N 1035 тіркелген "Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Әділет министрінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 14 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3067

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетіне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметін жетілдіру мақсатында, Бұйырамын:
      1. "Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1035 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 143  бұйрығымен , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1695 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 125  бұйрығымен , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1969 тіркелген, 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 38 "Юридическая газета" газетінде, 2002 жылғы N 39, 700-құжат Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 69  бұйрықтарымен , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2764 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 136  бұйрығымен  енгізілген өзгерістерімен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2861 тіркелген)  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарының Ақпараттық қызмет көрсету ережесінде:
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, кондоминиум объектілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік түрінде ақпараттар беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.";
      16-тармақтың 5) тармақшасында "жоқ" деген сөзден кейін "(бар)" деген сөзбен толықтырылсын;
      17-1-тармақта "жылжымайтын мүліктің осы объектісіне қатысты мәмілелер" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі