"Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
14-бабының 3-тармағын және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы
кодексінің
(Салық кодексі) 10-бабының 1-тармағының 27-1) тармақшасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН/ қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2106 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2106 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 8) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 629 бұйрығының/Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 512 қаулысының қосымшасындағы шетел валютасының тізбесі мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын:
"26. 1 беларусь рублі;
27. 1 польша злотыйы;
28. 1 Оңтүстік Африка ранды.".
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) оны мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы бұйрық/қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың/қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы Вице-Министрі А.Р.Ойнаровқа және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық/қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы