталық тұқымдары мен бірінші көбейтілген тұқымдары жатады.

      3. Зертханалық сорттық сынауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Мемкомиссия) жүргізеді.

  2. Зертханалық сорттық сынау жүргізу

      4. Ауыл шаруашылығы өсімдігінің әр түрі мен сорты бойынша сатуға арналған тұқымды зертханалық сорттық сынау:
      үш жылда бір рет - элиталық тұқымдар үшін;
      бес жылда бір рет - бірінші көбейтілген тұқымдар үшін жүргізіледі.

      5. Тұқымды зертханалық сорттық сынауды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аттестатталған элиталық тұқым өндіруші шаруашылықтар және (немесе) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілер Мемкомиссияға мына құжаттар мен мәліметтерді (тұқым партиясынан алынған сынамалар):
      1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы зертханалық сорттық сынауды жүргізуге өтінішті;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) сорттық егістіктерді тексеру актісінің және тұқымның сапасы туралы куәліктің көшірмелерін;
      4) тұқым сынамалары мемлекеттік стандартымен жіберуді сәйкес іріктелген.

      6. Мемкомиссия элиталық тұқым өндіруші шаруашылықтан және (немесе) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушіден зертханалық сорттық сынауды жүргізуге өтініш түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде тапсырылған құжаттар мен мәліметтерді зерделейді және осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтердің барлығы болған жағдайда 12043-88 "Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары. Түпнұсқалығын айқындау әдістері" МЕМСТке сәйкес зертханалық талдау жүргізеді.

      7. Зертханалық сорттық сынаудың мәліметтері негізінде Мемкомиссия элиталық тұқым өндіруші шаруашылыққа және (немесе) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушіге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы тұқымды талдау нәтижесін береді.

                                     "Зертханалық сорттық сынау
                                    жүргізу ережесін бекіту туралы" 
                                       Қазақстан Республикасы      
                                    Ауыл шаруашылығы министрінің   
                                        2004 жылғы 23 тамыздағы
                                      N 455 бұйрығымен бекітілген
                                       Зертханалық сорттық сынау
                                      жүргізу ережесіне 1-қосымша   

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл
шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік
комиссиясына _____________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

                             Өтініш

      Зертханалық талдау жүргізуді және __________________________
__________________________________________________________________
   (ауыл шаруашылығы өсімдігі, сорты, түршесі, репродукциясы)
тұқымының көрсетілген сортқа жататынын анықтап, оның сорттық тазалығын айқындауды сұраймын.
      Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
      1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе жеке
тұлғаның жеке куәлігі ____________________________________________
__________________________________________________________________
                (тіркеу нөмірі, кім және қашан берді)
      2. Мекен-жайы: _____________________________________________
__________________________________________________________________
      (индексі, облысы, ауданы, елді мекен, көшесі, үйдің нөмірі,
                             телефоны, факсы)
      3. Қоса беріліп отырған:
      құжаттар ___________________________________________________
                 (Зертханалық сорттық сынау жүргізу ережесінің
                              5-тармағына сәйкес)
      тұқым сынамалары ___ дана, әрбірінің салмағы ____ килограмм.

      Басшы ______________________________________________________
                     (қолы, мөрі, тегі, аты, әкесінің аты)

      200__ жылғы _____________
                   (күні, айы)

      Өтініш қарастыруға 200__ жылғы _____________ қабылданды
                                      (күні, айы)
__________________________________________________________________
         (өтініш қабылдаған жауапты тұлғаның фамилиясы, аты,
                         әкесінің аты, қолы)

                                      "Зертханалық сорттық сынау
                                     жүргізу ережесін бекіту туралы"
                                        Қазақстан Республикасы
                                     Ауыл шаруашылығы министрінің
                                        2004 жылғы 23 тамыздағы
                                       N 455 бұйрығымен бекітілген
                                        Зертханалық сорттық сынау
                                       жүргізу ережесіне 2-қосымша

                   N ____ тұқымды зертханалық
                     сорттық сынау нәтижесі

                        200__ жылғы ____________
                                     (күні, айы)

200__ жылғы __________________ өтініш бойынша зертханалық талдауға
               (күні, айы)
тапсырылған, ____________________________________________ алынған,
________________________ репродукциялы, ____________ жылғы егіннің
__________________________________________________________________
           (ауыл шаруашылығы өсімдігі, сорты, түршесі)
тұқымының N ____ партиясына ______________________________________
                                 (заңды тұлғаның толық атауы,
__________________________________________________________берілді.
        жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

талдау нәтижелері

Тұқымның түпнұсқалығы ____________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қорытындылар мен ұсыныстар _______________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      Ауыл шаруашылығы дақылдарын
      сорттық сынау жөніндегі
      мемлекеттік комиссиясы
      зертханасының директоры ____________________________________
                              (қолы, мөрі, тегі, аты, әкесінің аты)