Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 200
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2426 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 11-24 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесінің:
кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" деген сөздер "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасындағы "50 (елу) мың АҚШ долларына" деген сөздер "7 (жеті) миллион теңгеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Қатысушы банк Депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығарылған жағдайда, шығарылған банк жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргiзуге лицензиясы қайтарылып алынған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде салымшыларға (депозиторларға) қолма-қол ақша төлеу арқылы не салымшының (депозитордың) келісімімен салымшының Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктерде ашылған басқа банк шоттарына салымды (депозитті) аудару арқылы салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қайтарады".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның аумақтық филиалдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Төраға
___________________________
___________________________
(қолы, күні, елтаңбалы мөр)