"Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 233-о бұйрығына өзгертулер енгізу туралы (N 2077 тіркелген)

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 5 тамыздағы N 164-б бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3036

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 13 маусымдағы N 1107  Жарлығына  сәйкес бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 233-о (N 2077 тіркелген)  бұйрығының  1-ші және 2-ші қосымшаларының мәтінінде "Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті" және "Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің" сөздері "Байланыс саласындағы уәкілетті орган" және сөздері "Байланыс саласындағы уәкілетті органы" сөздерімен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі" сөздері алынып тасталынсын.
      2. Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау және лицензиялау департаменті (Р.Р. Нұршабеков) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуге ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төраға орынбасары А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынған күнінен бастап күшіне енеді, таныстырылуға және таратылуға тиісті.

      Төраға