Санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 18 тамыздағы N 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3074

Жаңартылған

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Жүзу бассейндерін ұстап-күтуге, пайдалануға және суының сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
      2) "Әйелдердің еңбек ету жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
      3) "Шаштараздарды, косметикалық кабинеттерді, сұлулық салондары мен орталықтарын ұстап-күтуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы

"Санитарлық-эпидемиологиялық ереже 
мен нормаларды бекіту туралы"   
Қазақстан Республикасы        
Денсаулық сақтау министрдің     
міндетін атқарушының        
2004 жылғы 18 тамыздағы       
N 632 бұйрығымен бекітілген    

  "Жүзу бассейндерін ұстап-күтуге, пайдалануға және суының сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар        1. Жалпы ережелер

      1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) салынып, құрылысы қайтадан жаңғыртылып жатқан және жұмыс істеп тұрған спорттық-сауықтыру жүзу бассейндеріне меншік түріне қарамастан қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғаларға арналған; бұлардың санатына мектептегі, мектеп жасына дейінгі ұйымдарға және моншаға қарасты бассейндер де жатады; 1 жасқа дейінгі балаларға арналған ("Малютка") және теңіз суы бар бассейндер.

      2. Осы санитарлық ереже талаптарының сақталуын ұйымдардың басшылары және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

      3. Осы санитарлық ережелер емдеу шараларын жүргізетін және кеме жүзетін бассейндерге таралмайды.

      4. Осы санитарлық ережені әзірлеу кезінде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
 

      1) бассейн - жүзуге арналған жасанды су айдыны;
 

      2) жүзіп шығу орны - себезгі бөлмесінен бассейн ваннасына дейін жүзіп баратын су толтырылған канал;
 

      3) қызыл сызық - құрылыс аумағын магистралдық, өтпелі жолдардан, көшелерден бөліп тұратын шартты белгі;
 

      4) айналма жолдар - бассейн ваннасының жағалауындағы жолдар;
 

      5) су айдынының мөлшері - шаршы метрмен берілген бассейндегі су бетінің көлемі;
 

      6) шығын өлшегіш - су шығынын өлшейтін құрал;
 

      7) суды қайтадан пайдалану - пайдаланылған суды тазалаудан және зарарсыздандырудан өткізіп, суды су шығынын толтыру үшін оны таза суға қосып, көп рет қайта пайдалану.

  2. Жүзу бассейндерін орналасуына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      5. Жүзу бассейндерінің құрылысын жобалағанда немесе қайта жаңартқанда бассейн салынатын таңдалынатын жер учаскесі санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілуі тиіс.

      6. Бассейндерді жеке тұрған ғимараттарға орналастыруға немесе қоғамдық ғимараттарға жапсарлай салуға болады. Тұрғын үйлердің ішінде бассейндерді орналастыруға болмайды.

      7. Ашық бассейндермен аквапарктерді орналастырғанда оған арналған учаскелер жан жағынан қоршалып оның аумағының 35 пайызы биіктеп өспейтін ағаштар және бұталармен көгалдандырылуы керек. Желден, шаңнан қорғау үшін учаскенің периметрі бойынша жергілікті мәні бар жолдан ені 5 метр (бұдан әрі - м) ал магистралды жолдардан ені 20 м болатындай етіп, биіктеп өспейтін ағаштар және бұталармен көгалдандырылуы керек.
      Ашық бассейндер мен аквапарктердің ваннасы мен қызыл белдеу арасы 15 м кем болмауы керек; ауруханалардан, балалар, мектеп және мектеп жасына дейінгі ұйымдардан, үй-жайлардан, автотұрақтардан алыстығы 100 м кем болмауы керек.

      8. Бассейндердің түрлері мен көлеміне және пайдалану бағытына қарай анықталатын жүктемесі, осы ережеге 1-ші қосымшаға сай болуы керек.

      9. Бассейннің негізгі үй жайларын (киім ілгіш, шешінетін орын, себезгі бөлмесі, аяқ ванналары, бассейн ваннасы) бір-біріне кедергі жасамайтындай етіліп орналасуы керек. Бассейн ваннасына тек аяқ ваннасы арқылы ғана келу керек.

  3. Жүзу бассейндерінің үй-жайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      10. Жүзу бассейндерінің құрамында мынандай үй-жайлар қарастырылуы қажет: кіре беріс, киім ілетін орын, әйелдер мен еркектер шешінетін орын, себезгі бөлмелері, тазалық жүйесіне арналған орындар, жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайлар, нұсқаушылар мен тренерлерге арналған бөлмелер, спорттық құрал-жабдықтарын сақтауға, жинау, жуу, зарарсыздандырғыш заттарды сақтауға арналған, әкімшілікке, медицина қызметкерлеріне арналған үй-жайларды, айналма жолы бар суға тексеріс жасауға арналған өндірістік зертхананы.

      11. Барлық үй-жайлардың көлемі қолданыста жүрген құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сай болуы керек. Шешіну орындарындағы скамейкалар 1 адамға 0,6 м деген есеппен алу керек. Жеке адамдардың киімін сақтау үшін жабық шкафтар қарастырылуы керек.

      12. Аяқ жууға арналған орындар 20 орынға 1 жуатын орын, есебінен қарастырылады, дәретханалар шешінетін жерде орналасып: ауысым кезінде әйелдер жағында 30 адамға 1 унитаз, ал ерлер жағында 50 адамға 1 кіші дәретке арналған орын және 1 унитаз қарастырылуы керек.

      13. Себезгі бөлмесін бассейн ваннасына өтетін жолда қарастырып, шешінетін орыннан бұрма жолда орналастыру керек; себезгіні 3 адамға 1 себезгі торы есеппен орналастыру керек.

      14. Шешінетін орындарда немесе олармен жапсарлас бөлмелерде ауысым барысында әйелдер үшін 10 орынға 1 құрал және ерлер үшін 20 орынға 1 құрал есебінен шаш кептіретін құрал (фендер) қарастырылады.

      15. Қойылатын және зарарсыздандыратын ерітінділерді дайындауға арналған үй жайлардың үстіне дәретханалар мен себезгіні орналастыруға болмайды.

      16. Себезгі бөлмесінен бассейн ваннасына барар жолда оны айналып (немесе аттап) кете алмайтындай ағынды суы бар аяқ шаятын ванналар болуы керек: олардың ені өткелдің бүкіл ұзындығына созылып, жүру бағыты бойынша кем дегенде - 1,8 м созылып; аяқ шаятын ваннаның тереңдігі 0,1-0,15м болып, түбінде тайғанамайтындай бұжыр бет болуы керек.
      Себезгі бөлмесінен бассейннің айналма жолына шыққанда аяқ ванналарының болмауына рұқсат етіледі.

      17. Жыл бойына жұмыс істейтін ашық бассейндерде себезгі бөлмесінен жүзіп шығатын орын бассейннің ұзын қабырғасы және саяз жағынан қарастырылуы керек. Жүзіп шығатын орынның ені 1,8 м-2,2 м, ал тереңдігі ересектер үшін - 0,9 м-1,0 м және балалар үшін 0,6м-0,7 м болуы керек.

      18. Ашық бассейндерде жүзіп шығатын орындардың төбесі үй-жайды суық ауадан қорғайтын жапқышпен жабылуы керек. Жапқыштың төменгі жиегі суық ауа өткізбейтін эластикалық материалдармен көмкеріліп, ол 10-15 см суға батып тұруы керек. Жүзіп шығатын орындар тамбур түрінде жасалып, себезгі бөлмесінен су келмейтіндей болып қорғалуы керек.

      19. Жабық бассейн ванналарының шеттерінде ені 1,5 м кем болмайтын бұрма жолдар қарастырылып, ол жерде 3 м кем болмайтын спорт тумбалары болуы керек. Бұрма жолдардың бойында ені кем дегенде 0,3 м болатын тұрақты орындықтар. Бұрма жолдар мен орындықтар жылытылуы керек. Бұрма жолдардың беті тайғанамайтындай болып, траптарға қарай 0,01 - 0,02 еңіс болуы керек.

      20. Осы санитарлық ережеге 1 қосымшада көрсетілген спорт бассейндерінен басқа бассейндер ваннасының өлшемі 1 адамға арналған су айнасының ауданына қойылатын мынадай нормативті талаптардың орындалуына қарай өзгере алады: ересектер үшін кем дегенде - 2,0 м 2 ; балалар үшін кем дегенде - 4,0 м 2 ; моншалар мен сауналардың салқындататын бассейндерінде кем дегенде - 2,0 м 2 ; 1 жасқа дейінгі балалар үшін (бассейн "Малютка") су айнасының көлемі 1 балаға 1,0 м 2 кем болатын ванналарды пайдалануға болады егер әрбір сеанстан кейін суы ауыстырылып отырған жағдайда.

      21. Судың ластанған жоғарғы қабатын ағызуға және жүзу кезінде пайда болатын толқындарды болдырмау үшін ваннаның қабырғаларында 2 түрлі: су бетінің және бұрма жолдардың жиегінде және су бетінен көтеріліп тұратын жиектері бар су төгілетін науалар (көбік астаулары) қарастырылуы керек.

      22. Айналма жолдардың бетін жабатын, ваннаның қабырғалары мен түбі реагенттермен зарарсыздандырғыш заттарды пайдаланғанда бүлінбейтін арнайы қаптағыш тақтайшалармен қапталуы керек. Қаптағыш тақтайшалардың арасындағы сызықтар су өткізбейтіндей етіп мұқият жабылуы керек. Себезгі бөлмелері мен киім ілгіштерде ағаштан жасалған жолдарды пайдалануға болмайды.
      Реагенттер мен зарарсыздандырғыш заттар, конструкциялық және әрлейтін материалдарға белгілі тәртіппен берілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болғанда ғана оларды пайдалануға болады. Бассейнді пайдалану барысында оның суындағы, ауасындағы химиялық заттардың қалдық мөлшері гигиеналық нормативтерден аспауы керек.

      23. Теңіз суымен толтырылатын бассейндерге су алатын орындар таңдағанда, ол учаскедегі судың санитарлық жағдайы мен сапасына көңіл бөліп, ол ластану көздерінен - жауын-шашыннан кейінгі ағынды сулар, порттардан, кеме тоқтайтын жерлерден ластанған су түспейтіндей тыс жерде орналасуы керек. Су алатын жердің бастауы теңіз түбінен 2 м биіктікте болып, теңіз суы орта қабаттан алынуы керек.

      24. "Малютка" бассейндеріндегі айналма жолдар ванна қабырғасының жоғарғы жағынан 0,9-1,0 м төмен (судағы балаларын ата-аналары еденде тұрып ұстап тұру үшін) орналасуы керек.

  4. Сумен қамтамасыз етуге және канализациялауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      25. Бассейндердің орталықтандырылған сумен қамту көздері және канализация жүйесі болуы керек. Бассейнге келіп түсетін судың сапасы қолданыстағы стандартқа сай болуы керек.

      26. Мезгілдік бассейндерде су құбырымен келетін су болмаған жағдайда Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімімен, күн сайын ауыстырылып отырылатын жер беті немесе жер асты суларын пайдалануға болады. Мұндай су көздерінен су алатын орындарда теңіз суларының сапасы, суды қолданатын орындардағы теңіз және басқа да ашық су айдындарындағы судың сапасы туралы қолданылып жүрген нормативті құжаттардың талаптарына сай болуы керек.

      27. Теңіз суы құйылатын бассейндердің суды алу орындарына ластанған су көздеріне - жауын және ағын сулардың ағыны, өзендердің ысырынды сулары, порттар мен жағалаулардан, жағажайлардан ластанған сулар түспеуі керек. Су алатын орынның басы түбінен кем дегенде 2 м биікте болып, теңіз суының ортаңғы қабатынан алынуы керек.

      28. Бассейн ванналардағы су ауысымын қамтамасыз ететін жүйелермен жабдықталуы керек. Су ауыстырудың жүйесі пайдаланған суды қайта және ағынды суды пайдаланатындай етіп, не кезеңді түрде ауыстырылып отырылуы керек. Теңіз суымен толтырылатын бассейндерде суды тазалау жүйесінен өткізіп, қайтадан пайдалануға болмайды.

      29. Спорттық-сауықтыру бассейндерінде суды қайтадан пайдалану арқылы ауыстырып, ал шағын бассейндерде (ваннаның көлемі 70 м аспайды) - суды үздіксіз ағызу арқылы пайдаланылады.

      30. Суды қайта пайдалану үшін суды ауыстырарда оны тазалау, зарарсыздандырудан өткізіп, бассейн жұмыс істейтін әрбір 8 сағат сайын су құбырының таза суынан кем судың 10% үздіксіз қосып отыру керек.

      31. Шағын бассейндерде (сауықтыру, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардағы, 1 жасқа дейінгі балалар, монша кешендеріндегі, сауналардағы) су ауысымы балаларға арналған бассейндерде әрбір 8 сағат сайын, ал бақшаларында әрбір 12 сағат сайын суды үздіксіз ағыза отырып ванналардағы суды толық ауыстыру керек.
      Суды үздіксіз ағызып отыру мүмкіндігі болмаған жағдайда мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың жергілікті органдарының келісімі бойынша ванналардағы су күнделікті және "Малютка" бассейндерінде әрбір сеанстан кейін (қосымша зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізбей-ақ) ауыстырылуы керек.

      32. Ванналар су өлшегіш құралдарымен жабдықталуы керек. Олар ваннаға келіп түскен суды, қайта тазалауға жіберілген суды, қосылатын таза суды өлшеулері керек және суды тексеріске алу үшін шүмектермен жабдықталуы керек.

      33. Суды тазалау технологиясы сыртқы желілер мен су құбырының құрылғыларын жобалау кезінде ҚНжЕ-нің талаптарына сай болуы керек.

      34. Жүзу басейндерінің ванналарына берілетін су зарарсыздандырылуы керек. Суды залалсыздандыру үшін хлорлау, бромдау, озондау, кем дегенде 16 мДж/см дозалы ультракүлгін сәулелендіру әдістерін қолданады.

      35. Су үздіксіз түсетін бассейндердегі суды зарарсыздандыру үшін физикалық әдіс - ультракүлгін сәуле қолданылады (ультракүлгін сәуле - бұдан әрі - УС).

      36. Бассейндерді пайдалану барысында ванналарындағы суға қойылатын талаптар осы санитарлық ережеге 2 қосымшасында көрсетілген талаптарға сай болуы керек.

      37. Тазалау зарарсыздандыру және суды бөлу үшін қолданылатын қондырғыларды негізгі немесе жеке тұрған ғимараттарда орналастыру керек. Әрбір ваннаның су дайындайтын өз жүйесі болуы керек. Суды зарарсыздандыру халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саласындағы тұрақтылықты бақылайтын өкілетті орган бекіткен тәртіппен, рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттар арқылы жүргізіледі.

      38. Зарарсыздандырғыш дәрмектерді сақтайтын қоймалар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сай болып, көлемі және әрлену жағынан бір айлық қор сақталатындай болып, сорып-шығаратын механикалық желдеткішпен жабдықталуы керек.

      39. Сүзгілерді тазалау сүзгінің үлгісіне берілген техникалық құжаттарға, қолданыстағы ҚНжЕ-ге сай жүргізілуі керек.

      40. Ванналарға су беру жүйесі температураны, және зарарсыздандырғыш заттардың қанықпа деңгейін тұрақты ұстау үшін барлық жерде бірдей болуы керек.

      41. Су ваннасының түбіндегі терең және таяз бөлігінде орналасқан жерлерінен төгілетін су астаушалар немесе тесіктер арқылы қайта тазалауға жіберілуі керек. Аузы тормен жабылған су ағызатын тесіктердегі су қозғалысының есепті жылдамдығы 0,4-0,5 м/сек болуы керек.

      42. Су ағынды жүйемен келгенде зарарсыздандырғыш зат құбырға келетін жерде қосылады, ал суды қайта пайдаланғанда тор көзді сүзгілердің алдынан, үздіксіз су ағынымен толтырғанда - судың ваннаға құйылар тұсынан беріледі. Озон немесе УК-сәуле арқылы зарарсыздандыру су сүзгіден өткеннен кейін жүргізіледі. Реагенттің жұмысшы дозасының қанықпасын осы санитарлық ережеге 2 қосымшаға сай бір қалыпта ұстау сынама алу арқылы есептеліп, жүргізіледі.

      43. Озондаушы қондырғы озон-ауа қоспасынан озонды кетіруге арналған дегазатырмен жабдықталып, озонның сумен жанасуын жақсартатын араластыру камерасы болуы керек.

      44. Келушілер бассейнде 2 сағат және одан да көп уақыт болмаған кезде ванналардағы судың зарарсыздандырғыш заттарының қанықпасында: 1,0 мг/л - еркін хлор, 0,5 мг/л озон болуы керек. Келушілерді қабылдай бастағанда көрсетілген реагенттердің қалған мөлшері осы санитарлық ережеге 2 қосымшада берілген деңгейден асып кетпеуі керек.

      45. Бассейн ванналары артық суды шығаратын ернеуге дейін толтырылуы керек, егер осы деңгейге дейін толтырылмаса оны пайдалануға болмайды.

      46. Спорттық жарыс үшін пайдаланатын су жолының ені 2,5 метр болып, ал сауықтыру үшін пайдаланғанда ені 1,6 кем болмауы керек. Шеткі жүзу жолдары мен бассейн қабырғасының арасында жоғары да көрсетілген жағдайлардың біріншісінде 0,5м, ал екіншісінде 0,25м бос су жолағы болуы керек.
      Су жолақтарының жүктемесін осы санитарлық ережеге 1-ші қосымшада көрсетілген жүзу бассейндерінің жіберу мүмкіндіктеріне (ауысымдағы адамдар саны) талаптарына, 1 адамға арналған су айдынының мөлшеріне қарай анықталады.

      47. Бассейн ванналарындағы ластанған суларды, ернеуден асқан, бұрма жолдардағы суларды тұрмыстық және жаңбыр суларын ағызатын канализация арқылы шығарылады. Орталықтандырылған канализация жүйесі болмаса мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімінен кейін олардан шыққан суды жергілікті тазалау құрылымдарына болмас ашық су айдындарына құюға болады.

      48. "Ылғалды тәртіппен" жұмыс атқаратын үй-жайдағы сулар ағып кетуі үшін еңістігі 0,01 градусты құрайтын диаметрі 50-100мм құбырды пайдалану керек.

      49. Бассейндерді судан босатқанда, егер олардың сыйымдылығы 600м 3 немесе одан аз болса 12 сағ. ішінде, ал көлемі 600 м 3 үлкен болса, оның судан босатылу мерзімі 24 сағ. аспауы керек.

      50. Егер ванналардың түбі канализация жүйесінен төмен болса, ваннаны судан босату насос арқылы жүргізіледі.

      51. Бассейн ваннасы канализация жүйесімен жалғастырылса, канализация жүйесіндегі су ваннаға түспейтіндей шараларды қарастыру керек.

  5. Жылу беру мен желдету жүйелеріне және ықшам климатқа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      52. Жүзу бассейндерінің үй-жайларындағы жылу беру, желдету, ауаны салқындату, осы санитарлық ережеге 3-ші қосымшада көрсетілген талаптарға сай болуы керек.

      53. Жылыту жүйесінің жылытқыш құралдары сыртқы қабырға жақтағы терезе астында орналасуы керек. Жаттығу жұмыстары жүргізілетін залдардағы жылыту жүйесінің құралдары мен құбырлары қабырғадан шығып тұрмайтындай етіліп, жуу және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге оңтайлы жабылып, еденнен 2,0м биіктікте орналасуы керек.

      54. Сыртқы ауаның температурасы -20С-дан төмен болатын жерлерде орналасқан жүзу бассейндерінің кіре берісінде жылы ауа пердесі болуы керек. Жылы ауа пердесінің орнына кіре берісте бірінен соң бірі ашылатын үш есікті қолдануға болады.

      55. Жүзу бассейндерінің ваннасы орналасқан залдарға хлорлаушы, озондаушы үй-жайларға жеке-жеке сорып алып шығаратын желдеткіштерді қарастыру керек. Желдету жүйесі және хлорлаушы, озондаушы бөлмелеріндегі желдеткішті іске қосатын басқару жүйесі сыртта орналасуы керек.

      56. Жүзу бассейндерін пайдалану барысында судағы ауадағы химиялық зиянды заттардың қалдығы гигиеналық нормативтерден жоғары болмауы керек.
      Жүзушілердің дем алатын аумағындағы бос хлордың қанықпа мөлшері 0,1мг/м 3 , озонның мөлшері 0,16 мг/м 3 аспауы керек.

      57. Су айдынының бетіндегі ең төменгі жарықтану деңгейі 100 лк кем болмауы керек; суға секіруге арналған бассейндерде жарық 150 лк құрауы керек; ал су добын ойнауға арналған бассейнде жарық 200 лк-ті құрауы керек. Барлық бассейндерде жұмыс орындарын жарықтандырудан басқа су бетінде кем дегенде 5 лк жарық беретін, апат орын алған жағдайға арналған автономды жарық көзі қарастырылуы керек.

      58. Жүзу бассейндеріндегі шудың деңгейі 60 дбА аспауы керек. Ал жүзу сабақтарын өткізгенде, жарыс кезінде тиісінше шудың деңгейі мынандай болуы керек: 82 дбА 110 дбА.

  6. Үй-жайлар мен ванналарды жинауға және зарарсыздандыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      59. Ағымдағы жинап-тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізгенде зарарсыздандырғыш заттардың әсер ететін уақытына байланысты және жинап-тазалау жұмыстарын жүргізуге керекті уақыттың ұзақтылығына байланысты интервал сақталуы керек. Жинап-тазалау құралдарына белгі салынып, сол белгіге байланысты пайдаланылып, жеке үй-жайларда сақталуы керек.

      60. Күн сайын жұмыс күнінің соңында және ауысым аралығында дәретханаларды, себезгі бөлмелерін, шешінетін орындарды, бұрма жолдарды, скамейкаларды, есік тұтқаларын тазалап және зарарсыздандырып отыру керек. Жинап-тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарының кестесін әкімшілік бекітеді. Күрделі жинап-тазалау жұмыстарына ішіне мыналар кіретін: керек болғанда жөндеуден өткізіп және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, бассейн ванналарынан суды толық ағызып, санитарлық өңдеуден, механикалық жолмен тазалаудан өткізуді кем дегенде айына бір рет жүргізу керек. Дезинсекция және дератизация жұмыстары, осы жұмысты жүргізуге лицензиясы бар ұйымдар арқылы ғана жүргізіледі.

      61. Үй-жайларды, құрал-жабдықтарды, жинап-тазалауға керекті заттарды зарарсыздандыруға халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өкілетті орган тіркеген зарарсыздандырғыш заттар (заттарды қолдануға керекті нұсқаулар мен әдістемелік ұсыныстар бар болғанда) қолданылады.

      62. Ванналарды зарарсыздандыру су ағызғаннан кейін, механикалық жолмен зарарсыздандырғыш затты 2 рет бүрку арқылы 0,6-0,8 л/м 2 есеппен жүргізіледі. Ваннадан зарарсыздандырғыш заттардың ерітіндісін ыстық сумен шаю арқылы кетіреді. Бассейн ваннасында көк іріңді таяқша табылған жағдайда, ванналар мынандай дәрмектермен зарарсыздандырылады: 6% сутегінің асқынтотығының және 0,056 пайызды пресепт, 0,05 пайызды септокаль, 5 пайызды септабиктің, 1 пайызды дезапревтің ерітінділерін немесе белгіленген тәртіп бойынша рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттардың бірін қолданады. Бассейн ваннасын зарарсыздандыру жұмысы арнайы үйретілген маман арқылы жүргізілуі керек.

      63. Ванна қабырғалары көгермеуі үшін және тазалауды оңайлату үшін суға тотияйн ерітіндісін (1,0-5,0 мг/л мыс сульфатын) немесе Қазақстан Республикасында белгілі тәртіппен рұқсат етілген басқа да реагенттерді қосу керек.

  7. Жүзу бассейндеріндегі суға жасалатын өндірістік зертханалық бақылау

      64. Жүзу бассейндеріндегі судың сапасына жасалынатын өндірістік зертханалық бақылауды бассейннің өндірістік зертханасы жүргізеді немесе осы санитарлық ережеге 2-ші қосымшада көрсетілген көрсеткіштердің және сынамалардың алынатын санына қарай аккредитациясы бар кез-келген зертхана мынадай жиілікте жүргізіледі:
      1) негізгі микробиологиялық көрсеткіштер (колиформды бактерияларға, ыстыққа төзімді колиформды бактерияларға, колфактарға және лецетиназаон стафилакокктарға) бойынша, судың сапасын жақсартуға бағытталған аммиак азотын, хлоридтерді және қалдық реагенттердің құрамын анықтау 10 күнде 1 рет жүргізеді;
      2) сезім органдары арқылы (судың мөлдірлігін, түсін, иісін) тексеріс жүргізу - тәулігіне 2 рет күндіз және кешке;
      3) зарарсыздандыратын реагенттердің (хлор, бром, озон) қалдығын, судың және ауаның температурасын анықтау - бассейн жұмысы басталарда, одан соң 2 сағат сайын 1 рет.
      Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттік органдардың жазбаша өкімі бойынша су сынамасын алудың жиілігі, оған керекті көрсеткіштер тізімі бассейн түріне және пайдалану жағдайына қарай өзгеріліп отырады.

      65. Су сынамаларын екі нүктеден алады: су бетінен 25-30 см тереңдіктен, саяз және терең жақтарынан.

      66. Өндірістік зертханалық бақылау жүргізу барысында тексерістердің қорытындысы жарамсыз болса, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық мемлекеттік органдары хабарланады. Қайтадан тексерістер жүргізіліп, керек болғанда қосымша микробиологиялық, паразитологиялық тексерістер жүргізіліп, күрделі жинап-тазалау жұмыстары жүргізіледі немесе бассейн жабылады.

"Жүзу бассейндерін ұстап-     
күтуге, пайдалануға және суының   
сапасына қойылатын санитарлық    
-эпидемиологиялық талаптар"     
санитарлық-эпидемиологиялық     
ереже мен нормаларына 1 қосымша   

Бассейндердің мөлшері мен өткізгіш қабілеті

___________________________________________________________________
Бассейндердің  |    Бассейн ваннасының    |Өткізгіш   |1 адамға
түрлері (бағыты)|           мөлшері        |қабілеті   |шаққандағы
                |__________________________|(ауысымдағы|су айнасы.
                |ұзын.| Ені  |Тереңдігі (м)|адам саны) |ның көлемі
                |дығы |______|_____________|           |    м 2
                | (м) | (м)  |Саяз|терең   |           |
                |     |      |же. |жерін.  |           |
                |     |      |рін.|дегі    |           |
                |     |      |дегі|        |           |
___________________________________________________________________
Спорттық           50  21-25  түбінің еңісі  96-120    10,4-10,9
                                   кем
                   25  8,5-16 дегенде 0,01   24-48     8,3-8,8
Сауықтыру          50  21-25  1,2    1,8     120-160   8-7,9
                   25  8,5-16 1,2    1,8     40-64     5,3-6,3
                 16-15 6,0-   1,2    1,45    18-48     5,7-5,3
                       11,0
___________________________________________________________________
Балаларға арналған:
___________________________________________________________________
1) 14 жастан      10-    6    0,9    1,25       15        4-5
жоғарғы           12,5
2) 10-14 жас      10-    6    0,8    1,05       15        4-5
                  12,5
3) 7-10 жас       10-    6    0,6    0,85       15        4-5
                  12,5
4) 4-7 жас        10-    6    0,7    0,9        15        4-5
                  12,5
5) 1-4 жас        6-7    3    0,6    0,8        4-5       4
6) 1 жасқа
дейінгі "Малютка" 1,7-  0,6-6 0,5               1-15      1-4
                  10
Салқындататын:
1) көлемі
20-40 м 2
моншаларда;                   1,2                          -
2) көлемі 10 м 2
және одан да
үлкен сауналарда              1,5                -         2
___________________________________________________________________

      1) спорт бассейндердің тереңдігі пайдалану мақсатына байланысты анықталады (суға секіру, су добы, спорттық жүзу).

"Жүзу бассейндерін ұстап-     
күтуге, пайдалануға және суының   
сапасына қойылатын санитарлық    
-эпидемиологиялық талаптар"     
санитарлық-эпидемиологиялық     
ереже мен нормаларына 2 қосымша   

Бассейн ваннасындағы судың сапа көрсеткіші мен
оны өндірістік зертханалық жолмен тексерудің жиілігі

___________________________________________________________________
              Көрсеткіштері             |      Нормативтері
___________________________________________________________________
Тәулігіне 1 рет түйсіктік көрсеткіштері арқылы (кешкі немесе күндізгі мезгілде)
___________________________________________________________________
Лайлылығы мг/л, аспасын                    2-ден көп болмасын
Градустағы түсі, аспасын                   20-дан көп болмасын
Балл есебіндегі иісі, аспасын              3-тен көп болмасын
___________________________________________________________________
Физика-химиялық көрсеткіштері бойынша 10 күнде 1 рет
___________________________________________________________________
Хлоридтермен (ас тұзын электролиздеу
арқылы алынатын натрий гипохлоридімен
суды залалсыздандырғанда) мг/л             700 мг/л кем болмасын
___________________________________________________________________
Бассейн жұмысын бастар алдында және әрі қарай 4 сағат сайын зарарсыздандыратын реагенттердің (хлор, озон) қалдықтары, су және ауаның температурасы өлшеніп отырылады
___________________________________________________________________
Судың құрамында бос хлор (суды             0,5-тен көп, 0,3-тен аз
хлорлағанда) мг/л                          болмасын
Қалдық озон (суды озондағанда) мг/л        0,1 көп болмасын
                                           (бассейн ваннасына түсер
                                           алдындағы суда)
Қалдық бром мг/л                           0,8-1,5
___________________________________________________________________
Хлороформ мен формальдегид айына 1 рет анықталады
___________________________________________________________________
Хлороформ (суды хлорлағанда) мг/л          0,1-ден көп болмасын
Формальдегид (суды озондағанда) мг/л       0,05-тен көп болмасын 
___________________________________________________________________
Негізгі микробиологиялық көрсеткіштері бойынша айына 2 рет
___________________________________________________________________
100 мл-дегі жалпы колиформды бактериялар   1-ден аспауы керек
100 мл-дегі термотолерантты колиформды
бактериялар                                анықталмауы керек
100 мл колифагтар                          анықталмауы керек
100 мл алтын түсті стафилококк             анықталмауы керек
___________________________________________________________________
Микробиологиялық көрсеткіштер нормативтерге сай болмағанда эпидемиологиялық көрсеткіштерге сай қосымша микробиологиялық және вирусологиялық тексерістер жүргізіледі
___________________________________________________________________
Ішек жұқпаларының қоздырғыштары
(шигеллалар, сальмонеллалар,
энтеропатогенді ішек таяқшалары және
тағы басқалары)                            анықталмауы керек
Вирустық жұқпалардың қоздырғыштары
(ротовирустар, аденовирустар,
энтеровирустар, А гепатитінің вирусы)      анықталмауы керек
1000 мл судағы көкірің таяқшалары          анықталмауы керек
___________________________________________________________________
Паразитологиялық тексерістер бір тоқсанда 1 рет
___________________________________________________________________
50 л судағы лямблиялардың цисталары        анықталмауы керек
50 л судағы ішек құртының жұмыртқалары
мен балаңқұрттары                          анықталмауы керек
___________________________________________________________________

      1) 7 жасқа дейінгі балалар бассейнінде судың құрамындағы еркін қалдық хлор кем дегенде 0,1-0,3 мг/л болуына рұқсат етіледі, егер негізгі микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша норматив сақталғанда;
      2) УК сәуле көзімен және хлормен немесе озондап, хлорлағанда жалпы қалдық хлордың мөлшері 0,1-0,3 мг/л шамасында болуы керек;
      3) теңіз суы құйылған бассейндерде хлоридтер нормаланбайды.
      4) суды хлорлағанда оның сутекті көрсеткіші (рН) 7,8 аспауы керек;
      5) эпидемиологиялық көрсеткіштер болғанда еркін қалдық хлорды 0,7 мг/л дейін көбейтуге болады.

"Жүзу бассейндерін ұстап-     
күтуге, пайдалануға және суының   
сапасына қойылатын санитарлық    
-эпидемиологиялық талаптар"     
санитарлық-эпидемиологиялық     
ереже мен нормаларына 3 қосымша   

Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларындағы ықшам климаттың параметрлеріне қойылатын талаптар

___________________________________________________________________
    Үй-жайлар    | Судың | Ауаның|Салыс. |1 сағ ішіндегі|Ауаның
                 | темпе.| темпе.|тырмалы|ауа алмасуының|қозғалу
                 | рату. | рату. |ылғал. |параметрлері  |жылдамдығы,
                 | расы  | расы, |дылық, |              |м/сек
                 |   С o   |   С o   |  %    | сору   шығару|
___________________________________________________________________
Ересектерге ар.
налған ванналарда 24-26       -       -      -      -        -
Балаларға ар.
налған ванналарда   30        -       -      -      -        -
Бассейн ваннала.    -     судың   60 %    1 жүзумен ай.   0,5
рының залдарында          темпе.  аспай.  налысушыға      аспайтын
                          ратура. тын     кем дегенде
                          сынан           80 м 3 /сағ және
                          1-2             1 айналысушыға
                          жоғары          кем дегенде
                                          20 м 3 /сағ
Сабақ жүргізі.      -        18   Норма.  1 жүзумен ай.   0,2
летін залдарда                    лан.    налысушыға      аспайтын
                                  байды   кем дегенде
                                          80 м 3 /сағ
___________________________________________________________________
                  1 сағаттағы ауаның еселенуі
___________________________________________________________________
Киім шешетін        -        25   Норма.  себез.  2 (се.  Норма.
орында                            лан.    гі      безгі   ланбайды
                                  байды   бөл.    бөлме.
                                          месін   ден)
                                          ескер.
                                          ген
                                          баланс
                                          бойынша
Себезгі             -        25   Норма.     5      10    Норма.
бөлмесінде                        лан.                    ланбайды
                                  байды
Массаж жасалатын    -        22   Норма      4      5     Норма.
бөлмеде                           лан.                    ланбайды
                                  байды
Сауна камерасында            120  Норма.     -    5       Норма.
                             ас.  лан.            (адам.  ланбайды
                             пай. байды           дар
                             тын                  болма.
                                                  ғанда
                                                  кезеңді
                                                  түрде
                                                  әсер ету)
Судың көрсеткіш.    -        18   Норма.     2       3    Норма.
теріне тексеріс                   лан.                    ланбайды
жүргізуге арнал.                  байды
ған зертханада
___________________________________________________________________

       Ескерту:
      Ашық бассейндердегі судың температурасы жазда қосу 27 o С, ал қыста алу 28 o С, жүзуге үйреніп жүргендер үшін 29 o С болуы керек.

"Санитарлық-эпидемиологиялық ереже 
мен нормаларды бекіту туралы"   
Қазақстан Республикасы        
Денсаулық сақтау министрдің     
міндетін атқарушының        
2004 жылғы 18 тамыздағы       
N 632 бұйрығымен бекітілген    

  «Шаштараздарды, косметологиялық орталықтарды, сұлулық салондарын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда берілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.
      Барлық мәтін бойынша «орталықтарын», «, орталығы», «мен орталықтарына», «мен орталықтарын», «, орталықтарда» деген сөздер алып тасталды, сондай-ақ «косметикалық кабинеттерді», «косметикалық кабинет», «косметикалық кабинеттерге», «косметикалық кабинеттер» «косметикалық кабинеттерді», «косметикалық кабинеттерде» деген сөздер сәйкесінше «косметологиялық орталықтарды», «косметологиялық орталық», «косметологиялық орталықтарға», «косметологиялық орталықтар» деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.

       1. Жалпы ережелер

      1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) меншік түріне қарамастан шаштараздық жұмыспен айналысатын, косметикалық қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғаларға арналған.

      2. Осы санитарлық ережені дайындау барысында мынандай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) шаштараз - шашты және тырнақты күтумен (шашты тарау, қию, шаш, сақал алу) айналысатын объект;
      2) косметологиялық орталық - косметиканың әрлендіру әдісі арқылы адамның сырт пішінін жақсартуға арналған қызметті атқаратын кабинет;
      3) сұлулық салоны - әр түрлі шаштараздық жұмыстарды және косметикалық қызмет көрсететін объектілер;
      4) косметиканың дәрігерлік әдісі - адамдарда кездесетін сыртқы кемшілікті (терінің әжімін, тыртығын, босаңсуын) медициналық арнайы білімі болуды қажет етіп, физиотерапиялық, хирургиялық немесе басқадай әдістердің көмегімен келтіру;
      5) визаж - бетті әрлендіру үшін косметикалық дәрмектерді жағу; косметиканың әрлендіру әдісі - теріні, шашты және тырнақты күтуге арналған дәрмектерді пайдалана отырып, адамның сырт пішінін жақсарту;
      6) маникюр - қол тырнақтарын тазалау және жылтырату;
      7) педикюр - аяқ тырнақтарын тазалау және жылтырату және сүйелді кетіру;
      8) пилинг - терінің өлген клеткаларын ультрадыбыс, лазер сәулесі, химиялық заттар арқылы немесе механикалық жолмен кетіру;
      9) пирсинг - дененің әр тұсындағы теріні тесіп, тесікке әртүрлі әшекейлерді тағу;
      10) спонжик - пудра ұнтағын, кремді, бет бояуын жағу үшін қолданатын жұмсақ тіннен жасалған кішкентай жастықшалар мен домалақ түйіндер;
      11) солярий - күн ванналарын алуға арналған (алаң) үй-жай;
      12) татуировка (татуаж) - теріні шанши тесіп, оған бояу жіберу арқылы адам терісіне өрнек пен сурет салу;
      13) "туалет" - шаштараздық қызмет көрсету үшін керекті жиһаздар мен құрал-жабдықтардың жиынтығы;
      14) эпиляция - рентген сәулесінің әсері және физикалық, химиялық, арнайы тәсілдерді қолдану арқылы теріні жасанды алу;
      15) косметологиялық рәсімдер – косметикалық ақаулармен қоса жүретін аурулардың алдын алу және емдеу мақсатында, сондай-ақ терінің қартаюының және шаштың түсуінің алдын алу үшін қолданылатын, дәрігер-дерматокосметолог, олардың кейбіреуін дәрігердің тағайындауы және оның бақылауымен және басшылығымен мейірбике орындайтын іс-шаралар;
      16) косметикалық рәсімдер – сәндік косметика құралдарымен жеке бас гигиенасы және косметикалық кемшіліктерді түзету мақсатында қолданылатын іс-шаралар;
      17) косметологиялық құралдар – туа біткен, кейіннен пайда болған немесе ағзаның жас ерекшелік өзгерістері ауруларынан болатын тері ақауларының алдын алуға, емдеуге және түзетуге арналған құралдар;
      18) косметикалық құралдар (косметика) – жеке бас гигиенасына және адамның сыртқы келбетін сәндеуге (жақсартуға) арналған құралдар;
      19) косметологиялық орталық – коммуналдық-тұрмыс мақсатындағы мекемелерде, спорттық-сауықтыру және емдеу-профилактикалық мекемелерде ұйымдастырылған косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін объект.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.

  2. Шаштараздарды, косметологиялық орталықтарды, сұлулық салондары орналастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Шаштараздар мен косметологиялық орталықтарға, сұлулық салондары жер бөлуді таңдағанда, құрылысы жобаланғанда немесе құрылысында өзгерістер қарастырылғанда және оларды пайдалануға беру мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда жүргізіледі.

      4. Шаштараздар мен косметологиялық орталықтарға, сұлулық салондары (бұдан әрі - объектілер) жеке тұрған ғимараттарда, сондай-ақ, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың ішінде немесе оған жапсарласа салынған үй-жайда орналастыруға болады. Мұндайда тұрғын үй пәтерлеріне кіруге бөгет жасамайтындай етіп, кіретін есігі жеке болып, дыбыс өткізбейтіндей жағдай жасап, арнайы иістер мен газдар үй-жайға таралмауы үшін желдету құбырын үй төбесінен жоғары шығару қажет.

      5. Мұндай объектілерді орналастыруға ғимараттардың жертөлесін және жартылай жертөлесін пайдалануға болмайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.

      6. Бұл нысандарда косметикалық, парфюмериялық дәрмектер ретінде Қазақстан Республикасының пайдалануға рұқсат етілген заттар пайдаланылады.

  3. Үй-жайларға және құрал-жабдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      7. Ұйымның құрылымына және құрал-жабдықтарына қойылатын нормативті талаптар қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (бұдан әрі - ҚНжЕ) сай болуы керек.

      8. Бұл нысандарда мынандай үй-жайлар қарастырылуы керек: кіреберіс, еркектерге, әйелдерге арналған зал, таза заттарды сақтайтын орын. Қолданыста болған заттар мен жуып жинау заттарына арналған үй-жай, қолжуғышпен жабдықталған қызметкерлерге және келушілерге арналған дәретхана бөлмесі. Маникюр мен педикюр жұмыстарын жүргізу үшін арнайы кабинет бөлініп, немесе зал ішінен маникюр жасау үшін жұмыс орны бөлінеді.

      9. Аумақ:
      жұмыс залындағы бір жұмыс орнының аумағы 7 шаршы метр (бұдан әрі - м 2 ) кем болмауы керек;
      жұмыс орнында 1 кресло болғанда 15 м 2 кем болмауы керек;
      педикюрлік кабинет үшін 7 м 2 кем болмауы керек;
      педикюр мен маникюр кабинеттері біріккен жағдайда оның аумағы 10м 2 кем болмауы керек;
      қосалқы үй-жайлардың аумағы бір орынға шаққанда 1,5м 2 болып, бірақ 5 м 2 кем болмауы керек.

      10. Татуаж, пирсинг және басқа да адам терісіне нұсқан келтіретін косметикалық, косметологиялық жұмыстар көлемі 12м 2 кем емес, ыстық және суық келтірілген, бактерияларды өлтіретін шаммен, бумен стерилденетін шағын стерилизаторлармен және құрал-саймандарға стерильдеу алдында өтетін тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізетін сыйымдылықтармен жабдықталған және үй-жайлары орындалуы керек.

      11. Сәуле көздерімен қақтайтын орын жеке үй-жайларында орналасып, егер аз ғана мөлшерлі жерді сәуле көзімен қақтайтын болса, оның көлемі 6м 2 кем болмай, ал денені сәуле көзімен жалпылай қақтағанда оның мөлшері 12м 2 болмауы керек.

      12. Үй-жайдың қабырғалары мен төбесі тегістелініп, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы материалдармен жабылуы керек. Жұмыс залының, қосымша бөлінген (кір заттар сақталатын, себезгі орналасқан бөлмелер мен тазалық орындары) үй-жайлардың қабырғасы еденнен 1,8 метр (бұдан әрі - м) биіктікке дейін глазурленген қыш тақтайшалармен жабылып немесе майлы бояумен сырлануы керек. Зарарсыздандыру және ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу үшін еден тегіс болып, тақтайлары тығыз орналасуы керек. Үй-жайлардың ішкі бетін әрлеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген материалдарды пайдалану керек.

      13. Жұмыс орындары параллельді түрде орналасқанда қатар арасының алыстығы 5 м, креслолардың арасы 1,8 м болып, шеткі қабырға мен креслоның арасы 0,7 м болуы қажет.

      14. Жұмыс залында әрбір 3 жұмыс орны ыстық және суық су әкелінген 1 раковинамен (бақалшақ), ал әрбір "Туалет орны" жеке раковинамен, педикюрге арналған кабинет аяққа арналған ваннамен, қол жууға арналған раковинамен жабдықталуы керек.

      15. Маникюр жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс орнында үстел шамы орналасқан, келушілердің қолына сүйеу болатын, үсті гигиеналық тұрғыдан таза затпен жабылған жастықша қойылатын үсті жылтыр шыны немесе пластикпен жабылған үстел болуы керек. Маникюр жасайтын үстелдің қасында келушілердің қолын жуу үшін ыстық және суық су келтірілген раковинамен жабдықталуы керек.

      16. Косметикалық, маникюрлік, педикюрлік кабинеттерде келушілер отырғанның өзінде ауаны зарарсыздандыратын жабық ультракүлгін сәуле көздері қарастырылуы керек.

      17. Нысандарда Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген құрал-жабдықтарды пайдалану керек. Жұмыс орнындағы инфрақызыл, электромагнитті, шу, лазерлік сәуле көздерінің деңгейі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) талаптарына сай болуы керек.

      18. Нысандардағы жиһаздар жеңіл тазаланып, оңай зарарсыздандырылатындай болуы керек.

      19. Терезелерге ілінетін перделер мен кабина арасын бөлетін шымылдықтар ақ түсті оңай жуылатын материалдардан жасалынуы керек. Портьерлік кездемені қолдануға болмайды.

      20. Балаларға арналған креслолар олардың жасы мен бойына сай келуі керек.

      21. Нысандардағы қосалқы бөлмелер ыстық және суық суға қосылған балшықтармен, шаш пен құрғақ қоқыстарды жинауға арналған ыдыстармен жабдықталуы қажет.

      22. Сақтау орындары таза төсек әбзелдері мен парфюмерияны сақтауға арналған және белгі салынған сыйымдылықтармен жабдықталуы керек. Таза және қолданыста болған заттар бөлек орындарда сақталынады. Қызметкерлерге арналған киім ілгіштер үй киімі мен жұмыс киімін сақтау үшін бөлек болуы керек.

      23. Нысандарда 3 орынға дейін жұмыс орны қарастырылғанда терезе көздері, фрамугтер арқылы табиғи жолмен желдетуге болады. Егер жұмыс орны 3 көп болса, онда желдетудің сорып шығаратын механикалық жолы қарастырылады.

      24. Мұндай нысандардың барлық үй-жайларында табиғи және жасанды жарық көздері қарастырылуы керек. Маникюрлік, педикюрлік кабинеттердегі табиғи жарықпен жарықтандырудың ең кіші коэффициенті 1,5 үлес (бұдан әрі - %) құрап, басқа өндірістік үй-жайларда ол 1% кем болмауы керек. Жалпы өндірістік үй-жайлардағы жасанды жарық көздері үшін люменесцентті және қыздыру шамдарын қолданады. Маникюрлік және педикюрлік кабинеттердің жұмыс орындарында жалпы жарықтандыру көздерімен бірге жергілікті жарықтандыру көздері болуы керек. Жұмыс орындарының жарықтандырылуы қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай болуы керек.

      25. Егер елді мекенде орталықтандырылған су көзі болмаса, жекеленген су көздерін пайдаланып немесе суды тасымалдап әкелу керек. Тасымалдап әкелінген суды сақтау үшін сыйымдылығы керекті қарастырып, соны пайдалану керек.

      26. Суды сақтауға арналған сыйымдылықтар 10 күнде 1 рет тазаланып, жуылып, зарарсыздандырылуы керек. Сыйымдылықтарды залалсыздандырылып және зарарсыздандыру үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттарды пайдалану керек.

      27. Нысанға берілетін суға қойылатын талаптар қолданыстағы стандарттарға және НҚА-ның талаптарына сай болуы керек.

      28. Елді мекенде орталықтандырылған канализация жүйесі болмаса, онда жергілікті канализация қарастырылсын.

      29. Егер жылумен қамту жүйесі пешті қыздыру арқылы қамтамасыз етілетін болса, онда от жағу орнын қосалқы үй-жайларда орналастыру керек.

  4. Үй-жайларды күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      30. Үй-жайларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жылына 1 реттен кем болмауы керек.

      31. Барлық үй-жайларда жұмыс соңынан соң Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды қолдану керек. Жұмыс күнінің барысында ағымды тазалау жұмыстары жүргізіледі. Ай сайын, үй-жайларда күрделі жинап-тазалау жұмыстарын жүргізу керек.

      32. Алынған шаштар бір рет қолданылатын қапшықтардың ішіне салынып, белгіленген қақпағы тығыз жабылатын шелектерге болмаса бактерде жинап, одан соң қапшықтарды қоқыс жинағыштарға апарып тастау керек.

      33. Нысандардың үй-жайларына аурулардың алдын алуға бағытталған жоспарлы зарарсыздандыру жұмыстарын санитарлық-эпидемиологиялық мемлекеттік қадағалау жасайтын лауазымды адамдардың жасаған актісінің негізінде, осындай қызметті атқаруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүргізіледі.

      34. Мұндай нысандарда бір рет қолданылатын және көп рет қолдануға болатын іш киімдер мен әбзелдер қолданылады. Көп рет қолданылатын заттарды объектінің кір жуатын орындарда қайнатып барып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының қорытындысы бар болғанда кір жуатын орында жүргізіледі. Үйде, шаштараз ішінде, салондарда іш киімдер мен әбзелдерді жууға болмайды.

      35. Нысандарда керекті мөлшерде әрбір келуші үшін толық әбзелдер жиынтығы (сүртпелер, алжапқыштар, орамалдар, жаймалар) болуы қажет. Қолданылған заттарды қайта қолдануға болмайды. Бетті булауға арналған сүртпе орамалдар стерильді болуы керек.
      35-1. Жуу, дезинфекциялау және стерилдеу құралдарының жұмыс ерітіндісі бар сыйымдылық қақпақпен жабдықталуы, құралдың атауы, оның концентрациясы, қолданылуы, дайындалған күні, жарамдылығының шекті мерзімі көрсетілген нақты жазбасы болуы тиіс. Қолданылуға дайын құралдар үшін құралдың атауы және қолданылуы көрсетіледі; құралдарды көп рет пайдалануға рұқсат болған кезде, одан басқа, оны пайдалануды бастау күні көрсетіледі.
      Ескерту. 35-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.
      35-2. Стерилді косметологиялық рәсімдер жүзеге асырылатын үй-жайларды жинау және дезинфекциялау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 18 қыркүйектегі № 3075 болып тіркелген «Хирургиялық бейінді ауруханалық ұйымдарға (бөлімшелерге) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі мен нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 630 бұйрығымен бекітілген талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 35-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.

  5. Зарарсыздандыруға және стерилизациялауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      36. Әрбір жұмыс орнында кәдеге жаратылуы тиіс бір рет қолданылатын құрал-сайман немесе көп рет қолданылатын құрал-сайманның 3 жиыны көзделеді. Маникюрге, педикюрге, қырынуға, косметикалық рәсімдерге арналған барлық көп рет қолданылатын құрал-сайман дезинфекциялануы және стерилденуі тиіс.
      Дезинфекциялау мен стерилденуі үшін Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген құралдар пайдаланылады.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.

      37. Тырнақтарды тазалап, жылтырату үшін қолданатын шәшкелер, аяққа арналған ванналар, қысқыштар, бигудилер әрбір келушіден кейін механикалық жолмен тазартылып, жуғыш заттар қосылған жылы суда шөткемен жуылып, шашты бұйралау барысында қолданылатын торлар мен жаппалар әрбір қолданыстан кейін жуылуы керек. Сақалды қыруға керекті құралдар бір рет пайдаланатын құралдар түрінде болуы керек. Сақал шөткелері әрбір қолданыстан кейін зарарсыздандырылу керек.

      38. Керекті құрал-жабдықтар жұмыс орнындағы шкафтың суырмасында сақталады. Маникюр мен педикюрге арналған құралдар жұмыс барысында стерильдеуден өткен кездегі ыдысында болмаса, қорабында сақталуы керек. Әрбір келуші үшін жеке құралдар жиынтығы қарастырылуы керек.

      39. Қызмет көрсету барысында әрбір адамды таза алжапқышпен жабу керек. Қырқылған шашты мойыннан, беттен алып тастау үшін таза сүртпелерді қолданып, көпіршікті жөке мен түбітті көп рет қолдануға болмайды.

      40. Әсемдеу косметикасын бетке жаққанда 1 рет қолданылатын (күрекше, кішкене жастықшалар мен жұмыс түйіндерді, қыл қаламдарды) заттарды пайдалану керек. Ерін бояулары, түсті қарындаштар әрбір адамнан соң қайтадан ұшталынып немесе ұшы кесілуі керек. Тушь, опа бетке 1 рет пайдаланатын қыл қаламдар арқылы жағылады.

      41. Шаштараздар мен косметологиялық орталықтар алғашқы медициналық көмек көрсететіндей дәрі-дәрмегі бар дәрі қобдишаларымен жабдықталуы керек.
      41-1. Терінің және шырышты қабықтарының тұтастығы бұзылуымен байланысты косметологиялық рәсімдер кезінде пайдаланылатын көп рет қолданылатын құрал-саймандар пайдаланылғаннан кейін алдын ала және стерилдеу алдында тазалануы, стерилденуі, дезинфекциялануы және кейіннен микроорганизмдердің екінші рет араласуын болдырмайтын жағдайда сақталуы тиіс.
      Ескерту. 41-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.
      41-2. Құрал-саймандарды өңдеуге арналған үй-жай қызметіне қарай пайдаланудан және алдын ала тазалаудан кейін косметикалық құрал-саймандар келіп түсетін және соңғы тазалау жүргізілетін «лас аймаққа» және дезинфекциялау және стерилдеу жүргізілетін «таза аймаққа» бөлінеді. Косметологиялық рәсімдер жүргізілетін үй-жай персоналдың қол жууына арналған жеке раковинамен жабдықталады.
      Ескерту. 41-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.
      41-3. Құрал-саймандарды соңғы немесе алдын ала стерилдеп тазалау, дезинфекциялау және стерилдеу осы мақсат үшін жабдықпен жабдықталған арнайы бөлінген үй-жайда (жуу - дезинфекциялау косметологиялық құрал-саймандар, бұдан әрі – «өңдеуге арналған үй-жай») жүргізіледі.
      Ескерту. 41-3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен. 

  6. Қызметкерлердің жеке басының гигиенасын
сақтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      42. Әрбір жаңа адамға қызмет көрсетерден бұрын кабинет қызметкері қолын сабындап жуу керек.

      43. Бұл нысанның қызметкерлері жұмысқа алынар алдында және кезеңді медициналық тексерістерден өтулері керек, Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар анықтаған арнайы гигиеналық дайындықтан өтулері керек.

      44. Әрбір жұмыскерде жеке медициналық кітапшасы болуы керек, онда барлық медициналық тексерістерінің қорытындысы жазылып, гигиеналық тұрғыдан оқығаны туралы мәліметтер болуы керек.

     45. Ұйым қызметкерлері жеке орамалмен қамтамасыз етіліп, арнайы киіммен, резеңке қолғаппен жабдықталуы керек.
     46. Жұмыскерлер тері қабаттарының тұтастығын бұзу арқылы косметологиялық және косметикалық рәсімдерді, сондай-ақ парентеральдық рәсімдерді (инъекция, тесу, операция және басқалар) және қолғапсыз орындау әртүрлі аурулардың дамуын болдыруы мүмкін басқа да манипуляцияларды жүргізу кезінде қолғап пайдалануы қажет.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.
      47. Күнделікті жұмыс басталар алдында жауапты адамдар персоналдың микрожарақат, сызат, терісі жырылуын, жарылу, іріңді аурулардың болуына тексеріп-қарау жүргізеді. Тексеріп-қарау нәтижелері арнайы журналға жазылады.
      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.
      48. Пайдаланылған құрал-саймандар манипуляция немесе рәсімдер аяқталғаннан кейін тез арада дезинфекциялау ерітіндісі бар сыйымдылыққа салынады.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.
      49. Қол немесе қолғап қанмен, сарысумен және басқалармен ластанған кезде Қазақстан Республикасында тіркелген және рұқсат етілген, осы мақсатқа арналған дезинфекциялау құралдарымен қолды (қолғапты) кейіннен өңдеу үшін оларды ағын судың астында сабынмен мұқият жуу керек.
      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.
      50. Тері қабатының тұтастығын бұзумен манипуляцияны жүзеге асыратын объектілердің жұмыскерлері жұмысқа түсер алдында және жыл сайын В және С вирусты гепатиттерінің маркеріне тексеріледі.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.25 N 194 бұйрығымен.

"Шаштараздарды, косметикалық      
кабинеттерді, салондарды және      
сұлулық орталықтарын ұстап-       
күтуге және пайдалануға          
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық 
ереже мен нормаларына қосымша     

Шаштараздар мен косметологиялық орталықтарда
зарарсыздандыру мен стерилизациялаудың тәртібі

___________________________________________________________________
N|Нысанның атауы|Зарарсыз. |Зарарсыздан.| Залал.  |Стерильдеу|Сте.
|              |дандыратын|дыру тәртібі|сыздан.  |тәртібі   |риль.
|              |дәрмектер.|____________|дыру     |__________|деу
|              |дің атауы |қанықпа|Уа. |әдіс.    | Т о |Уақыты|әдіс.
|              |          |пайызы |қыты|тері     |   |      |тері
___________________________________________________________________
1 үй-жай, онда  1) хлор     0,5     60  Сүрту
  орналасқан    амин;                   зарар.
  заттар мен    2)пресепт;  0,028   60  сыз.
  қондырғылар   3) жуғыш    3,0     60  дан.
                заттар      0,5         дырғыш
                қосылған                зат
                сутегінің               қосып,
                асқын                   еденді
                тотығы;                 жуу
                4) кальций  0,25    30
                гипо.               60
                хлориды;
                5)септа.    0,5     60
                бик;                30
                6)септо.    0,5
                коль;
                7)тер.      0,5
                ралин

2 Маникюрлік,   1) хлор     0,5     60  Шы.  Суте. 50    360
  педикюрлік    амин;                   лау  гінің темп. жабық
  құралдар      2)кальций   1,0     60  Шы.  асқын 6,0   сыйым.
                гипохло.                лау  то.   %     ды.
                                        Шы.  тығы        лықта
                                        лау              толық
                риді;       0,05    60  Шы.              батыру
                3) анолит   0,056   304 лау 
                ерітін.                 Шы.
                дісі;                   лау
                                        Шы.
                4)пресепт;          60  лау
                5)дез.      2,5     60  Шы.
                эффект;                 лау
                6)сутегі.   3,0     5   Сәу.
                нің асқын               ле
                тотығы;                 соқ.
                7)лизетол;          15  қы.
                8)УКС       5,0         сына
                                        ұрын.
                                        дыру

                                             Ыстық 180   60  Ашық
                                             ауалы           әдіс.
                                             сте.  2,5   240 пен
                                             рили.  %        немесе
                                             затор           қора.
                                             сай             бымен
                                             Гиги. 10,0  600 (крафт
                                             ена.   %        қағаз)
                                             лық
                                             асепт

3 Сүрткілер     1)пресепт;  0,056   60  Ав.  132  20
  (косме.       2)клор.     0,2     60  то   т 2
  тикалық)      септ;                   клав атм
                3)хлор.     3,0     30
                амин;
                4)кальций   0,25    30
                гипо.
                хлориды

4 Шаш қиятын    1)хлорамин;  3,0    30  Шы.
  қайшылар,     2)дезапрев;  1,0    60  лау
  тарақтар,     3)деохлор;   0,1    30  Шы.
  шөткелер      4)клорсепт;  0,2    60  лау
                5)пресепт;   0,1    60  Шы.
                6)сутегінің  12     60  лау
                асқын                   Шы.
                тотығы;                 лау
                7)УКС        3,0    15  Шы.
                                        лау
                                        Шы.
                                        лау
                                        Шы.
                                        лау
                                        Сәу.
                                        ле
                                        соқ.
                                        қы.
                                        сына
                                        ұрын.
                                        дыру

5 Бет бояуға    УКС                 15  Сәу.
  керекті қыл                           ле
  қалам, сақал                          соқ.
  шөткесі                               қыс.
                                        ына
                                        ұрын.
                                        дыру

6 Шаш алатын    Судың        3,0        2 рет
  электрома.    астотығы                сүрту
  шинкалар

7 Іш киім,      қайнату              15 Шы.
  төсек         пресепт      0,112   60 лау
  әбзелдері     дезопрев     1,0     60 Шы.
                септоколь    0,5    120 лау
                терралин     0,5     30 Шы.
                                        лау
                                        Шы.
                                        лау

8 Санитарлық-   Пресепт      0,112   60 Сүр.
  техникалық    клорсепт     0.02    60 ту
  құрал-        комет        қанық.  10 Сүр.
  жабдықтар     терралин     паның   5  ту
                             ұнтағы     Таза.
                                        лау
                                        Таза.
                                        лау

9 Аяқ ванналары              пре. 0,056  60  Сүрту
                             септ   0,5  60  немесе
                             септа  0,5  60  бүрку
                             бик    0,2  60
                             септо  5,0  60
                             коль
                             клор.
                             септ
                             хлор.
                             амин
___________________________________________________________________

       Ескерту:
      1) құрал-саймандарды зарарсыздандырғыш ерітінді де шылғаннан кейін ағынды сумен жуу керек.
      2) құрал-саймандарды стерилизациялаудан өткізердің алдында, стерилизациялау алдындағы тазалаудан өткізу керек.
      3) зарарсыздандыру және стерилизациялау үшін Қазақстан Республикасында рұқсат етілген басқа да дәрмектерді пайдалануға болады (дәрмекке қоса берілген нұсқауға сәйкес).

"Әйелдердің еңбек ету        
жағдайына қойылатын         
санитарлық-эпидемиологиялық     
талаптар" туралы санитарлық-    
эпидемиологиялық ережелер      
мен нормалар Қазақстан       
Республикасы Денсаулық сақтау   
министрінің міндетін атқарушының 
2004 жылғы 18 тамыздағы      
N 632 бұйрығымен бекітілген    

  "Әйелдердің еңбек ету жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы  санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар        1. Жалпы ережелер

      1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) меншіктің барлық түріндегі әйелдер еңбегін қолданатын заңды және жеке тұлғаларға таралады және өндірістік, еңбек үдерісіне, жабдықтарға, жұмыс орындарына, өндірістік ортаға және жұмыс істейтін әйелдердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптарды анықтайды.

      2. Осы санитарлық ережеде төмендегідей терминдер және анықтамалар қолданылды:
      1) аллергиялық әсер - адамның сезімталдығына жоғарғы деңгейде әсер ету, немесе ағза қызметін бұзу қасиеті;
      2) діріл - техникада болатын механикалық қозғалыстың салдары;
      3) гонадотроптық әсер - әйелдердің жыныс бездерінің қызметіне зиянды әсер ету;
      4) канцерогендік әсер - факторлардың немесе заттардың қатерлі ісік немесе басқада да ісік түрлерін тудыратын әсері;
      5) мутагендік әсер - факторлар немесе заттардың организмнің тұқым қуалаушылық қасиетіне өзгеріс тудыратын әсері;
      6) ұрпақ жаңғырту қызметі - организмнің өзіне ұқсастарды көбейту қасиеті;
      7) терратогендік әсер - факторлар немесе заттардың өсу барысында ауытқушылық және кемістік тудыратын қасиеті.

  2. Әйелдердің еңбек ету жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      3. Жұмыс орнындағы белгілі бір мамандықтың өндірістік ортадағы жағдайларын бағалау зиянды факторлардың деңгейін анықтау арқылы жүргізіледі және өндірістік орта мен еңбек үдерісінің факторларын сипаттайтын санитарлық-гигиеналық төлқұжат толтырылады. Зиянды факторлардың тізбесі осы санитарлық ереженің 1-қосымшасында берілген.

      4. Ұйымдарда осы санитарлық ережелердің сақталуына өндірістік қадағалау мен жұмыс орындарын аттестациядан өткізу керек.

      5. Өндірістік микроклимат жұмыс ауысымы барысында қолайлы жылуды қамтамасыз етіп, денсаулық жағдайында ауытқуларды туғызбай және жұмыс ауысымы барысында адамның жұмысқа деген қабілетін сақтауы керек.

      6. Жұмыс орындарындағы микроклиматтың оңтайлы параметрлері өндірістік үй-жайлардың жылдың суық және жылы кезеңдерінде әртүрлі категориядағы жұмыстарды орындауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды реттейтін қолданыстағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге (бұдан әрі - НҚА) сәйкес болуы керек.

      7. Жылдың жылы кезеңіндегі рұқсат етілетін ауа температурасының жоғарғы шегі осы санитарлық ереженің 2 қосымшасының 1 кестесіне сәйкес келуі керек. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының ең жоғарғы деңгейі төмендегі шектерден аспауға тиіс:
      1) ауаның температурасы + 25 о С болғанда ол 70%;
      2) ауаның температурасы + 26 о С болғанда ол 65%;
      3) ауаның температурасы + 27 о С болғанда ол 60%.

      8. Ауаның температурасы + 25-тен + 27 о С дейін болғанда ауа қозғалысының жылдамдығы төмендегі ауқымдарға сәйкес келуі керек:
      1) І а категориялы жұмыстар орындалғанда сек.0,1-0,2 м;
      2) І б категориялы жұмыстар орындалғанда сек.0,1-0,2 м;
      3) ІІ а категориялы жұмыстар орындалғанда сек.0,1-0,2 м;
      4) ІІб - ІІІ категориялы жұмыстар орындалғанда сек. 0,2-0,5 м.

      9. Жылу режимі рұқсат етілген жоғарғы шекараға жеткенде, жұмыс орнындағы ауаның температурасы осы санитарлық ережедегі 2 қосымшаның 2 кестесінде көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс.

      10. Жұмыс істейтін әйелдерді қызып кетуден қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру барысында микроклимат параметрлерінің үйлесімді ықпалын бағалау үшін, осы санитарлық ереженің 4 қосымшасына сәйкес, ортаның жылу жүктемесінің (бұдан әрі - ОТЖ) интегралды көрсеткіші қолданылады.

      11. Әр мамандық бойынша жұмыс істеу жағдайын бағалау рұқсат етілген еңбек жүктемесінің (осы санитарлық ереженің 4 қосымшасы) көрсеткіштеріне сай жүргізіледі.

      12. Әйелдер үшін еркін режимде және кейіпте орындалатын, қалауынша жұмыс кейпін өзгерту мүмкіндігі болатын стационарлық жұмыс орындары мен жұмыстар бөлінуі керек.

      13. Өндірісте жұмыс істейтін әйелдер қолданыстағы типтік нормаларға сәйкес арнайы киіммен, аяқкиіммен және қарапайым қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс. Жеке қорғаныс құралдарын таңдау (түрлерін және топтарын) еңбек жағдайларына байланысты жүргізіледі.

      14. Жұмысқа алынар алдында әйелдер халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органымен белгіленген тәртіпке сай алдын ала, ал жұмыс үдерісі барысында кезеңді медициналық тексерістерден өтуі керек.

      15. Әйелдер еңбегі қолданылатын өндірістік нысандарда қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкес қажетті санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар болуға тиіс.

      16. Жұмысшы үстелдің бетінің корпустық ойығы, доғалданған бұрыштары, тегіс, жылтырамайтын қабаты болуы керек.

      17. Жұмысшы үстелдердің, өндірістік құрал-жабдықтардың аяқ қоятын кеңістігі болуы керек, оның биіктігі 600 миллиметрден (бұдан әрі - мм) кем болмай, ені 500-600 мм болып, тереңдігі тізе деңгейінде 450 мм, аяқ басынан 650 мм кем болмауы керек. Аяқ қою үшін беті бүдірлі, биіктігі мен еңкею бұрышы реттелетін аяқ қойғыш қарастырылуы керек.

      18. Әйелдерге арналған жұмыс орындарындағы жалпы діріл деңгейі төменде көрсетілген мөлшерден артық болмауы керек:
      1) көліктік діріл үшін - 101 децибелл (бұдан әрі - дБ) және секөнтіне 0,28 шаршы метр (бұдан әрі - м/с 2 );
      2) көліктік-технологиялық діріл үшін - 95 дБ және 0,14 м/с 2 ;
      3) технологиялық діріл үшін - 86 дБ және 0,05 м/с 2.
      Жылдамдыққа байланысты дірілдің деңгейі 107 дБ-дан жоғары немесе жеделдетуге байланысты 0,56 м/с 2 жылдам болуы қауіпті (қауіптілік шегі) деп табылады.

      19. Ұйым әкімшілігі бала көтеретін жастағы әйелдерді жұмысқа қабылдарда дірілдің және оның адам организміне теріс әсері туралы хабардар етуі керек.

      20. Дірілдің деңгейін төмендету үшін дірілді оқшаулайтын құрылғылар жүйесі және іргетастар қарастырылуы керек, оларда цилиндрлі серіппелер, аралық төсемдер, серпілгіштер, радиожиіліктегі резеңке-темірлі амортизаторлар, резеңкеден жасалған элементтер қолданылуға тиіс.

      21. Діріл тудыратын жабдықтардың "тұрып" істейтін жұмыс орындарында дірілден оқшаулайтын алаңдар және төсеніштер, ал "отырып" істейтін жұмыс орындарында дірілден қорғайтын отырғыштар қолданылуы керек.

      22. Өзі жүретін ауыр машиналарда және жүк тасымалдайтын көліктерде (үлкен сиымдылықты жүк машиналары, жер қазатын машиналар, тракторлар, бульдозерлер) әйелдерге жұмыс істеуге болмайды, көліктік-технологиялық діріл орын алған жағдайда әйелдердің жұмыс уақыты шектелуі керек.

      23. Дірілдің әсері болған жағдайда, отырып атқарылатын жұмыстарда 40 минут (бұдан әрі - мин) түскі үзіліс және әр сағат сайын 5-10 минуттік дене жаттығуларын жасау қарастырылуы қажет.

      24. Жалпы дірілдің әсер етуі жағдайында "тұрып" жұмыс істеу кейіпінде, жұмысшылардың аяқтарына гидромассаж жасайтын құрылғы, әр 40 адамға бір қондырғы есебінен қарастырылуы керек.

      25. Жылдың суық кезеңдерінде ашық ауада жұмыс істеу барысында отырғышты жылытуға арналған құрылғы қарастырылып, жұмысшының денесін, аяқ-қолын жылытатын және арнайы киім мен аяқ киімін кептіретін үй-жайлар, сол сияқты жылы дәретхана болуы керек.

      26. Химиялық заттармен жанасып жұмыс істейтін әйелдерді жылына 2 рет витаминдермен қамтамасыз етіп, жаға тұсының аумағына ультракүлгін сәулесінің әуелі 1/3-1/4 биологиялық дозасын беріп, біртіндеп оны 3-ке дейін көбейту керек.

  3. Жүктілік кезінде әйелдердің еңбек ету жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      27. Жұмыс орнында 1-2 классты қауіптілігі бар зиянды және қауіпті химиялық заттардың, патогенді микроорганизмдердің, сол сияқты аллергиялық, гонадотроптық, эмбриотроптық, канцерогендік, мутагендік және тератогендік әсері бар заттардың болуы, бала туатын жастағы әйелдердің еңбегін пайдалануға (осы санитарлық ереженің 6 қосымшасы) қарсы көрсеткіш болып табылады.

      28. Жұмыс істейтін әйелдер жүктілігі анықталған күннен бастап диспансерлік бақылауға алынып, міндетті түрде алғашқы мерзімнен бастап, жүктілік және сүтпен емізетін барлық кезеңде зиянды өндірістік факторлармен байланысы жоқ басқа жұмысқа ауыстырылуы керек.

      29. Жүкті әйелдер жұмыс істейтін технологиялық үдерістер мен құрал-жабдықтар физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық теріс факторлардың көзі болмауы керек. Олар жұмыс істейтін технологиялық үдерістерді таңдағанда, оларға түсетін физикалық жүктеме жүкті әйелдерге рұқсат етілетін деңгейден аспауы керек (осы санитарлық ережеге 5 қосымша).

      30. Жүкті әйелдер еденнен иық, бел деңгейінен жоғары ауыр жүк көтеруге, аяқтың бұлшық еттері мен құрсақ қысымына шамадан тыс күш түсіруге, еріксіз жұмыс кейпінде жұмыс істеуге (аяғының ұшында, тізерлеп, бүгіліп, жабдықтарға және еңбек құралдарына ішімен және кеудесімен тіреліп), бар денесімен 15 о артық еңкеюге байланысты өндірістік операцияларды орындамауға тиіс.

      31. Жүкті әйелдер аяқпен басу арқылы басқарылатын қондырғыларда, мәжбүрлі ырғақта жұмыс істейтін конвейерлерде жұмыс істеуге, инфрақызыл сәулелердің әсері бар жерлерде, жабдықтардың беті және қоршалған жұмысшы аумағының температурасы +35 о С және одан да жоғары көтеріліп қызатын жерлерде, киімі және аяқ киімі су болған жағдайда; жел өтінінде; терезесіз және жарықсыз үй-жайларда; әйел адам жұмыс күні бойынша тұрақты болатын жұмыстарға (тұру, отыру, қозғалу) жұмыстарға тартылмауы керек.

      32. Әйелдердің жүктілігі анықталған күнінен бастап және сәбиді емізу кезеңінде, олар, видеотерминалдармен және дербес компьютерлермен байланысты жұмыстарға және жұқпалы, паразитарлы және өңездік аурулардың қоздырғыштарының әсер етуіне байланысты жұмыстарды орындауға жіберілмеуге тиіс.

      33. Жүктілік кезеңінде әйелдер барометр қысымының күрт өзгеруі және дірілдің әсер етуі жағдайында (пилоттар, бортсеріктер, барокамера персоналы, жолаушылар поезының жолсеріктері, жүргізушілер) атқарылатын жұмыстарға жіберілмейді.

      34. Жүкті әйелдер үшін олардың жұмыс операцияларын еркін кейіпте, қалауынша жұмыс қалпын өзгертуге мүмкіндік беретін стационарлық жұмыс орындары жабдықталуы тиіс.

Әйелдердің еңбек ету      
жағдайына қойылатын       
санитарлық-эпидемиологиялық  
талаптар" туралы санитарлық- 
эпидемиологиялық ережелер   
мен нормаларға 1-қосымша   

Өндірістік ортаның зиянды факторларының тізбесі

___________________________________________________________________
N |                 Өндірістік ортаның факторлары
___________________________________________________________________
1  Зиянды химиялық заттар
2  Талшықтығы басым және аралас түрде ықпалы бар аэрозолдар
3  Шу (дыбыстың эквивалентті деңгейі Децибелл (бұдан әрі - дБА)
4  Діріл: аймақтық, жалпы
5  Инфрадыбыс (дыбыс қысымының жалпы деңгейі, дБ Лин)
6  Ультрадыбыс: ауа арқылы (дыбыс қысымының деңгейі дБ 1/3
   октавалық жолақтағы жиілікте) және жанасу арқылы берілетін
   (дірілдеу м/сек: дБ дірілдеу жылдамдығының логарифмдік деңгейі,
   интенсивтігі шаршы сантиметрге Вт/см 2
7  Электромагнит көзі: тұрақты магнит өрісі, электростатистикалық
   өріс, (50 Гц) өнеркәсіптік жиіліктегі электр өрісі, (50 Гц)
   өнеркәсіптік жиіліктегі магнит өрісі, 0,011-3 Мгц, 3-30 Мгц,
   30-300 Мгц, 300 Мгц-300Ггц-радиожиілік диапазонындағы
   электромагнит көзі
8  Лазерлі сәуле көзі
9  Иондағыш сәуле көзі
10 Жарық ортасының параметрлері: табиғи жарықтануы (ТЖК,%)-жұмыс
   бетінің жарықталуы (Е,лк)-жарық көзінің көз қарықтырар жалтылдауы
   (көз қарықтыру көрсеткіші, Р, салыстырмалы бірліктер)-көз
   қарықтырар жарқылдың шағылысуы-жарықталу жылтылы (жылтылдау
   коэффициенті. К.%)-ультракүлгін радиация
___________________________________________________________________

Әйелдердің еңбек ету      
жағдайына қойылатын       
санитарлық-эпидемиологиялық  
талаптар" туралы санитарлық- 
эпидемиологиялық ережелер   
мен нормаларға 2-қосымша   

Жұмыс орнында үздіксіз болу ұзақтығына
байланысты рұқсат етілетін ауаның температурасы

                                                          1-кесте
___________________________________________________________________
Жұмыс категориясы|      Жұмыс орнында болу ұзақтығы, сағ.
(энергия шығындары|________________________________________________
        Вт/м 2 )    |  Рұқсат етілетін температура  o С(жылдың жылы
                  |        кезеңіндегі жоғарғы шекара)
                  |________________________________________________
                  |  8  |  7  |  6  |  5  |  4  |  3  |  2  |  1
___________________________________________________________________
1а-1б (97)          27.0  27.5  28.0  28.5  29.0  29.5  30.0  30.0
ІІа-ІІб (160-қа
дейін)              26.0  26.5  27.0  27.5  28.0  28.5  29.0  29.5
ІІІ (193-ке дейін)  25.0  25.5  26.0  26.5  27.0  27.5  28.0  28.5
___________________________________________________________________

Жұмыс орнында жылуға ұрынуға байланысты рұқсат
етілетін ауаның температурасы (жоғарғы шекарасы)

                                                           2-кесте
___________________________________________________________________
Жұмыстардың категориясы |           Жылдың кезеңдері
(энергия шығындары Вт/м 2 )|_________________________________________
                         |            Жылы         |      Суық
                         |_________________________________________
                         |      Рұқсат етілетін температура o С
                         |               (жоғ. шекара)
___________________________________________________________________
І а (77 дейін)                         25.0               23.0
Іб (97 дейін)                          25.0               22.0
ІІа (129 дейін)                        24.0               21.0
ІІб (129-дейін)                        24.0               20.0
ІІІ (193 дейін)                        23.0               19.0
___________________________________________________________________

Әйелдердің еңбек ету      
жағдайына қойылатын       
санитарлық-эпидемиологиялық  
талаптар" туралы санитарлық- 
эпидемиологиялық ережелер   
мен нормаларға 3-қосымша   

Ортадағы жылу жүктемесінің интегралды көрсеткіші

      1. Ортадағы жылу жүктемесінің индексі (бұдан әрі - ЖОЖЖ индексі), адам организміне үйлесімді ықпал етумен сипатталатын микроклимат параметрлері болып табылатын тәжірибе арқылы анықталған  o С-мен берілген бір сандық көрсеткіш (температура, ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы және жылу бөлу) ол аспирациялық психрометрдегі (t) ылғалданған термометрдің температурасы мен қарайтылған шар ішіндегі температура (tш) негізінде анықталады.
      2. Температура қарайтылған қуыс шардың центріне орналастырылған термометрмен өлшенеді, 1ш температураның ықпалын, және ауа қозғалысының жылдамдығын және жылу бөлуін көрсетеді. Қарайтылған шардың диаметрі 50 мм, қалыңдығы мүмкіндігінше жұқа және сіңіру коэффициенті кем дегенде 0,95 болуы керек. Шардың ішіндегі температураны өлшеу дәлдігі +-0,5 o С.
      3. ЖОЖЖ-ның индексі төмендегідей теңдеулермен есептеледі: ЖОЖЖ=0,7t,,+0,3 t,, және жұмыс орнындағы ортаның жылу жүктемесіне интегралды баға беруге қолданылады, олардағы ауа қозғалысының жылдамдығы 1 м/с, салыстырмалы ылғалдығы 80%, жылудың соғуы 1000 Вт/м 2 аспайды.

Жұмыс ортасындағы жылу жүктемесінің
интегралды көрсеткішінің рұқсат етілген мөлшері
(ЖОЖЖ индексі)

___________________________________________________________________
Жұмыс категориялары|  ЖОЖЖ индексінің мөлшері, сағат ішіндегі o С
   (жалпы энергия  |______________________________________________
  шығындары Вт/м 3 ) |   8  | 7  |  6  |  5  |  4  |  3  |  2  | 1
___________________________________________________________________
І а (77 Дейін)      22.7-  24.9  25.3  25.8  26.6  27.2  28.2 29.5
                    24.5
Іб (78-97)          21.9-  24.2  24.6  25.1  25.8  26.4  27.4 28.6
                    23.5
ІІа (98-129)        21.2-  23.1  23.5  24.0  24.6  25.2  26.2 27.1
                    22.6
ІІ б (1311-160)     20.0-  22.0  22.4  22.9  23.4  24.0  24.9 26.3
                    21.5
ІІІ (161-193)       18.8-  20.9  21.3  21.7  22.2  22.7  23.6 25.0
                    20.4
___________________________________________________________________

Әйелдердің еңбек ету      
жағдайына қойылатын       
санитарлық-эпидемиологиялық  
талаптар" туралы санитарлық- 
эпидемиологиялық ережелер   
мен нормаларға 4-қосымша   

Еңбек жүктемесінің рұқсат етілген көрсеткіштері

___________________________________________________________________
                 Көрсеткіштер             |Рұқсат етілген деңгейлер
___________________________________________________________________
Еңбек үдерісінің ауырлығы
Ауысымдағы физикалық және динамикалық
жүктеме, метрге килограммен
(бұдан әрі - кгм)
Аймақтық жүктеме (қолдың бұлшық еттері
және иықтан белге дейін басым қатысуымен)
жүкті 1 метрге дейін қозғағанда
Жалпы жүктемеде (қолдың бұлшық еттері,
аяқ корпусының): жүкті 1 метрге 5 метрге     3000 дейін
дейін қозғағанда
Ауысымның әр сағатында істелінетін
динамикалық жұмыс көлемі жүкті              15000 дейін
1 метрден 5 метрге дейін қозғағанда
аспауға тиіс кгм:
      жұмысшы бетінен                        1750
      еденнен                                875

Қолмен көтеріп тасымалданатын жүктің
салмағы, кг
Жүкті көтеріп және жылжыту (бір рет)
басқа жұмыспен алмастыра отырып              10 дейін
(сағатына 2 ретке дейін)
Жүкті көтеріп және жылжыту тұрақты және
ауысым бойы                                  7 дейін
Ауысымның әрбір сағатында тасымалданатын
жүктің қосындысы:
      Жұмысшы бетінен                        350 дейін
      Еденнен                                175 дейін

Ұқсас жұмыс қимылдары (ауысымдағы саны)
Қолдың бұлшық еттері мен саусақтың
қатысуындағы аймақтық жүктеме                40000 дейін
Қолдың бұлшық еттері мен иықтың белге
дейін басым қатысуымен атқарылатын
жұмыстарда                                   20000 дейін

Статистикалық жүктеме
Жүкті ұстап тұрғанда ауысымдағы
статистикалық жүктеменің көлемі,
күш салу, (бұдан әрі - кгс) -бір қолмен      21600 дейін
      екі қолмен                             42000 дейін
      корпустың бұлшық еттері және аяқтың    60000 дейін
      қатысуымен

Жұмысшы кейпінде                             Ауысымдық уақыттың
Ыңғайсыз кейіпте болу                        25%-ға (бұдан әрі - %)
                                             дейін

Дененің еңкею (ауысымдағы саны)              Ауысымда 100 ретке
Мәжбүрлі еңкею (300 артық)                   дейін

Кеңістікте қозғалу (ауысым барысында
технологиялық үдеріске байланысты
ары-бері өту), километр (бұдан әрі - км)     10 дейін

Сенсорлық жүктемелер

Ден қойып бақылаудың ұзақтығы
(ауысым уақытының %)                         50% дейін

1 сағат жұмыс уақытында берілетін
белгілер (жарық, дыбыс) және хабарламалар    175 дейін

Бір мезгілде бақыланатын объектілердің саны  10 дейін
Объектілерді орналастыру мөлшері (жұмыс
істеушінің көзінен анықтап қарайтын
объектіге дейін 0,5м артық емес), ден        5-1,1 мм-ауысым
қойып, анықтап бақылау                       уақытынан 50%;
Барысында мм (ауысым уақытының %)            
Оптикалық құралдармен (микроскоптар,         1-0,3 мм 50% дейін;
лупалар) ден қойып ұзақ уақыт бақылау        0,3 мм 25 % дейін;
барысында жұмыс істеу (ауысым уақытының %)

Есту талдағышына жүктеме (өндірістік         50% дейін;
қажеттілікке байланысты сөзді немесе         Сөз бен белгінің
дифференциалды белгілерді қабылдау)          анықтығы 90%-дан 70%
Күрделі емес өндірістік тапсырмалар          дейін
немесе қайталанатын операцияларды            100-25
орындау ұзақтығы
___________________________________________________________________

Әйелдердің еңбек ету      
жағдайына қойылатын       
санитарлық-эпидемиологиялық  
талаптар" туралы санитарлық- 
эпидемиологиялық ережелер   
мен нормаларға 5-қосымша   

Жүкті әйелдерге арналған физикалық жүктемелердің
рұқсат етілетін мөлшері

                                                          1 кесте
___________________________________________________________________
N |                Жұмыс сипаты               |Жүктің салмағы, кг
___________________________________________________________________
1   Ауыр жүкті көтеріп және жылжытуды басқа
    жұмыспен алмастыра отырып атқару
    (сағатына 2 ретке дейін)                         2,5

2   Ауысым бойы ауыр жүкті көтеріп және
    жылжытумен тұрақты айналысу                      1,25

3   Жұмыс ауысымының әр сағатында 5 метрге
    дейін тасымалданатын жүк салмағының
    қосындысы аспауға тиіс: жұмысшы бетінен          60
    еденнен                                      еденнен көтеруге
                                                 рұқсат етілмейді
4   8 сағаттық жұмыс ауысымында тасымалданатын
    жүк салмағының қосындысы болуға тиіс:
    жұмысшы бетінен                                  480

1) көтеріп және жылжытатын жүктің салмағына жәшік пен қорабының салмағы қосылып есептеледі
___________________________________________________________________

Жүктілік кезінде әйелдерге арналған жұмыс жүктемелерінің рұқсат етілетін көрсеткіштері

                                                           2 кесте
___________________________________________________________________
N |        Еңбек жүктемесінің көрсеткіші   |    Деңгейлері
___________________________________________________________________
1  Механикаландыру дәрежесі                  Еңбек толық
                                             механикаландырылған
2  Жұмыс кейпі                               Еркін
3  Ауысым бойы жүру, км                      2 дейін
4  Қолды қозғаумен орындалатын жұмыс сипаты  Күрделі емес, ұқсас
5  Қозғалыс темпі                            Еркін
6  Ауысымда орындалатын жұмыс
   операцияларының саны                      10 және көп
7  Қайталанатын операциялардың ұзақтығы      100
8  Ауысым кезінде ден қойып бақылау ұзақтығы 25 дейін
9  Орташа 1 сағатта берілетін хабарлар
   мен белгілердің тығыздығы                 60 дейін
10 Көзбен қарап анықтайтын объектілердің
   мөлшері                                   5 мм артық
11 Ауысымдылығы                              Күндіз
___________________________________________________________________

Әйелдердің еңбек ету      
жағдайына қойылатын       
санитарлық-эпидемиологиялық  
талаптар" туралы санитарлық- 
эпидемиологиялық ережелер   
мен нормаларға 6-қосымша   

Бала көтеруге қауіптілік туғызуы мүмкін
бар химиялық заттардың тізбесі

                                                          1 кесте
________________________________  ________________________________
1.  Акриламид                      26. Дибутилфталат
2.  Акролейн                       27. 1,3 бутадиен (дивинил)
3.  6-аминоникотинамид             28. Дидодецилфталат
4.  Селенисті ангидрид             29. Диметилацетамид
5.  Анилин және одан өндірушілер   30. 2,6 диметилгидрохинон
6.  Антибиотиктер                  31. 4,4 диметилокс' 1
7.  Ауырғандықты сездірмейтін      32. Диметилсульфат
    газдар
8.  Антикоагулянттар               33. Диметилперефталат
9.  Ацетамид                       34. Диметилформамид
10. Ацетон                         35. Диметилфталат
11. Барбитал және натрий           36. Перфторадипин қышқылының
    барбиталы                          динитрилі
12. Барий және оның қосындылары    37. Перфторглюттар қышқылының
                                       динитрилі
13. Отын ерітетін бензин           38. Динитробензол
14. Бензол                         39. Диоксан
15. Бензапирен                     40. Дисульфид және
                                       метил-пантоил-В-аминоэтил
16. Бериллий және оның қосындылары 41. 1,3-дихлорбутен-2
17. Бор және оның қосындылары      42. Диэтилацетамид
18. Бензосульфоқышқылының          43. Диэтилфталат
    бутиламиді
19. Бутилметакрилат                44. Кадмий және оның қосындылары
20. Винилдің хлориді               45. Капролактам
21. Гексахлоратензол               46. Каптакс
22. Героин                         47. Карбатион
23. Гидразин және одан             48. Калий, натрий
    өндірілетіндер                     ксанто-генаттары
24. Изопропилбензолдың сулы        49. Ксилол
    асқын тотығы
25. Гормондық препараттар          50. Люминофорлар
________________________________  ________________________________
________________________________  ________________________________
51. Марганец және оның             90. Требутилпербензоат
    қосындылары
52. Мыс және оның қосындылары      91. Трикрезилфосфат
53. Мецатил                        92. Трикрезол
54. Метилацетамид                  93. 1.5,5-үшметилциклогск-
                                       санон-3
55. Монофурфурилидеацтон           94. 3.5-үшметилциклогск-санон-3
56. Моноэтаноламин                 95. 2.4.6-үшнитроанизол
57. Морфолин                       96. Тринитролуол
58. В-нафтол                       97. 2,4,6-үшнитрофенол
59. А-нафтохинон                   98. Үшфенилфосфат
60. Никотинамид                    99. Үшфтазин
61. Бензолдың нитроқосылыстары     100. М-үшфторметил-фенилзонианаг
62. Нитрофурандар                  101. Үшхлорпропан
63. Пахикарпин                     102. 1,2,3-хлорацетон
64. Пестицидтер                    103. 1,2,3-хлорбутен-3
65. Пиперидин                      104. Үшхлорсикад
66. Пиримединнен өндірілетіндер    105. Үшхлортриазин
67. Раувольфия және оның           106. Мыстың үшхлорфеноляты
    препараттары
68. Сынап және оның қосындылары    107. Үшхлорэтилен
69. Қорғасын және оның қосындылары 108. Үшэтоксисилан
70. Селен және оның қосындылары    109. Үш-(2-эйлгексил) фосфат
71. Күкірттікөміртек               110. Үш еселі карбонат
72. Стирол                         111. Уран (еритін және ерімейтін
                                        қосылыстар)
73. Азотқышқылды стронций          112. Нн-М- фениленди-малеимид
74. Стронций тотығы және сутотығы  113. Фенол
75. Сүрме және оның қосындылары    114. Формальдегид
76. Темекі тозаң, ұшатын заттар    115. Формамид
77. Талодомид                      116. Фосфорлы сутегі
78. Талий және оның қосындылары    117. Бесхлорлы фосфор
79. Теобромин                      118. Үшхлорлы фосфор
80. Теофиллин                      119. Хлортотықты фосфор
81. Тетостерон                     120. Фтороцетамид
82. Тетраметилтиурам-дисульфид     121. Фторотан
83. Тетрохлорбутан                 122. Фуран
84. Тетрохлорбутадиен              123. Фурил спирті
85. Тетраэтилқорғасын              124. Фурфуриалиден
86. Тиоацетамид және оның өнімдері 125. Фурфурол
87. Тиоуроцил                      126. Хинин
88. Толуол                         127. 2-карбонды қышқылдың
89. Третбутилпирацетат                  4 хлорбензофеноны
________________________________  ________________________________
________________________________  ________________________________
128 Хлорлы 5 этоксифенил-          144 Эуфелин
    1,2-тиазоний
129 Хлорметилтрихлорселан          145 Уретандар
130 Хлоропрен                      146 Ацетисалицил қышқылы
131 Хлороформ                      147 Амил бромиді
132 2-хлорфенол                    148 Бутил бромиді
133 2-хлорэтансульфахлорид         149 Гексил бромиді
134 Хроматтар, биохроматтар        150 Дибутилфенилфосфат
135 Циклогексан                    151 Эпоксидты шайырлардың ұшқыш
                                       өнімдері УП-650 және УП-650Т
136 Циклогексанон                  152 Эпокситрифенолды шайырлардың
                                       ұшқыш өнімдері
137 Циклогексанолоксим             153 Метил дихлорид
138 Циклогексиламин                154 2 метилфуран
139 Эпихлоргидрин                  155 Үшбутилфосфат
140 Этилено оксид                  156 Феноксисіркелі қышқыл
141 Этиленимин
142 Этилмеркурфосфат
143 2-этилгексилдифенилфосфат
________________________________  ________________________________

Талшық түрінде әсер ететін өндірістік
аэрозольдардың тізбесі

                                                          2 кесте
___________________________________________________________________
N |                         Заттардың атауы
___________________________________________________________________
1.  Кристалды (кварц, кристоболит, тридимид, кварцит, динас,
    графит, графит, шамот, слюда-шикі, мыс-сульфидті кендер)
    кремний диоксид (кремнезем)
2.  Конденсацияланған және дезинтеграцияланған аэрозоль түріндегі
    аморфты кремнийдің диоксиді (диатомит, кварцевое текло,
    балқытылған кварц)
3.  Кремний карбиді (талшықты кристалдар)
4.  Құрамында силикат бар шаңдар, силикаттар, алюмосиликаттары:
    а) табиғи асбесттер (хризотил, антофиллит, актинолит, тремолит,
    магнезиарфведсонит) және синтетикалық асбесттер, сонымен бірге
    асбест жынысты шаңдар; б) құрамында 5%-дан аспайтын марганец
    диоксиді, 7%-дан аспайтын хром оксиді, 10%-дан аспайтын темір
    оксиді боялмаған және түсті асбестоцемент, в) асбестобакемет,
    асбесторезеңке; г) слюда (флагопит, мусковит), тальк, тальк
    жынысты шаңдар; д) цемент, оливин, апатит, глина, каолин шамот;
    е) вулкандау жолымен алынған шыны тәрізді силикаттар (туфы,
    пемза, перлит); ж) цеолиттер (табиғи мен жасанды); з) дуниттер
    және одан да дайындалған магнезиясиликатты (форстеритті) отқа
    қарсылар; и) шыны және шыныдан дайындалған құрылыстық
    материалдардың шаңы.
5.  Жасанды, құрылымы шыны тәрізді силикатты минералды талшықтары
    (шыныталшық, шынымақта, минералды және шлак мақтасы,
    муллиткремний тәрізді, базальтты)
6.  Құрғатып әрлегенде, тозаңдатқанда, металл ұнтақтарынан
    алғандағы металдардың және силикаттардың аэрозольдері
7.  Көміртектің шаңдары:
    А) тас көмірлі, пек, мұнай, сланцты кокстар;
    Б) антрацит және басқа да қазбалы көмірлер;
    В) құрамында 5-тен 10%-ға дейін еркін кремний диоксиді бар
    көміржынысты шаңдар;
    г) табиғи және жасанды алмаздар, соның ішінде металдандырылған
    алмаз;
    д) құрамында 35 мг/кг аспайтын бенз(а)пирен бар қара өндірістік
    күйелер;
    е) гидратцеллюлозалы және полиакрилонитрилды талшықтар
    негізіндегі көміртекті талшықты материалдар.
8.  Өсімдік және жануарлар шаңы (мақта, зығыр, дән, қарасора,
    кенеп, джут, темекі, ағаш, шымтезек, құлмақ, қағаз, жүн, үлпек,
    табиғи жібек).
9.  Органикалық емес люминофорлардың шаңы соның ішінде құрамында
    5% кем болмайтын кадмийі бар.
10. Дәнекерлейтін аэрозолдер: құрамында марганец (20 % және одан да
    көп), никель, хром, фтордың қосындысы, берилий, қорғасын;
    Б) құрамында марганец (20%-ға дейін, одан да аса), темір
    оксиді, алюминий, магний, титан, мыс, мырыш, молибден, ванадий,
    вольфрам.
11. Абразивті және құрамында (электрокорундтардың, карбидтің,
    бордың, эльбордың, кремний карбидінің) абразивтері бар
    құралдар.
___________________________________________________________________